Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Сыныпта оқушылардың оку нәтижелерін бағалау." тақырыбында коучинг жоспары

"Сыныпта оқушылардың оку нәтижелерін бағалау." тақырыбында коучинг жоспары

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптарыCsys

МАН, бейнефильм, интернет ресурстары.

Мақсаты:

Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік.Оқу нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару

Күтілетін нәтиже:

Бағалау өлшемдерін түсінеді және бағалау арқылы оқушылар оқуына ықпал етеді. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, оқушылармен жұмыстың нәтижесін бағалайды.

Негізгі ойлар:

Формативті және суммативті бағалау,табыс критерийлері және дескрипторлар.

Сергіту-тренинг:

Қатысушыларға шеңбер құрғыза тұрғызып, әр қайсысына өзінің сол жағында тұрған әріптесіне гүл сыйлап , бір жақсы тілегін айтады

Мен саған .... тілеймін!

Топқа бөлу

Әр түрлі гүлді таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Тапсырмалар түрлері:


Тапсырма № 1

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ауданымызды көгалдандыру жобасын қорғау.

Керекті заттар:

- Түрлі түсті қағаздар

- Картон
- Желім
- Қайшы
- Скотч

Топтарға осы заттарды қолданып көгалдандыру жобасын жасау тапсырылады.

Тапсырманы бағалау

Әр топ бірін-бірі бағалайды. Дәстүрлі бағалау тәсілін қолдана отырып.

5 ұпай «Өте жақсы», 4 ұпай «жақсы»,

3 ұпай «қанағаттандырарлық»

Теориялық бөлім



Презентациямен бағалаудың екі аспектісімен таныстыру және ОүБ мен ОБ үғымдарының айырмашылықтары туралы түсініктер беру.

Сонымен қатар, бағалау өлшемдері критерийлер және дескрипторлармен таныстырып өту.

Тапсырма № 2

Топтық жүмыс. Постер қорғау.

1-топ

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.

2-топ

Білімді тексеруге қойылатын талаптар
3-топ

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

Тапсырманы бағалау

Топтар бірін-бірі өздері жасаған критерийлермен бағалау арқылы бағалау өлшемдерін құруды меңгергендіктерін көрсетеді.

Теориялық бөлім



Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде

оқушыларды өзінзі бағалауға қатыстырады.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

4. Бағалаудың оқушылардың өзінзі бағалауы мен қызығушылығына

едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға

түбегейлі түрде ықпал етеді.

5.  Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін

өздерін- өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау

арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру.


Қорытынды рефлексия



Назар аударуға арналған Эдвард де Бононың «ҚАҚ» ойлау құралы

Ұнаған ақпараттар және жұмыс түрлері

(Жағымды әсер)


Не ұнамады,

түсініксіз болды немесе қажетсіз деп есептеймін.

(Жағымсыз әсер)


Бүгін үйрендім және көбірек білуді қалаймын.

(Мұғалімге сұрақ)



Кейінгі тапсырмалар

Бүгінгі коучингтен алған біліміңізді пайдаланып өз пәніңізде бағалау өлшемін құрастырып, қолданып көруді ұсынамыз.

Қосымша оқу

МАН-тан «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы материалдары (104-109 беттер)





hello_html_m6c062770.pnghello_html_m51070475.png



hello_html_532ff203.png







hello_html_65389bcb.jpg

hello_html_1dffc96c.jpghello_html_5925fa2d.jpg







hello_html_4c366ff7.jpg

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров13
Номер материала ДБ-374482
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх