Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс іс-шара «Мен – егеменді елдің болашағымын»

Сыныптан тыс іс-шара «Мен – егеменді елдің болашағымын»

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 2 ЖОББМ

Нысанова Мөлдір Сапаргалиевна

Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы: «Мен – егеменді елдің болашағымын»

Сабақтың мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Еліміздің рәміздерін қастерлеп, өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрып, салт – дәстүрлерін сақтауға, ұлтжандылыққа, достыққа, елін, жерін құрметтеуге, батыр да, батыл болуға тәрбиелеу. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында патриоттық седзімі оянады. Өз ойларын еркін жеткізе алады, дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады.

Керекті жабдықтар:ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы.


Сабақтың кезеңдері:

Кіріспе

Тренинг «Досттық шеңбері» /оқушылар шеңберде жинадып, мұғаліммен бірге сабаққа сәттілік тілейді/

Күн:Күн ұясына шыққанда, бар әлем тәтті ұйқысынан оянады.Мен үшін сен әлеммен теңсің, ұйқыңнан тұрдың ба жарығым?

Оқушылар:Жарқырап күнде ашылды

Айнала нұрға шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз!

Күн:Балалар мен күнмін, ал сіздер менің шуағымсыңдар.Қане, барлығымыз қолдарымыздан ұстап, жылулықты сезініп,бір-бірімізге жылы тілектер арнайық. Оқушылар: Аспаның ашық болсын!

Денсаулығың мықты болсын!

Бүгінгі күніңе сәттілік тілейміз!

Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, білімді бүлдіршіндерге аямай нұрын төгіп тұр.Сол нұрлы күннің өзімен бірге алып келген сиқырлы сандықшасы бар екен.Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық» , «Білім алу жолында талмайық», «Бір-бірімізге дос- бауыр деп қарайық» деген мақсатта тапсырмалар алып келген.

hello_html_14bd5d0c.jpghello_html_md4d59a2.jpg










Олай болса

  • Оқушылар біз қай мемлекетте тұрамыз?

  • Ұлтымыз қандай?

  • Тіліміз ше?

Иә, әр халықтың, әр ұлттың өз Отаны, туған жері болады.

Біздің туған еліміз, мына кең жатқан жеріміз, қазақтың жанымен, қанымен, ержүрек батырларымен сақталған, қорғалған. Сол қазақ жерінде ақылы мен айласы сай хандар мен билер, даналар, данышпандар, тапқырлар мен ақылдылар өмір сүріп, осы күнге жеткізіп, біз сияқты ұрпаққа қалдырған – туған жеріміз, қазақ еліміз бар.

Біз егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғанға міне 25 жыл болды. Соның айғағы ретінде Ата Заңымыздың қабылданғанына 21 жыл толып отыр. Осы күн бүкіл біздің республикамыз үшін және біз үшін үлкен қуаныш.

Қазақстанда ірі – ірі қалалары бар, тарихи археологиялық маңызы бар жерлерден тұрады. Оның 14 облысы, 16 миллионнан аса халқы бар. Сонымен қатар көгілдір түсті туы, елге танымал елтаңбасы, жаңадан қабылданған әнұраны және Елбасшысы бар.

(Интерактивтік тақтадан Елбасшының, тудың, елтаңбаның, әнұранның суретін көрсету)

Осындай кең байтақ, өте бай еліміздің әр облысын мақтан ете аламын. Іргесі берік. Тынысы кең елімнің күннен – күнге бой көтеріп, соңғы сәнмен бой түзеп келе жатқан бас қаламыз – Астанамыз бар.

  • Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

  • Отан деген не? Деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

/Әдіс: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді. /

Топтастыру



Отан-отбасы

Отан-туған жер

Отан-Өзім тұрып жатқан елді мекен.

Отан-бауырларым

Отан-туған туыстарым

Отан-менің табиғатым

Отан-мектебім

Отан-сыныптастарым

Отан-менің қалам

Иә,Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. (Интерактивтік тақтадан еліміз туралы қысқаша бейне баян көрсету)




hello_html_m5632b730.jpghello_html_m39053b9.jpghello_html_174ef64.jpg






-Ал кане балалар біз өз еміз жайында ой қозағағанда өз Отанымыз жайында білетін өлең шумақтарынды ортаға салындар/оқушылар туған жер, отан туралы өлеңдерін ортаға салады/


Жанғали: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Зарина:Тәуелсіз елім бар,

Отаным- Қазақстан.

Кең байтақ жерім бар,

Өлкесі- ғажапстан.


Дана:Отаным маған ыстықсың

Отан- асыл, Отан- ана мен үшін.

Жаным пида ел үшін, жер үшін.

Отан маған мұрасындай атамның,

Қымбатсың сен, қастерлісің сол үшін.

-«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

hello_html_m536e81af.jpghello_html_49c97d70.jpghello_html_m1a20774f.jpg









/Осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді/

Сіздер балалар Тәуелсіз қазақ елінің ең жас білімді талантты ұландары екендеріңді мына жумыстарың арқылы дәлелдедіңдер.Аталарымыздың аманат еткен өз жерімізді, өз елімізді, өз Отанымызды қадірлеп, қастерлеп мәңгі сүйіп, әрқашан қолдап – қорғап жүретіндеріңе сенімдімін сабағымызды Әділеттің тамаша өлеңімен аяқтағым келеді.


Әділет: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәріміз де баламыз.

Бір қалада тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.


Біз балдырған теқ басқан,

Дос күшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашык болсын кең аспан.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров27
Номер материала ДБ-320514
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх