294441
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыСыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін

Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Павлодар қаласындағы

дарынды балаларға арналған

8 лицей- мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Аятова Күмісай Шапайқызы



Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру.


Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің

мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағытталған. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және қауіпсіз сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар, 11бет)

Мектептегі тәжірибе басталған кезінде ең алдымен сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-әрекетті алдын-ала жоспарладым. Әр сабағымда оқушылардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту үшін жағдай жасап отырдым.

Алғашқы өткізілген сыныптан тыс сабақта оқушылар екі қатарға бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып, өздері жайлы айтып берді. Содан кейін мен олардың бір-бірлерінен қандай мәлімет алғандарын сұрадым. Сонда Яша Қуаныштын биге баратынын,ал Диана Василисаның екі сіңлісі бар екендігін айтты.Осыған дейін олар ол туралы білмепті. Бұл жұмыстан кейін балалар топ ережесін құрастырды. Осы кезде балалардың арасында бір келіспеушілік байқалды. Ол келіспеушілік белсенділік танытпайтын оқушылардың тарапынан болды. Ережені құрастыру барысында оқушылар жұмысты өзара келісіп, бірлесіп, ақылдасып шешетіні туралы және әр сабақта тәртіп пен достық болу керек екендігін жазды.Топтар өз ережелеріне таныстырылым жасады. Алдағы уақытта топ мүшелері сол ережені ұстанып, жұмыс істеуге тырысып отырды.

Тізбектелген сабақтар топттамасының бірінші сабағы «Дүкенде» деп аталды. Сабағымның ұйымдастыру кезеңінде мен балаларды СТО технологиясының мозайка әдісі арқылы үш топқа бөлдім.Балалар үшін бұл өте қызықты болды. Әрқайсысы жұмысқа бар ынталарымен қатысты. Сабағымда ролдік ойын,суретпен жұмыс,постер жасау тапсырмалары берілді.Білу кезеңінде мен балаларды қызықтыру және ойландыру үшін аудиотаспадан әңгімені тыңдаттым. Соңында әңгімедегі кейіпкер қыздың дүкенге барған кезде азық-түлік алуға ақшасы неліктен жетпей қалды?-деген сұраққа жауап берді. Балалар бір-бірінің жауабын тыңдап отырды. Соңында ишара көрсету арқылы бағалап шықты. Сонда балаларға Яшаның айтқан ойы ұнады. Ол – қыздың күнделікті бірдей сомадағы ақшасының жетпей қалғандығын,азық – түліктердің қымбаттауымен байланыстырды. Мен өзім де дәл осылай ойламаппын. Яғни бұл балаланың логикалық ойлау қабілетінің дамығандығы. Қолдану кезеңінде «Дүкенде» тақырыбына рөлдік ойын ұйымдастырылды.

Сонда менің байқағаным Карина,Василиса және Диана аса үлкен белсенділік танытты.Диананың ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін байқадым. Ол өз тобында жеребе тарту арқылы әр оқушының міндетін бөліп тастады. Бұл жерде мен балалардың өзіндік іскерлік дағдыларының бар екендігін көрдім. Жұмыс жасап жатқанда балалардың көңілді күйде отырғандары бірден байқалды. Өзім таңдаған үш оқушым да жұмысқа араласып жатты. Василиса белсенді,үздік оқитын және тілдерді жақсы көретін оқушым. Ол өз тобына әртүрлі идеяларды айтып,қалай жазу керек екендігін түсіндіріп отырды. Злата бұл күні сурет салып,сөздіктің ішінен тиісті сөздерді іздестірді. Ал Қуаныш жұмысқа аз араласты. Ол өзі көп сөйлемейтін, білім деңгейі басқа балаларға қарағанда төмен. Ендігі менің мақсатым:осы оқушыны жұмысқа қатыстыру. Рөлдік ойын барысында мен Қуаныштың балалармен диалогқа түсуін көрдім.Ол аз да болса топтастарына сұрақ қойды. Себебі тобы оны сатып алушы ретінде басқа топқа жіберді. Мүмкін бұл күні оған тобы сұрақтарын әзірлеп бергесін жеңілдеу болған шығар. Балалардың барлығы үлкен қызығушылықпен жұмыс жасады. Мен өз тарапымнан ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін ықпал жасап отырдым. Талдау кезеңінде топтар суреттер бойынша әңгіме құрастырды,қорғады.Уақыттың жетпей жатқандығын көріп,балаларды өздеріне ұнаған топтың әңгімесінінің жанына барып тұруды сұрадым. Осындай әдіспен біз топтардың әңгімесін бағалап шықтық. Уақытты үнемдедік. Жинақтауда балалар тақырыпқа байланысты өз ойларын постерде көрсетті. Бұл жұмысты жасау барысында түгелі дерлік белсенділік танытты. Басында түсінспеушіліктер болды,бірақ кейін жұмысқа араласып кеткесін оның барлығы жойылды. Әр сабағымның басында яғни ұйымдастыру кезеңінде психологиялық ахуалды жақсарту үшін,оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру үшін әртүрлі стратегияларды қолданып отырдым. Себебі егер сабақтың басында психологиялық ахуал нашар болса,сабақтың нәтижесі де болмайды. Ол үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті,іскерлігі өте жоғары болуы керек. Сонда ғана мұғалім өзінің жоспарлаған сабағын дұрыс өткізіп,қойған мақсатына жете алады. Мен өзімнің таңдаған сыныбымдағы оқушыларымның мінез-құлқын білгендіктен, оқушылардың арасындағы ынтымақтасық атмосфераны қалыптастыру үлкен қиындық туғыза қойған жоқ. Балалар сыныпта өздері құрған топ ережесін сақтап отырды. Оны балалардың бір-бірімен жұмыс жасау барысында,үзілістер кезінде көруге болды. Олар топта,жұпта жұмыс жасағанда бір-бірімен әңгіме жүргізуге еркін түсіп отырды. Оқушыларға топпен,жұппен жұмыс жасаған ұнайды. Олар оны стикерлерде де көрсетті.Әр сабағымның басында уәж туғызу үшін, оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге бағытталған стратегяларды түрлендіріп отырдым. Мысалы: «Бір-біріне тілек айту» , «Шаттық шеңбері», «Сәлемдесу түрлері», «Таныстыру түрлері».Балалар бір-біріне тілек айтқанды,сәлемдесуді жақсы көреді.Олар үшін ол өте қызықты болды. Сонда байқағаным,балалар сәлемдесудің түр-түрін біледі екен және бұрын бір –бірімен көп араласа қоймайтын балалардың өзі жақсы қарым – қатынасқа түскенін көрдім.Оны мен әр сабағымда бақылап отырдым.Тілек айтқан кезде де балалар бір-біріне денсаулық,бақыт,жақсы баға,сәттілік тіледі.

Сабақтарымда түрлі сергіту сәттерін де жүргіздім. Бұл да баланың психологиялық ахуалына өз ықпалын тигізді. Яғни олардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түсті. Сонымен қатар сабақ барысында АКТ- ны қолдану балалардың сабаққа деген ынтасын көтеріп,белсенділіктерін арттыруға өз септігін тигізді. Интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындағанда балалардың түгелі қатысты. Жалпы сабақ барысында балаларды үнемі қолпаштап,қолдау көрсетіп,мадақтап отырсаң ол оқушылардың уәжін күшейтеді. Сонымен бірге, сабақ кезінде топ мүшелерінің ЖИКСО, сандар,пішіндер,суреттер арқылы бір–бірімен алмасып,орын ауыстыруы оқушылардың көңіл-күйлеріне,сабаққа деген ынталарына оң әсерін тигізді. Топтағы көшбасшының да психологиялық ахуалға тигізетін әсері мол,себебі ол топтағы жұмысты реттеп отырды. Сондықтан топ басшысын таңдау сыныптағы психологиялық ахуалға өзіндік ықпалын тигізеді, яғни топ басшысын дұрыс таңдау өте маңызды. Сабақтарымның қорытындылау кезеңінде СТО технологиясының «Бес жол өлең», «Ой толғау» стратегияларын, Венн диаграммасын қолдандым.Осы стратегиялар арқылы мен балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтай алдым.Венн диаграммасын толтыру барысында да балалар аса үлкен қызығушылықпен жұмыс жасап,белсенділік танытты. Себебі бұл жұмысты орындағанда балалар топта бірлесіп, өз ойларын айтып,пікірлерімен бөлісті. Оқушыларды бағалау кезінде ишарамен, бағдаршаммен, өзін-өзі бағалау, көшбасшының бағалауы,жұбын бағалау балалардың бойында өзіне деген сенімділікті жетілдіре түсті. Оқушылар өз ойларын аз да болса айтуға дағдыланды.Өз пікірлерімен еркін бөлісетін болды. Бірақ осы жерде кедергі болғаны, балалардың қазақ тілінде өз ойларын жеткізе алмаулары.Сондықтан олардың кейбіреулері өз айтайын дегендерін қысқа сөйлемдермен,бір екі сөзбен айтып отырды.Бұл уақытты үнемдеуге де өз кедергісін тигізді. Келесі сабақтарда мен топтардың алдына ауызша бағалау кезінде қолданылатын сөздердің жүйесін бердім. Кейін олар оны естерінде сақтап алды.Бағалау терминінің өзі «жақын отыру» деген мағынаны білдіреді. Яғни бұл да ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға өзінің оң ықпалын тигізді. Мен балалардан өзіңді бағалау жеңіл ме,әлде басқа біреуді бағалаған жеңіл ме?- дегенде, Василиса деген оқушым – басқа біреуді бағалаған жеңіл,ал өзіңді бағалау ауыр,себебі сен өзіңнің қалай жұмыс жасап жатқаныңды көрмейсін-деп жауап берді.Мектептегі тәжірибе кезінде сабақтың барысында түрлі стратегияларды қолдану,сыныптың психологиялық ахуалын жақсарта түсетінін түсіндім. Сыныптағы психологиялық ахуалдың,ынтымақтастық атмосфераның дұрыс қалыптасуы-табысты сабақтың кепілі болып саналады. Ендігі менің мақсатым балалардың арасындағы қалыптасып қалған ынтымақтастық атмосфераны жоғалтып алмау.



Общая информация

Номер материала: ДВ-329941

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Онлайн-конференция Идет регистрация