Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Сыныптан тыс іс- шара "Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер"

Сыныптан тыс іс- шара "Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбиелік шараның тақырыбы: Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер
Тәрбиелік шараның мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт - дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;
дамытушылығы: діни наным - сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету, Ислам діні туралы түсініктерін кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
тәрбиелілігі: оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, тілі мен дінін, салт - дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Тәрбиелік шараның міндеті:
тілі мен дінін құрметтейтін, санасы терең, көкірегі ояу, ұлттық қасиеттерін бағалай білетін, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлтжанды, парасатты тұлғаларды тәрбиелеу.
Тәрбиелік шараның түрі: пікіралысу (ойталқы)
Тәрбиелік шараның көрнекілігі: Дін туралы мақалалар, кітаптар, өлеңдер,
Тәрбиелік шараның бағыты: ұлтжандылық тәрбиесі
Тәрбиелік шараның жоспары:
І. Ұйымдастыру (мұғалімнің кіріспе сөзі)
ІІ Дін Ислам – діңгегім.
ІІІ Дінімізге берік болайық!
ІV Жат ағымға алданба!
1 - жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата - аналар!
Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Бүгінгі тәрбиелік шарамыз ислам діні және бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.
2 - жүргізуші: Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.
1 - жүргізуші: Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.
Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.
2 - жүргізуші: Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт - дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарам - қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
1 - жүргізуші: Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда.
Жалпы, экстремизм дегенді қалай түсінеміз?
Осы жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдайық.
1 - оқушы:
Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.
- Олар Ислам дінінің талаптарына үстірт қарайды
- Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір
қайшылықтарына барады
- Көп ілім үйрену зиян деп есептейді
- Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды мойындамайды
2 - оқушы:
Экстермизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады.
Мұсылмандық адал тірлікті лайлауға тырысып, жастарды діни ағымдарға тартады.
2 - жүргізуші: Иә, бұл ащы да болса, шындық. Жат ағымға алданған қаракөз
бауырларымызды көргенде өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің.
Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма?
1 - жүргізуші: Келесі бөлімде осы сауалға жауап іздеу мақсатында
бейне көрініске назар аударайық.
І - Бейне - көрініс
1 - жүргізуші: Жаңа бейнекөріністен байқағанымыздай, қазіргі уақытта жат дінге сеніп, басқа ағымға ерген бауырларымызды көптеп кездестіреміз.
Оған басты себеп не деп ойлайсыздар?
Адамның ерік - жігерінің әлсіздігі ме, әлде қоғамдағы
діни ахуалдың төмендігі ме?

Оқушылардың пікірі.

Осы сұрақ бойынша өз ойын Оразтай аға білдіреді.

Ауыл имамы Абдіжалел ағаның ойы.
2 - жүргізуші: Ата - анасына «кәпірсің», «намаз оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтатын жастар туралы қандай пікір айтуға болады?
Осы жөнінде оқушылар мен ата - аналардың пікірлерін тыңдасақ.
(ата - аналар мен оқушылардың пікірлерін тыңдау)

2-жүргізуші: Хақ дініміз Исламда Ата- анаға қалай қарау керектігі бұйырылады?

Сөз ауыл имамы Абдіжалел ағаға
1 - жүргізуші: Құран - Кәрімнің «Ахқар» сүресінің 15 - аятында «Адам баласына әке - шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық делінген».
Құран – тек мұсылмандарға емес, әлемге түскен кітап болғандықтан, ата - анаға жақсылық жасау қажеттігі бұйырылып тұр.
Ендігі кезекте қоғамдағы ең негізгі жайттарды өзек еткен
«Діні Ислам – діңгегім» өлеңін тыңдап көрейік.
2-жүргізуші: Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл - қыздардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет - ғұрып, салт - сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.
Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.

Осы діни ағымдардың жастар психологиясына әсері жайлы мектеп психологі Динара Омарова айтады.
1-жүргізуші:Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқынышты емес пе?! (бейнеролік көру)

2 - жүргізуші: Айтылған пікірлерден кейін ойымызды түйіндей келіп, келешек тірегі – ибалы адам, иманды қоғам болу үшін дінімізге берік
болайық!
2 - жүргізуші: Дін – ғылымның атасы деп жырлаған, Мұқағали ақылсыз емес еді. Солардың да барлығын толғандырған, Соңындағы ұрпақтың келешегі,- дегендей біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда Ислам дінінің қоғамдағы маңызы туралы ой бөлістік.

(бейнеролік көру) Еліміз жастарға сенеді. Жастардың жақсы білім алып өз еліне адал қызмет етуін сұрайды. Бізде көрікті жерлер бар, берекелі щаңырағымыз бар, қонақжай дархан мінезіміз бар. Барымызда бағалай білейік. Тек білімсіздер ғана адасушылыққа душар болады.
1 - жүргізуші: Тәрбиелік шарамызды «Алладан басқа жоқ тәңір» әнімен қорытындылаймыз.
Ендігі тәрбиелік шарамызды қорытындылау үшін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Канабековаға береміз.
Қорытынды сөз: Бүгінгі тәрбиелік шараның негізгі мақсаты иманды қоғамның ибалы адамдарын тәрбиелеу болатын. Иман - сенім, наным деген мағынаны білдіреді. Иман - Исламның тірегі. Сондықтан ең бірінші иманымыз һәм берік болуы керек.
«Ұлттың өзін - өзі сақтайтын бірнеше факторлары бар. Олар – тілі, діні, тарихы, ата мекені, дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы: тілі мен діні.
Кез - келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек, іргесі тұтас болады».























































Сарқан аудандық Ішкі саясат бөлімінің

бастығы М.Тусуповке

«Сарқан аудандық білім бөлімінің

Бірлік негізгі орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген

«Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер»

тақырыбында өткізілген іс- шара туралы





Ақпарат



5-наурыз күні мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі Рашан Тұрғанбаеваның ұйымдастырылуымен «Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер» тақырыбында, жоспарға сай тәрбиелік іс- шара өткізілді.Оның мақсаты: Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт- дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы және Ислам дінінің қысқаша қандай екенін түсіндіру болатын. Стенд тақырыпқа сай безендендірілді. Елбасымыздың сөзімен қатар, «ҚР Заңымен тыйым салынған» діни ұйымдардың (толық сипаттамасымен бірге) тізімі ілінді. Тәрбиелік шараға қонақ ретінде ауылымыздың имамы Абдіжалел аға, ауылымыздың үлкендері Оразтай, Тілеулес ағаларымыз және мектептен мектеп психологі Д.Омарова, тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Канабекова шақырылды.

Кіріспе сөздерден кейін 9-сынып оқушыларының өздері дайындаған бейнеролик көрсетілді. Онда ауыл тұрғындарына «Дәстүрлі емес діни ағымдарға нелер жатады?» , «Жат діни ағымдарға кетіп қалудың себептері?», «Жат діни ағымдардың жастарға деген әсері?» жайлы сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды. Шығарған қорытындымыз: Үлкендердің өздері де жат діни ұйымдарға жататын діни бірлестіктер жайлы ақпарат бере алмады. Осы кезде Абдіжалел ағадан жалпы Ислам дегеніміз не, Ислам қайда апарады деген сұрақтар қойылды. Имам «Исламның таза, бейбітшілік сүйгіш дін екенін айта кетіп, негізінен білім алуға шақыратынын тілге тиек етті». Оны Құран сөздерімен және хадистермен дәлелдеді. Іс- шара барысында «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бейнероликтерін, атап айтсам, «Саентология» , «Ізгілік нұры иманда», «Санаңды сақта, жас ұрпақ!» бейнефильмдері және «Дін Ислам- діңгегім», М.Бесбаевтің «Аллахтан басқа Тәңір жоқ» термелері пайдаланылды. Келген қонақтар да өз ойларын, оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Мектеп психологі оқыған «Діни ағымдардың жастар психологиясына әсері» баяндамасының да берері мол болды. Ол оқушыларды интеернеттен, неше түрлі әлеуметтік желілерден абай болу керектігін шақырды. Келген қонақтар да, оқушылар да адасушылықтың ең негізгі себебі «Білімсіздіктен» туындайтынын сөз етті. Шара соңында қонақтар осы мәселе жайлы бір- екі сөзбен түйіндеді. Және кез келген халықты құрту үшін оның дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Дініне мықты болған халықтың санасы сергек, іргесі тұтас болады» деген сөзбен іс- шара қорытындыланды.









Мектеп директоры м.о.: Г.Калиева







































1 жүргізуші: Ойда жүрген, көкейіміздегі дін және қоғам туралы сұрақтарды қонақтармен бөліссек.

1 сұрақ: ________________________________________________
Ваххабизмнің біздің қоғамымызға тигізіп жатқан зияны бар деп ойлайсыз ба? Бар болса, ол қандай?
2 сұрақ:___________________________________________________
Жергілікті жерімізде түрлі діни ағымдарға бой ұрып, бірақ оның зардабын біліп, өз дініне қайта келгендер бар ма? Мысал келтіре аласыз ба?
3 сұрақ: _________________________________________________
Біздің өлкеде жасырын діни ағымдар бар ма? Бар болса, анықталып, тиым салынғандары кездесті ме?
4 сұрақ:___________________________________________________
Қазақ жастарының дінге көптеп бет бұрып жатқанымен түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандары көп, тура жолдан адаспас үшін қалай сақтануға болады, яғни басқа жат ағымдардың уысына түспеудің, жолы қандай?
5 сұрақ: __________________________________________________
Жастардың басқа діни ағымдарға ілесу себебін айтып берсеңіз?












































































Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта! 









ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ҚЫЗМЕТТЕРІ АРНАЙЫ
СОТ ШЕШІМДЕРІМЕН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНЫЛҒАН ДІНИ ҰЙЫМДАРДЫҢ ТІЗІМІ


1. Орталық АЗИЯНЫҢ моджахедтері
2. Шығыс Түркістанның ислам партиясы
3. Өзбекстанның Ислам қозғалысы
4. Курд халықтық конгресі
5. «АУМ Синрике» ұйымы
6. «Әлеуметтік реформалар қоғамы»
7.
«Лашкар-и Тайба» ұйымы
8. «Аль Каида» ұйымы
9. «Асбат - аль-Ансар» ұйымы 
10. «Талибан»
қозғалысы
11. «Хизб-ут-Тахрир» діни-саяси партиясы
12. «Мусылман бауырлар» ұйымы
13. «Боз гурд» ұйымы
14. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы»

15.Таблиғи жамағат



1. ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ МОДЖАХЕДТЕРІ
Орталық Азия моджахедтерінің ұйымы алғаш 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың басында кұрылған. Осыған дейін ұйым мұшелері Өзбекстан ислам қозғалысында болғанмен, оның жетекшісі Т. Юлдашевпен орын алған келіспеушіліктен кейін аталмыш қозғалыстың құрамынан шығып, «Аль Каида» ұйымына кіреді. Ұйым мүшелері өздерінің басшыларынан бастап Усама Бен Ладеннің жеке өзіне адалдықгары жөнінде ант береді. Моджахедтердің басшысы Өзбекстан азаматы Н. Жалолов («Усмон») болды. Кейбір деректерге қарағанда ол казіргі таңда Пәкстанның Пешавар қаласында жасырынып жүр. Ұйымның негізгі максаты: террористік актілер жасау арқылы Өзбекстан Республикасындағы конституциялық құрылысты өзгерту; АҚШ, Ұлыбритания, Израиль елдерінің өкілдікгеріне террористік актілер жасау; т.б.
2. ШЫҒЫС ТҮРКІСТАННЫҢ ИСЛАМ ПАРТИЯСЫ
Шығыс Түркістанның ислам партиясы (ары қарай ШТИП) дербес ұйым ретіиде алғаш 1998 жылы Қытайдағы сепаратистер көсемдерінің бірі Айса Мақсұмның жетекшілігімен құрылған. «ШТИП» 1990 жылдардьң соңына қарай «Талибан» және «Әл Каида» козғалыстарымен тығыз байланыс орнатудың арқасында арнайы лагерлер кұрып, Қытай билігімен курес жүргізу үшін Ауғанстан және Пәкстан елдерінің аумақтарында өздерінің жан-жақты дайындықтан өткен 700-ге тарта адамын орналастырады. Ал өз кезегінде ресми Исламабад бұларға кедергі жасамайды. Пәкстанның аумағында ұйғыр радикалды күштерінің орналасуының нәтижесінде 1999 жылы елдін жаңа басшылығы билікті қолға алғаннан кейін бұл ұйымның Талибанмен қатынастары ары карай дами түседі. Ауғанстанда орналасқан содырлар өздеріне деген талибандардың жылы қарым-қатынасына ие болды. Есесіне бұлар Ахмад шах Масудтын басқаруындағы «Солтүстік Альянс» коалициялық күшіне қарсы қатысатын болып келіседі.
3. ӨЗБЕКСТАННЫҢ ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Өзбекстанның ислам қозғалысы (ӨЙҚ) ұйымы алғаш 1997 жылы құрылған. Ұйымының басшысы («Амир-аль-муминун») Т.Юлдашев. Қозғалыстың рухани көсемі 1952 жылы туылған Мухаммад Садық Мүхаммад Юсуф болды. Ол Триполи қаласындағы (Ливия) бүкілалемдік ислам университетінің проректоры, Орталық Азия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфтиі болып қызмет атқарды.
Қозғалыстың дала командирлерінің бірі әрі басшысы 1969 жылы туылған Ходжиев Жұмабай Ахмаджанұлы (Жұма Намангани деген атпен белгілі) болды. Ол Өзбекстан Республикасы, Наманган облысынын тұрғыны, ұлты өзбек. Кейінірек Ауғанстандағы антитеррорлық іс-әрекеттерінде қаза болады.
Алғашқы кезде қозғалыс өкілдігі Пәкстанның Пешавар қаласына орналасты, кейін Кабул және Кундуз қалаларына көшіріледі. Ұйым қатарында 2001 жылдары шамамен екі мыңға жуық сарбаз болған. Қозғалыстың максаттары:
- Өзбекстандағы коғамдық қатынастарды барынша исламдандыру;
- қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру;
- Өзбекстанға жиһад жариялау - «кәпірлер» режимі мен коғамына қарсы соғысу;
- казіргі режимді жою және саяси билікті алу; т.б.
4. КҮРД ХАЛЫҚТЫҚ КОНГРЕСІ
Курд халықтық конгресі ұйымының көшбасшысы - Абдулла Оджалан. Ол 1978 жылы кұрылған Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі болды. Туркиялық сот органдарының қаулысымен өмірлікке бас бостандығынан айырылған, қазіргі кезде Түркия абақтыларының бірінде жазасын өтеп жатқан А.Оджалан кедей шаруа отбасында дуниеге келген. Түркияның Санлиурф провинциясында тұрған. 1974 жылы белгісіз себептермен Анкара университетіндегі оқуын тастап кетеді. Кейіннен Түркиядағы курді сепаратистерінің біріне айналады. 1980 жылы Түркияда орын алғаи төңкеріске дейін-ақ ол, саяси көзқарастарына байланысты Сирияға бой тасалауға мәжбүр болады. Маркстік-лениндік көзкарастарды берік ұстанатын А.Оджалан Күрдістан жұмысшы партиясының идеологиясын тарату бойынша қарулы күрес жұргізудің нағыз жақтаушысы болды.
Ұйымның мақсаты мен міңдеттері:
- курді азаттык қозғалысына халықаралық дәрежеде сипат беру және «күрд проблемасына» әлемдік кауымдастықтың назарын аудару.
- барлық күрд коғамдық ұйымдарын өз партиясының аясына біріктіру;
- Туркияға қарсы террористік акцияларды жүзеге асыру; т.б. Күрдістан жұмысшы партиясы соңғы 25 жылдың көлемінде
жақсы қаруланған және жоғары дәрежеде қаржыланған әскер құрады. 1984 жылы ұйым Түркия шекарасында күрділердің этникалық автономиясын құру бойынша қарулы күреске дайын тұрды, Олар 1990 жылдары өз қатарларын 15000-нан аса сарбазбен толықтырады.

5. «АУМ СИНРИКЕ» ҮЙЫМЫ
Ұйым мүшелері өздерін будда қауымдастығы деп атайды. Ұйымның басшысы және негізін қалаушы - Секо Асахара (шын есімі - Тидзуо Мацумото). 1986 жылы ұйым өзіне діни реңк береді. Осы жылы Асахара Гималайда «сонғы құткарылуға» қол жеткізіп, оның ұйымы 1987 жылы шілде айынан бастап, «АУМ Синрике» («АУМ шындығы жөніндегі жол») атауын иеленеді. «АУМ» дегеніміз буддалық және индуистік мантрлардың бірі.
Барлық адамзатты «құтқару» идеясын ұстанушы бұл ұйымның қызметі 3 принципке негізделген:
1) адамдарды аурудан арылту;
2) бақытқа осы өмірде қол жеткізу;
3) бостандыққа және жақсылыққа қол жеткізу. Эксперттер «АУМ Синрикені» белгілі жанжалшыл
халықаралық діни ұйымға, тоталитарлық сектаға жатқызады.
Бұлар өз қатарларын толықтыру ушін шығыстық жекпе-жек онері мен йоганы да пайдаланады. 1994 жылы шіде айында аталмыш ұйым уландыру заттарын қолданып, террористік акт жасау арқылы 7 адамның ажалына себепкер болады. Ал 1995 жылы 20 наурызда Токио каласындағы метрополитенде террористік акт ұйымдастырып, нәтижесінде 5,5 мың адам зардап шегіп, 11 адам қаза табады.
Түрлі қылмыстық істердің ұйымдастырылуы, оның ішінде адам өлтіру мен ұрлау фактілері бойынша 1996 жылы ұйымның 400-ден аса мүшелері тұтқындалып, оларға әртүрлі жазалар белгіленген.
6. «ӘЛЕУМЕПІК РЕФОРМАЛАР ҚОҒАМЫ» үйымы
Ұйым өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, штаб-квартирасы Кувейтте орналасқан. Үкіметтік емес кайырымдылық ұйым статусы бар. «Әлеуметтік реформалар коғамы» 40 жыл шамасында қайырымдылық акцияларын көп мемлекеттерде жүргізеді: Индонезия, Бангладеш, Үндістан, Пәкстан, Қытай, ТМД елдері және т.б. Олар қаржыларының көбін неғізінен өз жақтастарына бөліп отырды. Сонымен бірге өздерінің мүдделестерін жергілікгі билік органдарына кіргізу әрекетгерін де жасауға әрекет етті.
Ұйымның тарапынан өзге елдерді коспағанда ТМД мемлекеттерінің эскери-географиялык, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайларын зерттеп, оларға арнайы экспансиялық жоспарлар құру үшін де каржы жұмсалып отырды.
Ұйымның қызметі әлемнің 50 мемлекетінде жүргізілді.
Ұйымның ТМД-дағы Бас үйлестірушісі иорданиялық Әли Салах Әли Зайтер болды. Ол сондай-ақ, Қазакстанда аумақтық ортаазиялық филиалдың жұмысын да ұйымдастырды.
7. «ЛАШКАР-И ТАЙБА» ұйымы
«Лашкар-и Тайба» (мағынасы «таза әскер») уаһабшылдық бағыттағы пәкстандық әскериленген экстремистік топ болып табылады. Ұйым алғаш Ауғанстанның Кунар провинциясында 1990 жылы құрылады. Ұйымның басты мақсаты - Орталық Азия мемлекеттеріндегі және өзге де елдердегі мұсылмандық аумақтарда өз ықпалдарын кеңейту.
Ұйымның тағы бір басты мақсаттарының бірі - «Үндістандағы барлық мұсылмандарды азат ету» болып табылады.
Ұйымға 2001 жылдың соңына дейін Хафиз Мұхаммед Саид жетекшілік етті. Ол 2001 жылдың соңынан бері «Джамаат уль -Дауа» ұйымының басшысы болып келеді.
«Лашкар-и Тайба» ұйымы әлемдік масштабтағы әрекет жасаушы террористік ұйымдармен байланыс орнатқан, оның ішінде «Аль Каида» ұйымы да бар. Бұдан бөлек, ұйым 2001 жылы 11 қыркүйекіегі АҚШ-тағы оқиғадан кейін «Аль Каида» ұйымына Ауғанстанда бірқатар материалдық көмектер көрсеткен (адам күші, қару-жарақтар ұсыну, т.б.).
8. «АЛЬ КАИДА» ұйымы
«Аль Каида» ұйымын алғаш 1988 жьшы Ауғанстанда Усама бен Ладен ( толық аты-жөні: Усама бен Мухаммед бен Авад бен Ладен) құрған. Ол 1957 жылы саудиялық миллионер Мұхаммед бин Ладеннің отбасында туылған. 1979 жылы Джидда қаласындағы (Сауд Араб елі) король Абдель Азиз атындағы университеттің экономика және менеджмент факультетін бітіреді.
1980 жылы Ауғанстанға келіп, жиһад ретінде Кеңестер Одағына қарсы әскери іс-қимылдарға катысады. Онда ауған моджахедтеріне қару-жарақ пен ок-дәрілер тасымалдаумен айналысып, араб елдерінен қаржылай көмектердің берілуін ұйымдастырады.
«Аль Каида» ұйымының ең басты мақсаты - бүкіл әлемде мұсылман мемлекетін кұру болып табылады.
Бүгінгі таңда бұл ұйым халықаралық дәрежедегі ірі құрылымға айналды. Әлемдегі бірде бір «ыстық нүкте» бұл ұйымның қатысуынсыз немесе қаржылык қолдауынсыз жүзеге асырылмайды.
«Аль-Каида» ұйымынын Суданда жатғығу лагерлері құрылып, ол жерден көптеген ислам сарбаздары көптеген жаттығулар жасады. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Суданды халықаралық терроризмді қолдаушы елдердің қатарына қосқаннан кейін Усама бен Ладен бұл едден кетуге мәжбур болды.
Кейбір деректерге карағанда, ол казіргі кезде Пәкстан мен Ауғанстан елдерінің шекараларында жасырынып жүр.
9. «АСБАТ - АЛЬ-АНСАР» ұйымы
Ұйым 1985 жылы шейх Хишам Шрейдидің бастамашылығымен кұрылған. Ұйымның штаб-пәтері палестиналық «Айн әл-Хильва» лагерінде, Ливанның Сайда қаласында орналасқан.
Ұйым заңсыз кұрылған. Оның негізгі қызметі - «терроризм саудасы» болып табылады. Яғни, арнайы тапсырыс бойынша акциялар өткізу, өзге де экстремистік ұйымдарды арнайы дайындықтан өткен жауынгерлермен қамтамасыз ету.
10. «ТАЛИБАН» қозғалысы
«Талибан» козғалысы Ауғанстаннын Қандагар каласында 1990 жылдардың алғашқы жартысында кұрылған. Бұрынғы моджахед Мухаммед Омар молда алғашында бірқатар радикалды көзкарастағы мұсылман студенттерінен топ кұрып, оларды «Аллаһ жолындағы шәкірттер» ретінде Исламды тазартуға, ел аумағында діни билікті орнатуға бастайды. Ал «Талиб» сөзі «оқушы» деген мағынаны білдіреді. Талибандар 1996 жылы Ауғанстанда билікке келіп, олар елде ислам әмірлігі мемлекетінің кұрылғандығын жариялайды. Соңынан шариат заңдарын енгізеді. Талибан билігі 1996 жылдың желтоқсан айында Ауғанстанда арнайы декрет қабылдайды: соған сәйкес, әйелдер үйдегі қамауда ұсталып, олардың оқуына тыйым салынады. Ал еркектер сақал өсіруге міндетті болады.
Талибандар Пәкстанмен, Сауд Араб елімен және АҚШ-пен әріптестік карым-қатынас орнатты.
Талибандардың Ауғанстанды басқару билігі Усама бен Ладенге баспана беруімен және оны 2001 жылғы 11 кыркұйектегі АҚШ-тағы террористік актіден соң Америкаға беруден бас тартуынан кейн көп ұзамай аяқталды.
11. «ХИЗБ-УТ-ТАХРИР АЛЬ ИСЛАМИ» діни-саяси партиясы
Ұйым 1953 жылы Палестина жерінде кұрылған. Құрушысы Тақиюддин ан-Набахани есімді азамат. Ұйымның қызметтік мақсаты - халифат кұру. «Хизб-ут-Тахрир» ұйымының 1983 жылдан бері айына 1 реттен шығатын «Аль ваъи» («Сана сезім») атты журналы әлемнің жүздеген тілдеріне аударылып, жасырын тарқатылып келеді. Бұдан бөлек, жұртшылыкты жиһадка шақыратын үнпарақшаларыда астыртын таратылады.
Ұстанымдары: мусылман емес адам және әйел Шура мәжілісіне муше бола алады; аурат (көруге, көрсетуге бсшмайтын ұятты жерлер) жерлері көрініп тұрған адамдардың суреттерін көруге болады; мусылман ғарышқа шыққан кезде оғаи намаз оқу парыз емес; солтүстік немесе оңтүстік полюстерде тұратын адамдарға намаз оқымаса да, ораза ұстамаса да болады, т.б.

12. «МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР» ұйымы
Ұйым 1928 жылы кұрылған. Негізгі идеологиясы-уаһабшылдықты ұстану. Негізгі жұмысы: мұсылман әскерлерін дайындау, әлемдегі қарулы шиеленістерге қатысу, сепаратистік сипаттағы мәселелерге идеологиялык, каржылық және әскери тұрғыдан көмектер көрсету. Ұйымның басшысы: Хасан аль-Банна. Ұйымның бөлімшелері Сирияда, Ливанда, Иракта, Иорданияда, Судаяда, Палестинада орналасқан. Ұйымның мақсаты -исламдық коғам кұру. Елдегі кұқыктык, моралды-этикалық ережелердің барлығы да мұсылмандыққа негізделуі тиіс. Сонымен бірге, барлық мұсылмандарды Батыс елдеріне қарсы бірігуге шақырады. Жер бетінде халифат орнатуды колдап. мемлекеттердің қолданыстағы заңдарына Құрандағы ережелердің енгізілуін қарастырады.
13.«БОЗГҮРД»ұйымы
«Боз гурд» - пантюркизмге негізделген әскериленген ұйым. Алғаш 1948 жылы Түркия мемлекетінде құрылған. Негізгі идеялық концепциясы - тұранизм (түрік халықтарының бірыңғай мемлекетін құру) орнату. Басшысы полковник Алпарслан Тюркеш. Қазіргі танда ұйымның 30 мың мушесі бар. Және де ұйымның 80-нен астам филиалдары түрік диаспоралары бар Европа мемлекеттерінде, Араб және ТМД аумағындағы елдерде, т.б. жұмыстар жүргізеді.
14. ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДЫ АЗАТ ЕТУ ҰЙЫМЫ
Ұйым 1996 жылы Түркия жерінде құрылған. Ұйымның қызметі Қытайда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, т.б. өңірлерде террористік актілер ұйьімдастыруға бағытталған. Ұйымның негізгі қызметтік бағыттарының бірі - сепаратизмге бой ұру болып отыр. Сонымен бірге, ұйым қызметі қару-жарақтар мен жарылғыш заттарды сатып алуға, сатуға, және халықаралық террористік ұйымдардың лагерлерінде өз жақтастарын оқытуға, өз қатарларына жаңа мүшелер тартуға, т.б. қызметгерге бағытталған деуге болады.
15. Таблиғи жамағат ұйымы
27 маусымда Курчатов қаласында қала мекемелері, кәсіпорындары және ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізілді, онда «Таблиги жамағат» діни бірлестігінің деструктивті қызметі мәселелері қаралды.
Өзі Қазақстанда қызмет еткен бүкіл мерзім ішінде «Таблиғи жамағат» қауымдастығы еш уақытта да ресми түрде тіркеуден өтіп көрген емес.Іс жүзінде үнемі дерлік астыртын жағдайда әрекет етті.Ал 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң күшіне енгеннен кейін олар Қазақстанда қайта тіркеуден өтпеуі себепті қызметтері заңсыз бола бастады.
2013 жылғы 26 ақпанда прокуратура органының ұсынуы бойынша Астана қаласының Сарыарқа сотының шешімімен осы ұйымның Қазақстанда қызмет етуіне тиым салу туралы шешім шығарылды.
Бұл бірлестіктің орталықтары шет елдерде – Үндістанда, Пакистанда және Бангладеште орналасқан, олардың бағдарламасы қозғалыс жетекшілерінің шағын тобына ғана белгілі, мұның өзі жабықтық пен көзсіз бағыныштылықты қабылдамайтын ислам дәстүрлеріне қарама- қайшы келеді.
«Таблиғи жамағат» қызметінің әдіснамасы ерекше көңіл аударуды қажет етеді, ол екі түрге бөлінеді: меккелік және мәдиналық тактикалар. Демек, ашық түрде жұмыс істеу мүмкіндіктері пайда болған кезде қозғалыс мүшелері жария миссионерлік қызметті жүзеге асырады, ал олар қоғам мен мемлекет тарапынан кедергілерге тап болған жағдайларда ұйымдасқан түрде астыртын жұмысқа көшеді, олар өз қызметтерін құпия түрде жалғастыра береді.
Мүмкін сол себептерден болар «Таблиғи жамағат» жақтастарының жихадтық топтар құрамына өтуі мен одан әрі осы топтардың әскери қимылдарына қатысу тәжірибесі тарала бастаған. «Таблиғи жамағат» ішінен лаңкестік және өзге де экстремистік ұйымдар және заңсыз әскериленген құрылымдар өз қатарына жаңа адамдарды қабылдап алып келеді.
Кеңеске қатысушылар қоғамға қатер төндіретін осы ұйымның қызметін айыптап, теріс баға берді.
Қазіргі таңда қала кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдарында белсенді түрде түсінік жұмыстары жүргізіліп жатыр, кеңесте айтылған мәліметтер де барлық курчатовтықтарға жеткізілетін болады.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров751
Номер материала ДВ-104895
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх