Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / 3 сыныпта "Көктем" тақырыбын өту

3 сыныпта "Көктем" тақырыбын өту


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Хасенова Әлия Қайырбекқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі


3 сыныпта «Көктем» тақырыбын өту

Сабақтың тақырыбы: Көктем.

Грамматикалық тақырыбы: Сын есім тақырыбын жалғастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы тақырып төңірігінде жан – жақты білім беру.

Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр түрлі жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру, өз ойларын қазақ тілінде айта білуге жетелеу;

Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, айналаны таза ұстауға шақыру, еңбексүйгіштікке баулу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кезекшімен сұхбат:

  • Бүгін сыныпта кім кезекші?

  • Бүгін қай күн?

  • Бүгін апта күні қандай?

  • Бүгінгі ауа райы қандай?

  • Ауа райы неше градус?

  • Қазір жыл мезгілі қандай?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: Сын есімнің ережесі және сын есімге 4 мысал.

  1. Сабақтың мақсатын айту. (Орысша – қазақша.) Біз бүгінгі сабақта «Көктем тақырыбын өтеміз». Бүгінгі сабақтың барысында біз жаңа сөздермен танысамыз, топпен жұмыс істейміз, ойын ойнаймыз, кеспе карточкалармен жұмыс істейміз.

ІІІ. Жаңа сөздермен танысу: (тізбектеп оқу, сұрақ – жауап ретінде оқу, оқушының қалауынша жекелеп оқу)

Ұзарады – становятся длиннее, қар ериді – тает снег, ұшып келеді – прилетают птицы, жылға – ручеек, жиі жауады – часто идет, басталады – начинается, егін – посев, егеді – сеют.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

  1. тапсырма.

  1. Слайд және аудирование. (Слайдқа сәйкес суреті де бар)

1 слайд. Қазір жыл мезгілі – көктем. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде күн ұзарады.

2 слайд. Көктемде қар ериді.

3 слайд. Жылғалардан су ағады.

4 слайд: Көктемде құстар ұшып келеді.

5 слайд: Көктемде жаңбыр жиі жауады.

6 слайд: Көктемде егін, жемістер егеді.

2. тапсырма: Жаңа сөздердің көмегімен слайдтардағы сөйлемдерді аудару.

3. Сергіту сәті:

«Дұрыс па? Бұрыс па?» ойыны. Ойынның шарты: Оқушыларға сұрақтар қойылады. Егер дұрыс болса, оқушылар қолдарын шапалақтайды, егер бұрыс болса, аяқтарымен жер тебеді. Егер бұрыс болса, артынша дұрыс жауабы сұралынады. Мысалы:

  1. Қыста жаңбыр жауады.

  2. Көктемде құстар ұшып келеді.

  3. Кітап – адамның басы.

  4. А – дауыссыз дыбыс.

  5. Алма, алмұрт – жемістер.

  6. Апельсин, лимон – көкөністер.

  7. «Жаңбыр» сөзі – дождь деп аударылады.

  8. Қазір жыл мезгілі – қыс.

  9. Наурыз , сәуір, мамыр – күз айлары.

  10. Ө – жіңішке дыбыс.

  1. Грамматикалық тақырып: Сын есім. Сабақтың бұл кезеңін орындау үшін «Сиқырлы конверт» атты дидактикалық ойыны қолданды. Себебі, өткен сабақтарда оқушылар сын есім тақырыбын өткен болатын.

Көктем ертегісі. (Ертегі орысша оқылады)

В ауле «Көктем» жила красавица. Однажды ее похитил великан. Он любил писать письма. И одно письмо отправил вам. Но это не простые письма, а с заданиями. Если выполните эти задания, то спасете красавицу.

(Үлкен сынып оқушысы «пошташы» бейнесінде келіп, хаттарын үлестіреді).

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топқа 2 хаттан. Деңгейлік тапсырмалар орындалады.



1 топ (І деңгей). Тапсырма: «Көктем» тақырыбына ж/с қолдана отыра, мәтін

құрастыр.

2 топ (ІІ деңгей) Тапсырма: «Көктем» сөзіне толық сатылай кешенді талдау жаса.

3 топ. (ІІІ деңгей) 1 хат: «Көктем» тақырыбы бойынша сын есімді тіркестер

құрастыр.

(Тапсырманы орындалып болғаннан кейін қорытындысы шығарылады)



4. Оқулықпен жұмыс:

146 беттегі «Көктем» төрт шумақты өлеңін мәнерлеп оқу. 5 оқушы орындайды.

ІV. Сабақты бекіту:

3.тапсырма: Интерактивті тақтада жұмыс. «Көктемгі гүлді» толтыру. Тапсырманың шарты: Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, жауабын интерактивті тақтадағы «Көктемгі гүлді» толтыру.

  • Көктемде не болады?

  • Көктемде нелер ұшып келеді?

  • Көктемде не ағады?

  • Көктемде не басталады?

  • Көктемде не егеді?

hello_html_60e170da.gif



hello_html_421364bd.gif

hello_html_22ac1ee.gifhello_html_m9e29007.gif



hello_html_m1017b240.gif

hello_html_1ef84176.gif


hello_html_3e70113b.gif


hello_html_781a236.gif














VІ. Сабақты қорытындылау:

- Сонымен, балалар, бүгін біз қандай тақырып өттік?

- Көктем айлары қандай?

- Сын есімнің сұрақтарын кім айтады?

- Сын есімге кім мысал келтіреді?

Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау, сын есімді тіркестер құрау (3-4)

Сабақты әзірлеген: Хасенова Әлия Қайырбекқызы.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров49
Номер материала ДВ-466597
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх