Инфоурок Начальные классы ВидеоурокиСыныптан тыс іс - шара жоспары "Қош бол сүйікті әліппем"

Сыныптан тыс іс - шара жоспары "Қош бол сүйікті әліппем"

Скачать материал

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сауат ашу барысындағы алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Өнерлерін тамашалау. Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық: оқушылардың іскерлік-дағдыларын дамыту, сөйлеу мәдениетін дамыту, ой-саналарының өскендігін көрсету.

Тәрбиелік: Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сөздер жазылған шарлар, слайд, суреттер мен плакаттар, көрініске қажет заттар.

Барысы:

Мұғалім: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Кеше ғана қыркүйек айы еді. Сіздер балаларыңызды біздің мектепке көңілдеріңізге үмітпен, сеніммен әкелдіңіздер. Ал біздер құшақ жая қарсы алдық. Арада өткен уақыт бойы біздер көп еңбектендік те, арасында біраз қиналдық та, жетістіктерімізге қуандық. Ал енді бүгін «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Соңғы жылдары елімізде білім саласында көптеген жаңалықтар мен өзгерістер, жаңа бағдарламалар еніп жатыр. Бірақ сонда да Әліппе оқулығы сауатымызды ашқан ең алғашқа алтын кітабымыз болып қала береді. Біз Әліппемен қоштасамыз. Бірақ әлі алда әлі көп қызықтар, білім қоры, шығармашылық күтіп тұр.  Сонымен, мерекемізді бастайық.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым,

Өзі оқып, жазатын хәлге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың!

Ата – ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады.

Барлық маман алдынан кім шығыпты,

Барлық маман мектептен басталады.

Нұрлы бүтін асқарлардан асқарға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын ниетпен құрметімізді көрсетіп,

1 сыныпты шақырамыз ортаға. 

 1- оқушы:Арайлым

Баршаңызға иіліп сәлем берем

Мен қызымын Иваттың Арайлым деген,

Оқуды да, жазуды да тез меңгердім,

42 әріпі жатқа білем!

2- оқушы: Анаргүл

Отбасының еркелеткен

Жарқыраған жұлдызымын,

Сабақты жақсы оқитын

Анаргүл деген  Бахытболдың қызымын.

3- оқушы: Мұхтар

Жақсы әдепті, жақсы істі,

Бойыма әркез теремін

Қиын-ау деп қайыспайтын

Ер мінезді Мұхтармын.

4- оқушы:Рамазан

Рамазан деген баламын,

Таудай биік талабым,

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

5- оқушы:Алтыннұр

Алтын  нұрынан жаралған

Ай мен күні анамның

Ақылдысы баланың

Кілең бестік сабағы

Алтыннұр  деген сұлуың

Мен боламын ағайын.

6-  оқушы: Сәкен

Жақсы оқитын

Мен үлгілі баламын

Азамат болып мен де өсіп толамын

Бассам деймін даналардың тек ізін

Мен Манарбек Сәкен боламын!

7-  оқушы:Аягөз

Мен де есті баламын

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанға барамын

Жақсы менің сабағым

Аягөз деген ару қыз

Мен боламын ағайын.

8-   оқушы:Айдын

Суретті шебер саламын,

Есепті тіпті шағамын,

Білімді де өнерлі,

Айдын атты баламын.

9-оқушы: Айкүміс

Жеңу үшін қиынды

Еңбегіңді аяма

Алдарыңда тұрған қыз

Халманқызы Айкүміспін.

10-оқушы: Қасым

Лаулатып сәби сезім ой алауын

Шаттық тілеп таңменен оянамын

Еркелеткен есті ұлы атамның

Мына мен  Риянбек Қасым боламын

11-оқушы:Ботагөз

Әліппені жатқа білем бүгінде

Өз бетіммен оқи алам ертегі

Танысыңыз, әдепті қыз Ботагөз

Мен боламын еліміздің ертеңі.

12-оқушы: Сабина

Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын,

Ата-анамның ақылдысы

Каким Сабинамын.

13-оқушы: Қажымұрат

Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған,

Боламын дейді үлгілі,

Қажымұрат атты бір балаң.

Аягөз:

Бойымызды қуаныш кернеп,

Баршаңызды, баршаңызды,

Бірінші сынып бірінші рет,

Мерекесіне шақырады!

Келесі кезекті 1 сыныптың әнші қызы Алтыннұрға берейік. Ән «Құлыншақ»

Қоңыр күзде, қоңыр қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1 - ші сынып бүлдіршіндері,бүгін, бір асудан асты. Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынды бейімделген бөбектер үшін, бүгін әліппені аяқтап, ана тілі оқулығын бастамақшы балалар. Ендеше біздің ең басты кейіпкеріміз әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе: - Құрмет көрсеткендеріне үлкен рахмет. Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге

келдім.

Мұғалім: Әліппе, бүгін ерекше кешіміздің қонағы өзіңсің. Ендеше балалардың тамаша

қызығын көріп отыра ғой.

Мұхтар:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Арайлым:

Қош бол құтты әліппем

Көп нәрсеге үйреттің

Тақылдатып сөйлеттің

Рамазан:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны әліппе

 

Сәкен:

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен!

Қасым:

Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын, затын түрін де

Бәріміз сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

Алтыннұр:

Әліппем, менің Әіппем,

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет

Ән: Қош бол,құтты Әліппем. Орындайтын 1 сыныптың ұлдары.

Мұғалім: Келесі кезекті  қызықты тапсырмаларға берелік.

1 тапсырма. Мақал мәтелдер сайысы. Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Жауабы: 1) Өнер алды қызыл тіл.2)Сөз асылы – тіл. 3) Оқу түбі  - тоқу.

 

2 тапсырма. Әріптер әлемі. Әріпті жұмбақтардың жауабын табу. Жауабы: ӘЛІППЕ

 

3 тапсырма.Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.

6 072

 

 

 

 

 

 

 


Мұғалім:

Тал шыбықтай бойына

Әдемі көйлек жарасар

Шақырайық ортаға

Біздің биші қыздарды!

Би:  Аягөз,Ботагөз

Мұғалім.

Ел басқарған ағам бар

Жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Әкем мен анам бар

Сондықтан да елімде

Біз бақытты балалар!

Бүгінде біз кез келген ертегіні оқи аламыз. Анамыздың, апамыздың, әкеміздің, ағамыздың маған мынаны оқып берші деп есін шығармаймыз.

Ән:  «Ертегілер»  Аягөз бен Ботагөздің орындауында.

Мұғалім: Біз қазақ алфавитіндегі 42 әріппен түгелдей таныстық. Ортаға әріптерді щақырайық!

Ал әріптер, шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кәне айтысты

Жібермейік намысты.

1-оқушы:Қажымұрат

«О» кәдімгі дөңгелек,

Кетпесін ол дөңгелеп

2-оқушы: Мұхтар

«Т» дегенің  - талап қой ,

Талаптанып оқи ғой.

3 – оқушы: Анаргүл

«А» дегенің – «Ана» ғой,

«Ана» деген дана ғой.

4-оқушы: Айдын

«Н» әрпінде екі тіреу,

Ортасында басқыш біреу.

Ботагөз

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды!

Көрініс: «Алдар көсенің сиқырлы шапаны» ертегісі.

       Мына сақылдаған аязда тоңбаса, түлкі  тоны  немесе  қасқыр ішігі бар адамының  ғана тоңбауы  мүмкін. Ал  Алдар көсе жарықтық  шұрық тесік жаман тонмен күн сайын  үсіп өле жаздайтын. Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тонды.аяқ – қолының жаны кетіп, бет – аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды.

Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада  түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді. Қанша тебіреніп, қанша қамшысын сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.Жаман ат – жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді, - деп ішінен сөйлеп келеді. Кенеттен алдынан бір аттылы  көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады. Жолаушылар жолығып, аман – саулық сұрасты. Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып,бүрсең – бүрсең етеді. Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.

-         Сен, немене, тонған жоқсын ба? – дейді бай.

Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз – қыз қайнап жүреді – дейді Алдар көсе.

Мүмкін емес! – дейді бай.

-         Немене, көрмей тұрсың ба?!

-         Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!

-         Мәселен сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді. Ал жылу өзімде қалады.

Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын – деп ойлады бай.

Шіркін мынаның ішігі қолыма бір түсірсем – деп армандайды Алдар көсе.

-         Ішігіңді маған сатсаңшы? – дейді бай .

Сатпаймын. Мен онсыз үсіп өлемін! – дейді Алдар.

-         Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы. Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды.  Бірақ екі көзі байдың түлкі ішегінде.

-         Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын  - деп қызықтырды бай.

-         Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атыңды берсең , ойланып көрер едім.

Қуанған бай бірден келісе кетеді. Ішігін шешіп асындағы атынан да береді. Алдар көсе байдың  ішігін киіп, байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі. Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес.  Астында  - ұшқыр ат, иығында жылы ішік. Кез келген үйден одан:

-         Мына керемет түлкі ішек пен жүйрік атты қайдан алдын ? – деп сұрайды.

-         Жетпіс жеті жыртығы бар , жетпіс сегіз жамауы бар  тонға айырбастап алдым. Жаман  тонға жақсы ішігін ,қыршаңқы атқа құстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп , ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе: Жолдың алыс – жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы – тұщысын тартқан біледі дейді. 

Әліппе: Рахмет балалар, мен сендерге шаттық, білім тілеймін! Мен енді сендерді жаңа достарыңмен таныстырайын. Ана тілін оқитын боласыңдар.Ал,енді мен сендермен қоштасамын .Қош болыңдар балалар.!

Сабақты жақсы оқыңдар.

5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер білім көп тоқып.

Өсе берсін санамыз

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме балалар!

 Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

- Ал балалар сендер ойын күлкілеріңді жалғастыра беріңдер. Ал мен үшінші тоқсан басталғанша демала тұрайын.

1– оқушы: Сабина

Ана тілім – елдігің,

Ана тілім- ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

2– оқушы: Айкүміс

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

Ән: «Әнші балапан»  1 сыныптың орындауында

Мұғалім: Ал енді балалар, Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Әлі білімнің біз жартысының жартысында ғанамыз. Сондықтан балалар біз сендерден үлкен үміт күтеміз. Мен сендерді жақсы оқиды деп сенемін. Енді сендер белсенділік танытып, өздеріңнің өнерлеріңді көрсетіп жүргендеріңді және сендерді үлкен биіктен ғана көргім келеді. Сендердің алдарында үлкен асулар тұр. Сол асулардан сүрінбей өтулеріне тілектеспін!

        Ертеңгілігімізді аяқтамас бұрын шағын ғана 1 сыныптың бейнеролигіне  кезекті берелік.

        Құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Степногор ауылының орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

BOOK1

 

 

Қош бол, сүйікті Әліппем!

                                                                                  

 

 

                                                                            Жүргізген: Тансыкбаева А.К.

                                                           Қатысқан: 1 сынып оқушылары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс - шара жоспары "Қош бол сүйікті әліппем""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 248 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 747
    • DOCX 4.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тансыкбаева Акбота Кыдырбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7746
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 610 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 377 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек