Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс іс шара " Менің бақытты отбасым"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сыныптан тыс іс шара " Менің бақытты отбасым"

библиотека
материалов

Тақырыбы: Менің бақытты отбасым

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасында бірлік,татулық, сыйластықта болып,үлкенді сыйлап,балаларды ата – анаға көмектесуге, еңбектенуге үйрету.



Көрнекі құралдар: мақал – мәтелдер, шарлар, нақыл сөздер,флажок,жүрек суреті,белбеу, көкөністер (картоп,қызылша, пияз, сәбіз).



Мұғалім:Сәлеметсіздерме , құрметті ата – аналар, мұғалімдер және оқушылар !

Бүгін біз сіздермен «Менің бақытты отбасым» атты сайысымызды өткіземіз.

Отан – отбасынан басталады демекші , бүгінгі тақырыбымызды да, осы отбасына арнаймыз.

Бүгінгі сайымызға қатысуға үш отбасы келіп отыр, олар:Койшигулова Айжанның, Рахметова Мөлдірдің және Тайжанов Айзаттың отбастары.

Ал енді «отбасы» деп жатырмыз ғой, осы жерде отырғандардың бәрі де отбасы,ошақ қасында жүрген жандар. Біріншіден , осы сайысқа алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.Отбастарыңыз аман болып,балаларыңыздың қызығын көріңіздер. Балаларыңыз Қазақстанымыздың мақтанышы болып,үлкен бір, тұлға болсын.

Бүгінгі сайысымызда әртүрлі тапсырмалар болады. Ән айтып, би билеп,ойнап көңілдеріңізді,әрі біздің де көңілімізді көтересіздер. (әділ қазылармен таныстыру) Енді сайысымызды бастайық ! Біріншіден әр топтың аты болу керек,ол үшін әр топтан бір –бір адамнан шығып, менің қолымнан бір парақты алып,өз тобының атын таңдайды.Әр топтың адамдары үстел үстінен бір эмблеманы таңдап өздеріңізге тағасыздар.

Ендігі сайысымыздың түрі : Танысу.Біз сіздердің отбастарыңыз туралы жақынырақ білгіміз келеді.Сондықтан да мен сіздерге бес сұрақ қоямын. Мысалы: Бір сұрақ қоямын, сол сұраққа әр топтың мүшесі жауап береді.(толық жауап талап ету) Дайынбыз ғой.

1 – сұрақ.Туған жерлеріңізді айтып беріңіздер.

2 –сұрақ. Сіздердің отбастарыңызда неше адам бар ?

3 –сұрақ. (балаларға) Балалар, сендер өз руларыңды білесіңдер ме ?

4 – сұрақ. . Сіздердің отбастарыңызда қыз көп пе, әлде ұл көп пе ?

5 – сұрақ. Сіздердің отбастарыңыздың сүйікті асы, қандай тағам ?

Келесі сайысымыздың түрі: Мақал – мәтелдерді дұрыс құрастырып, оқу.(Түсіндіру) Әр топқа екі конверттен беремін.Әрбір конвертте бір – бір мақалдан бар.Конвертті кезекпен ашып,құрастырып қою.(құрастырып болған топ флажокты көтеру) Әр топтан бір оқушы оқиды. Келесі сайысымыздың түрі: Отбасылық түйін.Әр топқа бір –бір белбеу береміз, сол белбеуді әуелі бала өзінің беліне байлап, белгіленген жерге дейін жүгіріп барып, оралып келіп өз тобындағы екінші отбасының мүшесіне өзін қосып байлау,жүгіру, одан әрі үшінші отбасының мүшесіне байлап, жаңағы жерге жүгіру,қайтіп оралғанда қай отбасы бірінші болып,орындарында тұрады.(флажок көтеру) Мұғалім:Жарайсыздар, тамаша ! Ду қол шапалақтау.

Келесі сайысымыздың түрі : Үй жинау.

Ал енді, бәрімізде «тазалық – денсаулық кепілі» екенін білеміз. Ендеше үй – ішімізбен үйімізді жинайық. Үйіміз таза болсын.Балаларды тазалыққа үйретейік.Көріп тұрсыздар үйіміз шашылып жатыр екен... Әрбір топқа бір – бір қапшықтан береміз,сіздер менің айтуым бойынша,үй жинауды бастайсыздар.(әділ қазылар санайды)

Құрметті қонақтар,оған дейін Саханов Рустем мен Курманов Диастың тақпақтарын тыңдайық.

Келесі сайысымыздың түрі :Егінді жинау.Әр топқа бір – бір корзина беріледі,сол корзинаның ішінде көкөніс бар.(картоп,қызылша,пияз,сәбіз) Түсіндіру.

Әр топтың бірінші адамы көкөністі егеді.Ол – бала.Тобына келіп,корзинаны анасына береді,анасы барып жинайды.Әкесі барып қайта егеді,баласы жинайды.(жинап болған отбасы орындарында тұрып ,флажокты көтеру).Мұғалім: Жарайсыздар, тамаша ! Ду қол шапалақтау.

Келесі сайысымыздың түрі:Отбасымен көңіл көтеріп,би билеу.Түсіндіру.Үстелдің үстінде бірдей үш пакет жатыр, әрбір топ кезекпен өзіне бір пакет таңдайды. Тобына келіп, ішіндегі бас киімді кию.Қандай ұлт екенін айту.Ендеше келесі тапсырмамыз :қазір сіздерге әртүрлі әуен қояды. Әрбір ұлт өзінің әуенін естігенде шығып, би билейді.Ол қалайша өтеді,әуен





қай ұлттікі болса, сол ұлт өнерін көрсетеді.Мұғалім: Жарайсыздар, тамаша ! Ду қол шапалақтау.

Мұғалім:Осымен сайысымыз аяқталды.Сіздерге жүректеріңіз кең , пәк болсын деп, мынадай бір – бір жүрек сыйлаймыз.(жүректі сыйлау) Сол жүрекке тілектеріңізді жазыңыздар.

Енді әділ қазыларға сөз берейік.Құттықтау.Сыйлықтар,грамоталар тапсыру.

Мұғалім сөзі: Құрметті ата – аналар,көрермендер, алтын уақыттарыңызды бөліп,осындай мектептегі сайыстарға ат салысқандарыңыз үшін көп рақмет.Балаларыңыз үлкен жігіт болып, сіздерді қуанта берсін.Әрбір отбасына береке, бақыт тілей отырып,әр отбасының өмірі мынау кәмпиттей тәтті болсын деп тарту етемін.





































25 НЖББ мектебі М.М.













Мерекелік сайыс

Тақырыбы:»Менің бақытты отбасым»















Өткізген: Бекмагамбетова С.Н.















Қостанай қаласы

2014 – 2015 оқу жылы.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-083451

Похожие материалы