Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс шаралар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Сыныптан тыс іс шаралар

библиотека
материалов

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»

 

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

 

  1. «Арыз жазып кетейін».

 

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!    

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден,-деп жырлаған Мұқағали Мақатаев биыл 84 жасқа толып отыр. Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

 

2-оқушыі:”Менің анкетам"

 

1-жүргізуші:

Мұқағали - біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын.Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

2-жүргізуші: М.Мақатаев поэзиясы – мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ол поэзияның туған мекені – ақынның жан дүниесі.

 

1-жүргізуші: Мұқағали лирик ақын. Адам жанының, табиғат жүрегінің

жыршысы. өзі өскен Алатауын, Қарасазын сөздің барлық құдіретіне бөлеп-ақ кетті.

 

3-оқушы: «Қарасаз».

 

4-оқушы.„Туған жерім. "

 

5-оқушы.„Қара өлең."

 

 

6-оқушы:”Үш бақытым"                                                                                                                                              

Көрініс «Мұқағали мен Нұрқасым»

 

Мұқағали: Осы мен ақынмын ба? Шыныңды айтшы, мен саған сенейін! Ел не

дейді?

Нұрқасым: Сіз - өте жақсы ақынсыз. Ел де солай дейді.

Мұқағали: Өтірік.

Нұрқасым: Сенбесеңіз өзіңіз біліңіз! Халық жақсы ақын дейді, жақсы көреді,

бірақ...

Мұқағали: Ақымақ бала, «жақсы ақын» дейсің, ә?! Жо-жоқ, мен жақсы ақын

емеспін, сұмдық ақынмын! Білем сенің де ақыл айтқың келіп тұр.

Нұрқасым: Жоқ, Мұқа, олай ойламаңыз. Мен әншейін.

Мұқағали: Түсінем, түсінем, бәрін де түсінем. Маған сенің жаның ашиды.

Олай емес! Мен өз құнымды өтедім. Енді өлуім керек! Осы мен өлетін уағымнан өткен сияқтымын?! Рас, мен енді өлмеймін.

                        «Жақындықты сеземін –

                        Жерден де аспаннан,

                        Жылулық сезінем –

                        Мұздардан, тастардан.

                        Өмірім сірә да,

                        Арыдан басталған,

                        Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                        Осы мен

                        Өлмеймін, өлмейтін шығармын

                        Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрармын»

 

2-жүргізуші: деген жолдарды оқығанда, анау сөздерді біз сияқты пенделерді

«не дер екен» деп, сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады. Өйткені бүгінде «сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз. Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек.

 

1-жүргізуші: Атақты Қазақ совет сыншысы Мұхаметжан Қаратаевтың 60-

жылдығына байланысты ҚазПи-де өткен кездесуде Мұқағали Мұхамеджан ағасына қарап қойып: «Ата, мына өлеңді мен сізге арнадым» - депті.

                                   Қарамай сақалыңа, шалдығыңа,

                                   Жарасып тұрушы еді қалжыңым да.

                                   Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,

                                   Ата,

                        Сен шынымен алжыдың ба? – деп «Сыбағам қайда» деген өлеңін оқи жөнеледі. Зал Мұқағалидың өктем даусына сілтідей тынады. Сол сәт ақын Мұхамеджан ағасының орнынан тұрып, кетіп бара жатқанын байқайды да: «Ата, бұл өлеңді мен сізге арнаған жоқпын! – деп, ары қарай оқи береді.

                        Мен сені сыйламасам, түсінбесем,

                        Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен

                        О, менің пайғамбарым!

                        Сен болмасаң

                        Тірі пенде алдында кешірмес ем.

                        Ат басы алтын берсе табылмаған,

                        Еншім бар менің сенде алынбаған!

                        Қобызың емес пе едім қолыңдағы,

                        Ұмыттың неге мені жаным – бабам?

                        Қатыбас өмірден мен пайда алмадым,

                        Жаныммен жазған жырым-жайған малым.

                        Қылышың емес пе едім қынаптағы

                        Жоғалттың неге мені пайғамбарым?!

                        Ат басы алтын берсе табылмаған,

                        Сыбағам қайда менің алынбаған?

                        Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,

                        Ұшында сақалыңның дамылдаған?!

2-жүргізуші: Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт жоқ.Ол өлең болып өмір сүрді де, өлең болып жатып үзіліп кетті. Өлеңнің соңғы жолын жазуға көңіл құдіреті жеткенімен қолының әлі келмей әлсіреп барып көз жұмды.

 

1-жүргізуші: Жазушы баспасының ұжымы қайта құру және демократия

талаптарын ескере отырып, республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.

            Тұңғыш белгіленіп отырған «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.

 

 2-жіргізуші: Әсем Мұхамеджанова өзінің ”Жырының жалғасы бар"  атты,Т өлеңін оқиды. 

                       Қасиетті Қарасаз туған жерің,

                       Киелі топырағында өстің-өндің!

                       Бабамыз Райымбектей ерді берсе,

                       Поэзияға Мұқағалидай ақын бердің!

                       ”Қайран, Қарасазым-ай,"-деп жырладың

                       Өлеңмен шығып еді сан мұңдарың!

                       Ән мен жырың халқыңды бас идірткен

                        Құйғытқан құлагері қара сөздің!

                        Тау ұлысың, тауға қарап өсіп ең,

                         Жырларыңды жүрегіңмен жазып кең !

                        Жыры болып халқың үшін туғансың,

                        Жыр тетігін ағытып бір кетуші ең!

                        Бүгін сенің туған күнің, бір тойың,

                        Жеткізе алсам өз ойымды өлеңмен.

                        Өлең, жыр боп өмір сүрдің жан аға,

                        Өлең болып өттің мына өмірден!    

2-жүргізуші: Жанар Тұқанова өзінің ”Мұқағали атаға" атты өлеңін оқиды.

 

1-жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

                           Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                           Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

                           Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

деп сонау еленбей жүрген ерте кезінің өзінде ілгері ұлы ақындарша дөп басып дәл болжап өзінің айтқанындай Мұқағалимен бірге жүрген, көріп-білгендердің ішінде құлаш-құлаш еселеп естеліктер жазбағаны кемде-кем.

Естеліктерден үзінділер.

 

Нағиман Батанқызы(Ақынның анасы)

 

Қырық бес жасында қыршын кеткен оның күллі қазақтың баласы боларын,ардақты ақыны атанарын,құдай ақы,туған шешесі мен де,өмірлік жары да,туған бауырлары да білгеміз жоқ.Көпшілік ел де кезінде білмеген шығар...Енді қарап отырсам,тыңдап отырсам,Мұқағалиымды аспанға көтеріп,өзі өлген соң еліне танытқан құдайдың берген таланты,өлеңінің қуаты шығар.Бұған да тәубе.Өзі тіршілігінде көрмеген құрмет пен қошаметті артында қалған біз-отбасы,жары мен балалары,бауырлары болып көріп жатырмыз.Қайсыбірін айтайын.Алатаудай айбарлымды ойласам,өзегім от болып жанады...

 

Лашын Әзімжанова(Ақынның зайыбы)

 

Мұқағалидың тілі бай,халық тілі еді ғой.

Ол халқын қалай сүйсе,халық та оны солай сүйді.Оған-жырларына жазылып жатқан белгілі композиторлардың да,әуесқой композиторлардың да әсем әндері,қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері,суретшілердің жасап жатқан бірінен-бірі өтетін Мұқағали портреттері,тағы басқа да дүниелері бәрі-бәрі куә.Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек.Лауреаттықты „жоғарғы топ," мықты ағалары қимаса да,ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп,әлдеқашан шын бағасын,зор құрметін беріп те қойған.Мұқаң халқына піріндей сенді.

 

Фариза Оңғарсынова

 

Мұқағали-біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс.

Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып,дөп басып,тани алмасақ,бұл-өнердегі заңдылық.

Ол-әсіре қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес,жақындаған сайын алыстап,жақындаған сайын жан дүниеңді сан күйге бөлеп жүрек лүпілімен сезім құдіретінен құйылған қанық бояуымен құпиялана түседі.

         Поэзияның әрі таймас сұлулығы да,барған сайын ынтызарыңды құрта түсетін құдіреті де осы болуы керек.

          

         Нұрғиса Тілендиев

       

  1975-жылдың күзі.Ол кезде Мұқағали еш жерде жұмыс істемей,үйде шығарма жазып жатқан.Неге екенін қайдам,інімді арнайы іздедім.

       Ақыры таптым.Екеуара кең-мол әңгімелескен соң мен оған аға ретінде қолқа салдым:

       -Мұқаш батыр!Мен сенің өлеңдеріңнің қуаттылығын енді ғана толық түсініп, енді ғана танығандаймын.Әр сөзің халыққа жақын әрі ұғынықты,қарапайым.Ендеше неге өз халқың аузынан тастамай айтып жүретін әнге айналдырмасқа оны? Бұған қалай қарайсың.

         Мен бұрын-соңды әннің сөзін жазған ақын емес едім,аға...Осының өзі қалай болар екен...

    Ол әжептәуір ойланып қалды.Мен қайталап қолқа салдым.Бұл жолы қарсылық көрсеткен жоқ.Тек ауыр күрсінді.Сонда не ойлады екен?     

    Бұл күнде иісі қазақ аса жоғары бағалап, құрметпен айтатын„Сарыжайлау,"„Сәлем берем Жетісуға,"Сөнбейді,әже,шырағың,"

Есіңе мені алғайсың",„Болмасын соғыс,болмасын,"„Кел еркем,Алатауыма,"

Домбыра-досым "және басқа да көптеген әндер әрі жедел әрі сәтті туған дүниелер еді.

 

1-жүргізуші.

                      Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұхаң.

Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер.Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме,өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге-көктен түскен жасындай боп, күткендерге-мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 

                          

2-жүргізуші: Ертең- сенің туған күнің,о, пәлі-ай!

                       Мына дүние қалай тұрсын тойламай!?

                       Өлмесіңді біле тұра мәңгілік

                        Бұл өмірді қиып кеттің сен қалай!?

                        Туған күнді тойламай қынжылып ең,

                        Сыр бермей ешбір жанға тік жүріп ең.

                        Мерейтойды өткізді бүкіл қазақ,

                        Күні-түні дүрлігіп мың-мыңымен!     

Мұқағали ақынның жырлары – тіршілік тамырындай мәңгі жырлар. Жүрегі бар адамның сезімін селт еткізетіндей жырлары болашақ ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров144
Номер материала ДБ-046107
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх