Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / 11 сынып,Махаббат – өмір нәрі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

11 сынып,Махаббат – өмір нәрі

библиотека
материалов

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

8 Қашаған Құржыманұлы атындағы

орта мектептің өзін – өзі тану

пәнінің мұғалімі Умирбаева Амангул Сергеевна


Өзiн-өзi тану сабағыныңжоспары


Тақырып: Махаббат – өмір нәрі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Шыншылдық, мейірімділік, жауапкершілік,шыдамдылық.

Сынып «11»


Сабақмақсаты:
  • «Махаббат» құндылығытуралытүсініктерінкеңейту. Адамбойындағымахаббатсезімін, сүйіспеншіліктітанып, онықұрметтұтуғабаулу;

Міндеттері:

  • Махаббаттыңбарадамғаортақкөпқырлысезімекенін, алсүюменғашықболужаратылыстыңадамғабергенерекшенұрлыіңкәрлігіекенінбілдіру;

  • адамды, өмірді, табиғаттысүйебілуге, онықұрметпенқадіртұтуғабаулу;

  • сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктіккетәрбиелеу;

Сабақтыңәдіс-тәсілдері: тыныштықсәті, дәйексөз, СТОтехнологиясыныңстратегиялары, тапсырма, мәтінменжұмыс, түйіндеме, шығармашылықжұмыс, жүректен-жүрекке. 
Сабақтыңтүрі: аралас сабақ 
Сабақтыңтипі: білім, білік дағдыларынқалыптастыру 
Базалықбілім:өмірқұндылықтарыныңжалпыадамзаттық, рухани-адамгершілікмәнінтүсіну, өзараадамиқарым-қатынастардытани, бағалайбілудімеңгерту. 
Сабақтағытехнология: сыни тұрғысынанойлау (СТО) 

Ресурстар:

оқулық, дәптер, үнтаспа, DVD, қазақәуендері, теледидар, түрлітүстіфигуралар, нақылсөздер. 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

  1. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2)Үйтапсырмасынтексеру.

Сабақ барысын талқылау:


Оқушылардыңемін–еркіндұрысотыруынқадағалау





ІІ. Дәйексөз.

«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаділет сезім» (Абай)

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрай отырып, жауаптарын қорытындылау.


ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мәтінмен жұмыс.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні оқу, талдау.

Жақсы жігіт, сұлу қыз соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде, Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған қызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айырылмасқа, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі әсем әнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшқаннан да жақынырақ, күштірек сияқты. Ырғағы көп сезімді сұлу әнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жоқ, екі бірдей ынтық жан қауышып табысқан шаттық айтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: «Көрші бізді, кінәлап көрші!» дегендей.

Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта жас сұлудың жүзінен бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапқанына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш қанатының ұшқындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жазылып, Абайға өзгеше бір үн қатқандай болды.

Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сәлем жолдаған Абай, енді әннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті. «Сағындырған ғашық жар, ынтығы іште жүрген шерлі досын кінәлаудан тоқтар ма екен? Бар дүние, бар сырын, барлық бақыт тілегін бір өзінің шұғыласына құрбан етем деп келсе, не дер екен!» деген бір өзгеше сыр кетті.

Талдау барысында оқушылардың назарын әсерлі көркем суреттеудегі сезім шаттығына, оның шексіз ләззатына бөленген қыздың жан құбылысын, шуақты ләззатын жастар сезген қуанышты, шаттықты, махаббат деген құдіретті сезімді сыйлаған ғажап жан шуағына аудару.

Түйіндеме: оқулықпен жұмысты жалғастыру. І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романынан үзіндіні оқыту, талдау.

Жақсы көру деген бір ұлы қасиет. Бұл қасиеттің өзі де екі түрлі болады. Жалпы адам баласын жақсы көру бар да, жеке адамды жақсы көру бар. Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу ол – үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау – бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік. Кім өзінің ата-анасын, туған бауырларын жақсы көрмейді? Солар үшін жан аямай еңбек еткісі келмейді? Кім өзінің сүйген адамы үшін сын сағаты туса, жанын құрбан етуден бас тартады? Меніңше, бұл – қайсымыздың болса да қолымыздан келетін іс. Бірақ біреуді жақсы көру, ұнату бар да, не болмаса оны шын жүректен өлердей сүю, онсыз өмір сүре алмайтындай ғашық болу бар. Жан-тәнімен сүю, ғашық болу меніңше адамда бір-ақ рет кездесетін қасиет.

Сен махаббаттан құмарлықты, еркек пен әйелдік сезімді алып тасташы, сонда бірін-бірі жақсы көрген екі адам бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын екі аққуға ұқсаса, міне, сонда ғана олар – шын ғашықтар.

Талдау барысында оқушылардың назарын махаббаттан құмарлықты алып тастағанда да бір-біріне іңкәрлік пен сағынуы нағыз сүйіспеншілік екенін айтып, көзсіз құмарлықтан сақтандыру, жаза баспау, ар-ұят, намыс т.б. адами қасиеттерді кірлетпеу туралы айтып, естеріне сақтауды ұсыну.


  1. Шығармашылықжұмыс, топтықжұмыс.

«Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді»

Оқушыларға ақын, жазушы, суретші, композиторлардың махаббат туралы жазылған шығармаларын көрсете отырып, тапсырма беріледі. Әр топ жеке-жеке тақырыпты дәлелдеп, ән-жырға тақырып бойынша кезек береді.

  1. Ата-анаға деген махаббат. Сөзі Ғ.Қайырбековтың, әні Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әні шырқалды.

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың,

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған.

Қайырмасы: Әлдилеп аялап

Өсірген жемісін.

Самал жел, саябақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.

  1. Сөзі М.Шаханов, әні Н.Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әні шырқалды.

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем дағы қанат қағып

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

  1. Отанға деген махаббат. Сөзі Ш.Сымаханұлы, әні Ж.Тұрсынбаевтың «Таң нұрындай Отаным» әні шырқалды.

Сенде ғана жаралдым,

Таң нұрындай Отаным.

Сенен ғана нәр алдым

Көз нұрындай Отаным

Шоқ жұлдыздай көктегі

Бауырласып көп елмен

Достық күйін шерткелі

Көсегеміз көгерген

Ана сүтін арда емген

Ақ пейілді қазақпын

Бесік болып тербеген

Алтын қанат азат күн.

  1. Туған жерге деген махаббат. Сөзі Қ.Мырза Әлі, әні Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әні шырқалды.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен

Күннің өзі ұясынан

Қимай оны батады екен.

  1. Досқа деген махаббат. Сөзі Х.Закариянов, әні О.Көшеровтің «Достарыма» әні шырқалды.

Толтыра көңілдің отын достарым

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын

Жүрсіңдер, сендер, қолтықтан демеп достарым.

Қайырмасы: Жабыққан сәтте қас қағым,

Жаныңды ұғар басқа кім

Жаңа бір әуен бастадым

Сендерге арнап достарым.

Тапсырма: топтар бойынша:

1-топ. «Мөлдір махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?

2-топ. «Шынайы махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер?

3-топ. «Ана махаббаты» дегенді қалай түсінесіңдер?

4-топ. «Ғашықтық». Бір көргеннен ғашық болу.

Оқушылар өз мүмкіндіктерінше анықтама беріп, пікірлерін білдірді.

Түйіндеме: оқушылардың ой-пікір, анықтама беру сөздеріне сүйене отырып, құрметтеу, бағалау, сыйлау, махаббат деген ұғымның ортақ екенін, адам жанына ерекше жақындығына сай ықылас-ынта сезімнің басқаша екеніне көзін жеткізе айтып түсіндіру. Махаббаттың бар адамға ортақ сезім екенін, егер махаббат болмаса өмірде мән де, құн да болмайтынын айтып түсіндіріп, ойларын қорытындыладым.

Сабақты қорытындылау: Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, өмірде «махаббат – өмір өзегі», «бәрінің бастауы – махаббат», бар жақсылық махаббат арқылы келеді деп сабақты аяқтаймын.


Дәптерменжұмыс

hello_html_meb4e0ad.png



hello_html_m1ccd0cf0.png





hello_html_m16584346.png

  1. Топпен әнайту.

Оқушылар бір-біріне сезім шуағын тілеп, «Мерекем – сен» әнін орындайды. Сөзі мен әні: Қ.Қозыбаев.

Махаббатым нәр бердің

Жүрегіме, жаныма

Ғұмырыма гүл ектің

Арманыма, жолыма.

Қайырмасы: Жан шуағым – мерекем,

Іздегенім сен екен

Өзіңменен шаттанып

Кірер менің берекем.


  1. Үйтапсырмасы.


«Бәрінің бастауы – махаббат» атты эссе-шығарма, өлең жазу.


  1. Соңғытыныштықсәтi. (Тыныштық... баржерде, тыныштық... бүкiләлемде)











Автор
Дата добавления 17.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров728
Номер материала ДБ-086204
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх