Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара «МИФ әлеміне саяхат»

Сыныптан тыс іс-шара «МИФ әлеміне саяхат»

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Қарағанды көлік - технологиялық колледжі

Математика пәнінің мұғалімі Хамитова Г.А.


Тақырыбы: «МИФ әлеміне саяхат»

Мақсаттары:

1. Білімділік: Тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.

2.Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.

3. Тәрбиелік: Студенттердің мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.

Түрі: Танымдық ойын сабағы.

Пән аралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті, физика, математика, информатика, музыка.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне жазбалар, кітаптар қоры, студенттердің шығармашы-лық жұмыстары, вагондар, касса, диспетчер бөлмесі.

Залда үш вагонның бейнесі жасалған. Вагондағы үстелдерге төрт орындықтан қойылған. Әр вагонның алдында жолсеріктер тұр. Касса, диспетчер деген жазулары бар үстелдер қойылған.

Бұл ойынға әр қайсысында 4 адамнан тұратын төрт топтар қатысады.

Қатысушылар: Диспетчер:

Жүргізші:

Кассир:

Жолсеріктер: 3

Жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар,

Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.

Ғылымдардың ғылымы

Математика, физика, информатика жайында

Ойынымызды бастаймыз.

Математика, физика, информатика пәндерінің киімін киген студент шығады.

1.оқушы: Азаматтық ақыл-кенін ашқандар,

Архимед, Ньютон мен Паскальдар.

Сусындаған өзің сынды ұстаздан,

Ізгі ісінің мәңгі өшпейді дастандар.

2.оқушы: Информатика әлемі,

Қызығы мол әдемі.

Компьютердей құралды,

Меңгердік біз енді.

3.оқушы: Негізі бар ғылымның математика,

Жалықпай оқып үйрен тек қана.

Білімнің есігін ашты көзін тауып,

Лобачевский, Колмогоров, Ковалевская.

Бәрі: Бүгінде МИФ барлық жерде:

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,

Достар, зерделікпен меңгеріңдер.


Жүргізуші: Бәріміз «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жүретін жедел пойызына отырып МИФ еліне саяхатқа барып қайтайық..

Диспетчер: Жолаушылар есіне «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша билет сатылу басталды.

Жүргізуші: 1-ші тапсырма: «Қас-қағым сәт» деп аталады. Әр оқушы сұраққа жылдам жауап беру арқылы жетон жинайды. Жинаған жетондарының санына қарай кассадан билет алады. Және қай вагонға билет алғаны анықталады.

Сұрақтар:

  1. Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60 км шапшаңдықпен жүрді. Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел тұрды. Оның шапшаңдығы сағатына 50 км. Жел пойыздың түтінін қай жаққа қарай айдап әкетті. (Электр пойызында түтін болмайды.)

  2. Меню жолында жұмыс кезінде ұқпай қалатын нәрсені сұрайтын команда.

  3. Күштердің неше түрі бар және оның формулалары?

  4. 90˚-тан кіші бұрыш.

  5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

  6. Күш ағымының анықтамасы.

  7. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету .

  8. Заттың тығыздығы және оның негізгі формуласы.

  9. 180˚-қа тең бұрыш қалай аталады?

  10. Сегіз разрядты екілік сан.

  11. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі.

  12. Үштің нешінші дәрежесі 27-ге тең?

  13. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

  14. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле.


Диспетчер: Тыңдаңыздар! «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жүретін жедел пойыз екінші жолға тоқтады, сақ болыңдар. ( Интерактивті тақтадан поездың суретін көрсетіп, дыбысын келтіру)

Диспетчер: Тыңдаңыздар! «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жүретін пойызға отырғызылу басталды. (Қоңырау соғылады)

Үш жолсерік жолаушыларды билеттері бойынша үш вагонға отырғызады.

Диспетчер: «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жолаушылар пойызы сапарға шықты. Жолдарыңыз болсын!

1-ші вагондағы жолаушылардың тапсырмасы.

1. Жолаушы: Есімі тарихта мәңгі қалған, дүние жүзі халықтарына әйгілі данышпан, ежелгі грек оқымыстысы туралы ескілікті әңгімелерде көп айтылады.

2. Жолаушы: Иә, ол ел аузында, тарихи жазбаларда аңыз болып қалды емес пе? Мына аңыз әлі күнге дейін ел аузында сақталған. Ол атақты заңын моншада ойлап тауып, қуанғанынан Эврика! Эврика! (таптым, таптым) деп айқайлап көшеге жалаңаш жүгіріп шығыпты мыс дейді.

3. Жолаушы: Ол туралы мынадай да аңыз бар. Ғылыми мәселелерді ойлап отырғанда тамақ ішуді, тіпті жуынуды ұмытып кетеді екен. Жақындары оны моншаға жетелеп апарып түсіріп, шомылдырып жатқанда ол күлдің бетіне, тіпті өз денесіне саусағымен сызықтар жүргізіп, геометриялық фигуралар салып отырады деседі.

4. Жолаушы: Ажал төнер сағатта да бір есептің чертежын қарап, терең ойға шомып отырған екен дейді, есіл-дерті соған ауып, ол рим шапқыншыларының қалаға кіргендігін де, одан соң қаланы басып алғанын да білмей қалыпты. Осылай қаннен-қаперсіз отырғанда қару-жарақ асынған біреу кіріп келіп, дереу жүр, сені Марцелл шақырып жатыр деп зіркілдепті. Сонда есебін аяқтап, дәлелдемесін тапқанша ешқайда шықпайтынын айтып, барудан бас тартады. Қарулы жауыз ашуланып, қынаптағы қылышын суырып алып, оны шауып өлтіріпті-міс дейді.

Сұрақ: Аты аңызға айналған әйгілі данышпан кім туралы айтылған ? (Архимед)

Кассирдің тапсырмасы: Мен теміржол кассирімін. Билет сатамын. Кейбір адамдарға менің жұмысым өте оңай секілді қөрінеді. Тіпті кішкентай станцияның өзінде қаншама көп билет санымен жұмыс істеу керектігі ешкімнің ойына да келмейді. Жолаушылар көрсетілген станциядан осы жолдың бойындағы кез келген станцияға екі бағытта билет алу керек емес пе? Мен жолдың бойындағы 25 станцияға қызмет етемін. Сіздің ойыңызша барлық кассаға қанша билеттің үлгісін дайындау керек. (25*24=600 600*2=1200)


Диспетчер: «Мектеп-білім» маршруты бойынша жолаушылар пойызы «Мақал-мәтелдер» аялдамасына 10 минут аялдайды.

Жүргізуші: 1. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, сандарына байланысты жазылған мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

  1. Білікті бірді жығар, ( білімді мыңды жығар)

  2. Екі жақсы қас болмас, ( екі жаман дос болмас)

  3. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  4. Төрт кісіге шәй құйғанша, (төртпен бірге қос айда)

  5. Бес саусақ, (бірдей емес)

  6. Ағайынды алтау болса, (адам тимес)

  7. Жеті атасын білмеген, (жетімдіктің белгісі)

  8. Дос егіз болса, ( дұшпан сегіз)

  9. Тойған жерге (тоғыз кел)

  10. Он рет айтқаннан (бір рет көргенің артық)

Диспетчер: Жолаушылар есіне! «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жолаушылар пойызы жөнелтілді.

Жүргізуші. Құрметті жолаушылар сіздермен «Жаңылыспаймын» ойынын ойнайық. 1-30-ға дейінгі 5-ке еселік сандардың орнына «Жаңылыспаймын» деген сөзді айту керек.

Диспетчер: Жолаушылар пойызы «Көңілділер» аялдамасына 10 минут аялдайды.

2-ші вагон жолаушыларының тапсырмасы.

Көрініс: Жібек жіп.

Қатысушылар: Әжесі мен немересі.

Әжесі шұлық тоқып отырады, немересі жіп іздеп әуре болып жүреді.

Немересі. Әже, әже...

Әжесі. Не тағы ?

Немересі. Жіп.

Әжесі. Тағы жіп пе ?

Немересі. Иә.

Әжесі. Немене мені жіп фабрикасы ғой дейсің бе? Жіп, жіп дейсің де жүресің. Кеше ғана бірталай жіп бердім ғой. Қайда жібердің соның бәрін?

Немересі. Қайда жібердің дейсің бе?

Әжесі. Иә, әуелі соны қайда жібергеніңді айтып, содан кейін сұрағайсың.

Немересі. Айтып берейін. Біріншіден, жартысын сен өзің алдың.

Әжесі. Алмағанда ше?! Кір-қоң салған пакетті мен немен бумақпын?

Немересі. Қалғанының жртысын қармаққа тағам деп Нұрлан сұрап алды.

Әжесі. Дұрыс болған, ағаң сұрағанда сен қашан да беруің керек.

Немересі. Мен бердім. Бірақ өзімде азғантай қалды. Оның да жартысын кеше досыммен күресемін деп үзіп алған белдігін жөндеу үшін папам алды.

Әжесі. Көрдің бе, жіп әрқашан керек нәрсе!

Немересі. Содан кейін шашымды түйемін деп қалған жіптің бестен үшін мамам алды...

Әжесі. Қалған жіпті не істедің?

Немересі. Қалғанын ба? Қалғаны бар болғаны 30 см ғана. Бұл неменеге жетеді?

Әжесі. Жіптің бастапқы ұзындығы қандай еді?

Немересі. Бастапқы ұзындығы ма? (Біресе әжесіне, біресе залда отырғандарға қарайды.)

Әжесі. Иә, бастапқы ұзындығы.Кәне осы есепті енді шешіп көр.

Немересі. (Есепті дауыстап оқи бастайды.) Демек, әжем жартысын алды, қалғанының жартысын Нұрлан алды, одан қалғанының жартысын папам алды, содан қалғанының бестен үшін мамам алды, ақырында менде бар болғаны 30 см қалды. Жіптің бастапқы ұзындығы қандай еді? Осы есепті кім шығарады?

( 400см =4 м)

Диспетчер: «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жолаушылар пойызы жөнелтіледі.

Көрініс: Ыстық шәй.

Қатысушылар: Саятбек және 3-ші вагонның жолаушылары.

Саятбек. (қолында шәйнегі, 1 пачка шәйі бар)

Жігіттер шәй ішейік. Кипяток әкелдім.

Жолаушылар: Ішейік, ішейік.( Біреуі темір шәйнек, екіншісі фарфор шәйнек алып шығады.)

Саятбек: Шәйді қандай шәйнекке шығарғанымыз дұрыс? Темір шәйнекке ме, фарфор шәйнекке ме?

Жолаушы: Темір шәйнекке ыстық су құйсақ тез ысып, шәй тез шығады. Бірақ темір жылуды жақсы өткізгенмен, шәйнектегі қайнаған суымыз айналадағы ортаға тез жылуын беріп, шәйіміз тез суып қалады. Ал фарфор шәйнек, жәй ысығанмен, айналадағы ортаға жылуын көпке дейін шығармай тұрады.

Саятбек: Дұрыс айтады. Онда шәйді фарфор шәйнекке шығарайық.

Саятбек: Шәй дайын болды шәй ішейік.

Саятбек: Сенің стаканың жұқа ғой, ішіне қасық салшы.

Жолаушы: Неге?

Саятбек: Иә, неге стаканға қасық саламыз?

Жолаушы: Қасық металл жылуды жақсы өткізеді, ыстықтың біразын өзіне тартады.

2-жолаушы: Сонда жұқа стакан мен қалың стаканда да физика заңы бар ма?

Саятбек: Әрине бар, бұған кім жауап береді? (Жауабын басқа вагонның жолаушыларынан сұрайды.)

Жауабы. Әйнектің жылу өткізгіштігі әйнектің қалыңдығына және түзу сызықты ұлғаю коэффициентіне байланысты. Неғұрлым әйнек жұқа болса, түзу сызықты ұлғаю коэффициенті аз болып, жылу өткізгіштігі көп болады.

Диспетчер: Жолаушылар пойызы «Ұғымдар» аялдамасына 20 мин аялдайды.

Аялдамаға сатушылар шығады. «П» әрпі сатылады. «П» әрпі сатылады. Свежий. Баспадан жаңа ғана шықты. Алыңыздар.

(Жолаушылар «П» әрпін сатып алады.)

Диспетчер: «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» маршруты бойынша жолаушылар пойызы жөнелтіледі.

Жүргізуші: Жолаушылар пойыздағы уақытын газет оқумен, кроссворд шешумен өткізіп жатады. Ал біздің сіздерге беретін тапсырмамыз мынадай: Жаңағы сатып алған «П» әрпі бойынша информатикадан, математикадан, физикадан ұғымдар жазуларыңыз сұралады. 1 минут уақыт беріледі.


Жүргізуші: Енді 9КСД-14-1 тобының көрінісін тамашалаңыздар.

Көрініс: Гүлжан

Марат

Гүлжан: Сен не ойлап тұрсың?

Марат: Сен білесің бе менің не ойлағанымды ? Өзің ойлап көрші екеуміз доспыз. Жақсылық та жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы бүгінгі бағаны алайық, сен «4» алдың , ал мен екі алдым. Егер бағаларды қосып екіге бөлсек, екеуміз де «3» алған боламыз. Көрші өзің қандай тамаша! Әкем де маған ұрыспайтын болды.

Гүлжан: Бірақ, өзің менен ештеңе сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе? Соны әуелі білуің керек қой.

Гүлжан: Өзі тым ақылды екен. Қазір мен оны қатырайын.

Гүлжан: Марат сен маған магазиннен кроссовки әкеп берші деуші едің ғой, мамаң ақша берді ме? Мен әкеліп берейін.

Марат: Ақша берген.

Гүлжан: Онда мен магазинге кеттім.

Марат: Қандай тамаша . Менде енді кроссовки болады. Мұғалім де енді ұрыспайтын болды.

Гүлжан: Мен де тез оралдым. Саған кроссовки әкелдім.

Марат: Қане, әкелші көрейін. Мынау не?

Гүлжан: Немене ұнамай тұр ма? Бұл сені кроссовкиің. Бірі 26 размер, екіншісі 44 размер. Екеуін қосып 2-ге бөлеміз. Сонда 35-і размер тура сенің размерің шығады.

Жүргізуші: Осы көріністе математкаға байланысты не туралы айтылған?


Жүргізуші: Ұнатпайды математиканы музыканттар,

Аты естілсе өзінше қарар қырын.

Рояльдің клавишін басқан кезде

Сезер ме екен логарифммен ойнағанын.

Музыка ғылымын математиканың бір саласы ретінде қарастыру атақты грек математигі Пифагордан басталған. Ол негізгі музыкалық интервалдарды-октаваны, квинтаны және квартаны тағайындады. Пифагор музыкалық дыбыстарды сандар арқылы, ал музыкалық интервалдарды сандардың қатынастары арқылы кескіндеген.

Байқаған боларсыздар келесі тапсырманың музыкамен байланысты екенін. Мына сандар мен таңбалардан қандай музыкалық аспапты құрастыруға болады?

hello_html_5954a6ef.pnghello_html_252bbbcd.png


(Жауабы екінші сурет)

Диспетчер: Жолаушылар есіне «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» жолаушылар пойызы 3-ші жолға тоқтайды. Сақ болыңыздар.


Диспетчер: «Қарағанды көлік-технологиялық колледж - білім» жолаушылар пойызы «Білім» аялдамасына келіп тоқтады. Бізбен бірге жолсерік болғандарыңызға рахмет. Сапар аяқталды.

Жүргізуші: «МИФ әлеміне саяхат» атты танымдық ойынымыз аяқталды. Осы кештен бір әсер алды деп ойлаймыз. Ойларыңыз толысып МИФ саласынан жетістіктерге жете беріңіздер. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 26.04.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров99
Номер материала ДБ-054470
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх