Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сыныптан тыс ашық сабақ "Ұлттық қолөнердің хас шебері" Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы

Сыныптан тыс ашық сабақ "Ұлттық қолөнердің хас шебері" Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық қолөнердің хас шебері »

Сабақтың мақсаты : 1.Қазақтың нар тұлғасы,қылқалам шебері -Бәкіржан

Айдарбековтың өмірі, қызметі,қолөнер шебері

туралы оқушылардың білімін молайту және

тәрбиелік іс-шара арқылы эстетикалық тәрбиелерін

жетілдіру.

2. Оқушыларға өнер туралы бағыт- бағдар бере

отырып, өз беттерінше жұмыс істеуге,ой-өрістерін

дамытуға жағдай жасау.

3. Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке,спортты сүюге,

еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа ,өнерді бағалауға,

эстетикалық және адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтық көрнекілігі: Б.Айдарбековтың суреті,оқулықтар,буклеттер,

интерактивті тақта арқылы слайдтар.

Сабақтық барысы : Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Мұғалім: Өнер елдің айнасы, жаңғырығы,жарығы,

Өнері жоқ ел болса, қараңғы дер едім халқы

Өнер иесі келгенде, басын иген алдында,

Алыптардың алыбы!

-Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар және кешіміздің қадірменді қонақтары!

Бүгін біз қолөнер шебері Шұбардан шыққан шығармагерімізге арналған «Ұлттық қолөнердің хас шебері » атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Бүгін мектебімізде, сыныбымызда мереке, үлкен қуаныш.

2-жүргізуші: Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлының аты сыныбымызға берілгелі отыр.

1-жүргізуші: Бұл,әрине,бізге үлкен міндет жүктейді.

2-жүргізуші: Қайсыбір адамдарда ешкімнің еншісіне бұйыра бермейтін арқалы қасиеті болады. Ол –дарын! Ол – талант! Осындай туа біткен дарын иелерінің бірі, халқымыздың ұлттық қолөнер бұйымдарының қас шебері – Айдарбеков Бәкіржан Әшірәліұлы.

Заманның білімге бай жастары көп,

Ғалым боп әлемді орап жатқаны көп.

Әркімнің өзі салған сүрлеуі бар,

Арман сол – қалсам елдің Асқары боп.

1-жүргізуші: Ұлттық қолөнердің хас шебері – Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлының өмір жолдарымен танысайық. Өмірбаян.

Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы 1964 жылы 11шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбар елді мекенінде дүниеге келген. 1971 жылы бірінші сыныпқа барып , 1979 жылы Шымкент қаласындағы № 38 училищесіне түсіп, 1980 жылы киномеханик мамандығын алып шықты. 1980жылдан 1982 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінде мектептегі кино жүйесін тексеруші мамандығы бойынша қызмет атқарды. 1982 жылы әскери борышын атқарып келген соң, 1984 жылы Шымкент қаласындағы А. Қастеев атындағы көркем сурет училишесінің «театр бутафор» мамандығына түсіп ,1988 жылы бітіріп шықты. 1988 жылдан Шұбар елді мекеніндегі В.И. Ленин атындағы орта мектепте сызу және сурет пәнінің мұғалімі, 1990-1995 жылдар аралығында, Алматы қаласындағы Абай атыдағы педагогикалық университетінің сызу және сурет мамандығын сырттай оқып бітірді. 1996 жылдан 1997 жылдары Ордабасы ауданының білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды.1988 жылдан бері шығармашылық жұмыстармен айналысады.

2-жүргізуші: Әкесі Әшірәлі ата

-Анасы Бибісара ана

Әшірәлі ата мен Бибісара ананың шаңырағында он перзент, 3 ұл 7 қыз тәрбиеленді. Бұлардың бәріне Әшірәлі ата мен Бибісара ана тәрбиелеп, білім беріп өз ұяларына қондырып, ел мақтайтын әулетке айналды. Бүгінде Әшірәлі ата мен Бибісара ананың отбасында 30 немере, 4 шөбере өсіп, мәуелі бәйтеректей өсуде.

Ізгілікпен қонған биік тұғыры,

Көпке аян ұлағаты, ұлығы.

Әшірәлі атадай текті әкеден жаралған,

Кешегі өткен асылдардың сынығы.

Жастарына өнегелі бола алған,

Домалақ ана сара жолын сала алған.

Он перзентті азамат қып өсірген,

Батыр ана- Бибісара анадан нәр алған.

1-жүргізуші: Отбасы – шағын қоғам.

« Тәрбие от басынан басталады»

Отбасының ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

2- жүргізуші: Асқар тауы - сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ - тіреуіші анасы,

Жасыл құрақ - келешегі баласы,

Біріге олар болады мықты отбасы.

Өз жанұясында өмірлік жары Раушан апаймен бірге өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш бір ұл мен екі қыз тәрбиелеп,үлкен қызын қияға қондырып, екі немересінің сүйікті атасы мен апасы болып отыр.

  1. жүргізуші: Өмір мәні – өнер менен білімде,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете .

Әрі ақылшың, рухани қазынаң,

Құнды байлық баға жетпес бұл өте.

Ендеше Бәкіржан ағаның шығармашылық жұмысына назар аударайық.

  1. жүргізуші: Құштарлықсыз, сүйіспеншіліксіз , ынта –ықылассыз іс ілгері баспайды. Суретші үшін өмірді қылқаламмен бейнелеу –бақыт. Атқарған жұмысыңа жүрек қалауымен көңілің толып жатса, еңбегің қандай тәтті!

1-жүргізуші: Иә,жүрек қалауы деп бекер айтпасақ керек. Бәкіржан аға ақыл тоқтатып, айналаға байыппен қарай білетін шақта сурет салуға деген әуестігі келе-келе, шынайы сүйіспеншілікке айналады.

Шығармашылық жұмыспен шұғылданған сайын өмірдің ақиқатына терең бойлап, құпия сырларына қаныға түседі.

Суретшілік өнерін алдымен әкесі байқап, отбасына ұнаған «қыс көрінісі», «Балдырған» журналына жіберген. Түбі сенен мықты суретші шығады, -деп сенім білдірген сурет пәнінің мұғалімі Райбек Ескермесов ағай болған екен.

  1. жүргізуші: Өзеннің басталуы, өнердің басталуы –екеуі де қасиетті. Өзеннің көзі бұрқ еткен қайнардан ашылса, өнердің көзі бір шумақ өлеңнен басталмақ.

Ұстаздан үлгі алған ұста болар,

Ұстаз сөзі – шәкіртке нұсқа болар.

Асыл сөзін ұғынып, алған шәкірт

Екі айтқызбай есіне ұстап алар.

Әйкен- 1995 оқу жылының соңғы қоңырауында Шұбардағы өзі білім алып, енді ұстаздық етіп жүрген мектеп әкімшілігінің ұйғарымымен шығармашылық бөлмесі ашылды.

Атақты палуан Қажымұқанның, ата-анасының, Чернобыль апатын басуға барған көршісі - Шерхан Мәдібековтың , Бадам станциясының теміржолшы нағашысы – Мамытбек атаның, Ленин орденінің иегері комбонер ауылдасы - Ортай Махановтың , Шұбардың азаматы, жазушылар одағының мүшесі – Камардин Бектұрсынұлының портреттері кең бөлменің бір қабырғасын тұтас алып тұр.

  1. жүргізуші. Ұлы іске ұлағатпен жол бастаған,

Ізгі жолын ғылымның қорғаштаған.

Биік ұстап білімге жаққан шамда,

Шығасыз -ау , шыңдарға жан баспаған.

Заңғар - Бүгінде өнерлі азаматтың туындылары көптеген көрмелерде сақтаулы.

Яғни, ұлы Абайға жасаған бюсті 1987 жылы Әл –Фараби атындағы өнер

институтының мұражайына берілген.

Ал Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына орай арнайы тоқыған түкті кілемі Абай атындағы педагогикалық университетінің мұражайына қойылыпты. Айта берсек , Бәкіржан Айдарбековтың төл туындылары бүкіл Қазақстанды шарлап жүргеніне көз жеткізеріміз анық.

Балжан - Айдарбек Бәкіржан ағай жай көзге байқала бермейтін табиғат –ананың ғажайып сырын, тұңғиық әсем көрінісін , бет –бейнесін , құбылыс реңін жан дүниесімен сезініп сүйе біледі.

Болашақ қолөнершінің тума таланты да осы жерден бастау алады. Өнерінің бүршік жарған көрінісінің бірі – «Ғасыр ожауы»

Ақжан -Түркістан десе , көз алдымызға Қ.А Яссауи кесенесі мен Тайқазан елестейді.

Тамыры тереңде жатқан бұл Тайқазан жайлы білмейтіндер аз болар.

Сіздердің алдарыңызда Ғасыр ожауының құпия сырлары сыр шертеді.

Көрініс: «Ғасыр ожауы»

Ақжан:

2000 жылы жаңа мыңжылдық, жаңа ғасыр басталған кезде өмірге жаңа туынды – Тайқазанға арналған Ожау дүниеге келеді. Оның салмағы -- 3,5 кг, ұзындығы -1м15см болды. Ожаудың басына сол кездегі (20 ғасырдың аяғы) халықтың нан алып жүрген 20 тиыны мен Қазақстанның алғашқы 50 тиынын бекіткен.

Жұлдыз: Тайқазанға арналғандықтан, ожаудың басын Тайқазандағы араб сөздерімен өрнектеген.

Берік:

Ожау қазақтың «Қошқар мүйіз», «Бітпес», «Тұйық» (түркі тілдес халықтар ұғымында достықты, бақытты, мәңгілікті, білдіретін ою) сынды оюлармен әрленген. Ожаудың қос ернеуі – әжелер білезігінің көрінісі.

Әділ: Ұшына қарай Әмір Темір шырағынан алынған айдаһар басы бейнеленген.

Жанерке:

Түркістан тойына арнайы жасалғандықтан, ожау сабының орта тұсында Қ.А.Яссауи кесенесі бейнеленген. Кесенеден төмен Түркістанның жасы жазылған. Ал екі шетіне «Бисми-л-лаһи-р-Рахмани-р-Рахим» деген құран сөзі жазылған.

Ожауда тек араб сөздері ғана емес, Абайдың «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» өлеңінен «Әуелі аят, хадис – сөздің басы, Қосарлы бәйті мысал келді арасы» шумағынан үзінді жазылған.

Балжан:

Талай ғасырлық тарихы бар Тайқазан ожауының авторы- педагогика ғылымдарының кандидаты Бәкіржан Айдарбек ағайымыз.

Дулат:

2002 жылы Астана қаласында бүкіл Қазақстандық қолөнер көрмесі өтті. Сол көрмеге арнайы келген Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев Ожауды қолына алып «Неткен керемет дүние»- деп сүйсініп қолында ұзақ ұстап қарап тұрды. Қазіргі кезде қасиетті ожау Президент мұражайында сақтаулы тұр.

Жанерке: Қолың алтын,шеберісің қыл қаламның,

Сыр шертеді бейнелері ғаламның.

Түркістанға 1500-жылға арналған,

Тарихи мәні зор кереметті ожаудың.

Ерасыл: Өнерліміз өрге жүзер өнерде,

Білімдіміз ойда оқу біздерде.

Мақсатымыз өнерлі боп жақсы оқу,

Өнер, білім тең таразы біздерге.

Данияр:

2000 жылы Қазақстан Республикасының мәдениетті қолдау жылы болды. Сол жылы облыс әкімінің арнайы құрмет граматасымен марапатталып,жылдың «Ең үздік қолөнер шебері» атағына ие болды.

Әйкен: Ең үздік қолөнер шебері,

Облыстық сыйлықтың иегері,

Ағаштан түйін түйген нағыз ұста,

Үздіксіз білім беру әдіскері.

Балжан: Қазақтың ән өнері,қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.

Осы асыл қазынаны жоғалтпай,әрі қарай дамыту діздің болашақ жастарымыздың міндеті.

Ендеше шығармагеріміздің шығармашылық жұмыстарымен және ұлттық музыкалық аспаптарына назар аударайық.

Берік: Қобыз

Жан дүниені тербетеді толқытып,

Бұл аспаптың естігенде саз үнін.

Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап?

Бұл, әрине, қасиетті қобызым.

Қымбат: Шаңқобыз

Кіп- кішкентай шаңқобыз

Аспаптарға мән берер

Шертіп қалсам тілшігін

Оркестрге сән берер.

Гүлнара: Дауылпаз

Ұрасың оны, соғасың

Жиналып мұнда қаласың.

Естіледі жаңғыра,

Дабыл қаққан дауылпаз.

Серік: Сазсырнай

Әуені тамаша қандай!

Таңғалдырар бар жанды –ай

Табиғаттың сазындай,

Ғажайып аспап сазсырнай.

Аружан: Асатаяқ

Кездеседі бұл аспап некен-саяқ,

Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ.

Бақсылардың қолында жүрген талай,

Қазағымның аспабы – асатаяқ.

Балжан : «Өнерлі өрге жүзер» - дейді дана халқымыз.

Иә, шынында да өз өнерімен көпшілікті тамсандырып жүрген жандар қоғамымызда көптеп саналады. Алайда сурет өнерінің портрет, графика, скульптура, живопись, натюморт сияқты түрлерімен, декаративтік өнердің көптеген түрлерін қатар алып жүрген қылқалам шебері Бәкіржан ағайдың бес саусағынан өнер тамған өрелі жан екенін бәріміз білеміз.


Ақжан:

Адамға тән алты асыл қасиет бар:

Біріншісі- ұғымды, ойлы ететін зерде –зейінің, Екіншісі-сені өрге сүйрейтін өнер –өрісің, Үшіншісі- тек ілгері бастайтын талабың, Төртінші- ешқашан алдамайтын тапқырлығың,Бесінші- қиындықта сыналатын қайратың,Алтыншысы –бәрінен де күшті ететін білімің! Осы қасиеттердің бәрі Бәкіржан ағаның бойынан табылатыны сөзсіз.

Балжан:

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Бәкіржан аға «Технология» пәні мұғалімдерінің арасында «Ең үздік шығармашыл мұғалім» өнер байқауын республикалық деңгейде ұйымдастырды. Шығармашыл мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаудың тәсілдерін өз шәкірттеріне үйретуді ізгілендіру жолындағы республикалық байқау өткізді.

Оңтүстікте Республика көлемінде тұңғыш рет өткізілген байқауға 7 облыстан 14 үміткер қатысқан.Байқауға қатысқан үміткерлер қолдан жасаған бұйымдарын қазақ халқының тарихымен тығыз байланыстырған.

Дамира: Сіз - ағасыз табынтқан ұлығына,

Қасиетіңізді ел бүгін ұғынуда.

Өзіңіздей нар тұлғалы азаматын

Балайды ұрпақ асылдың сынығына.

Балжан :

«Адамның басшысы –ақыл, Жетекшісі- талап, шолушысы – ой, жолдасы –кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы –халық» -дейді Саққұлақ шешен бабамыз.

Ізденімпаздықтың, білімінің арқасында өнер иесі – Бәкіржан аға шығармашылық көрме өткізіп,облыстық деңгейлерінде бас жүлдеге ие болып жүрді.

Ақжан : Ендеше , Мемлекеттік және халықаралық наградалары, құрметті атақтары мен жетістіктерімен танысайық.

Балжан : «Еңбекқор ұстаз- ел құрметтісі» -дейді дана халқымыз.

2012-2013 жылғы ғылыми еңбектері:

«Шығармашылықтан шабытқа» Шымкент, 2011 ж. « Еңбек пәнінің пәрменділігі»

Шымкент,2011ж. «Ұлттық тәрбиенің келешек ұрпақ үшін маңыздылығы» Астана,2012 жыл.

« Сәнді қолданбалы өнер арқылы шеберлікке шыңдау» Шымкент,2012ж.

«Ұлттық музыкалық жасау және сабақта қолдану әдістемесі» Шымкент,2011ж. «Шығармашылықпен жұмыс жасайтын технология пәні мұғалімдерінің жинағы» Шымкент, 2012 жыл. «Жалпы білім беретін мектептерде музыка пәнінде ұлттық аспаптарды үйрету жолдары» Шымкент,2013ж . «Ең үздік шығармашыл мұғалім» каталогы Шымкент,2013 ж.

Бірнеше көрмелерге қатысқан, атап айтсақ:

1. « Қазақтың салт-дәстүрлері»

2. «Моя родина – Независимый Казакстан»

3. « Ғасыр керуені»

4. «Қарашаш ана»

5. «Түркістан рухани орда»

6. «Тарлан»

7. 2000 жылы Облыс әкімінің марапатымен Оңтүстік Қазақстан облысының «2000- жылдың ең үздік қолөнер шебері» номинациясының иегері.

8. Мемлекет аралық көрме, Ташкент қаласы.

9. Алматы қаласында өткен , халқаралық жәрмеңкеде Республикалық табиғатты қорғау министірі А.Самақованың дипломымен награтталды.

10. «Культурное наследие Республики Казахстан» алғыс хат .Өлке тану музей директоры.

11. «Флаги Казахстан» Қазахстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Алғыс хаты

12. Облыс әкімдігінің « САБА» фестивалінде 2- дәрежелі ДИПЛОМ.

13. Ақмола облысы Шучье- Буррабой курортында 2013 жылы көрмеге қатысты.

14. «Оңтүстік көркі- Красота юга» көрмесіне қатысып 1- орынды жеңіп алған.

15. «Бейбітшілік әлемі» Халқаралық Қолөнершілер ұйымының мүшесі.

16. 2013 жылдың қазанында «Өрлеу» АҚБА ҰО ОҚО ПҚБА институның «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.

Ақжан :

Бұдан басқа Облысымыздың аудандары: Мақтарал, Шардара, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Түркістан, Кентау, Ордабасы, Сайрам, аудандарындағы мектептерде оқушылармен кездесулері болып, мұғалімдерге курстар жүргізген. Шымкент қаласындағы 65, 74, 68, 20, 44 мектептер , Сабыр Рахымов әскери колледжі, М.Әуезов университетінің бейнелеу өнері кафедрасының студенттерімен шығармашылық кездесу өткізген. Облысымыздың мыңнан аса мектептеріндегі бейнелеу, музыка, технология пәні мұғалімдеріне 13 жыл көлемінде әдістемелік көмек, ашық сабақ, лексиялар өткізген.2012 жылдан «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі.2013 жылы Технология пәндерінің Республикалық байқауын тұңғыш рет өткізді. Халықаралық қолөнершілер одағының мүшесі.

Ақжан : Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып шығар- дегендей енді Балжан, ағамыз жайлы жыр жолдарына кезек берейік.

Дулат : Алла –тағала тіл –көзден сақтасын,

Қыдыр Ата желеп- жебеп қолдасын.

Өміріңіздің бұлағы тасқындап,

Тұғырыңыз биік шыңға шарықтасын.

Оразбек : Ағасыз, бауырының бағалысы,

Әкесіз ұрпаққа аян адал ісі.

Өнегелі отбасының тірегісіз,

Достарының сыйлысы , саналысы.

Досжан: Үлкен өнер иесі –Бәкіржан аға,

Келеді құлын өсіп, тайлар жетіп.

Жердегі бар тірлікті жиып –теріп,

Қиял құсы қонғандай айға жетіп.

Жанерке : Көрсеткен ұрпаққа ұлы бастаманы,

Еңбегіңіз елге еткен ақталады.

Адалдықтың ақ жолынан жаңылмайтын,

Сыныбымыз өзіңізбен мақтанады.

Әбу Гүлмираның орындауында «Балбырауын» күйі

Балжан : Ендігі кезегімізді «Аға туралы бір үзік сыр»

Педагог ғылымдарының кандидаты Бәкіржан ағамызды ортаға шақырсақ,сыр- сұхбат жасасақ.

Бәкіржан аға қош келдіңіз!

Бәкіржан аға, сұхбатымызды шығармашылық жолыңыздан бастасақ.

  • Сіз алғаш «ғасыр ожауы» деп айтып кетті ғой, осы шығармашылық жолыңызға тоқталып өтсеңіз?

  • Жасаған бұйымдарыңыздың алдымен эскизін жасап аласыз ба,жоқ әлде ойша жасап шығара бересіз бе?

  • Тұңғыш өнерге бейімдеген ұстазыңыз кім болды?

  • Өнерге бейімдеген шәкірттеріңіз бар ма?

  • Педагогика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми – дәрежені алуға өнеріңіздің пайдасы тиді ме?

  • Бәкіржан аға, енді сұқбатымызды басқа арнаға бұрсақ. Отбасыңызда 1 ұл,2 қыз тәрбиелеп , екі немересінің сүйікті атасы, дегенменде өнер жолындағы қасиетіңізден балдарыңызда осы қасиет бар ма? Жеке тоқталып өтсеңіз.

  • Өзіңізге мінездеме беріп көріңізші?

  • Өмірлік ұстанымыңыз?

Бәкіржан аға,сізге үлкен рахмет! Бүгінгі сырласу бағдарламамыздан естелік болсын деп, дайындаған сыйлығымызды қабыл алыңыз.

Мектебіміздің бишілер тобының орындауында

« Ақ дариға »

Ақжан : Бәкіржан аға, сіздің шығармашылық жұмыстарыңызға толық қанығып, сіздей ел азаматының алдында ант бергелі тұрмыз.

Біз, 5 «Б» сынып,Айдарбек Бәкіржан атындағы сынып оқушылары:

Жақсы оқуға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға, Ата-баба салт-дәстүрін сақтауға, Өнерді құртеттеуге, еліміздің алдыңғы азаматтары болу жолында ерінбей еңбек етуге, ант береміз.

Құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар!

« Ұлттық қолөнердің хас шебері » атты ,Шұбардан шыққан шығармагерімізге арналған ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқтаймыз. Қорытындылау үшін .................................... ағайға сөз береміз.
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-572437
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>