Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сыныптан тыс іс-шара "Қызықты математика" (5, 7 сыныптар)

Сыныптан тыс іс-шара "Қызықты математика" (5, 7 сыныптар)


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m66c47cf5.gifhello_html_497866b0.gifhello_html_m66c47cf5.gifhello_html_m66c47cf5.gifhello_html_2802641d.gifСыныбы: 5А, 5Ә, 7Ә сыныптар

Сайыстың тақырыбы: «Қызықты математика»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау, ұжымшылдық қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелер, нақыл сөздер, бағалау парағы.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі “Қызықты математика” атты 5А, 5Ә, 7Ә cыныптар арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Білім күшімізді сынау үшін «Қызықты математика» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық. Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыстың өту барысы:

1-кезең. “Бәйге”. Бұл кезеңде әр топ сұрақтарға жауап береді.

2-кезең. «Математикалық хоккей». Топ ойыншылары жеке-жеке тақтаға есеп шығарады.

3-кезең. “Жалғасын тап!”. Сандарға байланысты мақал-мәтелдердің жалғастыру.

4-кезең. “Сандық ребустар”

5-кезең. “Жорға”. Математикалық жұмбақтар шешу.

6-кезең: “Теңге алу”. Адасқан әріптерді табу.

7-кезең. Қатесін тап! Қысқаша көбейту формулаларының қатесін табу.


1-кезең. “Бәйге”

І топқа:

1. Жарты түзу? (сәуле) 2. Үш сызықтан пайда болған фигура ? (үшбұрыш) 3. Шеңбер сызуға арналған құрал? (Циркуль) 4. 1/10 санының кері саны ? (10) 5. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (сүйір)

6. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді (радиус)
7. Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең сан? (өзара жай сан)
8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
9. Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
10. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
11. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
12. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
13. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

14. Тақ цифрларды ата. /1, 3, 5, 7, 9/

15. Бір жазықтықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)

ІІ топқа:
1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

2. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (квадрат)
3. Бұрышты өлшейтін құрал... (транспортир)
4. 640 саны 5 –ке бөліне ме? (иә)
5. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)
6. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
7. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
8. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
9. ОУ осі қалай аталады? (ордината)

10. 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін сандар? (жай сандар)

11. Шеңбердің радиусы 6см. Диаметрі қанша? /12см/
12. Жұп цифрларды ата.
13. Ең үлкен екі таңбалы сан? /99/
14. 1 сағатта қанша минут  бар? /60 минут/

15. Тік бұрыштан үлкен бұрыш /доғал бұрыш/              

2 – кезең. Математикалық хоккей.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.

(43*19-26928 : 33)*(16112 : 53 — 304)

3 – кезең. Жалғасын тап! (Санға байланысты мақал-мәтелдер жалғастыру)

1. Жеті жұрттың тілін біл,... (7 түрлі білім біл)

2. Білекті 1-ді жығар,... (Білімді 1000-ды жығар)

3. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына) 

4. 100 сомың болғанша,... (100 досың болсын)

5. 30 тістен шыққан сөз,.. (30 елге тарайды)

6. 1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)

7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 

8. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)

9. Жерді 2 рет жыртқан,... (өнімді 2 есе алады)

10. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)


4 – кезең. Сандық ребустар

І топ:

50*8* 50481

+ +

**6*7 79617

130098 130098


ІІ топ:

*7**5 37085

+ +

8092* 80924

11*009 117009


Сергіту сәті: Кім жылдам? (сандар дайындау)
Екі топтың мүшелеріне цифрлар ілінеді. Санды оқыған кезде екі топ мүшелері өзіне ілінген цифр бойынша жылдам орнын тауып тұруы тиіс: 123450, 134205, 104253, 425301, 254013, 531420, 243051, 352014

  1. кезең. Жорға. /Жұмбақтар шешу/


1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш – линейка – ruler)


2. Нәрселерді санауға

Керек сан өзі негізгі

Басы бар да, шеті жоқ

Таң қалдырады ол бізді. (Натурал сан)


3. Сан ол сызықпенен бөлінген

Үсті алым, асты бөлім деп аталып,

Әсем түрде керілген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас деп

Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/


4. Нүктеден, екі сәуледен

Фигура ол құралды.

Айтыңдаршы канеки

Қалай ғана аталды (бұрыш)


5. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым. (шеңбер – окружность – circle)


6. Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шыққан тегін білсе де. (түзу – прямая – line)


7. Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады. (циркуль – циркуль – сircle)


8. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар – цифры – figure)


9. Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (Дәреже-степень-degree)



6 - кезең. “Теңге алу”. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 2 ұпай беріледі. Адасқан әріптерді орнына қою.

АНС САН

ЗҮУТ ТҮЗУ

УБК КУБ

ЛЕСУӘ СӘУЛЕ

ҰРШЫБ БҰРЫШ

ӨЛКЕШБ БӨЛШЕК

КИРЬЛУЦ ЦИРКУЛЬ

ЦИПОРЯРОП ПРОПОРЦИЯ

ЕШБЕҢР ШЕҢБЕР

ӘРЕДЕЖ ДӘРЕЖЕ

СШТАБМ МАСШТАБ

7 – кезең. «Қатесін тап!» /Топ басшылары жіберілген қателерді тауып, дұрыстап жазып көрсету қажет/

1. hello_html_m41324385.gif
2. hello_html_m7fca62c9.gif
3. hello_html_b89dc28.gif
4. hello_html_m78801f9d.gif
5. hello_html_203cd844.gif
6. hello_html_91ae67c.gif
7. hello_html_m5cf62670.gif


Логикалық сұрақтар:

1.555555 саны 3 пен 5-ке бөлінеді ме?

Шешімі: бөлінеді, себебі: 1)5-ке аяқталады – 5-ке бөлінеді, 2)цифрларының қосындысы 3-ке бөлінеді – 3-ке бөлінеді.

2. Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?

Жауабы: (6) 3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде өрік па?

Жауабы: (алмұрт)

4. Екі санның қосындысы 495-ке тең. Сандардың біреуі нөлмен аяқталады. Егер осы нөлді сызып тастаса, онда екінші сан шығады. Осы сандарды тап. Жауабы: (450, 45)


5. Інісінің 14 асығы быр,ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінде неше асық бар?

Жауабы: (33)

6. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?

Жауабы: (Бос ыдыстан)

7. Үстелде 3 стакан сүт бар. Сен бір стакан сүтті ішіп қойдын. Үстелде неше стакан қалды? (3)

8. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)

9. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)

10. Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Қанша торғай қалды? (1)

11. 5 мышық 5 тышқанды 5 минутта жесе, 1 мысық 1 тышқанды неше минутта жиді? (5 минут)



Бағалау парағы

Әділ қазының аты-жөні: ..................................................................................

Р/с

Сайыс кезеңдері

............... топ

.............. топ

1


 

 

2


 

 

3


 

 

4


 

 

5


 

 

6


 

 

7


 

 

 

Қорытынды ұпай

 

 




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров179
Номер материала ДВ-484116
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх