Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / 10-сыныпқа химия пәніне арналған мектеп құраушысы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Химия

10-сыныпқа химия пәніне арналған мектеп құраушысы

библиотека
материалов

10-сыныпқа Химия пәнінен мектеп компонентіне арналған жылдық жоспар.



Тақырыбы: «Жұмбақталған химиялық есептер»

11 сыныптың жаратылыстану- математика бағытына арналған бағдарлама.

Түсінік хат. (11 сынып. Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат).

Химиялық білім жаратылыстанудың өзегі ретінде, «адам-зат» күрделі қатынасына, одан әрі үңілсек, «зат- материал- практикалық іс- әрекет» қатынасын айқындайды. Жаратылыс туралы ілгері ұғымдар химияның нақты материалдары арқылы көрнекі сипат алып, ақыл- ой мен зердені дамытуға жол ашады. Мектептегі химиялық білімнің қолданбалы аспектісі де аса маңызды. Әрбір түлекке қай салада еңбек етсе де, химияға тікелей қатынасы жоқ болса да, күнделікті өмірінде химиялық білімнің белгілі мөлшері қажет. Химиялық білім адамды экологиялық сауатты, өзіне де, өзгеге де қауіпсіз іс- әрекетке дағдылануды көздейді. Бұл бағдарламада бейорганикалық және органикалық заттардың физикалық және химиялық қасиеттері бойынша жұмбақталған химиялық есептердің шешу әдістері, шешу үлгілері, оқушылардың өз бетімен шығаруына арналған топтамасы және химия олимпиадаларына дайындалуға арналған есептерді шешуге негізделген. Бағдарлама негізінен химиялық және физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, жұмбақталған есептерді шешудің үлгілерімен таныса отырып шешуге жұмыстану. Курс- мектеп оқушыларына келешектегі оқу бағытын таңдап алуға көмек көрсетуші құрал болып табылады. «Жұмбақталған химия есептері» курсы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа енгізілген. Сонымен қатар бұл курстың зерттеушілік те рөлі бар. Сабақтың кейбір бөлігі оқушылар орындайтын практикалық жұмыстар.

Мақсаты:

Химия пәнін оқытуда практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру, оқушылардың шығармашыл қабілеттерін дамыту, жоғары сыныптарда жаратылыстану – математикалық бағытты таңдауға дайындау, әр оқушыға өздігінен жеке, дара есептер шығаруға мүмкіндік беру болып табылады. Оқу барысында оқушылар келесі нақты біліктерге ие болады.

а) Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеу және бақылау:

б) Бақылаулардың нәтижелерін түсіндіре білу:

в) Қажетті құралдар, химиялық ыдыстар және реактивтерді таңдай білу:

г) Қорытынды шығара білу:

д) Эксперименттің нәтижелерін талқылап, сұхбаттасу.

Міндеті:

Теория мен практиканың өзара байланысуына көз жеткізу;

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Жаңа ақпараттық технология әдістерін (интерактивті тақта, электрондық

видиофильм, интерактивті технология) қолдану арқылы білімдерін тереңдету;

- Оқушылардың болашақта мамандық таңдауына ой салып, әсер ету. Қорытынды.

Күтілетін нәтижелер.

1.Оқытудың жоспарланған нәтижесін саралап оқыту ұстанымы арқылы дамыту.

2.Болашақта теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу.

3.Курсты оқытуда мамандық таңдауына ой салып, әсер ету.

4.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыратын қызықты тәжірибелер, практикалық жұмыстар ұйымдастыру арқылы қалыптастыру.

5.Білімді шығармашыл жолмен меңгерту дағдыларына тәрбиелеу.

6.Оқушыларға ғылыми, логикалық және шығармашыл ойларды үйрету.

7.Теориялық білімнің сапасын анықтау мақсатында, оқытудың жоспарланған нәтижесін деңгейлік тапсырмалар, тест жұмыстары, есептер шығару арқылы тексеріп, сараптама жасау. Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын ұстамдарын меңгеру және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:

1. Білім сапасын аттырады.

2.Білімдік деңгейін арттырады.

3.Өз бетімен білім алады.

4.Өз деңгейі арқылы нәтижеге жетеді.

5.Білу қабілетін арттырады.

6.Олимпиадаға қатысады.

7.Курстан алған білімдерімен сайыстарға қатысады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналары сөзсіз. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, қолданбалы курстар бағдарламасын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
































Қолданбалы курстың тақырыптық жоспары.

р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат

саны

Өтілетін

күні


Химиялық алғашқы ұғымдар- 6сағат



1

Физикалық және химиялық құбылыстар

1


2

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

1


3

Химиялық формулалар бойынша есептер

1


4

Валенттілік

1


5

Зат массасының сақталуы

1


6

Химиялық реакция типтері




Химиядағы мөлшерлік қатынастар-4сағат



7

Зат мөлшері. Моль

1


8

Авогадро заңы

1


9

Газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу

1


10

Термохимиялық есептеулер

1



Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары-5сағат



11

Оксидтер

1


12

Қышқылдар

1


13

Негіздер

1


14

Тұздар

1


15

Бейорганикалық қосылыстар расындағы генетикалық байланыстар

1



Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары-2 сағат



16

Химиялық реакциялар жылдамдығы

1


17

Химиялық тепе-теңдік

1



Электролиттік диссоциация теориясы-4сағат



18

Электролиттік диссоциация теориясы

1


19

Негіздердің, тұздардың, қышқылдардың диссоциациялануы

1


20

Ион алмасу реакциялары

1


21

Тұздар гидролизі

1



Тотығу-тотықсыздану реакциялары-4сағат



22

Тотығу дәрежесі

1


23

Жай заттардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

1


24

Күрделі заттар арасындағы реакциялар

1


25

Молекула ішіндегі т-т реакциялары

1



Атом құрылысы-3сағат



26

Электрондық қабықтардың құрылысы

1


27

Атом ядросының құрамы

1


28

Химиялық байланыс түрлері

1



Металдар-3сағат



29

Электролиз

1


30

Сілтілік металдар

1


31

Металлургия

1



Бейметалдар-2сағат



32

Азот және фосфор

1


33

Көміртегі мен кремний

1



Қорытынды -1сағат



34

Қорытынды сабақ

1






Бағдарлама мазмұны

І. Химиялық алғашқы ұғымдар- 6сағат

Физикалық және химиялық құбылыстар. Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Химиялық формулалар бойынша есептер. Валенттілік. Зат массасының сақталуы. Химиялық реакция типтері.

ІІ. Химиядағы мөлшерлік қатынастар-4сағат

Зат мөлшері. Моль. Авогадро заңы. Газдың салыстырмалы тығыздығын есептеу. Термохимиялық есептеулер.

ІІІ. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары-5сағат

Оксидтер. Қышқылдар. Негіздер. Тұздар. Бейорганикалық қосылыстар расындағы генетикалық байланыстар.

ІҮ. Химиялық реакциялардың негізгі заңдылықтары-2 сағат

Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік.

Ү. Электролиттік диссоциация теориясы-4сағат.

Электролиттік диссоциация теориясы. Негіздердің, тұздардың, қышқылдардың диссоциациялануы. Ион алмасу реакциялары. Тұздар гидролизі.

ҮІ. Тотығу-тотықсыздану реакциялары-4сағат.

Тотығу дәрежесі. Жай заттардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі. Күрделі заттар арасындағы реакциялар. Молекула ішіндегі т-т реакциялары.

ҮІІ. Атом құрылысы-3сағат

Электрондық қабықтардың құрылысы. Атом ядросының құрамы. Химиялық байланыс түрлері.

ҮІІІ. Металдар-3сағат.

Электролиз. Сілтілік металдар. Металлургия.

ІХ. Бейметалдар-2сағат

Азот және фосфор. Көміртегі мен кремний

Қорытынды -1сағат

Қорытынды сабақ.










10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Cабақтың тақырыбы:Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар.

           Сабақтың мақсаты: 

         Білімділік: Оқушылардың химия ғылымы туралы түсініктерін

одан әрі жалғастыру, физикалық, химиялық реакцияларға түсініктерберу.

         Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетугебаулу,ізденіске жетелеу.                                       

         Тәрбиелік:Ғылым құштарлыққа тәрбиелеу.                                    

         Сабақтыңкөрнекілігі: зертханалыққұралдар, көрсетілім.         Сабақтыңпәнаралық байланысы:  Физика   

         Сабақтыңәдісі: тәжірибе көрсету, сұрақ –жауап.                 

Сабақтыңбарысы:І. Ұйымдастырубөлімі.

                                              ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

                                              ІІІ. Бекіту.

                                              ІV. Үйге  тапсырма

            V.  Бағалау.

         І.Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.          ІІ.1. Физикалық құбылыстар дегеніміз не? Мысал келтір.

                2. Химиялық құбылыстар дегенімізне? Мысал келтір.

         Сендертабиғатта денелер мен заттардың әртүрлі өзгерістерге ұшырайтынын байқапжүрсіңдер. Ондай өзгерістерді ғылымда құбылыстардейді. Құбылыстардың екі түрі бар: физикалық және химиялық.

         Судың бір күйден екінші күйге ауысуынсипаттайық: сұйық күйдегі су қызғанда буға айналып газ күйіне ауысады, ал онысуытқанда мұзға айналып, қатты күйге көшеді. Осы құбылыстарды судың денеретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырайды, ал зат ретіндегі табиғатыөзгеріссіз қалады. Судың булануы немесе қатуы физикалық құбылысқа жатады

         Химиялық құбылысқа мысал ретінде үйдәріханасында кездесетін калий перманганаты деп аталатын (тұрмыста оны«марганцовка» деп атайды) химиялық заттың қыздырғандағы өзгеруін алайық. Қаракүлгін түсті кристалдарды сынауыққа салып, спиртшамның жалынына ұстағанда,қызудың әсерінен ыдырап, алғашқыда жасыл, кейіннен қара түсті ұнтаққа айналады.Бұлармен қоса ауаның құрамында болатын газ күйіндегі оттек болады. Оттек газыжануды қуатты қолдайтындықтан, сынауықтың аузына жақындатқанда шоқтанғантаяқтың ұшы жарық шығарып жана бастайды. Тәжірибеден байқағанымыз: химиялыққатты зат – калий перманганаты ыдырап, түсі өзгеріп, жаңа жасыл және қара түстізаттарға әрі оттек газына айналады.

         Бұлхимиялық құбылысқа жатады, өйткені бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңазаттар түзілді. Химиялық құбылыс дегеніміз – химиялық реакция

         Физикалық және химимялық құбылыстарды бір ғанаденені алып, оны өзгеріске ұшыратып көруге болады. Мыс сымның кішкене бөлігінтөске салып, балғамен ұрып жаншиық. Сымның сырт пішіні өзгеріп, жалпақ тақташатүріне ауысады, бірақ мыс металының заты өзгермейді. Олай болса металдыңжаншылуы физикалық құбылысқа жатады. Енді сол мыс таұһқташаны ашық ауадажалынға ұстап қатты қыздырсақ, оның беті күңгірттеніп қара түсті қақпен қапталабастайды. Металға тән жылтыры жойылады. Демек, мыс ауадағы оттекпен қосылыпжаңа затқа айналды. Бұл – химиялық құбылыс.

         Физикалық және химиялық құбылыстардыңкүнделікті тұрмыстағы, шаруашылықтағы маңызы жайлы бастауыш сыныпта мағлұмат а    лдыңдар. Мәселен, судың табиғаттағыайналымын еске түсірейік. Жер бетіндегі сұйық су буланып, атмосфераға тарап, жазда жаңбырға, қыста қарға айналып, жерге қайта оралады

         Химиялық құбылыстардың, яғни химиялықрекциялардың нәтижесінде көптеген жаңа заттар өндіріледі. Олар металдар, олардың құймалары, пластмассалар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі – дәрмектер, тыңайтқыштар, қопарғыш заттар. Металдар мен пластмассалардын және шынылар менталшықтардан алынатын материалдардың пішінін өзгерте отырып өңдеу арқылы(жаншу, құю, кесу, тігу, желімдеу, т.б.) сан түрлі бұйымдарды жасап шығарады.

         ІІІ.Жаттығулар орындау. 16 бет № 6,7 – жаттығулар.







Күні       Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға химиялық  элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын  есептеуге және  салыстыруды үйрету.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен  біліктерін тексеру үшін  тапсырмалар беру: Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?

Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?

Химиялық элемент дегеніміз не?

Молекула және атом дегеніміз не?

Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Жаңа материалды оқыту:   Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың  физика курсынан  масса ұғымы  белгілі екенін  ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймыз.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың  массасы өте кіші  болғанымен  олардың сандық  мәні  дәлдікпен  анықталған. Мысалы  ең жеңіл атом атом сутегінің  атомдық массасы:

 mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

 mа (O)=2.66*10-23     г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

 Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны  өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі,  массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның  атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі  атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26     =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

 Осы мәндір м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең  сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса  өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде  relative- "салыстырмалы ” деген мағына береді ).

 Мысалы оттегі үшін:

                      Ar=2.66*10-23        = 16

                            0.66*10-23

 массасының  атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған  атомдар  массасынан салыстырмалы  атомдық массаның  өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы;   mа (H)=1м.а.б.             Аr (H)   =1

                  та (O)=16 м.а.б.          Ar (O ) =16

                  та (S)=32 м.a.б.          Ar  (S)  =32

Демек сутегі атомның массасы  көміртегі  атомның массасына 1/12 бөлігіне  тең екенін,  ал оттегі  ал оттегі  атомның  массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан  ауыр екенін көрсетеді.

Жаңа материалды қорытындылау:

             1.   Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.

                 2.   Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен  көрсетіңіз.

            3.   Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?

            4.   Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсетіңіз.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер
Мақсаты:
Білімділік: О
қушылардың «валенттілік» ұғымын тексеру және химиялық формула арқылы элементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін, химиялық формула бойынша есептер шығаруға қалыптастыру.
Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын, валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту, логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.
Т
әрбиелік: Оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес, өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.
Т
үрі: саяхат сабақ
Әдісі: деңгейлік тапсырмалар,
Типі: бекіту саба
ғы
П
әнаралық байланысы: биология, медицина.
К
өрнекілігі: слайдтар жинағы, периодтық кесте, дидактикалық үлестірмелер, жетондар.

Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, топқа бөлу, саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
ІІ. Саяхатты
ң барысы:
І. Саяхат
қа шығуға дайындыққушыларға саяхатқа шығу үшін бойынша әр қатарға 10 сұрақ беріледі).

1 топ
қа:
1. Химия п
әні нені зерттейді? (заттардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.)
2. Заттар дегеніміз не? (заттар - денелерді
құраушылар.)
3. Физикалы
қ құбылыс дегеніміз не? (дене ретіндегі агрегаттық күйі ғана өзгеріске ұшырап, зат ретіндегі табиғаты өзгеріссіз қалады)
4. Химиялы
қ реакция дегеніміз не? (бастапқы алынған заттың құрамы өзгеріп, жаңа заттар түзілуі.)
5. Молекула дегеніміз не? (молекула - затты
ң құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі)
6. К
үрделі заттар дегеніміз не? (екі немесе одан да көп атом түрлері болатын заттар күрделі заттар деп аталады).
7. Химиялы
қ қосылыс дегеніміз не? (жай және күрделі заттар - химиялық қосылыс деп аталады).

2 - топ
қа:
1. Химияны
ң басты міндеттері? (заттардың қасиетін зерттеу, адам игіліне жұмсау, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіптерде қолдану мүмкіндігін анықтау).
2.
Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3. Заттарды
ң агрегаттық күйлері? (Сұйық, газ, қатты)
4.
Қоспалар дегеніміз не? (қоспа екі немесе одан да көп заттардан тұрады).
5. Химиялы
қ реакцияның белгілері? (тұнбаның түзілуі, еруі, газдың бөлінуі, жарық, жылу бөлінуі, иістің шығуы, түсінің өзгеруі).
6. Жай заттар дегеніміз не? (Затты
ң құрамына бір ғана атом түрі кіреді).
7
. Химиялық элемент дегеніміз не? (заттың құрам бөлігі, жекелеген атомның бір түрі).

3 топ
қа:
1. Химиялы
қ формула нені көрсетеді? (заттардың құрамын).
2. Валенттілік дегеніміз не? (химиялы
қ элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын өзіне қосып алу қабілеті).
3. Салыстырмалы молекулалы
қ масса? ( берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді).
4. Салыстырмалы атомды
қ масса? (берілген элементтің массасы, көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін сан).
5. Оттегіні
ң салыстырмалы атомдық массасы? 16
6. Химиялы
қ формула дегеніміз не? (заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу).
7. Химиялы
қ формуладағы индекс нені көрсетеді? (заттың құрамындағы элементтердің атом санын көрсетеді).

Қорытынды



Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



10-сынып Мектеп құраушысы Химия

ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлумат беру

ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу;

б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.

 Сабақ құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, тірек кестесі,молекулалар модельдері, жауап парақтары. 

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру

 II. «Ой шақыру» кезеңі: сұрақтар қою арқылы және тірек–сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру:

А. «Cен білесіңбе?»

оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, дұрыс жауап үшін матрицада 1 ұпай қосылады

1 нұсқа сұрақтары:

Заттар қандай бөлшектерден құралған?

Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай?

Химиялық элемент дегеніміз не?

Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

2 нұсқа сұрақтары:

Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер.

Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер.

Индекс, коэффициент дегеніміз не?

Химиялық реакция дегеніміз не?

 Ә. «Химиялық диктант» тапсырма тақтада берілген, әр нұсқа өз тапсырмасын орындайды

1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар: магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт.

2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар: Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C

 Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді, дұрыс жауап тақтада берілген

1 нұсқа: Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S

2 нұсқа: марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек

         Алған ұпайлары матрицаға еңгізіледі.

Ұғыну кезеңі

Валенттілік туралы түсінік

- Осы мезгілге дейін, біз оқулықта берілген заттардың дайын формулаларымен қолданып келдік. Химиялық формуланы қосылыстардың құрамына негізделе отырып құрастыруға болады. Негізінде, көп жағдайда, элементтер бір-бірімен қосылыс түзгенде арнайы заңдылықтарға бағынады.

Тапсырма: HCl , H2O, NH3, CH4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар.

Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:

1. Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар?

Оқушылардың жауаптары- Құрамында сутек атомдары бар.

2. Молекулалардың айырмашылығы неде?

Оқушылардың жауаптары:

- HCl – Бір хлор атомы мен бір сутек атомынан құралған

- H2O – Бір оттек атомы мен екі сутек атомынан құралған

- NH3Бір азот атомы мен үш сутек атомынан құралған

- CH4Бір көміртек атомы мен төрт сутек атомынан құралған

Cабақты қорытындылау

1.Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу:

Біз сабақ барысында қандай мәселені шештік?

Қандай қорытындыға келдік?

Валенттілік ұғымына анықтама беріңдер.

Сутек атомының валенттілігі неге тең? Оттегінің валенттілігі?

2.Матрица және жауап парақтары бойынша оқушылардың білімін бағалау.

3. Үйге тапсырма:

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

Күні    Мектеп құраушысы Химия 10-сынып

Сабақтың тақырыбы:  Зат массасының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып, қарапайым мысалдар арқылы ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар. Темір, күкірт, мыс ұнтақтары, спиртшам, сынауықтар, тұрғы, зертханалық таразы.

Тірек, білім мен біліктер: Құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңын дұрыс түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатымен оқушыларды жаңа ұғымды қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушыларға көп сұрақтар қойылады.

Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?

Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өзара пікір алысуына көмектесе отырып, жаңа материалды қабылдауға қажетті ұғымдарды естеріне түсіру.

а)  Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;

ә)  Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.

б) Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін. Сабақ мақсатымен таныстырамын.

1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?   

             Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық  қағидасына  сай  7  г  темір, 4  г  күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция  аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға  тең  болады. (КК)  Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.

   Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді.  Неге?

Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық  реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.

Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .

Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.

Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция  нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.

Үшіншіден, бұл  заң химиялық  реакция  теңдеуін  жазуға, сол  теңдеу  көмегімен  есептеу лер  жүргізуге  мүмкіндік  туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы  белгілі  болса  реакцияға  түскен  басқа  заттардың  не түзілген заттардың  массасын есептеп шығаруға болады.



Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



Мектеп құраушысы 10-сынып Химия

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері
Мақсаты: а) білімдік - химиялық реакция типтері жайлы білім беру.
б) т
әрбиелік – ғылыми - саналылыққа тәрбиелеу
в) дамытушылы
қ - оқушылардың ерік пен дербестігін дамыту
саба
қтың типі: жаңа материалды игерту
т
үрі: лабораториялық, «Лагун» құпиясын зерттеу
әдісі: проблемалау, демонстрациялау, жұмбақ ойын
Техникалы
қ құралдар:электрондық диск (тәжірибелер); интерактивті тақта.
Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, «Лагун» картасы
П
ән аралық байланыс:Математика, география
Саба
қтың жүру барысы: I Ұйымдастыру (амандасу,кезекшімен жұмыс)
II Кіріспе «Елестету стратегиясы» Балалар! Сіздер саяхат
қа шығуға, құпия сырын ашуға қызығасыздар ма?Әрине, кез-келген адам жасына қарамастан саяхатқа 7шығуға, құпияны ашуға құмар келеді. Ендеше, «Химия» кемесімен білім әлемінің көкжиегіне шарықтап көрейік.Мен, кеме капитаны, сіздер жолаушылар. Кездейсоқ «Химиялық Лагунге» тап болдық . Құпия «Лагун» - біздің мекеніміздегі суқоймасы.Біз білетін қандай қосылыс бізге серік бола алады? Ашық мұхитта қалып қойдық.Бізге су серік болып, Лагун тұрғыны қарсы алды.Судың әңгімесін тыңдайық және үйге қайтар жолды көрсетуді сұрайық.
Келісім шарт:
- бір - бірімізді тыңдаймыз
- ойымызды ашы
қ, еркін айтамыз.
Су: Біздер химиялы
қ қосылыстар, «Лагун» тұрғындары.Біз бір кезде қандай едік? Бір-бірімізбен туыс едік, тату тәтті өмір сүріп жаттық. Біздің өміріміз өте қызықты еді.Бірімізге - біріміз бауыр басқан ағайын, тума-туыс болатынбыз. Айналамызға жылу таратып, түрлі-түсті өзгерістерге ұшырап, химиялық айналулар жүргізіп, бір-бірімізге қонаққа баратынбыз.Бір күні Пері сиқыршы біздің туысқандық есімізді ұрлап алды.Содан бері бір туғанымызды, атымызды ұмытып, есімізден айырылдық. Біз кімбіз? Біз бір-бірімізбен қалай қарым-қатынас жасаймыз, қонаққа қалай барамыз, бәрін ұмыттық. Қосылыстарды сиқырлап тастаған. Нәтижесінде бәріміз бөлек-бөлек тұрамыз, ауылдарымызда бөлек.Бірақ әлі үміттенеміз . Туысқандық жақындығымызды қайтадан қалпына келтіргіміз келеді. Ол үшін бізге Пері сиқыршының 3 тілегін орындап, көмек берсеңіздер екен. Бізге көмектесетін қайырымды жандар табылар ма екен? Біз сіздерге адаспайтын білім жолын көрсетеміз. Іске сәт!
балалар, енді
біздің шығар жолымыз жоқ.Білімдерімізбен «Лагун» тұрғындарына көмек берейік. Келісесіздер ме? Ендеше, Пері сиқыршының бірінші тілегін тыңдайық.Су «Лагун» су қоймасының картасын көрсетеді.Мына сұрақтарға жауап беріңдер.«Зат мөлшері» деген не?
«Молярлы
қ масса» деген шама нені өрнектейді?
III Жа
ңа білім беру Ауылдың аты неге өзгеше?
Алгоритмі:
1.
Қосылу реакциясы
2. Айырылу реакциясы
3.Орынбасу реакциясы
4. Алмасу реакциясы
Fe+S=FeS; CaO+H2O=Ca(OH)2; Cu(OH)2=CuO+H2O;
CaCO3= CaO+CO2
Fe+CuCl2= Cu+FeCl2
Zn+2HCl=
ZnCl2+H2
CuO+H2 SO4= CuSO4+H2 O
IV Екінші тілегі: Картада
ғы қосылыстарды шешу
Мына реакция те
ңдеулерін теңестіріңдер, коэффициенттерін қойындар, типтерін анықтап, теңдеуден сол жанына жазып қойындар:
C +2 H2→CH4: 2HgO →2 Hg+ O2
2KOH + H2 SO4→ K2 SO4+ 2H2
O алмасу
V
Үшінші тілегі: Сиқыршы әр ауылға карточка қалдырып кеткен.Соны шешу керек.
Мынадай реакция те
ңдеулердегі сұрау белгісінің орнына тиісті заттың формуласын жазып теңестіріңдер, әрі реакция типтерін анықтаңдар:
1.Mg+ ? → MgO:
2.Fe(OH)3 → Fe2 O3+?

3.Zn+ ?→ Cu + ZnCl2
4.?+ HCl→ ZnCl2+ ?
Су:Химиялы
қ «Лагун» тұрғындары сиқыршының қоршауынан босады.Біз қайтадан бір-бірімізбен табысып, химиялық байланысқа түстік. Мен сіздердің жолдарыңызды көрсетейін, белсенді қатысқан оқушыларға сыйлығым бар.

VI Ба
ғдарламалық тапсырма код құру. Сабақты қорытындылау 8 7 1 2 2
Химия п
әні қай сыныптан бастап оқытылады? (8)
Валенттілік саны (7)
Сутек неше валентті (1)
НО формуласында
ғы валенттілікке сәйкес қандай индекс қойылады? (2)
Оттек неше валентті (2)

VII
Үй тапсырмасы . №8,9


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен








Күні: Мектеп құраушысы Химия

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Оқушыларға зат мөлшері. Моль. Авогадро саны бойынша алған білім

білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруды

үйрету.Оқушылардың интеллектуалдық

деңгейін арттыру;

Дамытушылық Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.

Тәрбиелік Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі.

Сызбынұсқалар.Ә.Е.Темірболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы.

Реактивтер:Сынауықтар, спирт шамы,қысқыш, құрғақ спирт,сіріңке..

Сабақ әдісі:

жарыс, деңгейлеп оқыту, мәселелік оқыту, дамыта оқыту технологиясы..

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларда түгендеу.Оқушыларды ұйымдастырып, екі топқа бөліп

(сутегі және

оттегі) топ аттары және топ басшылары сайланады. Оқушыларға сабақтың

барысы мен мақсаты түсіндіріледі.

Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру.

«Миға шабуыл»

Бұл кезеңде оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қ

ойылады.Уақыт есептеліп,

әрбір дұрыс сұраққа 1ұпай беріледі және ол ұпай топ пайдасына шешіледі.

1.Химиялық таңбалардың дұрыс оқылуын тексеру.

2.Химиялық таңбаларды және атомдық массасын уақытпен жарыса жазу.

3.Химиялық реакция теңдеулері бойынша жаттығул

ар орындау химиялық тілде оқу,

Тапсырманы 4 оқушы жазбаша орындау:

Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:

«Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік

массасын және зат мөлшерін есептеу»

Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Моль бұл құрамында 0,012кг(12г) көміртекте болатын

атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер.Көміртектің әрбір атомының

массасын(1,993*10-23)біле отырып, 0,012кг көміртектегі атомдар санын NAесептеуге болады.

NA= 6,02*1023

Авогадро саны; өлшемі

мольдеп белг. Ол кез келген заттың 1молінде 6,02*1023бөлшектер болатынын көрсетеді. Авогадро саны өте

үлкен сан.Қазақ халқы өте көп нәрсені «адамның шашындай» екен деп сипаттайды.Авогадро

саны жер бетіндегі барлық адамдардың шашының санынан да көп. Сөйте тұра, ыстық күнде

1моль су ішсең шөліне қана қоймайды, өйткені ол небәрі18г, яғни18мл болады. Химияда

заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады, ол г/мольмен өлшенеді және оны

М әріпімен белгілейді. 1) М= , мұндағы v(ню)-зат мөлшері. Мыс: Судың салыстырмалы

олекулалық массасы: 2) Мг(H2O) =2*1+16 = 18г;

Судың 1молінің молярлық массасы: а)М (H2O) = = 18г/моль ;

Қорытынды

Не білдім?

Не үйрендім?

Нені білгім келді?

Бағалау.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



Күні:

Химия пәні 10 сынып Мектеп құраушысы
Сабақтың тақырыбы Газдардың мольдік көлемі. Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы, химиялық реакциялар барысындағы газдардың көлемдік қатынастары
Сілтемелер Оқулық, БББ кестесі, үлестірме қағазы
Тренинг Бүгінгі сабағымызды жақсы көңілмен бастау үшін бір-бірімізге қарап өз аттарыңның бірінші әріпі бойынша жақсы сөздер айтыңдар.
Сабақтың мақсаты 1.Авагадро заңы, газдардың молярлық көлемі тығыздық жайлы ұғым беру.
2. Алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, химиялық есептер шығару, тәжірибелер жасау, химиялық реактивтерді дұрыс пайдалану дағдаларын дамыту.
3. Оқылған затты талдай білуге,салыстыраотырып қорытынды жасауға, өз білімінкөрсете білуге тәрбиелеу.
Міндеттері Пәнге қызығушылығын ояту; Анықтама айтып беру дағдысын дамыту; 7 модульді қолдануға дағдыландыру.
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Элемент таңбалары арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару психологиялық дайындық жасау. Оқушылар кездейсоқ 4 топқа бөлінеді.
Үй жұмысын тексеру:
1 - тапсырма: Мына реакциялардың типтерін ата, экзотермиялық, эндотермиялық теңдеуді анықта.
4P + 5O2 = 2P2O5 + 3010 кДж
N2 +O2 =2NO+G
2NO + O2 =2NO2- G
2SO3 = 2SO2 + O2 –G
H2 + Br2 =2HBr -62,6кДж
Жаңа сабаққа қосымша: Ал, Зат мөлшерінің бірлігі –моль –сол заттың бір молекуласы 6,02∙1023 бөлшек саны болса оны Авогадро саны деп атайды. Егер Авогадро санына моль-1 бірлігін қосып жазса, онда Авогадро тұрақтысы деп аталатын (NА) әрпімен жазылады.
Олай болса NА = 6,02∙1023 моль-1 атом болады. Авогадро санын есте сақтау керек. Авогадро санын заттың молекуласын табу үшін қолданады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол Авогадро санын зат мөлшеріне көбейткенге тең.
Формуласы N = ν ∙NА Барлық формулаларды немесе тұрақты санды есептер шығару үшін қолданады.
1811 жылы италия ғалымы А.Авагадро газдар жайлы заңды ұсынды.
Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әр түрлі газдардың бірдей көлеміндегі Молекулалар саны бірдей болады. Кез келген газдың 1 моліндегі молекула саны тұрақты 6,023 *1023 тең. Ол сан NА деп белгіленеді.
Қалыпты жағдайда кез келген газдың 1моліТұрақты көлем алады.Кез келген газдың 1молі 22,4 литр көлем алады.Молярлық көлем – VМ Қалыпты жағдайда берілген газдың көлемі - V деп белгіленеді , өлшем бірлігі: литр
Молярлық көлем деп, берілген газ көлемініңзат мөлшеріне қатынасын айтамыз.
Vм = V/ Y(нью) одан Y=V /Vм
1-ші газдың 2-ші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы D әріпімен белгіленеді. D =Mr1 / Mr2
Заттың тығыздығы: p( г/мл. г/см3).
Ауаның орташа молярлық массасы: 29
М=D(H2)* М(H2) М =D(O2)*М(O2) М= D(ауа)*М(ауа)
P=m /Y P=M /Vм

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Газ күйдегі заттардың молярлық массасын анықтау
Заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін ең алдымен оның молярлық массасын (г/моль) есептеп алады. Газ күйіндегі заттың молярлық массасы Авогадро заңы бойынша табылады.
Бұл заң бойынша бірдей температура мен қысымда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлеміндегі молекулалар саны да бірдей болады. Бұдан екі газдың бірдей көлемдерінің массаларының қатынасы олардың молекулалық массаларының қатынасындай болады:
m1 / m2 = М1 / М2мұндағы, m1 және m2 газдардың белгілі көлемдерінің массалары, М1 және М2 бірінші және екінші газдың молярлық массалары.Бірдей жағдайдағы бір газдың белгілі көлем массасының екінші газдың сондай көлемінің массасына қатынасы бірінші газдың екінші газбен салыстырғандағы тығыздығы деп аталады. Олай болса, тығыздықты D әрпімен белгілеп, теңдеуді былай жазамыз.D = М1 / М2 , бұдан М1 = М2 . DГаздың молярлық массасы басқа газбен салыстырғандағы оның тығыздығын екінші газдың молярлық массасына көбейткенге тең.Көбінесе газдардың салыстырмалы тығыздығын ең жеңіл газ сутек арқылы анықтайды. Сутектің молярлық массасы 2 г/ мольге тең. Олай болса, молярлық масса есептеуге келесі формуланы қолданамыз:
М1 = 2 . Dн2 , бұдан Dн2 = М1 / 2Газдың молярлық массасын ауа арқылы да анықтайды.
Ауа газдар қоспасынан тұрса да оның орташа молярлық массасы 29 г/моль. Онда теңдеуді былайша жазамыз:
М1 = 29 . Dауа, бұдан Dауа= М 1/ 29Газ күйіндегі заттардың молярлық көлемі туралы мағлұматты қолдана отырып, заттың молярлық массасын (салыстырмалы молекулалық массасын) анықтауға болады. Ол үшін газ күйіндегі заттың берілген массасының қалыпты жағдайдағы көлемін табады. Кейін 22,4 л осы заттың массасын анықтайды. Алынған мән осы заттың молярлық массасы деп аталады. Мысалы, 0°C және 101,325 кПа қысымда 0,7924 г хлор 250мл көлем алады. Хлордың салыстырмалы молекулалық массасын есепте. 22,4 л көлемдегі хлор массасынын анықтаймыз:22400 мл /m = 22400 мл . 0,7924/250 ≈ 71 г.Демек, хлордың молярлық массасы 71 г/моль, ал салыстырмалы молекулалық массасы 71 – ге тең. Газдардың көлемін қалыпты жағдайдан өзгеше жағдайда өлшеуге болады. Газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру үшін Бойль – Мариотт және Гей – Люссактың газ заңдарының біріктірілген теңдеуін қолданамыз:
РV / Т = Р0V0 / Т0 ,мұндағы V — р қысым мен Т температурадағы газ көлемі, V0 — P0 (101,325 кПа) қысым мен Т0 (273,15 К) температурадағы газ көлемі.Газдардың молярлық массасын идеал газ күйі теңдеуі,яғни Клапейрон – Менделеев теңдеуімен есептеуге болады:РV = mRT / М ,мұндағы Р – газ қысымы, Па; V – оның көлемі, м3; m – зат массасы, г; М – оның молярлық массасы, г/ моль; Т – абсолютті температура, К; R – универсалды газ тұрақтысы – 8,314 Dж/ (моль • К)Егер газ көлемі мен қысымы басқа өлшем бірлікпен берілсе,онда Клапейрон – Менделеев теңдеуінің мәні өзгереді. Қалыпты жағдайдағы заттың 1 молінің газ күйіндегі біріктірілген заңы бойынша келесі формуламен есептеледі:
R = (P0 . V0 / T0 ) газдың 1 молі үшінМысалы, көлемі 100 л 10 атм қысымда алынған газ параметрін есептеу үшін, қандай газ тұрақтысының мәнін қолдануға болады. Газ тұрақтысы мәнін қалыпты жағдайға сәйкес табамыз Р0 ≈ 101,3 кПа ≈ 760 мм сын. бағ. ≈ 1 торр ≈ 1 атм. 1 моль газдың қалыпты жағдайдағы көлемі V0 ≈ 22,4 л, температурасы То = 273 К. Демек, R = 1• 22,4 / 273 = 0,082 атм• л/ (моль• К)
Парциалды газ қысымы. Газдардың молекулалық массасын анықтағанда су және қаныққан су буы үстінде жиналған газ көлемі өлшенеді. Осы жағдайда газ қысымын өлшегенде су буының парциалды қысымына түзету енгізіледі. Қалыпты жағдайда әртүрлі газдар кез – келген қатынаста араласады. Олай болса қоспа құрамына кіретін әр газ өзінің парциалды қысымымен сипатталады.
Дальтон ұсынған парциалды қысым заңы—қоспа құрамына кіретін бір – бірімен химиялық әрекеттесетін газдар қоспасының қысымы газдардың парциалды қысымының қосындысына тең. 20°C температурада және 104,1 кПа қысымда су бетінде 570 мл газ жиналады. Мұндағы қысым газдың парциалды қысымымен қаныққан су буының қысымынан тұрады. 20°C температурадағы қаныққан су буы қысымы 2,34 кПа. Демек, газдың парциалды қысымы 104,1 – 2,34 = 101,76 кПа тең болады. Өлшенген газ көлемін қалыпты жағдайға келтіріп, келесі мәнді анықтаймыз:
V0 = P • V • To / Po• T = 101,76 • 570 • 273 / 101,325 • (273 + 20) = 533 мл
Барлық газ заңдары – Дальтон заңы, Гей – Люссактың көлемдік қатынас заңы және Авогадро заңы жуықтандырылған заңдар. Бұл заңдар өте аз қысымда, молекулалар арақашықтығы олар мөлшерінен көп болғанда және молекулалар бір – бірімен әрекеттеспеген жағдайда іске асады.


Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Сабақтың тақырыбы. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Сандық есептер шығару
Сабақтың мақсаты: термохимиялық (экзотермиялық және эндотермиялық) реакциялар бойынша алған білімдерін бекіту, қорыту.
Білімділік: Эндотермиялық, экзотермиялық реакциялар, жылу эффектісі ұғымдарын еске түсіріп, ол бойынша есеп шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық:Термохимиялық теңдеулерді құрастыру білігін қалыптастыру.
Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару дағдысын, ойлау қабілетін,
белсенділіктерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: ұжымшылдыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауға байланысты іс-шараларды қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер, меншікті жану жылуы жөніндегі ұғымдар, теңдеуді құрастыру, теңестіру, жылу эффектісі бойынша есептер шығара алу.
Сабақтың типі: Аралас
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ –жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: үлестірме деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта мүмкіншілігі, слайдтар,
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару./
І деңгей: Химиялық диктант
Жылу мөлшері ... арқылы өлшенеді. Химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері .... деп аталады. 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың ... деп аталады. Затты ауада жағу үшін оны белгілі бір температураға дейін қыздыру керек, ол заттың .... болып табылады.
ІІ деңгей:Төменде термиялық теңдеулері келтірілген реакциялардың қайсысы экзотермиялық, қайсысы эндотермиялық екенін көрсетіп, реакция теңдеуін теңестіріңдер:
A) С+O2=CO2 +Q
B) N2+O2=2NO - Q
C) P+ 5O2= P2O5 +Q
D) H2O →H2 +O2 – Q
ІІІ деңгей:
1) Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: С+O2=CO2 +393 кДж,
Массасы 5 кг көмірді жаққанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.
2) Азот пен оттекті әрекеттестіріп 14 г азот (ІІ) оксидін алу үшін 45 кДж энергия беру керек. Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңдар.
2). «Тәжірибелер сыр шертеді»
IV. Қорытындылау. Кез келген химиялық реакция кезінде жылу бөлінеді немесе сіңіріледі. Реакция кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері реакциның жылу эффекті болады. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген теңдеу –термохимиялық теңдеу деп аталады.
1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері, сол заттың меншікті жану жылуы деп аталады.
Химиялық реакцияның жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға байланысты:
1) Әректтесуші Заттардың табиғатына
2) Температураға
3) Реагенттердің мөлшеріне
4) Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне
V.Үйге тапсырма:

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен.

Күні: 10-сынып Мектеп құраушысы Химия

                                       Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

  Сабақ тақырыбы:                Оксидтердің жіктелуі,аталулары мен алу жолдары.

Оқыту мақсаты:          Оксидтер жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін,  аталуын,кейбір оксидтердің алу жолдарын қорытындылау.

Реактивтер мен құралдар:           Темір(ІІІ)оксиді,сутек оксиді,магний оксиді, фосфор(V) оксиді,хром(ІІІ)оксиді,мырыш оксиді,кальций оксиді,мыс(ІІ)оксиді,т.б.

Көрсетілім:    Оксидтердің үлгілерімен танысу.

Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсіру. Оқушылар бейорга- никалық заттардың жіктелу кестесін бұрын алған біліміне сүйене отырып жасайды. Ол  келесі сабақта толықтырылып, жалғасын табады.

                                                                            Бейорганикалық заттар

                        Жай зат                                                                                                               Күрделі зат

 

        Металл           Бейметалл                                                                          Оксид         Қышқыл          Негіз         Тұз

 

                                                                                                  Негіздік     Екідайлы    Қышқылдық

 

Жай және күрделі заттардың ережесін еске түсіреді. Күрделі заттардың негізгі кластарының ережелері сұралады. Содан кейін оксидтерді жіктеуді жалғастырады. Негіздік, екідайлы, қышқылдық болып бөлінеді, оларға мысалдар келтіру. Оксидтердің құрылымдық формулалары жазылып көрсетіледі.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыптағы мазмұнды білу. Оксидтердің алынуы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.


Оқушыларға қысқа мерзімдік өзіндік жұмыстарын ұсыну:

                  1-нұсқа.  Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-2, 4-4, 4-17.

                   2-нұсқа.  Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-3, 4-5, 4-18.

Өздік жұмысты талдай отырып, түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады және тапсырмалар беріледі:

1.      Оксидтер деп нені айтады?

2.      Негіздік және қышқылдық оксидтердің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңдер?

3.      Суда еритін және ерімейтін оксидті атаңдар?

4.      Күкірт(IV)оксиді,калий оксиді,темір(ІІІ)оксидтеріне сәйкес келетін гидроксидтердің формуласын жазыңдар?

Есептер мен жаттығулар жинағынан орындау (71-72бет):

4-1. Формулалары келтірілген заттардың ішінен: KOH,H2S,H2O,CO2,AICI3,AI2O3,FeO,  ,,,,,,,,,Fe2Oтек қана оксидтердің формулаларын теріп жазыңдар.

4-19. Мына қосылыстар:BaO,CuO,AI2O3,FeO,SO3,SO2,ZnO,P2O5,K2O,SrO оксидтердің қай түріне жатады. Төмендегі үлгі бойынша жіктеп,тұстарына аттарын жазыңдар.

 

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид

 

 

 

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар оксидтердің жіктелуі,аталуы мен алу жолдарын жоспарлы түрде айтып бере білуі керек. Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін айта білу.

 

 Үйге тапсырма:  Есептер жинағынан 4-10,4-11, Жұмыс дәптері.

 

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен


 





Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, олардың химиялық қасиеттері.

Уақыты

Мақсаты

Қышқылдардың жіктелуі, алыну жолдары, тиісті реакция теңдеулерін дұрыс жазуға баулу.

 

Міндеттері

Оқушылардың қышқылдар туралы білімідерін одан әрі дамыту.Химиялық реакция теңдеулерін жазуға, сөйлеуге баулу,Оқушылардың қызығушылықтарны арттыру мақсатында, қышқылдар жайлы ақпарат қабылдай отыра, білімдерін саралау.Қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу.Ізздемпаздыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың әдіс-тәсілі

Топтық, жекелей, зерттеу,есептеу

 

Сабақтың түрі

Жарыс сабақ

 

Көрнекіліктер және құралдар мен реактивтер:

Сызбалар, слайд-шоу, электронды оқулық  , бейнефрагменттер

 

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Критералды бағалау жүйесімен таныстыру

1-2


-Бейорганикалық қосылыстар қаншаға бөлінеді?

-Қышқылдар несімен қызық?Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе?

Қышқылдар дегеніміз-металл атомдарының орын алмастыруға бейім  сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі заттар.

Бірнеше химиялық элементтердің формулалары беріледі.


3-4

Жаңа сабақты түсіндіру

1.Қышқылдардың жіктелуі : оттекті және оттексіз

Бір негізді, екі негізді, үш негізді қышқылдардың формулаларын жазу.

2.Қышқылдардың құрылымдық формуласын жазу

3.Қышқылдардың алынуы: Қышқылдық оксидтерден алу тәжірибесін қарастырайық. Суы бар стақанға қатты фосфор (Ү) оксидінің 1-2 түйірін салса, жылу бөліне отырып реакция жүреді.Нәтижесінде ортофосфор қышқылы түзіледі.

P2O5+H2O-H3PO4

Зертханада кейбір қышқылдарды алу үшін қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер етеді

NaNO3+H2SO4-NaHSO4

3.Оттексіз қышқылдардың кейбіреуін сутекпен бейметалды тікелей әрекеттестіріп алады

H2+S-H2S

Қышқылдарға тән ортақ қаиеттерді сызбаснұсқасына сәйкес реакция теңдеулерін жазу:

 Қышқылдар+ негіздік оксидтер—-тұз+су

+металдар——- тұз+сутек

+негіздер——- тұз+ су

+карбонаттар—— тұз+су+газ

Қышқыл ерітіндісін анықтау үшін лакмус пен метилоранж индикаторлары пайдаланылады.

Зертханалық жұмыс көрсетілім №6

Сарамандық жұмыс №4

 

 15-20

Жаңа сабақты қалай қабылдағаныны алғашқы тексеру кезеңдері

Берілген реакция теңдеулерін жазу

Na2CO3+HCl-

K3PO4+H2SO3-

Au+H2SO4—

NaOH+HCl-

Есеп шығару: Массасы 12,6 г натрий сульфиті тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль натрий хлориді түзіледі.?

Массалық үлесі: 2,4% сутек, 39,1% күкірт,58,5 % оттектен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар

6-7

Білімді қорыт ындылау және жүйелеу

ВЕНН диаграмасы ортақ қаиеттері мен айырмашылығын жазу

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен




 

10-сынып Мектеп құраушысы Химия

Сабақтың тақырыбы: НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ

Сабақтың мақсаты: 1.білімділігі. Жаңа сабақты меңгеру, білімдерін жетілдіру.

2.дамытушылығы. Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және білімге деген ынтасын арттыру.

3. тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұқыптылыққа, инабаттылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, Менделеевтің периодтық жүйесі, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік кестесі.

Сабақтың пән аралық байланысы: Экология, биология

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Сабақты қорыту

Үйге тапсыма беру.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сәйкестік тест тапсырмалары.

Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін жауаптарын табыңдар.

1. Оксидтер дегеніміз не?- 4.Сутек атомдарынан және қышқыл

қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

2. Негіздер дегеніміз не?- 1. Екі элементтен тұрып оның біреуі

міндетті түрде оттегі болып келетін күрделі заттар.

3. Тұздар дегеніміз не?- 2. Металл атомымен және бір немесе бірнеше гидроксотоптардан құралған күрделі заттар.

4. Қышқылдар дегеніміз не?- 3. Металл атомдарымен және қышқыл қалдықтарынан құралған күрделі заттар

1. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп не түзеді?- 2.тұз түзеді.

2. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттескенде 1. негіз (сілті)

не түзеді?-

Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері

Негіздер дегеніміз-молекулалары металл атомдарынан және бір немесе бірнеше гидроксо-тобынан тұратын күрделі заттар.

Негіздер Суда еритін Суда ерімейтін

LiOH,Ca(OH)2,Ba(OH)2, Cu(OH)2,Fe(OH)2, Fe(OH)3,

Екідайлы

Zn(OH)2,Al(OH)2, Be(OH)2,Cr(OH)3,Pb(OH)2, Sr(OH)2,Fe(OH)

Үйге тапсырма. Есептерді шығарып келу.



Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен





10-сынып Химия Мектеп құраушысы


Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды. Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек.
Тұздар
Орта тұз Қышқыл тұз Негіздік тұз
NaNO3 NaHSO4 MgOHCI
K2SO4 KH2PO4 AI(OH)SO4
Топпен жұмыс. IV топқа. тұздардың алынуы, IV топқа. химиялық қасиеттері, IVтопқа.тұздардыңқолданылуы жайлы мәтін мен таныса отырып ортада басқа топтарға таныстырып қорғау жұмысы беріледі. Оқушылар топта бірлесе талқылап, қорытынды таныстыруларын қағазға түсіріп ортада қорғайды.
Өзіндік жұмыс: Мына тұздарды жіктеп, аттарын атаңдар.Өзбетінше жаңа тақырыпты меңгерту.
СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4 ,
Жауаптары:Ортатұздар - СаSO4 (кальцийсульфаты), NaNO3(натрийнитраты), K3PO4 (калийфосфаты), СаSiO3 (кальцийсиликаты), FeCl3(темірхлориді), MgSO3 (магнийсульфиті).
Қышқылдықтұздар - CaHPO4 (кальцийгидрофосфаты), КН2РО4 - калийдигидогидрофосфаты.
Негіздіктұздар - Al(OH)SO4 (алюминийгидроксосульфаты)
Оқушыларбірін – бірітексеріпбағалайды. (тақтадағыдұрысжауабынақарап)
.

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен





Күні:                     Сыныбы:10

Сабақ тақырыбы:           Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстар.

Сабақтың  мақсаты:   Негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу. Классаралық генетикалық байланысты оқушыларға түсіндіру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Білім мен біліктерін тексеру: Бұрын алған білімді дамыту мақсатында

1.      Қандай оксидтер тобын білесің?

2.      Қышқылдық және негіздік оксидтерге қандай оксидтер жатады?

3.      Барлық қышқылдық оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?

4.      Барлық негіздік оксидтердің ортақ химиялық қасиеттері қандай?

5.      Әкті су арқылы көбірек ауа өткізгенде ерітінді не себептен лайланады?Тиісті реакция теңдеуін жаз

6.      Қара түсті-оксид берілген. Ол оксидтердің қай тобына жататынын анықта?

7.      Күкірт қышқылын пайдаланып, мырыш  сульфатын қалай алуға болады?

8.      Тиісті металдың оксидінен сілтіні қалай алуға болады? Мысал келтір.          

Жаңа сабақ: Заттарды класқа – оксидтер,негіздер,қышқылдар,тұздар деп бөлдік. Әр- қайсысына тән қасиетті қарастыру арқылы олардың арасындағы генетикалық байла- нысты түсінуге мүмкіндік туады.Оқушыларға металдар мен бейметалдардың генети- калық қатарының өзара байланысы туралы мәліметтерді естеріне түсіремін.Генетикалық қатарлардың өзара байланысы:           Металл           Жай зат            Бейметалл  Бұл сызба-нұсқаға қарап,оқушылар металл мен бейметалдың генетикалық қатары тұз түзілумен аяқталатындығы туралы қорытындыға келеді. Заттарды жіктеуде судың алатын орны туралы сұрақты талқылауға болады. Судың негіздік және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп, нәтижесінде негіз және қышқыл түзетіні белгілі. Оқушыларға сұрақтар қойылад1. Судың өзі қандай қасиет көрсетед2. Суды қандай класқа жатқызуға болады?5-жаттығу. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын тиісті реакция теңдеулерін жаз:  а) Cu →  CuO → CuCI2 Cu(OH)2  → CuO  → CuSO4 ә) AICI3  → AI(OH)3  → AI2O3  → AI2(SO4)3   → AI(OH)3   → AI(OH)2CI

Үйге тапсырма: §49(5-9). Жұмыс дәптері.








 Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен












10-сынып Мектеп құраушысы Химия



қырыбы

§3.1.Химиялық  реакциялардың жылдамдығы.


Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық:

 

тәрбиелік:

«Химиялық рекация жылдамдығы» туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіру, химиялық реакция жылдамдығыына әсер етуші  факторлар, әсер етуші массалар заңы туралы және Вант-Гофф ережесін түсіндіре отырып, білімді қалыптастыру;

Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторларды түсіндіре білу,қорытындылау.

Құрамы мен қаситтері,кристалл торы арасындағы байланысқа көңіл аудару, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ типі:

Жаңа сабақ.

 

Сабақ өткізілу түрі:

 Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау  11-Б-2 көрсету .

 

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, 11-Б-2

 

Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

қушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2



Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 3.1 № 3,6– жазбаша орындау.

1-2

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.




Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен












10-сынып Химия Мектеп құраушысы

Сабақтың  тақырыбы:  Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу шарттары Ле-Шателье принципі  

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік :  химиялық тепе-теңдік туралы түсініктерді қалыптастыру, тепе-

                                        теңдіктің динамикалық сипатын көрсету және әртүрлі 

                                        факторлардың (концентрацияның,температураның және 

                                        қысымның) химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсерін

                                       қарастыру,

  Дамытушылық: Ле-Шателье принципін тұжырымдау.Есеп шығару дағдысын      

                                        одан  әрі жетілдіру.

 Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу. 

 

Сабақтың көрнекілігі: Power Point презентациясы

 

Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің  ПЖ

 

Сабақтың барысы:

                             А) Ұйымдастыру бөлімі

                             Ә) Үй тапсырмасына шолу

- Катализ(өршіткі), катализдің түрлері

- Тежегіштер дегеніміз не?

-Катализдік реакциялар

-Адсорбция, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферментерге қысқаша сипаттама беріңіздер.

 Жаңа тақырыпты түсіндіру:

 Тура және кері реакциялар бірдей жылдамдықпен жүрген жағдайда химиялық тепе-теңдік күйі орнайды.Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.  

2KClO3         MnO2        2 KCI  + 3O2 ↑                    

 

Калий хлораты калий хлориді мен оттегіге  толық айналғанда ғана реакция тоқтайды. Қайтымсыз реакциялар онша көп емес.Реакциялардың көбі қайтымды болады.

Қайтымды реакциялар деп өзара қарама-қарсы екі бағытта да жүретін реакцияларды айтады.

        Қайтымды реакциялар теңдеулерінің оң және сол жақтарының арасына қарама-қарсы жаққа бағытталған екі стрелка қояды.Қайтымды реакцияға сутегімен азоттан аммиакты синтездеу мысал болады:

 

N2 + 3 Н2                            2 NН3 + Q

Техникада қайтымды реакциялар, әдетте,тиімсіз.Сондықтан оларды әртүрлі әдістермен (қысымды,температураны, және т.б.өзгерте отырып)іс жүзінде қайтымсыз реакцияға айналдырады. Қайтымсыз реакцияларға олар жүрген кезде.

алынған өнімнің біреуі реакция сферасынан бөлініп тұнба түрінде,газ күйінде ұшып кететін, мысалы:

             ВаСІ 2     +  Н2 SO4 =ВаSO4 ↓ +  2HCl   

                      Na2CO3+ 2HCl  =  2NaCI  + CO2 ↑  +  H2O   

өте аз диссоцияланатын қоcылыс түзілетін, мысалы су    

                  НСl + NaOH = H2O  + NaCl    

реакция жүргенде өте көп жылу бөлініп шығатын, мәселен магнийдің жану реакциялары жатады.

 

 Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен




 

 

 

 

 

 



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.09.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров295
Номер материала ДБ-189851
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх