Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сыныптан тыс іс- шара "Математикалық турнир"

Сыныптан тыс іс- шара "Математикалық турнир"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:



«Математикалық турнир» сыныптан тыс іс-шара

Өткізілу түрі – екі топ арасындағы сайыс.

Іс-шараның мақсаты:

1) Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау,оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Топтық сайыс

Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар

Жоспары:

1.Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі

2.І-тур (блиц-сұрақтар 10/10)

3. ІІ-тур (жасырылған 4 есеп)

4. Қызықты үзіліс

5. ІІІ-тур (кесуге арналған есеп)

6. Видео сұрақ

7. Қорытындылау, марапаттау

Барысы:

Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Математикалық турнирге қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!


Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз.

І тур. (блиц-сұрақтар 10/10)

1-топ

  1. Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады? 20 тг

  2. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42

  3. Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1

  4. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1

  5. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? 40

  6. Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)

  7. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)

  8. Екі қатынастың теңдігі. Пропорция

  9. Wunderkind сөзі нені білдіреді? Дарынды бала

  10. Жерді өлшеу туралы ғылым. Геометрия

2-топ

  1. Тәуліктің 24-тен 1-і бөлігі 1сағат

  2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м

  3. 282 саны 3-ке бөлінеді ме? Иә

  4. Сызықтық функцияның графигін атаңыз. Түзу

  5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12

  6. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 6

  7. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50

  8. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2

  9. 289 нешенің квадраты? 17

  10. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

ІІ тур 4 есеп

Шарты: Сұрақтың номері таңдалған соң және негізгі сөздер аталған соң сіздер өздеріңізге ұпай қоясыздар 1-6 аралығында.

Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 1 ұпай кемиді. Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.


1-есеп:

Негізгі сөздер: бөлу, 4, кеміту

1 мен 10-ның арасындағы қай санды 4-ке бөлгендегі бөліндісі, осы санды 4-ке кеміткенге тең болады?


Көмек: Бұл бөлшек сан

Жауабы: hello_html_392d36a6.gif;

2-есеп:

Негізгі сөздер: Балықшы, фут, балық

Балықшының айтуы бойынша, ол ұзындығы келесідей болатын балық ұстады: басы 60 фут, құйрығы - басының ұзындығы мен денесінің жартысы, ал денесі - балықтың басынан бастап құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?


Көмек: балықтың құйрығы - басының ұзындығын 3 еселегенге тең.

Жауабы: 480 фут

3-есеп:

Негізгі сөздер: Цифр, құралу, тақ

Тақ цифрлардан құралған жұп санды атаңыз


Көмек: тақ цифр үш рет қайталанады

Жауабы: hello_html_28f731be.gif; hello_html_d7cf15b.gif; т.с.с

4-есеп:

Негізгі сөздер: Арттыру, градус, сан

Ешқандай арифметикалық ама қоданбай 666 санын 1,5 есе арттыр

Көмек: 180 градус

Жауабы: 999


Қызықты үзіліс

Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.

Жасырылған сөздер:

  1. Турист

  2. Күнтізбе

  3. Координаталық жазықтық

  4. Піл

ІІІ тур

Ойлан тап: Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.


И

Ц

Ү

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш

Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)


VIІ. Видео сұрақ

VIІІ. Қорытынды.

  • Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

  • Жеңімпаздар марапатталады.

ХІ.Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Электронный журнал 1-september.

  2. Фарков А.В. Математические кружки в школе. 5-8 классы.- М.: Айрис-пресс, 2005г

  3. www.golovolomka.hobby.ru




























«Малоубинка орта мектебі» КММ















hello_html_m712d8ba1.gif

Сыныптан тыс ашық сабақ







Математика пәні мұғалімі: Жақсылыков Р.Е.











Малоубинка ауылы,2014ж





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДВ-158178
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх