Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Мемлекеттік тіл - менің тілім"

Сыныптан тыс іс-шара "Мемлекеттік тіл - менің тілім"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Мемлекеттік тіл- менің тілім»

(5-7 орыс сыныптарының аралығында сайыс сабақ)

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

І топтың аты
- «Тұлпар»

Ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра»

Ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра»

Таңбасы - домбыра суреті.

1- тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (Дыбыс)
2. Жалғаудың түрлерін ата. (Көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
3. Неше септік жалғауы бар?
(7)
4
. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (Хан сайлады)
5. Дыбысты немен таңбалайды?ріп)
6. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (
Әліпби)
7. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?
(42)


ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
1) Фонетика нені зерттейді?
(Тіл дыбыстарын)
2) Орфография нені зерттейді? (Дұрыс жазылуын)

3) «Әліпби» сөзі қай тілден енген? ( Араб тілінен)
4) «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (
Дос)
5) Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (
Еріндік, езулік)
6) Сөз таптары нешеу? (
Тоғыз)

7) Қазақтың тұңғыш саяхатшысы кім? (Шоқан Уәлиханов)

1- турдың қорытындысын тыңдау.

2- тур "Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)

1. ...қылды қақ жарған.
(қара)

2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер.
(жаман)

3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады.
(жер)

4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
. (алтау)

5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
(тіл)

6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды
.(досы)

7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі
.(қыз)

8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі
. (тау)

9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді
.(білім)

10. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді
. (сөз)

ІІ турдың қорытындысын тыңдау.

3-тур «Көрерменнен көрімдік»

(Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту

Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран


3- турдың қорытындысын тыңдау.

4- тур « Білгенге маржан »
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт –дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?)
("Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?)
(«Аяз би» ертегісі, енші беру).

4- турдың қорытындысын тыңдау.

5- тур «Мақал-сөздің мәйегі»

(Мақалдың алғашқы тармағы беріледі, жалғасын тауып,мән-мағынасын ашу керек)

«Тұлпар» тобына:

  1. Жақсы байқап сөйлер, .......... (жаман шайқап сөйлер)

  2. Сөз тапқанға ....... (қолқа жоқ)

  3. Тіл қылыштан да ........(өткір)

«Домбыра» тобына

  1. Піл көтермегенді ..........(тіл көтереді)

  2. Шебердің қолы ортақ, ...........(шешеннің сөзі ортақ)

  3. Ауылдан асқан байлық жоқ, ............(кітаптан қымбат қазына жоқ)

    5- турдың қорытындысын тыңдау.

    6- тур « Ойлан,тап! »
    (Әр топтың жетекшілері адасқан әріптерді орнына қойып, сөз жасайды.)
    «Тұлпар» тобының жетекшісіне
    1. і, м, б, л, і
    (білім)

2. к,р,е,м,т.е,е (керемет)
3. с, ұ, з, а, т
(ұстаз)

4. а, л, а, д (адал)


«Домбыра»тобының жетекшісіне

1. ы, ж, ұ, м, с (жұмыс)

2. б, к, и, і (биік)

3. о, у, қ, ш, ы (оқушы)

4. ә, і, п, р (әріп)


Әділқазылар алқасына сөз беріледі

(жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.)
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылардың мемлекеттік тілді қадір тұтатынын көрдік.

Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды.




Автор
Дата добавления 21.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров142
Номер материала ДВ-176572
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх