Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс - шара "Жол белгілері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс іс - шара "Жол белгілері"

библиотека
материалов

Жол белгілері, оны топтау

Мақсаты:

1) Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2)жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттігін түсіндіру;

3)жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп қатаң сақтауын қажет етеді.

Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.

Жүргізуші: Бүгінгі «Жол белгілері, оны топтау» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады. Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық.

Топтардың танысуы.

«Үлгілі жолаушылар» тобы

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Жас инспекторлар» тобы

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»

Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

1-топ «Ескерту белгісі»

Өзі қызыл, ұшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болсап, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі»

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі»

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі»

Баратын сапардың жарқынын, қашығын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

2-сайыс «Көше ережесін білесің бе?»

Сұрақтарға жауап беру

  1. Бағдаршам деген не?

  2. Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?

  3. Көлік күтетін жерді қалай атайды?

  4. Жүрісті реттеп тұратын адам кім?



  1. Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?

  2. Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?

  3. Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

  4. Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді?


3-сайыс «Жұмбақтар шешу»

  1. Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта, жүр» дейді.(Бағдаршам)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

  1. Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмен ол менің

Аяғымды жүргізді.(Велосипед)

  1. Үзенгісін тептім,

Зымырап кеттім.(велосипед)

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам.(Полиция қызметкері)

  1. Үш көзді батыр

Жолды аңдып жатыр.(Бағдаршам)

  1. Өзі тым күшті,

Аяғы тісті

Ілезде тындырар

Қыруар істі.(Трактор)

  1. Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді.(Машина)




Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров104
Номер материала ДБ-077662
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх