Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Ұлылардың ұлысы - Абай"

Сыныптан тыс іс-шара "Ұлылардың ұлысы - Абай"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Маликова Шолпан Сагындыковна

«Ұлылардың ұлысы-Абай" әдеби-музыкалық кеш
Мақсаты:


  1. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.

  2. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

  3. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

  4. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
    Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

    Абай туралы қанатты сөздер:

    Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышп

  5. ан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.

    Шәкәрім
    Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
    Ахмет Байтұрсынұлы

    Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
    Мұхтар Әуезов

    Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
    Ғабит Мүсірепов

    Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдеcсіз құбылыс.
    Қайсын Кулиев

    Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
    Шыңғыс Айтматов

    Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
    Нұрсұлтан Назарбаев



Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады.

Атасы – , немересі –

-Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет.

Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды «Абай атам», «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.

-Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға қосымша ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой
!(Ертіп алып, шығып кетеді).


1-жүргізуші::
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған "Ұлылардың ұлысы-Абай" атты әдеби-музыкалық кешке қош келдіңіздер!

2-ж:

Абайтуған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.


1-ж:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
2-жүргізуші:
- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, дала тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

1-жүргізуші :
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз. Абайдың суретін көрген ол:

2- жүргізуші:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? –
деп айтқан екен. (слайд көрсетіледі)

1-жүргізуші:
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.

2- жүргізуші:
«Айттым, сәлем, Қаламқас» әні, орындаушы хор.

1-жүргізуші :
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2-жүргізуші :
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

(Сахнаға Абай шығады):

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...


2-жүргізуші :
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

1 - жүргізуші :
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар аударалық(бейнежазба материалы – 2 - 3 минут)


Абай кім?(бейнеролик) қонақтармен диалог.

1 – жүргізуші:
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!

  Абайдың өмірі мен  шығармашылығына  байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13..Абай кімге ғашық болды? (Тоғжанға)

14. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

1-жүргізуші:
- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.


Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

4 – оқушы. Абайдың шын аты – Ибрагим.
Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай атанып кеткен.


6 - оқушы: Абай өлең шығаруды бала кезінде - ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

7 - оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»; 45 қара сөзі, өлеңдері бар.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.


1 - жүргізуші :
- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

Оқушылардың орындауында Абай өлеңдерін жатқа тыңдасақ.


2-жүргізуші:
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен...
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқушы оқушыларға берейік:

«Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба...», «Әсемпаз болма әрнеге..»


2- жүргізуші :
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
демекші, келесі кезең «Әннің де естісі бар, есері бар», – деп аталады.


1-жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.

Ән « Желсіз түнде жарық ай»



Абай әнін орындаушы хор: «Көзімнің қарасы».


1-жүргізуші :
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылманы. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.

2- жүргізуші:
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров479
Номер материала ДВ-437761
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх