Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 1 сыныпта Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

1 сыныпта Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Бекітемін»

мектеп бойынша

тәрбие ісінің

меңгерушісі М.К.Есимов

«_30_» қаңтар 2015ж.






Қазақ Ұлттық Өнер Университеті





Ашық тәрбие сағаты





Тақырыбы: «Әліппеге, мың алғыс!»









Сыныбы: 1 «ғ»

Өткізген : Н. Е. Казбекова

Өткізілетін күн: 02.02.2015 ж .












«ӘЛІППЕГЕ, МЫҢ АЛҒЫС!»

Мақсаты:Оқушылардың білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Жаңа оқулықпен таныстыру.

Дамытушылық: Өнерлерін тамашалау әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге, Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.

Тәрбиелеу: Елін, Отанын сүюге, ұстаздарды, мектебін, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, интерактивті тақта, әріптер макеті, көрініске қажетті заттар.

Жүру барысы:
1 Жүргізуші:
- Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз! / Осы кезде әже немересін ертіп залға кіріп келе жатады./

 2 Жүргізуші: Жеті жасар немересін ,
Жетпістегі әже жетектеп. 
Келе жатыр көшеде,
1 Жүргізуші : 2014жылдың маусым айын еске алайық.

Қайда, қайда барасыздар, бізде ертеңгілік болайын деп жатыр
Әже- Оразгүл : «Қайда Ұлттық өнер мектебі »-деп.
Жетпіс келеді
артында сүріне, жүгіре .

Бала-Ақжол: Әже, апарыңыз мені мектепке
Оқып білім аламын,
Мен музыкант боламын.
Әже-Оразгүл :Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толды жетіге
Енді алып барамын.
Бала-Ақжол : Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.
Әже - Оразгүл:Айтқанымды қарағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан.
Әже- Оразгүл : «Қайда мектеп? Немеремнің құжаттарын тапсырайын деп едім».

2 Жүргізуші: «Әже, қош келдіңіздер, бірақ құжаттарыңызды «білім ордасы Шабытқа апарып тапсырасыздар
Әже- Оразгүл:Кеттік балам, Шабытқа

Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

1 Жүргізуші : Ата-әже, аналарымен оқушылар Қыркүйекте келді де,
Сыныпқа кірді қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамдарын құп алып.

Оқушыларды қарсы алайық (Музыка ойналып, Мұғалім оқушыларымен кіреді.) (Әнұран айтылады)

Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Күні кеше ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы-Әліппе оқулығы. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Міне, 4 айдан соң бүгін шәкірттерім өміріне өшпес із қалдырған Әліппемен қоштасқалы отыр. Бүгінгі ертеңгілігімізге Қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.

2 Жүргізуші : кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

(Балалар өздерін таныстырады.)

1. Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Аянат боламын.

2. Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын Айгерим.

3. Сурет салар сәулелі,

Мен Дариға боламын.

4. Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым Мухаммад.

5. Бексұлтан деген баламын,

Есепті мен шағамын.

6. Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Нәзима деген мен болам.

7. Дарасы болар даланың,

Едиль деген баламын.

8. Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті мен Нәзік.

9. Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Оразгүл деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

10. Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым Нұрай.

11. Нұржанмын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.

12. Талабы таудай талапты,

Ақжол атты баламын.

13. Үлкенге де, кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мен Меруерт боламын.

14. Келешегі қазақтың,

Мен София боламын.

15. Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Мен Әмина боламын.

16. Достарыма көмекші,

Мейірімді төгетін

Мен Медея боламын

17. Білімнен бақыт табатын,

Мен Клара боламын.

18. Отбасымның қуанышы, бақыты

Ата-анамның Дина деген қызымын.

  • 1Жүргізуші: Аманкельдиева Айгеримнің прима қобызда орындауында «Біз өмірдің гүліміз» атты күйі

  • 1Жүргізуші : Шашу – шашу шашайық, 
    Ақ сандықты ашайық
    Бұл мереке, бұл тойдың 
    Бастаңғысын жасайық! / Шашу шашылады./
    Медея : Қуантып мені ағалар,
    Шақыртты осы мектепке!
    Қараңдар міне, балалар
    Келмеппін мұнда мен текке.
    Мухаммад : Әліппені меңгеріп,
    Әріптерді таныған,
    Құтты болсын тойымыз,
    Біз білімді балдырған.

2Жүргізуші :  -Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер,  сендерге осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен): «-МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА!»  

Дария: Мектеп- білім бұлағы,

Мейіріңді қандырар.

Мектеп – ойдың шырағы,

Ақыл – санаң жаңғырар.

Әмина : Көріне бер биіктерден
Алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп,
Сенен өсіп көктесін.

  • 1Жүргізуші: Оқушылардың хормен орындауында «Мектепке барамын» атты әні.

1Жүргізуші : Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан

Оқушылар хормен: «ӘЛІППЕ!»

2Жүргізуші : Ендеше ортаға «ӘЛІППЕ ні» шақырайық.

Оқушылар хормен: «ӘЛІППЕ!» /Ортаға ӘЛІППЕ шығады/

ӘЛІППЕ : Сәлеметсіздер ме, білімді менің достарым!

ӘЛІППЕ –білім анасы,

ӘЛІППЕ –кітап данасы.

ӘЛІППЕ бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік?

Кәне ортаға салайық!

1Жүргізуші : Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық. Әліппе, бүгін ертеңгілігіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет орындығына жайғасыңыз.

ӘЛІППЕ : Ал жыбырды тастайық,

Аузымызды ашпайық.

Тұрған мына қасқайып,

Басқы әріптен бастайық.

Айгерим : «А» – дегенім ақыл 
Ата-бабам айтқан
Асыл сөзі нақыл
Бұрынғыдан қалған
Едиль: Ә дегенім- әдеп, әсем, әділет

Ер жеткенде Отаныңа қызмет ет!

Назима : «Б» - дегенім білім
Бізге төгер нұрын
Байыпта да бәрін
Білімді бол бәрің
Клара : «Е» - дегенім ертегі

Бізге сырын шертеді
Еңбек, есті ерлікті
Үлгі қылып ертеді
Дина : «З» - дегенім зейін
Зерделі оған бейім
Білім алып, оқы
Қалып жүрме кейін

Едиль: «С» дегенде салмақты

Сабырлы бол жан-жақты

Сүйкімді бол саялы

Өзгелерге ардақты.
Меруерт : «Т» деген төл есімім
Туған жер, тал бесігім
Тәуелсіз ел – Қазақстан
Қыран бол, қалықтаған!

Әліппе: Балалар, мені жақсы оқыдыңдар. Қанаттарың талмай, ешқашан да ерінбей, білім нәрін теріңдер.

  • 1Жүргізуші: Дүмшебаева Назиманың орындауында «Әліппе» әнін .

Әліппе: Айтыңдаршы балалар,

Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз, Ұстаздардың ұстазы.

София: Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.

Нуржан: Ұстаздардың тұңғышы да, зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

Нұрай: Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.

  • 1 Жүргізуші: Жанайдарова Оразгүлдің қыл қобызда орындауында

«Желсіз түнде жарық ай» күйі.

1Жүргізуші: Әліппені оқу барысында, сендерді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет айтайық.

Оқушылар хормен: «Рахмет»

Бексұлтан: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған

Ата-ана сіздерге мың алғыс!

Аянат:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...
 

  • 1 Жүргізуші: Аманкельдиева Айгеринің орындауында «Хаттуба» атты үнді биін тамашалаңыздар.

ӘЛІППЕ: Балалар, мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Ендігі сендердің жаңа достарын Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Мен сендерге сенемін, сендермен мен қоштасамын.

2 Жүргізуші : Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп.

Біз дерге білім үйреткен,

Әліппеге мың алғыс!

Қош сүйікті ӘЛІППЕ! Әліппе кетеді.

  • 1 Жүргізуші: Ұлдар тобының орындауында хор « Бақытты балалық»

  • 1 Жүргізуші: Нұрахмет Әминаның скрипкада орындауында

1Жүргізуші : Уа халайық, халайық

Бәріміз қол соғып,

Ана тілін қарсы алайық.

АНА ТІЛІ-Назима: Ақыл –ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға. Ана тілді құрметте.

Мен Әліппеден оқып –білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Нәзік: Ана тілін білмеген,

Ақымақ жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Клара: Ана тілім -ұраным,

Ана тілім –құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

1 Жүргізуші: Әліппемен қоштастық, Ана тілмен достастық.

2Жүргізуші :  -Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: « -МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА! » сөздерімен таныстық 

ТАПСЫРМА: 1. «Ата - ана» сөзін қатыстырып сөйлем ойла .

2. «Мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3. «Мұғалім» сөзін буынға бөл.

4. 0-ден 10-ға дейін екіден

5. 9-дан 1-ге дейін екіден кемітіп сана

Тапсырма орындалса, аударылған бетте « Оқу –білім бұлағы, Білім –өмір шырағы» деген мақал оқылады.

1Жүргізуші: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!

Кім оқимын?- дейді( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )

  • 1 Жүргізуші: Хор «Домбырасыз ән қайда?»

  • 1 Жүргізуші: Дүмшебаева Назиманың домбырада орындауында «Кербез қыз» күйі

Айгерим : Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болар» анық
Әмина : Біздің сыныптың балалары нақтылық пен дәлдікті ұнататын математиканы сүйіп оқиды. Математикадан сандарды, диктантты жазуды, математикалық жұмбақ, санжұмбақ, сөзжұмбақ, тылсымсан, ребустардың шешуін табуды, бақылау, өздік жұмыстарды, тестік тапсырмаларды, орындауды үйрендік.
Дина : Дүниетанудан жанды, жансыз табиғат тіршілігімен таныстық.
2Жүргізуші : Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
1Жүргізуші :Ырым етіп сондықтан ертеңгілігіміздің соңында
Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ажырамай мектептен бір елі сіздер

Жақсылыққа арналған жүректеріңіз

Сөз береміз құрметпенен өздеріңізге,

Балаларға арналған тілектеріңіз.- дей келе Сөз кезегі мектеп әкімшіліктеріне беріледі

Қазақ Ұлттық өнер мектебіміздің директоры: Тлемен Тлегеновичке

Оқу ісінің меңгерушісі: Саят Байтұратұлына;

Тәрбие ісінің меңгерушісі Мұратбек Қасқырбекұлына

Әдіскер: Галия Шакировнаға беріледі.

  • 1 Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге Байсарин Мухаммадтың орындауында «Тұлпарым» әні

2Жүргізуші: Ата-ана тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің-деп келесі сөзді ата –аналарға береміз.

  • 1 Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге қыздар тобы: скрипкада орындайды

  • 1 Жүргізуші: Мухамедиярова Софияның скрипкада орындайды

Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытып,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!

Осымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

ӘЛІППЕГЕ, МЫҢ АЛҒЫС!»

Мақсаты:Оқушылардың білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Жаңа оқулықпен таныстыру. Дамытушылық: Өнерлерін тамашалау әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге, Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету. Тәрбиелеу: Елін, Отанын сүюге, ұстаздарды, мектебін, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, интерактивті тақта, әріптер макеті, көрініске қажетті заттар. Жүру барысы: 1 Жүргізуші: - Армысыздар, аналар! Бармысыздар балалар! Сөзіме құлақ салыңыз, Бір серпіліп қалыңызӘліппеге арналмақ. Бүгінгі жыр әніміз! / Осы кезде әже немересін ертіп залға кіріп келе жатады./

2 Жүргізуші: Жеті жасар немересін ,
Жетпістегі әже жетектеп.
Келе жатыр көшеде,

1 Жүргізуші : 2014жылдың маусым айын еске алайық. Қайда, қайда барасыздар, бізде ертеңгілік болайын деп жатыр

Әже- Оразгүл : «Қайда Ұлттық өнер мектебі »-деп. Жетпіс келеді артында сүріне, жүгіре .

Бала-Ақжол: Әже, апарыңыз мені мектепке
Оқып білім аламын,
Мен музыкант боламын.
Әже-Оразгүл :Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толды жетіге
Енді алып барамын.
Бала-Ақжол : Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.
Әже - Оразгүл:Айтқанымды қарағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан. Әже- Оразгүл : «Қайда мектеп? Немеремнің құжаттарын тапсырайын деп едім».

2 Жүргізуші: «Әже, қош келдіңіздер, бірақ құжаттарыңызды «білім ордасы Шабытқа апарып тапсырасыздар
Әже- Оразгүл:Кеттік балам, Шабытқа

Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.

1 Жүргізуші : Ата-әже, аналарымен оқушылар Қыркүйекте келді де,
Сыныпқа кірді қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамдарын құп алып.

Оқушыларды қарсы алайық (Музыка ойналып, Мұғалім оқушыларымен кіреді.) (Әнұран айтылады)

Мұғалім:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Күні кеше ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы-Әліппе оқулығы. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп сауаттылықтарын арттырды. Міне, 4 айдан соң бүгін шәкірттерім өміріне өшпес із қалдырған Әліппемен қоштасқалы отыр. Бүгінгі ертеңгілігімізге Қош келдіңіздер! Бүгін қуанышты күн-«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын.

2 Жүргізуші : кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік. (Балалар өздерін таныстырады.)

1. Ай мен күні анамның,

Ақылдысы атамның,

Мен Аянат боламын.

2. Жұмсағанда баратын,

Айтқан тілді алатын,

Мен боламын Айгерим.

3. Сурет салар сәулелі,

Мен Дариға боламын.

4. Бүгін үлкен салтанат,

Менің атым Мухаммад.

5. Бексұлтан деген баламын,

Есепті мен шағамын.

6. Жақсылықты жақтайтын,

Бәрін біліп жаттайтын,

Нәзима деген мен болам.

7. Дарасы болар даланың,

Едиль деген баламын.

8. Бармағынан бал тамған,

Балдай тәтті мен Нәзік.

9. Сәулелі де сымбатты,

Сөйлегені тым тәтті.

Оразгүл деген қыздарың,

Сіздерге арнап тіл қатты.

10. Көп оқитын, көп тоқитын,

Менің атым Нұрай.

11. Нұржанмын кең маңдай,

Әдемімін мен қандай.

12. Талабы таудай талапты,

Ақжол атты баламын.

13. Үлкенге де, кішіге де,

Мейірімді болатын,

Мен Меруерт боламын.

14. Келешегі қазақтың,

Мен София боламын.

15. Жақсы оқып сабақты,

Білімді боп өсетін,

Мен Әмина боламын.

16. Достарыма көмекші,

Мейірімді төгетін

Мен Медея боламын

17. Білімнен бақыт табатын,

Мен Клара боламын.

18. Отбасымның қуанышы, бақыты

Ата-анамның Дина деген қызымын.

  • 1Жүргізуші: Аманкельдиева Айгеримнің прима қобызда орындауында «Біз өмірдің гүліміз» атты күйі
  • 1Жүргізуші : Шашу – шашу шашайық,
    Ақ сандықты ашайық
    Бұл мереке, бұл тойдың
    Бастаңғысын жасайық! / Шашу шашылады./
    Медея : Қуантып мені ағалар,
    Шақыртты осы мектепке!
    Қараңдар міне, балалар
    Келмеппін мұнда мен текке. Мухаммад : Әліппені меңгеріп,
    Әріптерді таныған,
    Құтты болсын тойымыз,
    Біз білімді балдырған.

2Жүргізуші :-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер, сендерге осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Оқушылар (хормен): «-МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА!»

Дария: Мектеп- білім бұлағы,

Мейіріңді қандырар.

Мектеп – ойдың шырағы,

Ақыл – санаң жаңғырар.

Әмина : Көріне бер биіктерден
Алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп,
Сенен өсіп көктесін.

  • 1Жүргізуші: Оқушылардың хормен орындауында «Мектепке барамын» атты әні.

1Жүргізуші : Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан

Оқушылар хормен: «ӘЛІППЕ!»

2Жүргізуші : Ендеше ортаға «ӘЛІППЕ ні» шақырайық. Оқушылар хормен: «ӘЛІППЕ!» /Ортаға ӘЛІППЕ шығады/

ӘЛІППЕ : Сәлеметсіздер ме, білімді менің достарым!

ӘЛІППЕ –білім анасы,

ӘЛІППЕ –кітап данасы.

ӘЛІППЕ бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық,

Не үйреніп, не білдік?

Кәне ортаға салайық!

1Жүргізуші : Балалар, олай болса, сүйікті Әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай бауырларымыз бен қарындастарымызға табыс ету біздің міндетіміз. Сондықтан біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық. Әліппе, бүгін ертеңгілігіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет орындығына жайғасыңыз.

ӘЛІППЕ : Ал жыбырды тастайық,

Аузымызды ашпайық.

Тұрған мына қасқайып,

Басқы әріптен бастайық.

Айгерим : «А» – дегенім ақыл
Ата-бабам айтқан
Асыл сөзі нақыл
Бұрынғыдан қалған
Едиль: Ә дегенім- әдеп, әсем, әділет

Ер жеткенде Отаныңа қызмет ет!

Назима : «Б» - дегенім білім
Бізге төгер нұрын
Байыпта да бәрін
Білімді бол бәрің
Клара : «Е» - дегенім ертегі

Бізге сырын шертеді
Еңбек, есті ерлікті
Үлгі қылып ертеді
Дина : «З» - дегенім зейін
Зерделі оған бейім
Білім алып, оқы
Қалып жүрме кейін

Едиль: «С» дегенде салмақты Сабырлы бол жан-жақты Сүйкімді бол саялы Өзгелерге ардақты. Меруерт : «Т» деген төл есімім Туған жер, тал бесігім Тәуелсіз ел – Қазақстан Қыран бол, қалықтаған!

Әліппе: Балалар, мені жақсы оқыдыңдар. Қанаттарың талмай, ешқашан да ерінбей, білім нәрін теріңдер.

  • 1Жүргізуші: Дүмшебаева Назиманың орындауында «Әліппе» әнін .

Әліппе: Айтыңдаршы балалар,

Әріптерді қатар қойып,

Алфавитті құраған.

Оқу, білім өнерді,

Шамшыраққа балаған

Кім екен ол данышпан?

Бәрі: Ұлы Ыбырай атамыз, Ұстаздардың ұстазы.

София: Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ педагогі. Ең алғаш әліппе жазған.

Нуржан: Ұстаздардың тұңғышы да, зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

Нұрай: Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.

  • 1 Жүргізуші: Жанайдарова Оразгүлдің қыл қобызда орындауында
  • «Желсіз түнде жарық ай» күйі.

1Жүргізуші: Әліппені оқу барысында, сендерді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, сендердің әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата-аналар сіздерге көп рахмет айтайық.

Оқушылар хормен: «Рахмет»

Бексұлтан: Адам етіп баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған

Ата-ана сіздерге мың алғыс!

Аянат:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ...

  • 1 Жүргізуші: Аманкельдиева Айгеринің орындауында «Хаттуба» атты үнді биін тамашалаңыздар.

ӘЛІППЕ: Балалар, мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Ендігі сендердің жаңа достарын Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Мен сендерге сенемін, сендермен мен қоштасамын.

2 Жүргізуші : Балаларға ақ тілек,

Болашаққа бақ тілеп.

Біз дерге білім үйреткен,

Әліппеге мың алғыс!

Қош сүйікті ӘЛІППЕ! Әліппе кетеді.

  • 1 Жүргізуші: Ұлдар тобының орындауында хор « Бақытты балалық»
  • 1 Жүргізуші: Нұрахмет Әминаның скрипкада орындауында

1Жүргізуші : Уа халайық, халайық

Бәріміз қол соғып,

Ана тілін қарсы алайық.

АНА ТІЛІ-Назима: Ақыл –ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға. Ана тілді құрметте.

Мен Әліппеден оқып –білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Нәзік: Ана тілін білмеген,

Ақымақ жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

Клара: Ана тілім -ұраным,

Ана тілім –құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

1 Жүргізуші: Әліппемен қоштастық, Ана тілмен достастық.

2Жүргізуші : -Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып-үйрендік. Жүрекке жылы тиетін: « -МЕКТЕП! - ӘЛІППЕ! - МҰҒАЛІМ! - АТА-АНА! » сөздерімен таныстық

ТАПСЫРМА: 1. «Ата - ана» сөзін қатыстырып сөйлем ойла .

2. «Мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

3. «Мұғалім» сөзін буынға бөл.

4. 0-ден 10-ға дейін екіден

5. 9-дан 1-ге дейін екіден кемітіп сана

Тапсырма орындалса, аударылған бетте « Оқу –білім бұлағы, Білім –өмір шырағы» деген мақал оқылады.

1Жүргізуші: -Ал балалар, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік!

Кім оқимын?- дейді( Оқушылар кезекпен кітап оқып береді )

  • 1 Жүргізуші: Хор «Домбырасыз ән қайда?»
  • 1 Жүргізуші: Дүмшебаева Назиманың домбырада орындауында «Кербез қыз» күйі

Айгерим : Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болар» анық
Әмина : Біздің сыныптың балалары нақтылық пен дәлдікті ұнататын математиканы сүйіп оқиды. Математикадан сандарды, диктантты жазуды, математикалық жұмбақ, санжұмбақ, сөзжұмбақ, тылсымсан, ребустардың шешуін табуды, бақылау, өздік жұмыстарды, тестік тапсырмаларды, орындауды үйрендік.
Дина : Дүниетанудан жанды, жансыз табиғат тіршілігімен таныстық.
2Жүргізуші : Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
1Жүргізуші :Ырым етіп сондықтан ертеңгілігіміздің соңында
Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ажырамай мектептен бір елі сіздер

Жақсылыққа арналған жүректеріңіз

Сөз береміз құрметпенен өздеріңізге,

Балаларға арналған тілектеріңіз.- дей келе Сөз кезегі мектеп әкімшіліктеріне беріледі

  • 1 Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге Байсарин Мухаммадтың орындауында «Тұлпарым» әні

2Жүргізуші: Ата-ана тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің-деп келесі сөзді ата –аналарға береміз.

  • 1 Жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге қыздар тобы: скрипкада орындайды
  • 1 Жүргізуші: Мухамедиярова Софияның скрипкада орындайды
  • Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытып,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын! Осымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Автор
Дата добавления 01.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров229
Номер материала 260744
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх