Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сыныптан тыс "Бейбіт күн жасасын әлемде!"

Сыныптан тыс "Бейбіт күн жасасын әлемде!"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Бейбіт күн жасасын әлемде

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін,

туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік-

істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Отанын, туған

елін қорғай білуге тәрбиелеу.


«Жеңіс күні» бұл жыл сайын аталып өтетін қуанышты мереке. 9 мамыр күні біз Отанымыздың тарихындағы от жалынды жылдарды, ел мен жерді басқыншылардан қорғау жолында қаза болған ерлерді еске аламыз. Отан от басынан басталады. Соғыс салған қасірет қай ауылды айналып өткен жоқ. Отанымыздың қай түпкірінде де соғыс өрті шарпымаған жер жоқ. Жеңіс күнін атап өту-Отан үшін от кешкен ерлерді еске алу. Осы орайда сіздердің назарларыңызға «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты әдеби-музыкалық іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Сол ерлікті кейінгі ұрпақ, біздер, ұмытпаймыз. Қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа төсеген батырлар қаншама? Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру-бәріміздің азаматтық борышымыз.

Ақнұр: Естідім-ау жеңіс үнін,

Дүрсілдейді көк пен жер.

Қуанышпен қағып күлім,

Ойнақтайды қуанған ел.

Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен-1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

Әділжан: Жеңіс күні бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700-дей танкті, 50 мыңдай орудие мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізді басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

Зарина: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қоғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.

Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды. «Бәрі де, майдан үшін» деген ұран тасталды.

Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.

Абдулла: Ақын Қадыр Мырзалиев айпақшы:

Соғыстың құны-өртенген орман,

Соғыстың құны-уланған орман,

Соғыстың құны-тесілген жүрек,

Соғыстың құны-кесілген білек.

Сондықтан да ешқашан соғыс болмасын деп тілейміз. 70 жыл бұрын соғыс анасын баласынан, баласын әкесінен айырды. Бірақ батыр ағаларымыз, апаларымыз табандылықпен ерлік көрсетті. Өз Отанын сүйгені сонша мақсат-өлгеніне қарамай, тек Отанды қорғау болды. Әр елде өз Отанын қорғаған батырлар үшін «Даңқ мемориалы», «Мәңгі алау» бар. «Мәңгі алауға» ағалары, әкелері, баласы, қызы, атасы әжесінің рухына барғандар еске алып гүл шоқтарын қояды.

Әділжан:Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі-Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігіттің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналады. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материалға назар аударайық..


Ақнұр: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курс доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Рақымжан Қошқарбаев туралы мына бейнематериалға назар аударайық.

Зарина: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

Абдулла: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия туралы бейнематериалға назар аударайық.

Көрініс

Аяна: Танктер Мәскеуге келді төніп,

Ағылды жау әскері желектеніп.

Ұшқыштар біздің сонда түйілгенді,

Отына пулеметтің ерік беріп.

Азиза: Оқ борады күні-түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды.

Батыр қазақ Тоқтаров.

Туын жықпай қолдағы,

Өжет болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Ар намысын елінің.


Диана: Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

Данияр: Даламыздың гүлісің,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енеді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрден.

Айқын: Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақтаң аспанында азат күн.

Аяжан: Әлия, Мәншүк гүлдей нәзік бірақ та,

Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта.

О, тәңірім, соғыс отын жандыртпа,

О, тәңірім, балаларды жылатпа.

Ән. «Ән сал, сарбаз» Орындайтын: Расылхан Ақнұр

Әділжан: Оны-«дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың ардақты ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.

Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.

Зарина: Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырлады ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды. Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-сі Қазақстандықтар еді. Төлеген Тоқтаров, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы да осы дивизияда болған. «Бейбіт күн жасасын әлемде» деген осы.


Ақнұр Р.: Тойтарып анталаған жаудың бетін,

Көрсеткен батырлықтың құдіретін.

Жиырма сегіз батырын туған елі,

Ардақтап мәңгі жасар құрметін.

Мейіржан: Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды,

Жеңе алмайды жау бірақ.

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып.

Жау алдында тұрады,

Жиырма сегіз мың болып.

Адель: Бақыт деген келер дәйім күреспен,

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер,

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

Аруна: Көк түтінге көмемін деп көгімді,

Ес жидырмай еземін деп елімді.

Келді фашист-жеңе алмады бірақта,

Бақыт үшін қаншама қан төгілді.

Көрші үйіне қара қағаз келіпті,

Қайран аға қан майданда өліпті.

Ерлігіне ескерткішті орнатып,

Жолдастары басына гүл қойыпты.

кӨРІНІС

Алмас: Ер есімі-ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.

Халық тыныштық үшін, бақытты өмір үшін күресті. Сондықтан да, әділетсіз соғысты бастаған фашистік Германияны жеңіп шықты.

Ақнұр: Біз қаламыздағы Тарихи өлкетану мұражайына жасаған саяхатымызда 1941-1945 жылдары ауданымыздан соғысқа аттанғандар тізімін анықтадық. Сол арқылы ауылдастарымыздың соғыс кезінде қан майданда шайқасқандарын, Ұлы Жеңіске тылда еңбек еткен ауылдастарымыздың қандай үлес қосқанын білдік.

Әділжан: Ұлы Отан соғысы майданына Талас ауданынан 3442 азамат аттанды. Олардың 1374-і туған жерге қайтып оралмады. Ұлы Отан соғысы жылдары Талас ауданынан 30000 дана жылы киімдер дайындалып, майдан шебіндегі жауынгерлерге жіберілді.

Зарина: Сәду Шәкіров 1922 жылы Жамбыл обылысының Талас ауданында туған. 1942 жылы 3 ақпанда Сәду Шәкіров армия қатарына шақырылған. 1943 жылғы 15 ақпаннан ол майданда болды. Неміс-фашист басқыншыларына қарсы Украинада болған шайқаста, әсіресе Днепрден өту кезінде Сәду Шәкіров айырықша ерлік көрсетті.

Командирдің тапсырмасымен Сәду Шәкіров Днепрден үш рет өтіп, пулеметшілер мен байланысшыларды оң жағалауға апарып түсірді.

Әділжан: 1943 жылғы 16 қазан күні таңертең біздің жауынгерлеріміз Лоевоның оңтүстік-батыс жағындағы 138, 6-биіктікті басып алуға шабуыл жасады. Шәкіров гитлершілердің бесеуін жайратып салып, биіктікке алдымен жетті де, оның төбесіне алқызыл жалау қадады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Сәду Шәкіров соғыстан кейін елге оралды.

1946 жылдан Жамбыл обылысының шаруашылықтарында, облыстық партия комитетінде еңбек етті. Оның кеудесінде «Алтын Жұлдыз» медалімен бірге Ленин, «Құрмет Белгісі» Еңбек Қызыл Ту одендері жарқырайтын. 1977 жылы 13-інші сәуірде дүниеден өткен батырды мәңгі еске қалдыру үшін оның аты шаруашылыққа , көшелерге берілді.

Ақнұр: Амантай Дәулетбеков 1917 жылы Қарағанды обылысының Жаңаарқа ауданында туған. Ол өмірдің тауқыметін жастайынан көп көрді. Аштықты да, жалаңаштықтың да, жетімдіктің де ащы дәмін татты. Орта шаруаның отбасында дүниеге келген ол жастайынан еңбекке араласты. 25 жасында әскер қатарына алынған Амантай Дәулетбеков Дон мен Волга өзендерінің жағасында өткен сұрапыл соғыстарға қатысты. Курск доғасында адам баласы бұрын-соңды естіп көрмеген танктер шайқасын көрді.

Амантай бар болғаны бір жыл соғысты, осы уақыттың ішінде оның зеңбірегі дұшпанның 29 танкісін, 13 өздігінен жүретін зеңбірегін, 200-ге жуық гитлершілді жойды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 24 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Амантайға Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілді.


Тілепов Бестен 1926 жылы 10 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Жданов совхозында туылған. Талас аудандық әскери комиссариатынан 1943 жылы армия қатарына алынды.Семей қаласында № 125 стрелковой полкта 4 ай оқып дайындықтан өтіп «эфрейтер» шенін алып 1944 жылы Воронеж, Харыков қалаларынан Курскіге дейін-Польша, Чехословакия қалаларынан Берлинге дейін соғысады.

1-степ. Ветеран войны, 2-степ. Отечественный войны. Жуков Медальі ҰОС-дағы Жеңістің 20,30,40,50,60 жылдағы Астананың 10 жылдығына арналған Мерекелік медальдармен марапатталған.

1952-1960 жылдары Шкалов атындағы колхозда бухгалтер, 1960-1964 жылы Амангелді ауылында кассир-бухгалтер, 1980 жылы Жданов совхозында бухгалтер-кассир, 1987 жылы осы ауылдан зейнеткерлікке шыққан 10 ұл-қыз 30 немере 4 шөбересі бар.

Қаратау қаласында тұрады.





Жеңіс күні ардагерлер алып берген

Желбіретіп қызыл туды көтерген

Туған елін жау қолында қалдырмай

Ерлікпенен ел парызын өтеген.


Ардагерлер ұзақ өмір сүріңдерші.

Арамызда ардақты болып жүріңдерші

Құрметтейік жеңісті мамырдағы

Бақыттан рақаттанып күліңдерші

Жеңісті жақындатқандарыңыз үшін,

Бейбіт өмір сүргеніміз үшін,

Бақытты болып жүргеніміз үшін,

Сіздерге мың тағзым

әН

Ақнұр: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Ия, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

Әділжан: 1945жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен-Рахымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр-Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

Зарина: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне-70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде-70 жыл.


Алмас: 70 жыл-бейбіт көктем таңы атқалы,

70 жыл –шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70 жыл-жауыздықтың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән «Ақ көгершін» Бағдатқызы Әсем

Би: «Смуглянка»

Мирас: Екі дүние айқасты,

Майдандасқан алаңда.

Фашистердің шайқаста,

Езгіледік табанда.

Бейбітшілік орнаттық,

Күн ортақ барлық адамға.

Ұлдана: Арылтып жерден жауынды,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді.

Десеңдер бұл қай күні? / 9 мамыр күні/

Бақдаулет: Ер азамат, еңбек ерлік, ел ерікті,

Еңбектің өрнегімен жер көрікті.

Мыңдаған Қазақстан күрескері,

Жеңіске жеткізді елін, ерлері елі.

Абылай: Мен қазақпын биікпін, байтақ елімін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен, мың да бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Диас: Сүйінші халқым сүйінші!

Беліңді бекем буыншы.

Жеңдік жауды күйрете,

Жасалған той-мереке!

Раушан: Жеңіс деген жақсылықтың сынары,

Жігерленген құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Әділжан: Сен неткен Отан –анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер Ұлы Отаным-қазақ елім.


Ақнұр: Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Ән. Қазақстаным.Орындайтын: Мұқтар Санжар

Зарина: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


Алмас: Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Хор. Бейбіт күн тілегі.

Хор. Ақ кептерлер.

Қорытынды:

Зарина: Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Рахымжан Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8 наурыз Берлинде фашисттік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.

Алмас: Ешкім де, ешнарсе де, ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта да да, есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды.

Ақнұр: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.

Әділжан: Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров79
Номер материала ДВ-369561
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх