Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс шара "Тапқыр достар"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сыныптан тыс іс шара "Тапқыр достар"

библиотека
материалов

Бұл сайысқа 3-4 сыныптарға арналған.
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар».
Сабақтың мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Сабақтың көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат
Мұғалім:
Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! 3-4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқыр достар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Тапқыр достар» сайысына қатысушыларын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!

Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»


Ендеше бірінші аялдамамызға көшейік
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
II аялдама - « Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С – САБАҚ
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?


Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Елтаңбада не орналасқан?

IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.

I топ Қыс
II топ Көктем
- Ал, балалар бүгінгі «Тапқыр достар» сайысымыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтады.
Қорытынды: Балалар біздің сайысымыз соңына жетті.
Жеңген топты әділқазы мүшесі марапаттайды.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров232
Номер материала ДВ-378216
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх