Инфоурок Начальные классы КонспектыСыныптан тыс ашық сабақ "Математика көшбасшысы"

Сыныптан тыс ашық сабақ "Математика көшбасшысы"

Скачать материал

Іс – шараның түрі: Сыныптан тыс сабақ

 

Өткізген күні: 15.04.2017

Тақырыбы: Математика көшбасшысы

Мақсаты:  Математикалық білім қабілеттерін тексеру. Сыныптың көшбасшысын анықтау. Оқушылардың шығармашылық, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Тәртіп сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдістері: 9 бөлімнен тұратын тапсырмалар

Көрнекілігі: тірексызбалар

Сайыстың барысы

1.      Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2.      Психологиялық дайындық: «Чунга – чанга» биі

3.      Сайыс

-          Сайыс ережесін айту

-          Әділқазыларды сайлау

-          Сайыс бөлімдерімен таныстыру

I.                     Бәйге

II.                 Полиглот

III.              Көкпар

IV.              Тапқырлық

V.                Білімпаз

VI.              Ойымды жалғастыр

VII.           Сиқырлы шаршы

VIII.        Кім жүйрік?

IX.              Жеңімпаз

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Математика ғылымы жайында,

Математика көшбасшысы сайысын

Бастаймыз!

I бөлім. «Бәйге»

 1 минутта қанша көбейту кестесін айтып үлгереді.

II бөлім. «Полиглот»

Санды жұмбақтар шешіп, қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауабын атау

• Бір үйде тұрады екен 50 батыр,

   Үй сыртына сүйкенсе – ақ өліп жатыр

• Ақ шапанын үстінен,

  6 ай бойы шешпейді.

  Қара шапан үстінен,

  6 ай бойы түспейді.

 • 64 тең бөлмеде

   32 тұрғын бар.

   Ақ, қара қып бөлгенде,

   Бірін – бірі қуғандар

• Қос құлақты, 100 тісті,

  Жүзінен бір – ақ із түсті.

• Сақталады 6 ай жаз,

  Сандығымда сары аяз

• 1 санға өсірді,

  Өзі қалды орнында,

  Бізді алға көшірді.

• Қалқиып екі құлағы,

  Елеңдеп, қорқып тұрады.

• Болса көкте мекені, кездеспейді екеуі

• Кезікті бір жануар.

   Үстінде екі тауы бар

III бөлім. «Көкпар»

  Тақтада ілулі тұрған аттардың тапсырмасын орындайды.

1 оқушы сайыстан шығады.

IV бөлім. «Тапқырлық»

Логикалық есептер шешу

1.      Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?

2.      Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

3.      Төрт қойдың неше аяғы бар?

4.      Ағаш үстінде 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?

5.      1 жұмыртқа 5 минут піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі?

6.      Бөлменің 4 бұрышында 4 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?

7.      Бір жанұяның 5 баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар?

V бөлім. «Білімпаз»

Өлең есептер шығару

1.      Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш торғай, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Қосылды кеп бұларға

Бір көксерке, бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр?

2.      Портфелімде әуелі,

13 жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Анасына Қанаттың,

Екі – екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы, ал жаным!

3.      Үйге жұмсап Жарқынды,

Алдырдық біз үш түйе.

Қос қап бидай артылды,

Әр түйенің үстіне.

Тапқыр болсаң ал, санап

Бидай алдық қанша қап?

4.      Әсел шұлық тоқып отыр,

Ләйлә сабақ оқып отыр,

Сара сырмақ сырып отыр,

Нұрлан өрмек құрып отыр,

Бекен отын тасып жатыр.

Дәрия қазан асып жатыр,

Қуыршағын жуындырып,

Ләззат отыр киіндіріп.

Алданбайды Мұрат бірақ,

Анасынан кәмпит сұрап,

«Жоқ» десе де қоймай жатыр,

Бірер талға тоймай жатыр.

Қанша бала ойнап отыр?

Қанша бала тоймай жатыр?

1 оқушы сайыстан шығады.

VI бөлім. «Ойымды жалғастыр»

1.      Жеті жұрттың тілін біл...

2.      Білекті бірді жығады...

3.      Екі жақсы қас болмас...

4.      Досыңды үш күн сынама...

5.      Жүз теңгең болғанша...

6.      Білгенің бір тоғыз...

7.      Бір кісі қазған құдықтан...

VII бөлім. «Сиқырлы шаршы»

1 оқушы шығады

Шаршылардағы амалдарды есептеу

VIII бөлім. «Кім жүйрік?»

Видеосұрақтарға жауап беру.

IХ. Жеңімпаз.

-          Санға байланысты нақты қандай мәліметтер бар?

IV. Қорытынды.

-          Жеңімпазды құттықтау

-          Сайыста не қиынға соқты?

-          Оқушыларға сәттілік тілеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

КММ «Капитоновка орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепішілік

 бастауыш сыныптарының апталығы

 

 

Математикадан сыныптан тыс сабақ

 «Математика көшбасшысы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          Өткізген: Дулатова Ы.М

 

 

 

 

 

 

 

2017  ж

 

 

Өзіндік анализы

 

 

Күні: 15.04.17

Сынып: 3 «А», 4 «А»

Мұғалім: Дулатова Ы.М

Тақырып: «Математика көшбасшысы»

Мақсаты: Математикалық білім қабілеттерін тексеру. Сыныптың көшбасшысын анықтау. Оқушылардың шығармашылық, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Тәртіп сақтауға баулу.

 

 

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың математика пәніне қызығушылықтары артады. Шапшаңдылық, тапқырлық, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Түрлі есептер шығару арқылы жылдам есептеу дағдылары артады.

   Жалпы сабақ құрылымы оқушылар жасына сай болды.  Мен оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық дайындықтан  бастадым. Онда оқушылар «Чунга - чанга» биін биледі. Оқушыларға сайыс ережелерін, бөлім атауларын айтып, түсіндірдім.

 

 

  Сайыс барысында оқушылар көбейту кестесін, логикалық есептер, амалдармен орындалатын есептер, санды жұмбақтар, өлең есептер шешті. Санды мақалдардың жалғасын тапты. Сұрақтарға жауап берді.

   Сайыс барысында барлық оқушылар белсендік танытты. Берілген тапсырмаларды аса тапқырлықпен, қызығушылықпен орындады.

 

  Жалпы сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

 

  Оқушылар мен ойлағандай нәтиже көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ анализы

Күні: 15.04.17

Сынып: 3 «А», 4 «А»

Мұғалім: Дулатова Ы.М

Пән: Математикадан сыныптан тыс сабақ

Тақырып: «Математика көшбасшысы»

Оқушылар саны: 5                                 Қатысқаны: 5

Сабаққа қатысқан: Тулеубаева М. К

Қатысқан мақсаты: Жас маманның сабақ берудегі әдіс – тәсілдері

Сабақ құрылымы

 

Психологиялық дайындық

Сайыс бөлімдерін, ережелерін түсіндіру

Сайыс барысы

Бәйге

 

 

 Полиглот

 

 

Көкпар

 

Тапқырлық

 

Білімпаз

 

Ойымды жалғастыр

 

Сиқырлы шаршы

 

 

Кім жүйрік?

 

IХ.     Жеңімпаз

   «Чунга - чунга» биін билету арқылы оқушылардың зейінін сабаққа аударды.

   Сайыс бөлімдерінің атаулары мен ережелер анық түсіндірілді.

   «Бәйге» сайысында оқушылар уақытқа көбейту кестесін айту арқылы жылдамдықтарын арттырды.

     «Полиглот» сайысында оқушылар санды жұмбақтар шешіп, өздерінің тілдік сауаттылығын көрсетті.

    «Көкпар» сайысында тақтада ілулі тұрған аттардың тапсырмалары орындалды

    «Тапқырлық» сайысында логикалық есептер шешу арқылы тапқырлықтарын көрсетті.

   «Білімпаз» сайысында қызықты өлең есептер шығарылды.

    «Ойымды жалғастыр» сайысында санды мақалдарды жалғастырды.

    «Сиқырлы шаршы» сайысында оқушылар амалмен орындалатын өрнектерді ауызша шығарды

   «Кім жүйрік?» сайысында оқушылар видеосұраққа жауап берді.

    «Жеңімпаз» сайысында жеңімпазға сұрақ қойылды.

   Қорытынды, ұсыныс: Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар аса қызығушылықпен, белсене қатысты. Көптеген қызықты тапсырмалар болды.

Сабаққа қатысқан:______________ Тулеубаева М. К.

Анализбен танысқан:____________ Дулатова Ы.М.

 

 

 

 

 

Сабақ барысындығы сәттер

  

Психологиялық дайындық                       Дайындық сәті

 

  

Тапсырмаларды орындау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс ашық сабақ "Математика көшбасшысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 848 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2018 1419
    • DOCX 829 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дулатова Ырыстыгуль Мерекеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 5 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9120
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек