Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСыныптан тыс іс-шара. "Қош бол, даярлық"

Сыныптан тыс іс-шара. "Қош бол, даярлық"

Скачать материал

Қош бол, сүйікті даярлық тобымыз!

 

Тәрбиеші:  Армысыздар қонақтар, ата-аналар мен  ұстаздар және даярлық тобымен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерім! Бүгін  үлкен мереке, біз мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді бастауыштың қызықты жолына шығарып салғалы отырмыз. Бүлдіршіндеріңіз алған білімдерін ортаға салмақ, соның куәсі болыңыздар!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық.

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайды.

Өткіз солайәр күніңді, әр айды.

Сөз кезегін балаларымыздың өздеріне берейік!

 Айгерім:      Біз бақытты баламыз,

Жетіліп ат саламыз.

Бақшамызбен қоштасып, мектепке кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап, сағынамыз әлі-ақ біз.

            Елдана:    Ән саламыз бас қоса,

Бақшаменен қоштаса.

Күніміз тұрсын күлімдеп,

Жүрейікші достаса.

Көнілді өскен баламыз.

Шырқап әнге саламыз.

Тойымызға сән беріп,

Ән де айта аламыз!

Еркежан:      Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Мерекені бастаймыз.

Ән:     «Біз мектепке барамыз»

Тәрбиеші:  Енді ертеңгілігімізді «Мақтақыз бен мысық» ертенгісінің желісімен жалғастырайық.

-  Балалар «Мақтақыз бен мысық» ертенгісін білесіңдер ме?

-  Кім жақсы біледі? Қазір мен іштеріңен таңдап алайын.  Мадина маған көмектессін. (Слайд басталады Мадина ертегіні бастап айта ғой.)

М қыз:  Мақта қыз үйін жинап, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады.

Айгерім: Мысық келмейді .

М. қыз : «Келмесең, келме» - деп мейізді жеп қояды. Жеп қойған соң мысық келіп.

Мысық: - Неге шақырдың?

М.қыз: айтпайды

Мысық: - Ендеше, қатығыңды төгемін.

М қыз: - Мен құйрығынды алып қоямын!

Айгерім: Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын алап қояды.

Мысық: - Апа, апа құйрығымды берші.

М қыз: - Менің қатығымды төле!

Айгерім: Мысық сиырға барады.

Мысық: - Сиыр, сиыр маған қатық берші.

Сиыр: -  Мен саған тапсырма беремін соны орындасаң, қатық беремін.(Т-ге береді)

Т-ші:      Сиырдың Мысыққа  деген тапсырмасы бар, соны орындап көмектесейік. Егер дұрыс орындасақ Мысыққа көмектескеніміз. Ал жақсылап тыңдайық. Қазір кім онға дейін тура және кері санап береді. (3 бала тура, 3 бала кері санасын). Енді сандардың көршілерін атайық. Қазір мен бір сан көрсетемін, сендер көршілерін атаңдар.  5,  8,  3,10.

Т-ші:  Балалар сиырдың тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар, жарайсыңдар!

Жанерке:

Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сиқырлы бала бақпен

Танысып Мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен, даналықпен.

Айзат:

Қуаныш бүгін біздерде достар

Боламыз енді біз сыныптастар

Күтеді алдан бізді ұлы жол

Шаттыққа толы үлкен армандар!

Нариман:

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында.

Айгерім: Мысық ағашқа барады

Мысық: - Ағаш, ағаш, жапырағынды берші.

Ағаш: - Тапсырмамды орындасаң, мен саған жапырақ беремін. (Т-ге береді).

Т-ші:      Ағаштардың  Мысыққа мынандай тапсырмасы бар екен. Кәне соны шешіп Мысыққа  көмектесейік. Ағаштар сендерге сөзжұмбақ даярлапты, соны шешіп, шыққан сөзге дыбыстық талдау жасаңдар депті. Ал соны шешіп көрейік. Сендер сұрақты жақсылап тыңдаңдар. Енді соны бірден кеспе әріптермен жазып тұрайық.

1.                          Өте жұмсақ мамықтай ол не?

2.                          1 мен -1 дің қосындысы?

3.                          Қазір қай жыл мезгілі?

4.                          Аналардың күнде телехикая көретін зат?

5.                          Біз математика сабағында  не шығарамыз?

6.                          Ең үлкен және тышқаннан қорқатын жануар?

 

 

 

М

а

қ

т

а

 

 

Е

к

і

 

К

ө

к

т

е

м

Т

е

л

е

д

и

д

а

р

Е

с

е

п

 

п

і

л

 

 

Енді балалар осыдан шыққан Мектеп деген сөзімізге дыбыстық талдау жасайық. Өте жақсы, өте жақсы.

 Шалқар:

Әлпештеп бізді баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Тәрбиешіге мың алғыс!

Темірлан:

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

              Оқып білім ламыз

Мадияр:

Біздер алты жастамыз.

Сәбиликтен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол әсем бақшамыз.

 

Айгерім: Мысық суға бара жатып, су әкеле жатқан қыздарды көріп:

Мысық: - Қыздар, қыздар, маған су беріңдерші.

Қыздар: - Біздің тапсырмамызды орындасаң біз саған су береміз.

Т-ші:      Қыздар бізге қандай тапсырма берер екен. Қыздардың  тапсырмасы оңай екен. Сергіту жаттығуын жасаңдар дейді.

Аружан:

Сәлем саған, мектеп,

Сәлем білім ордасы.

Жасыл бақты мектебім,

Жастық шақтың жолдасы.

Ислам:

Үйретесің еңбекке,

Сен арқылы ойлармын.

Ұшып сенен мен көкке,

Көк мұхитты бойлармын.

Бекзат:

Сенен біліп шығармын,

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын.

Жұмбақ әлем сырларын.

Айгерім: Мысық дүкеншіге барады.

Мысық: - Әй, дүкенші, маған сағыз берші.

Дүкенші: - Менің тапсырмамды орындасаң мен саған сағыз беремін.(т-ге береді)

Т-ші:     Дүкеншілердің сендерге арнаған мынадай тапсырмасы бар екен.  Қазір балалар сендермен «Иә», «Жоқ» ойынын ойнаймыз. Мен сұрақ қоямын, сендер сұрақтың жауабына қарай «иә», немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер.

1.                          Мектепке біз барамыз ба?

2.                          Кілең бестік аламыз ба?

3.                          Айтқан тілді аламыз ба?

4.                          Ақылды бала боламыз бы?

5.                          Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.                          Ертенгісін тұрамыз ба?

7.                          Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

8.                          Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.                          Екі алғанда жылаймыз ба?

10.                      Біз оқушы боламыз ба?

Т-ші:      Балалар өте жақсы жауап бердіңдер. Енді аналармен ойнайық, сендер тіңдаңдар. Сіздерде «Иә», «Жоқ» деп жауап беріңіздер.

 

1.                          Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.                          Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?

3.                          Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.                          Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

5.                          Сериал көріп жатасыз ба?

6.                          Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7.                          Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8.                          Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.                          Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.                      Бала үшін асулардан асасыз ба?

11.                      Балаға тақпақ жаттатқаннан шаршадым деп айтасыз ба?

Т-ші:    Міне аналарымыздыңда мейірбан, балаларына тірек екенін көрдік. Рахмет.

                  Айым:

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Әлихан:

Баспалдақтан біртіндеп,

Мен ұшармын қияға.

Сен тұрасың күлімдеп,

Ұқсап алтын ұяға .

Динара:

Бізде мұнда ардайым

Бәрі-бәрі дап дайын

Парталар да шкафта

жиһаз, қалам, кітап та

Қуыршағым, досым да,

Ойыншықта осында.

Айгерім: Мысық тауыққа барады.

Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші.

Тауық: Бізге дән әкеліп берсең біз саған жұмыртқа береміз. Ол үшін мына тапсырманы орындаңдар.(Т-ге береді)

Т-ші:   Тауық бізге қандай тапсырма берер екен.

             Тауықтың  сендерге арнаған мынадай тапсырмасы бар екен. Кәне мұқият тыңдаңдар. Фигураларды атап, түстерін ажыратыңдар және өрнектердің мәндерін табыңдар дейді. (Фигураларды көрсету), 5+1, 6-2,  9+1,  5-3, 8+2, 3-1

Т-ші:    Өте жақсы балалар.

Мысық: «Енді не қыламын».

Айгерім: деп бара жатса бір ін қазып жатқан тышқанды көреді.

Мысық:  - Жаныңның барында айт, үйінде не бар?

Айгерім: Тышқан қорыққанынан:

Тышқан:  - Үйімде бір табақ тарым бар.

Мысық: - маған бір уыс бер.

Тышқан: Менің тапсырмамды орыңдасандар, тары беремін. (т-ге береді)

Т-ші:      Тышқанның тапсырмасын орындап көрейік. Қандай тапсырма береді екен Көп сұрақтар беріпті , соған жауап берейік. Мен оқимын, жақсылап тыңдап, жауап беріңдер.

1.                          Жыл мезгілдерін атаңдар?

2.                          Апта күндерін атаңдар?

3.                          Бір жылда неше ай бар?

4.                          Ай аттарын атаңдар.

Т-ші: Тышқанның тапсырмасын жақсы орындадық.

Айгерім: Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді. Мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді, жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді, Мқта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Т-ші:        Балалар мысық өзінің құйрығын  қайтарып алды. Сендер мысыққа өте жақсы көмектестіңдер. Енді мысықтың қуанышын бірге бөлісейік. Бәріміз бірігіп би билейік.

Би:             «Вальс»

Т-ші:       Сендердің осындай дәрежеге жетулеріңе ата-аналарыңның қосқан үлесі өте көп. Сол кісілерге алғысымызды білдірейік.

Сіздерге музыкалық сәлем жолдаймыз.  Бекзаттың орындауында  Ән: «Бал даурен»

Т-ші:     Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкінді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден  ұшып, қанат қағып есейдің,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйемін,

Өздеріңді сағынып мен жүрейін.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Мен  сендерге сәтті сапар тілейін!

Ән: « Әр қашан  күн сөңбесін»

Күн әлемі, көк әдемі

Бұл суреті жас баланың

Ақ қағазға салған өзі

Жазылған бар бір сөзі.

(қ-сы)

Әр қашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам

Болайын мен де аман.

Т-ші:  Міне балалар, сеңдердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерің аяқталды. Біздің сенімдерімізді ақтайды, мектепте үлгілі де, тәртіпті бала болатындарыңа сенемін. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілеймін!

Тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Мектепалды даярлық тобын бітіргендігі туралы Дипломды беру үшін сөз мектеп

__________________________________________________________________

беріледі.

 

Барлығыңызды дастарханнан дәм татуға шақырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз бақытты баламыз,

Жетіліп ат саламыз.

Бақшамызбен қоштасып, мектепке кетіп барамыз.

Бал күндерді қиялдап, сағынамыз әлі-ақ біз.

            

  Ән саламыз бас қоса,

Бақшаменен қоштаса.

Күніміз тұрсын күлімдеп,

Жүрейікші достаса.

Көнілді өскен баламыз.

Шырқап әнге саламыз.

Тойымызға сән беріп,

Ән де айта аламыз!

 

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Мерекені бастаймыз.

 

Қоштасып мен бүгін балалықпен

Қоштасамын сиқырлы бала бақпен

Танысып Мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен, даналықпен.

 

Қуаныш бүгін біздерде достар

Боламыз енді біз сыныптастар

Күтеді алдан бізді ұлы жол

Шаттыққа толы үлкен армандар!

 

Қызық күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп оқыдық, көп білдік

Ел мен Отан жайында.

 

Әлпештеп бізді баптаған,

Ардақтап бізді мақтаған.

Тәрбиешіге мың алғыс!

 

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

              Оқып білім ламыз

Біздер алты жастамыз.

Сәбиликтен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырды,

Қош бол әсем бақшамыз.

 

 

Алтыға толдым биыл мен

Оқушы болып киінем

Арқама сөмке асына

 

Мектепке барам асыға.

Сәлем саған, мектеп,

Сәлем білім ордасы.

Жасыл бақты мектебім,

Жастық шақтың жолдасы.

 

Үйретесің еңбекке,

Сен арқылы ойлармын.

Ұшып сенен мен көкке,

Көк мұхитты бойлармын.

 

Сенен біліп шығармын,

Аспан барын, күн барын.

Сен арқылы ұғармын.

Жұмбақ әлем сырларын.

 

 

 

Баспалдақтан біртіндеп,

Мен ұшармын қияға.

Сен тұрасың күлімдеп,

Ұқсап алтын ұяға .

Алты жасар баламыз,

Мектепке біз барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

 

Үйренеміз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Тақпақ айтып, ән шырқап

Билеп-билеп береміз.

 

Бізде мұнда ардайым

Бәрі-бәрі дап дайын

Парталар да шкафта

Һихаз, қалам, кітап та

Қуыршағым, досым да,

Ойыншықта осында.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс-шара. "Қош бол, даярлық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2016 569
    • DOCX 225.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сеитказина Анар Асомуддиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сеитказина Анар Асомуддиновна
    Сеитказина Анар Асомуддиновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3518
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 489 человек

Курс повышения квалификации

Вектор перемен. "Время первых" — духовно-нравственно воспитание в ДО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Педагогические и психологические основы образования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе