Инфоурок Математика Другие методич. материалыСыныптан тыс "Білімдіге биіктен орын"

Сыныптан тыс "Білімдіге биіктен орын"

Скачать материал

Тақырыбы: «Білімдіге биіктен орын»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, математика пәні бойынша алған білімдерін қорытындылауға, тәлім – тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, білімді, дарынды озық болуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Армысыздар, ағайын,

Ағайын тілін табайын.

Бармысыздар, бауырлар

Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.

Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар.

Ізетке ие ілінер,

Інілер, еті тірілер.

Кешке келген сайланып,

Отырам деп жайланып.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау ойланып.

Бәріңізге бір сәлем

Енді кешті бастайық.

Біздер асып саспайық.

Д у қ о л шапалақтап,

Қарсы алайық.

5-9 сынып оқушылары арасында өтетін «Білімдіге биіктен орын» атты математикалық интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек», – деген. Олай болса, бүгін сіздер математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.

1-жүргізуші:

Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары күш сынаспақ.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки кім шығады сайысуға.

Сонымен ортаға сайыскерлерді шақырайық.

2-жүргізуші:

Асып әсте саспайтын,

Батыл қадам бастайтын.

Еркін сөйлеп барынша,

Жарыстан сірә қалыспайтын, «Алғырлар» тобын ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсатын.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты – деп «Тапқырлар» тобын ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Әділ қазы мүшелері армысыздар!

Қош келіпсіз есен-сау бармысыздар!

Сіздерге үміт артқан оқушылар.

Әділдікпен төрелік айтыңыздар – демекші құрметті қауым бүгінгі сынға баға берер әділетті де, сыйлы әділқазы алқаларымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп сайысымыздың барысымен таныстырып өтейік:

Сайыс барысы:

1. «Сәлем – сөздің анасы»

2. «Логика әлемінде»

3. «Мақал –сөздің мәйегі»

4. «Математикалық өлең есеп»

5. «Сен маған, мен саған»

6. «Жүйріктер жеңер бәйгені»

7. «Құпия алаң»

8. «Тапқырлыққа талас жоқ»

9. «Математика өмірде»

2-жүрзізуші:

І. «Сәлем – сөздің анасы»

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын.

Бүгінгі сайысқа қатысуға келген топтар өздерін таныстырып өтсін.

1-жүрзізуші:

ІІ. «Логика әлемінде»

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озық келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады қапылыста.

Бұл бөлімде логикалық сұрақтар беріледі, дұрыс жауапқа 2 ұпай.

1. Квадрат үстелді айнала төрт адам отыра алады (әр жағына бір-бірден). Мектепте дәл осындай 7 үстелді жалғап бір қатарға қойып, ұзын үстел құрды. Осы үстелді айнала қанша адам отыра алады? (16)

2. 1 қой – 1 теңге, 1 сиыр – 10 теңге, ал 1жылкы – 50 теңге тұрады. Сенде 500 теңге бар, осы ақшаға 100 мал сатып алуың керек. Сонда сен қанша қой, сиыр және жылқы ала аласың?

(1 жылқы – 50 теңге, 39 сиыр – 390 теңге, 60 қой – 60 теңге = барлығы 500 теңге , 100 бас мал)

3. Үй шатырының бір жартысы 40 градус, екінші жартысы 60 градус көлбеулікпен салынған. Шатырдың ең төбесінде отырған қораз жұмыртқа тастасы, жұмыртқа қай жартысымен домалап түседі. (Қораз жұмыртқа тастамайды)

4. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. 1 қаз сендер нешеусіңдер? – деп сұраса, олар "Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны?

(36 қаз = 36+36+18+9+1)

2-жүрзізуші:

ІІІ. «Мақал – сөздің мәйегі»

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі ойын жеңімпазы болады, - дей келе сайысымыздың келесі «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге кезек пен кезек мақал оқылады, сол мақалдың жалғасын тату керек. Әр мақал 1 ұпаймен бағаланады. Сонымен сайсымызды бастаймыз!

1 - санына байланысты:

·         Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

·         Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

·         Бір ит көріп үреді,

Екі ит еріп үреді.

·         Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.

·         Бір жылы сөз бір күнге азық.

·         Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,

Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.

2 - санына байланысты:

·         Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

·         Ерке бала - екі жылар.

·         Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.

3 - санына байланысты:

·         Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

·         Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.

·         Ат баспаймын деген жерін үш басады.

6 - санына байланысты:

·         Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

·         Ағайынды алты болсаң, адам тимес.

7 - санына байланысты:

·         Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

·         Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.

·         Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,

Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

10 - санына байланысты:

·         Он санының саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес.

·         Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.

·         Он бала бір әкеге жүк болмайды,

Бір әке он балаға жүк болады.

1-жүргізуші:

ІV. «Математикалық өлең есеп»

Кел балалар, ойнайық

Қандай есеп болса да.

Шешпей оны қоймайық.

Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.

Асығыстық қылмаңдар.

Асықпайық дегенге.

Бөгеліп те тұрмаңдар, - деп келесі бөлімімізді бастаймыз. Бұл бөлімде сіздерге математикалық өлең сұрақтар беріледі, ендеше нақты жауап табуға тырысайық!

1.Талдан ұшты көп торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында оның қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келді,

Алдында төртеу, топ келді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзіліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу, есепкер

(Бес торғай)

2-жүргізуші:

2.Үй иесі: Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен.

Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша?

(Үйдегі адам 10, ұры 5)

1-жүргізуші:

3.Мынау да бір санамақ,

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ – топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды. (31 құс)

2-жүргізуші:

4.Көл тоғанды қырға бар

Келіп қонды тырналар.

Жұптан қонып сол жерде

Отыр екен он жерде

Санап берші тырналар

Қанша болды ол жерде? (20)

1-жүргізуші:

V. «Сен маған, мен саған»

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз, - деп бұл бөлімде аты айтып тұрғандай әр команда өзі дайындап келген есепті немесе сұрақты қарсылас командаға береді. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

2-жүргізуші:

VІ. «Жүйріктер жеңер бәйгені»

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп.

Ауырсаң, ішетұғын дәрі де – есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек – деп, сайсымыздың ІІ бөлімін бастаймыз.

Әр топқа 3 есептен беріледі, уақыт шектеулі 2 минут. 

1 топқа:

-7*(-5)*2=70

(у+3)2

(6+у)(6-у)

2-х+2 =0

 

2 топқа

 

-2*(-16)*(-3)

(а-5)2 

(4-х)(4+х)

2-5х+4=0                                                                                                  

1-жүргізуші:

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді, – дей отырып көрермендерді де ойынға шақырамыз.

Көрермендерге:

1. Алма 4 себетке бөлініп салынды. Бірінші себетте – 18, екіншісінде – 19, үшіншісінде – 20, төртіншісінде – 21 алма болды. Алманы себеттен алып салмай, екі балаға қалай тең бөліп беруге болады?

(бірінші балаға: төртінші себет 21 пен бірінші себеттегі 18 алманы, ал екінші балаға: үшінші себет 20 пен екінші себеттегі 19 алманы бөліп береді. Сонда екі балада да 39 алмадан болады)

2.Алма ағашында жұмыртқа болуы мүмкін бе?

2-жүргізуші:

3. Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз? (6 қаз)

4. Немересі атасынан: «Жасыңыз нешеде?» деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 60 жас болар еді деді. Атасының жасы нешеде? (атасы 118 жаста)

1-жүргізуші:

VIІ. «Құпия алаң»

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек үш тілде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға, шәкірт сізге несібе.

Математикалық жұмбақтар шешу. Дұрыс әрі толық жауапқа 3 ұпай.

1.Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан – жағыңа қарамай

(Натурал сан, натуральное число, natural number)

2.Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды.     

(Циркуль, циркуль, compasses)

3. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                

(Сызғыш, линейка, ruler)

4. Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(Цифр, цифр, figure)

5. Он екі бұтағы бар алып емен,

Елу екі шыбық тарап өсіп өнген.

Шыбық сайын жетіден жапырағы,

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген

(12 ай/месяц/month 1 жылда/год/year 52 апта/неделя/week, 1 аптада 7 күн/день/day)

6. Алды - артымыз шексіз де,

Жете алмайсың біздерге.

Сәуле менен кесінді,

Шыққан тегін білсе де.

(Түзу, прямая, straiqht line)

2-жүргізуші:

VIII. «Тапқырлыққа талас жоқ»

Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа

Шарты:  Сіздерге берілген  геометриялық фигураны жасайсыздар. Мысалы: түзу десек, сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар, және қарсы команда соны табу керек.

Екі топ сайысады.

1 топ

1.Шаршы болыңыздар                                                                 

2.Үшбұрыш

3.Шеңбер

4. Перпендикуляр түзу

5.түзу

2 топ

1.Тік төртбұрыш

 2.Бұрыш

3.Параллель түзу

4.Трапеция

5.Нүкте

2-жүргізуші:

IX. «Математика өмірде»

Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика - Ең маңызды ғылым бұл,

Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл! – деп келесі бөлімімізді бастаймыз. Бұл бөлімде әр топтың шығармашылық деңгейі бағаланады.

1-жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді.

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

2-жүргізуші:

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да, - дегендей, шын жүйрікті анықтар кез келді. Ендеше қазылар алқасына сөз береміз.

1-жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

2-жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке ,

Келгендерге көп рахмет,

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

1 топқа:

-7*(-5)*2=70

(у+3)2

(6+у)(6-у)

2-х+2 =0

 

2 топқа

 

-2*(-16)*(-3)

(а-5)2 

(4-х)(4+х)

2-5х+4=0                                                                                                  

 

1 топ

1.Шаршы болыңыздар                                                                 

2.Үшбұрыш

3.Шеңбер

4. Перпендикуляр түзу

5.түзу

 

 

2 топ

1.Тік төртбұрыш

 2.Бұрыш

3.Параллель түзу

4.Трапеция

5.Нүкте

 

 

 

 

 

 

Жерұйық негізгі мектебі

 

 

 

 

 

 

Білімдіге биіктен орын

 

 

 

Өткізген: Қосмағамбет Ж.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016  оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс "Білімдіге биіктен орын""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 283 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 1022
    • DOCX 35.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қосмағамбет Жанат Жақсымұратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44613
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Математика" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 203 человека из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 511 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 819 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек