Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты: "Өзін - өзі тану еліне саяхат"

Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты: "Өзін - өзі тану еліне саяхат"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Өзін – өзі тану еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Балаларға  өзін-өзі  тану  пәнінен  өткен  білімдерін қайталау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың қуанышты қөңіл күй сыйлау дағдыларын қалыптастыру. 

Тәрбиелік: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті

«Өзін-өзі тану» сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау.

Балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Өзін-өзі тану»  әлемінің картасы, дәптер, слайд, суреттер, домбыра.

Сабақ  барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

1-слайд: Шаттық  шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік

Күлкіменен  түлейік

Күлкі  көңілді  ашады,

Күліп өмір сүрейік!

2-слайд: Саяхат

Мұғалім: Балалар, біз бүгін өзін-өзі тану әлеміне саяхатқа барамыз.Балалар, саяхатқа шыққанды ұнатасындар ма?
Балалар : Ия, саяхатқа шыққанды ұнатамыз.
Мұғалім: Саяхатқа немен шыққанды ұнатасыңдар?
(Балалардың жауабы)
Мен мотоциклмен шыққанды ұнатамын.
Мен ұшақпен шығар едім. 
Ал мен түйемен саяхатқа шыққанды ұнатар едім.
Мұғалім: Ал мен сендерге автобуспен шыққанды ұсынамын. Бүгін біз сендермен саяхатқа автобуспен барамыз. Ал еңді автобусқа жайғасып отырайық. Автобус жүргізушісі мен боламын. Саяхатта бізді көгілдір аспан, мейірімді күн қарсы алады. Балалар, біздің саяхатымызда көптеген аялдамалар болады, сол аялдамаларда бізге арналған тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды орындайық.

3 слайд: 1-ші аялдама  «Тіл табысу»

Мұғалім: «Тіл табысу» аялдамасында біз «Құрмет-ізет» деп аталатын ойын ойнаймыз.Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен-кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді.Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті ,ізетті сөздерді оқушыларға беріледі.Оқушылар жапырақтарды дауыстап оқып,осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа кішілер айтатын болса,кіші ағашқа апарып ілу.Жапырақтағы сөздер үлгісі : өтіңіз,жолыңыз болсын т.с.с.

Мұғалім: Ал, балалар, автобусқа отырып келесі аялдамаға барайық.

3 слайд: 2-ші аялдама  «Достық».

Мұғалім: «Достық» аялдамасы. Балалар, достық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

 (Балалардың жауабы)

*Достық деген ол екі адамның бір-бірімен қарым қатынасы.

*Достық деген қиналған сәтте бір-біріне қол ұшын беруі.

*Достық деген отбасында тату-тәтті болуы.

Достық туралы мақал айту.

Коллаж «Достық»

Мұғалім: Барлығымыз достығымызды білдіріп «Достық» әнін айтайық.

4слайд: 3-ші аялдама  «Жақсы мен жаман».

(Балалар көрініс қояды, слайдтан суретін көрсетіп тұрады).

Ойын: «Жақсылық жасау үшін не істеу керек?»

Мұғалім: (Балаларға адамдардың, құстардың , жануарлардың, өсімдіктердің суретін береді де, оларға қандай жақсылық жасайтындықтары  туралы әңгімелеп беруді ұсынады).

Балалардың жауаптары:

*(Құс суреті) Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған ұя жасап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім.

*(Ағаш суреті) Мен ағашпен, гүлмен дос болу үшін, оған су құйып, топырағын қопсытар едім.

*(Адам суреті) Мен барлық адамдармен дос болар едім.

*(Жануар суреті )Мен төлдерге шөп, су беріп,күтер едім.

Мұғалім: Балалар, саяхаттап жүріп шаршап қалдық. Сондықтан демалып алайық.

                 Сергіту сәті:

                   Мынау -менің жүрегім,

                   Бәрі осыдан басталған.

                   Мынау басым ақылды.

                   Бәрін осы басқарған.

                   Мынау-менің оң колым,

                   Мынау-менің сол қолым.

                   Барлық істі атқарған.

4 – ші аялдама . «Өнерлі ел».

Сурет салу .Бастап бір оқушы кез-келген пішін салады.Қалған оқушы бір элементті жалғастыра сала отырып,бір бейне шығарады.

Ойын

«Жарнама» ойыны.Әр оқушы өзінің оқитын мектебін,тобын және бір оқушыны жарнамалайды.

«Егер мен....»деп аталады.Онда ер балалар мен қыз болсам,қыз балалар егер мен ұл болсам деп пікірін білдіреді.

5-ші аялдама «Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі»  

Мұғалім:  «Өзін-өзі тану әлемі» аялдамасына келдік.

Өзін-өзі тану әлемі бізді кеңпейілділікке, мейірімділікке, жақсылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Балалар, барлығымыз назарымызды тақтаға аударайық. Балалар, тақтада не көріп тұрсыңдар? (балалардың жауабы).

Тақтада картаның суреті бейнеленген. Бұл Қазақстанның картасы.

Мұғалім: Қазақстан өзін-өзі тану әлемі секілді кең байтақ, мейірімді. Қазақстанның жері ұлан-байтақ. Табиғаты өте әсем. Мұнда биік таулар да, көгілдір өзен-көлдер де, қалың ормандар да бар. Біздің еліміз қандай көрікті! Бәрінен де біздің елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Балалар, біз өзін-өзі тану пәніне ризамыз ба?

Балалар: Ия!

Мұғалім: Ендеше, балалар, біз сендермен осы пәнге ризашылығымызды білдірейік.

               Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».

               Ризамын саған, Отаным менің әдемі.

               Ризамын саған, «Өзін-өзі тану әлемі».

               Сүйеміз біз, қоршаған бар әлемді.

               Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

               Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Қорытынды: Балалар, біз бүгін сендермен қайда бардық? (балалардың жауабы - саяхатқа.Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау). Қандай аялдамаларға тоқтадық? Бұл саяхаттан өзімізге не алдық?

Мұғалім: Менің қолымда домбыра. Қазақ халқы домбыраны әрқашан қастерлеген. Домбыра арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, қуанышын да, қайғысын да жеткізе білген. Ал бүгін біз домбыраны қолға алып, Отанға деген жүректен шаққан тілектерімізді білдірейік. Отанға не тілер едіңдер?

Жүректен жүрекке (Тілектер)

Қонақтарға сыйлық.



















































Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Казанка орта мектебі









Сыныптан тыс тәрбие сағатының тақырыбы:

«Өзін – өзі тану еліне саяхат»

(1 – 4 сыныптар арасында)









Орындаған: Закирьянова Ж.Н





2015 -2016 оқу жылы


Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров566
Номер материала ДВ-429622
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх