Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / 5-сыныпта "Ең үлкен ортақ бөлгіш" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.

5-сыныпта "Ең үлкен ортақ бөлгіш" тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m737bc0d8.gifhello_html_235bd16a.gifhello_html_235bd16a.gifhello_html_3ce44c69.gifҚысқа мерзімді жоспар №41


Пәні: Математика Сыныбы: 5 « » Күні:


Сабақ тақырыбы:

Ең үлкен ортақ бөлгіш.

Сабақтың мақсаттары:

а)білімділік: оқушыларға ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар туралы мағлұмат беру, берілген бірнеше санның ЕҮОБ-ін табу тәртібін меңгерту, білімдерін есептер шығаруда қолдана алу дағдыларын қалыптастыру;

ә)дамытушылық: оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын дамыту;

б)тәрбиелік: оқушыларды ойын дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа, ұқыпты болуға, бірлікке тәрбиелеу.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындайтын іс-әрекеттері:

Оқушының орындайтын іс-әрекеттері:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеп, сабаққа қатысуын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

б) сынып оқушыларын топтарға бөлу.

Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

ІІ. Үй жұмыстарын тексеріп шығу.

2.1. Оқушылардың дәптерлерінен үй жұмыстарын тексеріп өту.

2.2. Өткен тақырып білімдерін еске түсіріп өту, жалпы сыныпқа сұрақтар қою.

1) Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

2) Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеуде қандай реттілікті сақтау керек?

3) Егер құрама санның жай көбейткіштері берілсе құрама санды қалай табамыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.



ІІІ. Сабақ материалын қысқа түрде түсіндіру (топтаса өз беттерінше түсіну):

28 санының бөлгіштері: 1,2,4,7,14,28

42 санының бөлгіштері: 1,2,3,6,7,14,21,42

28 саны да 42 саны да бөлінетін бөлгіштер 1,2,7,14 сандары.

Осы бөлгіштердің ең үлкені 14 саны. Онда 14 саны – 28 және 42 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші. Жазылуы: ЕҮОБ (28,42)=14

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

Мысал: ЕҮОБ (14, 22) = 2 , ЕҮОБ (16, 40, 64) = 8

Берілген натурал сандардың ЕҮОБ-ін сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы таба аламыз.

Ол үшін:

  1. берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек;

  2. жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу керек;

  3. ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек;

Сол көбейтінді берілген сандардың ЕҮОБ-і болады.

Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші сол сандардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

Мысал: ЕҮОБ (18, 66, 330) = 6, ЕҮОБ (120, 40, 20) = 20

Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.

Мысал: ЕҮОБ (7, 11) = 1, ЕҮОБ (8, 15) = 1

Егер берілген сандардың кішісі үлкенінің бөлгіші болса, онда сол кіші сан берілген сандардың ЕҮОБ болады.

Мысалы: ЕҮОБ (120, 40, 20) = 20

285 есепті жалпы сынып болып ауызша түрде орындап шығу.

Топтық жұмыс:

269 есептің 1)-3)-5)-7) нұсқаларын топпен орындау.

Ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар:

  1. 12 және 32

12 2 32 2 ЕҮОБ(12,12)=22=4

6 2 16 2

  1. 3 8 2

1 4 2

2 2

1


  1. 35 және 60

35 5 60 2 ЕҮОБ (35,60)= 5

7 7 30 2

  1. 15 3

5 5

1

287. Есептің тақ нұсқаларын орындату.


288 есепті жалпы сынып болып талдау, жеке пікірлерді тыңдау. Ортақ шешімді жазу.


289 есептің 1,3 нұсқаларын жұппен орындау.

  1. ЕҮОБ(а,в)=23

  2. ЕҮОБ(а,в)=27

292 есепті талантты оқушылардың белсенділігі көмегімен сынып болып орындау.

Оқушылап топ ішінде жұмыс жүргізеді.

Топ болып жұмысты бірлесе , міндеттерді бөлісе жүргізеді.


Аяқтағаннан кейін өз шешімдерін тақтаға көрсетеді.

IV. Сабақты қорытындылау


VІІ. Үйге тапсырма беру:2.7. тақ,

286-287 (2,4,8), 291

VІІІ. Оқушыларды бағалау.

(көшбасшының бағаларын ескеру).






Топ көшбасшысының бағалауы.

Математика пәнінің мұғалімі: / М.Т. Сапарғалиев


Автор
Дата добавления 22.09.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров540
Номер материала ДВ-002320
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх