Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс іс -шара "Толағай" спорттық жарыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс іс -шара "Толағай" спорттық жарыс

библиотека
материалов

Тақырыбы:  «Толағай – отбасылық сайыс» ойыны.

 Мақсаты:          «Денсаулық» ұғымының адамгершлік  құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.   Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 

Көрнекі құралдар:  Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер,

шарлар спорт энвентарьлары.

  Өту барысы:

Жүргізуші:        Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының   бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош   келдіңіздер!

«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың ат салысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің мектебіміздің 1 «А» және 1 «Б» сынып балалары мен сүйікті ата- аналдар арасында өткелі тұр Алдарыңызда 1-ші сынып балалары денсаулық тақырыбына арнаған өлеңдерін   оқып береді. Қабыл алыңыздар!

Бекзат:              Жүйрік болса кім,

                               Күлімдейді күн.

                               Жарыста жүгір, алға ұш,

                               Қане, сапқа тұр.

                               Допты дәлдеп ұр,

                               Оң жақтан да, сол жақтан,

                               Бізде бар мол күш.

Айткүл:                                                       Басты байлық – денсаулық,

                                                                        Бабаң айтқан даналық.

                                                                        Ол үшін көп қозғалып,

                                                                        Таза ауа жұт көбірек.

Саят:                Спорт біздің досымыз,

                                Күш қайрат сыналған.

                                Спорт біздің досымыз,

                                Бала кезден шыңдалған.

 Құрметті қонақтар және ата-аналар,әріптестер бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.__________________________
2  __________________________
Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 5 баллдық жүйемен бағаланады
Жүргізуші:     

 Жарысқа қатысатындарды шақырамыз
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

                               Қатардан артта қалып қоймайық,

                               Белсенді болайық ортада,

                               Уақытты тектен-тек жоймайық!

                         Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

                               Күшімізді көрсетейік, сынайық!

                               Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

                                Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
«Толағай» әуенімен спортшыларымызды қарсы алу.

Құрметті сайыскерлер!Сіздерге сәт сапар!
Музыка «Толағай» әні
Олай болса ортаға

«_____________________» жанұясын

« ____________________»   жанұясын

«_____________________» жанұясын

« ____________________»  жанұясын ортаға шақырамыз.
Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.

Жүргізуші:  Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

                                             1. «Таныстыру» сайысы.

                                             2. «Бақша отырғыз» сайысы.

                                             3. «Қараңғылықта жол табу» сайысы.

                                             4. «Суды ыдысқа құй» сайысы.

                                             5. «Ыдыстағы ұн» сайысы.

                                             6. «Суретші» сайысы.  

                                             7. «Волейбол» сайысы

  1 – сайыс; «Таныстыру» Әр отбасы өздерін таныстырады.

   2- сайыс: «Бақша отырғыз» сайысы.

  1. Баласы обручты алып межелі жерге апарып қояды да тобына жүгіріп келеді, анасы колына корзинасын алып ішіндегі заттарды апарып обручка салады да тобына жүгіріп келеді, әкесі сол заттарды жүгіріп барып жинап келеді.

3- сайыс; «Қараңғылықта жол табу» сайысы

Топтың біреуінің көзін байлап қоямыз да ортаға жібереміз. Әр көзі байланған ойыншы өз тобын жинап алып шығу керек.

4- сайыс: «Суды ыдысқа құй» сайысы.

Жолға картон тасталады, соны басып өтіп ыдыстағы судан су алып келесі беттегі банкге әкеп құю керек.

 5- сайыс: «Ыдыстағы ұн» сайысы.

Әр топқа ыдыстағы ұн арасына жасырынған конфетті тауып алып таза тарелкаға тасып апару керек.

 6-сайыс:  «Суретші» сайысы.  

Әкесі жүгіріп барып үй салады. Анасы үйдің жанына ағаш салады, баласы күннің суретін салады. Қай ьоп тезірек салса сол топ суретін жогары көтеріп көрсету керек.

 7- сайыс:  «Волейбол» сайысы.

Шарды немесе допты жанұя құрамы қарама қарсы қарап тұрып бір біріне лақтыра отырып жылжу керек. Мәреге қай топ жетсе сол топ жеңімпаз атанады

Жүгізуші: Ал енді «Толағай» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық.  Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                                 (Берілген бағалар тыңдалынады)

Жүргізуші:              Ұрпақ керек ертеңгі алда,

                                     Болашақты болжайтын.

                                     Дені таза, тәні таза,

                                     Елін, жерін қорғайтын!

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

                                                          Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

                                                          Салауатты өмір салтын насихаттап,

                                                           Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

  Жүргізуші:  Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі –  салауаттылық. «Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып  сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын! Құрметті қонақтар бүгінгі сайыска алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін.


                                              

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт денген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші сайысымызда өз мәресіне келіп жетті. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескеше сау болыңыздар!



Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДБ-042015
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх