Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Күш білімде"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс іс-шара "Күш білімде"

библиотека
материалов

hello_html_m3c0ae739.gif

Сабақтың мақсаты: білімге деген құштарлығын арттыру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!«Күш білімде» атты сайысымызға қош келдіңіздер.Бұл сайыста оқушылар өз білімдерін сынамақ. Ендеше ойын шартымен таныстырайын. Ойынға 2-4 сынып оқушыларынан тұратын 2 топ қатысады. Ойын 4 турдан тұрады:


І тур. Блиц турнир(сұрақ-жауап). Қазақ тілі, ана тілі, математика және дүниетану пәндерінен сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

І топ.

Сөз таптарын ата.

Қосымша нешеге бөлінеді?

1 жылда неше ай бар?

11 түйе, 5 жылқы

2 сиыр, 2 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң, бұл күлкі?

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?

Абылайдың шын аты?

Тұңғыш ғарышкер

3 жұртты ата.


ІІ топ.

Қазақ тіліндегі септіктерді ата

Жалғау нешеге бөлінеді?

1 ғасырда неше жыл?

Маратта 11 кітап,

Саматта 5 кітап,

Арманда 7 кітап

Қоссақ осыны бәрі

Неше болады шешуі?

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?

Абайдың шын аты?

Қазақтың тұңғыш ғарышкері

Анаңның туыстары саған кім болады?


ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Тест тапсырмалары:

  1. Елді кім басқарады?

А. Парламент Ә. Президент Б. Премьер-министр

2. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

А. Еуразия Ә. Африка Б. Австралия

3. Бір-бірімен туыстық қатынастағы адамдарды қалай атайды?

А. Көршілер Ә. Достар Б. Туысқандар

4. Биіктігі 97 метр болатын бас қаланың символы

А. Хан шатыр Ә. Қазақ елі Б. Бәйтерек

5. Медеу мұз айдыны Қазақстанның қай қаласында?

А. Астанада Ә. Алматыда Б. Көкшетауда


ІІІ тур. «Таңдау-табыс». Мұнда әр командаға 10-нан 30-ға дейінгі сандар берілген.

Әр топ рет-ретімен кез келген санды таңдайды. Ол санның артында сұрақ жасырылған. Егер дұрыс жауап берсе, тобына сонша ұпай қосылады.

10 ұпай

1. «Алтын адам» қайдан табылды?

2. Қазақстан жер көлемі жағынан нешінші орында?

20 ұпай

1. Қазақстандағы қорықтарды ата.

2. Қазақстан шектесетін мемлекеттерді ата.

30 ұпай

  1. 2009 жылы 20 қазанда, Елордамыз Астанада Қазақстанның мемлекеттілігінің басты бейнесі ретінде ерекше монумент тарихқа енді. Авторы – еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев. Бұл-ғасырдан ғасырға, атадан балаға кететін айрықша тарихи рәміз. Монументтің биіктігі 91 метр. Монумент қалай аталады?

  2. Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері айналып жүреді. Олар өздеріне жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан. Бұл денелер қалай аталады?


Енді біздің ең қызықты соңғы тур «Сыйлықтар аукционы». Бұл турда тақтада сыйлықтар жасырылған және сонымен қатар мұнда оқу құралдарына байланысты жұмбақтар жасырылған, сол жұмбақтардың жауабын үш тілде тауып, сыйлықты өзіне алу және топқа ұпай әкелу.

Жұмбақтар:

1.Тілі бар, үні жоқ

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ

Сөйлеп тұрған ішінен.

2. Он екі парақ

Он екі қанат

Жауабы әсем-ақ

Сызылған тақталап.

3. Өшірді сүртті

Өзгені құртты

Өзін де құртты.

4. Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр-шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді.

5. Жоқ өзінде бас та

Қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

6. Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді

Дегенменен тұмсығынан өледі.

7.Басы да екеу, аяғы да екеу.

8. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

9. Ата тегі ағаштан болды

Ақылын тауып, әсем жанды

Теңіз беті шимайланды

Бірақ ойым симай қалды.

10. Көзге танытқан

Сөзді дамытқан

Ойды кеңейткен

Озықтарға теңейткен.

Қорытынды: Сайыс қорытындысын шығарылып, жеңген топты құттықтау.

«Білімнің кілті қолыңда,

Сәттілік болсын жолыңда!» демекші білім әлемінің биігіне самғаған қанаттарын ешқашан талмасын.
















Елтай орта мектебі













/«Білімді мыңды жығар» атты бастауыш сынып апталығына орай өткізілген іс-шара/











Өткізген: Бралина А. К.












2015-2016 оқу жылы

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-565375
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх