Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Конспекты / Сыныптан тыс іс-шара Математика – ғылымдардың патшасы.

Сыныптан тыс іс-шара Математика – ғылымдардың патшасы.


  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика пәні мұғалімі Ибекеева Сания Елемесовна


Сабақтың тақырыбы: Математика – ғылымдардың патшасы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын, әр пән бойынша алған білімдерін қорытындылауға , тәлім-тәрбиесін танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру.

  2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, алған білімдерін дамыту. Оларды білімді, озық ойлы тұлға болуға тәрбиелеу.

  3. Оларды білімді, озық ойлы тұлға болуға тәрбиелеу.

1-бастаушы: Армысыздар осында жиналғандар!

Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.

Рұқсат берсе біздерге көрермендер ,

Кешімізді басталық қатысушылар.


2-бастаушы: Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас,

Өмірдегі құбылыстарды ол болмаса біле алмас,

«Бекзадасы, әрі қызметшісі» бәрінің

Математикамен жоқ ешкімде талас.

«Математика» туралы ән.

1-бастаушы: Математикаң жүр тағы әдебінде,

«Санасызбен санаспа» - дейді өмірде

Қарасаңыз абайлап жан-жағыңа,

Сандар жүр тәлім беріп адамдарға.

Әдеп және математика

1. «Сенің ақылың сансыз түк те бітіре алмайды»

(Н.Кузанский)

2. «Адам деген бөлшек, оның алымы-басқалармен салыстырғандағы адамның жақсы жағы, бөлімі – адамның өзін-өзі бағалауы. Өзінің жақсы жағын артыру адамның еркінде емес, бірақ әрбір адам өзі туралы пікірін кеміте алады, сөйтіп осы кеміту арқылы кемелдікке жақындай түседі» (Л.Толстой)

3. Адам баласының мінезі де төрт түрлі: маңғаз, мазасыз, ұшқалақ, басалды.

Жанама: екі жаққа қарай қол ұстасып теңселе отырып төмендегі өлең жолын айтады:

Есеп беріп жүр өз-өзіңе әрдайым,

Сан дегенің өз алдына бір жиын.

2-бастаушы:

Поэзия және математика

  1. Математика өлеңнің структурасы мен құрылымын, поэзия заңдылығын тануда да үлкен роль атқарады. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын атақты математик Колмогоров басқарды. «Пушкин тілінің сөздігін» жасау арқылы ол ұлы ақынның өзі жазған шығармаларында 22000-ға жуық әр түрлі сөздер пайдаланғанын тапты. Соның ішінде 16000 –ға жуық сөздері Пушкин бір-бір реттен қолданыпты. Міне, бұл – ақынның тілі мен оның сөздік қорының қаншалықты бай екендігін тамаша айғағы.

  2. Абайды барша қазақ ғұлама дейді,

Өлеңіндегі сандар сырын зерделейді.

Бес асыл мен бес дұшпанды білгендердің,

Өмірде тасы өрге деңгелейді.

  1. Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ.

Еріншек, бекер мал шашпақ,

Бес дұшпанын білсеңіз.

Талап , еңбек , терең ой,

Қанағат рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз.

  1. Адамның адамшылық қасиеттерін,

Көркем сөзбен зерделеп берген бізге.

Абайдан тікелей дәрістенген,

Сөз кезегі келгендейін Шәкәрімге.

  1. Адамның айуаннан айласы мол,

Кит етсе қиянатқа салады қол.

Хормен:

Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек,

Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.

(Ш.Құдайбердиев)

  1. Абайдың шәкірті Шәкәрімді әркім білер,

Бағалаған Шәкәрімді көркем геометрлер.

Пашының аксиомасын көркем сөзбен,

Жұмбақтап сол ақының бізге берер.

  1. Паш аксиомасы: Егер үшбұрыштың ешбір төбесі арқылы өтпейтін түзу оның бір қабырғасын қиса, одан сол түзуге қалған екі қабырғаның бірін ғана қияды.

(Оқушылар қолына сызбаны ұстап тұрады)

  1. Шәкәрім жұмбағы

Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла,

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда.

Бір сипатын ортадан кесіп алсам,

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным,

Үшеу болып жатады басқа жайда.

Шешуі:

Шешуін көрініс ретінде бір оқушы қолына қайшы мен қағазды ұстап тұрып (қиып) көрермендерге кесіп көрсетеді.

Бір қағазды қи-дағы үшбұрыштап,

Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап,

Қалған қағаз болады төрт бұрышты,

Үшбұрышты қиығын тұрсаң ұстап.

1-бастаушы:

Үңілейік халқымыздың тарихына,

Нәубеттен қырылды қазақ жапырыла.

Статистикалық мәліметер бойынша,

Шағын саны жазылды диаграммада.

Тарих және математика

Осы жерде бағанды диаграмма бойынша жазылған 1932 жылғы аштықтан қырылған қазақ халқының саны көрсетіледі.

2-бастаушы: Химия, биология және математика

Менделеев кестесін кім білмейді,

Әрбір затты санменен нөмірлейді.

Химия, биологияға үңілсеңіз,

Құбылыстарды санменен өрнектейді.

Көрініс:

Әкесіне баласы өзінің бөлесіне үйленетіндігі жөнінде хабарлайды. Әкесі бұған қарсы екендігін білдіреді. Сосын бір оқушы баланың әкесінің дұрыс жасап тұрғанын биологиялық тұрғыдан төмендегі мәліметтер бойынша түсініктеме бере кетеді.


  1. Бір адам орта есеппен 70 жыл өмір сүреді. Ал қазақтағы қаны бір туыстардың жеті атаға дейін үйленуіне (қыз алысуына) болмайтыны туралы жазылмаған заңға сүйенсек, әр ата 70 жылдан өмір сүргенде – 7 атаға дейін 490 жыл (70Х70=490) уақыт өтеді екен. Бұл дегеніміз бес ғасыр, жарты дәуір.

Осы 500 жылдың ішінде қанның тазаланатыны сондай, оның құрамында бастағы генетикалық-туыстық белгілерден ештеңе қалмауы , қалса де жекелеген ерекшеліктері ғана сақталуы мүмкін.


1-бастаушы: Дін және математика


  1. Діни тұрғыдан: Сандық соқыр сенімдердің ішінде әлі күнге дейін санада арылмай келе жатқан ескі наным 13 санымен байланысты. Бұл діни сәулегей әсіресе , бігінгі капиталистік елдерде кең тараған. Мысалы, бірқатар капиталистік елдерде үйлерді , жатаханалардағы және қонақ үйлердегі бөлмелерді , жолаушы кемелеріндегі каюталарды, кинотеатрлардағы орындықтарды нөмірлегенде 13 санын қолданылмайды. Лондонда және басқа ірі қалаларда «13» санымен нөмірленген үйді кездестіру өте қиын . 13-үйді олар «12 а» санымен белгілейді. Стол басында 13 адам жиналса, ол діншіл адамдар үшін өтеқорқынышты болып көрінеді. Олардың нанымында , әлі адамдардың біреуіне үлкен бақытсыздық немесе өлім қаупі туады-мыс.

  2. Математикалық тұрғыдан: Жоғарыда айтқанымыздай кейбір кісілер өздерінің маңызды істерін айдың 13-і күні бастамайды. Өйткені бастаған ісіміз сәтті болмайды, оңға баспайды деп қорқады. Бұл – қате түсінік, бекер қорқып 13 санда ешқандай да киелі қасиеттің жоқ екендігін ғылым да өмірдің өзі де толық раста отыр. Тіпті , 13 санының сәтті бақыт күні болғанына да көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, А.Николаев пен П. Поповичтің космосқа ұшуы 13 (дүйсенбі) күні басталды. Және ұшу космонавтар үшін өте сәтті өтті. Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов өзінің тұңғыш рет жауға соққы берген ұщуын 13- нөмірлі ұшақпен бастаған.

2-бастаушы:

Би «Графиктер» биі.

1-бастаушы: Музыка және математика

Ұнатпайды математиканы музыканттар,

Аты естілсе өзінше қарар қыран .

Рояльдің клавишін басқан кезде ,

Сезер ме екен логарифммен ойнағанын.

  1. Рояль клавиштерінің нөмірлері сәйкес дыбыстардың тербеліс заңдарына негізі 2 болатын логарифмдері болып табылады.

Әр оқушы қолдарына гитара, домбыра ұстап шығады да кезекпен бір-бір ойнап шығады.


  1. Атақты грек математигі Пифагор музыка теориясымен айналысты. Ол дыбыс үнінің көтеріңкілігі, төмендігі, ішектің ұзын қысқалығына байланысты екенін ашты.

Музыканың көптеген мәселелеріне сандық қатынастар арқылы жауап берді, яғни әр түрлі керілген ішектің дыбысы оның ұзындығына және керілу шамасына тығыз тәуелді болатынын математикалық жолмен есептеп тапқан.

Ән:

2-бастаушы: Геология, география және математика

Жер байлығын зерттейді геологтар,

Жүр осында теориясы ықтималдықтар.

Қазақстан картасын сызған кезде

Масштабы пайдаланар картографтар.

Бірнеше оқушылар қолына пайдалы қазбаларды қолдарына ұстап шығады. Қазақстанның картасы итерактивті тақтада тұрады.


1-бастаушы:

Физика және математика

Сахнада қуаттылығы әр түрлі лампалар орналастырылады және ток көзіне қосылулы тұрады.


Электр шамдарының жарық шығаруының әр түрлілігі, ондық логарифм бойынша есептелетін қыздыру қылдарының абсолюттік температурасына байланысты.


2-бастаушы:

Астрономия және математика


Болжап берер бәрін де,

Жұлдызшылар өмірде.

Есеп жоқ деп бұл өмірде ,

Ойламайды ешкімде.


1-бастаушы:

hello_html_m36339824.pnghello_html_225330d7.png hello_html_1d1ecaf1.png

Даналық мұрасы – математика мұрасы


Өмірдің өзі біздермен санасады,

Кімдердің бар онымен таласары.

Математика заңдылығын пайдаланып,

Сырласар сіздермен халық даналығы.


Осы жерде бірнеше оқушы халық педагогикасының математикамен байланысы бар элементтерінен шағын эпизодтар көрсетеді. Олар «Жыл қайырғыш» құралы арқылы кісінің туған жылын тауып беру, «қазақша құмалақпен қой санау», төр адамға қойды бөліп беру арқылы ширек ұғымының сирақтан шыққандығын білдіретін плакатқа салынған тушаның суретін қайшыны пайдаланып 4-ке бөліп көрсетеді.

Соңынан бір оқушы математикалық тұрғыдан түсініктеме бере кетеді.


Жарнама: Өзіңе есеп бергенің, саулыққа ие болғаның.


2-бастаушы:

Медицина және математика

«Жаны саудың – тәні сау» дейді халық,

Жүр әркез спортпен шұғылданып.

Математиканың жүрмейтін жері жоқ қой,

Келіп қалды медицина кезек алып.

Көрініс:

3 оқушы қатысады, біреуі ауру болып тісін таңып алады, қалған екеуі ақ халат киеді. Компьютерлік машинканың бетіне жүрек соғысының мөлшерін білдіретін график ілінеді.

Көрініс барысы төмендегідей.

  • Кіруге бола ма?

  • Кіріңіз.

  • Не болып қалды?

  • Тісім қақсап ұйқы бермейді, соларды жұлдыртайын деп едім.

  • Алдымен жүрегіңнің соғысын компьютер бойынша анықтап алайық. А, жүрек соғысын графикке қарап отырсам жаман емес екен, тістеріңді жұла беруге болады. Сен осы балақай математикадан қалай оқисың?

  • Орташа, жақсы әр қалай оқимын ағай?

  • Ендеше мына сұраққа жауап беріп көрші. Қазір тістеріңді жұлсам, сосын бірер күннен кейін жұлынған тістеріңніңорнына алтыннан тіс салып берсем олар қандай санмен өрнектеледі а?

  • Ой ағай тергемей жұлсаңызшы, жұлынған тістерім теріс санмен, алтыннан салдыртқан тістерім оң санмен өрнектеледі.



Екі жақтан алты оқушыдан паравозша тіркеліп музыка ырғағымен теңселіп келіп жарты шеңбер бойымен тұра қалып, күн бейнесінде жасалынған, ортасында математика деген сөз жазылған, ал сәулелеріне әр пәннің аты жазылған эмблемаларын жаза қалып, төмендегі ән әуенімен айтып кешті аяқтайды.

Ән: «Сандар сыры»

1-бастаушы:

Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағыңды егер оқысаң,

Өмірде саңан жол болар.

2-бастаушы:

Қадірін білсең егер сен,

Қол ұшын берер ол саған.

Есептеп жүрсең бәрін де,

Сүрінбейсің ғой өмірде , деп

Математика – ғылымдардың патшасы. деген сыныптан тыс сабағымызды аяқтаймыз.





Автор
Дата добавления 19.10.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров37
Номер материала ДБ-274400
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх