Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс іс-шара "Озық ойлы оқушы"

Сыныптан тыс іс-шара "Озық ойлы оқушы"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

БҚО. Бөрлі ауданы. Ақсай қаласы. №5 ЖОББМ

Кенжегарина Тыныштық Ермековна.


Тақырыбы: Озық ойлы оқушы.

Мақсаты:

1. Оқушының білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін тексеру.

2. Тәрбиелілігі. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін таным белсенділігін арттыру.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта т.б.


Барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін 2 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайыста алған білімізді ортаға саламыз, яғни болашақта сапар шеккелі отырған поезды кім басқаратынын анықтаймыз. Ол үшін сол поезға билет алып мінуіміз керек.

Сайыстың төрелігін анықтайтын әділқазылар алқасын тағайындаймыз.

Сайыс жоспарын таныстыру. Он балдық жүйемен.

Поезға билетті кім алады?

Ойын 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең. Кім тез табады?

2 кезең. Қызықты есептер.

3 кезең. Ойы ұшқыр.

4 кезең. Кім жылдам

5 кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ».


1 кезең «Кім тез табады?»

1. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы кім? (Ы.Алтынсарин)

2. Көкжиектің негізгі неше түрі бар? (4. оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)

3. Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейді? (Термометр)

4. Жыл басы не? (тышқан)

5. Атақты палуан, қазақтың спортшысы кім? (Қажмұқан Мұңайтпасов)

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттерінің рәміздеріне нелер жатады? (ту, гимн, елтаңба)

7. Қазақстан Республикасының мемлекетттік тілі? (қазақ тілі)

8. Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен? (күй)

9. Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

10. Суда жүзетін көлік? (қайық)


ІІ кезең. Қызықты есептер.

1. Екі бала шахматтан 2 сағат ойнады? Әр бала қанша сағат ойнады? (1 сағ)

2. Бір жанұяда ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4 бала)

3. Салтанат 5 жаста, Бақыт 5 жеста, Айым 18-де үшеуін қоссаң, Айболдың жасы нешеде? (28)

4. Камила кітап оқыды. 10 бетін оқығаннан кейін, оқылмаған 2 беті қалды. Барлығы неше бет оқу керек? (12)

5. Қорадағы қозылар мен тауықтардың аяқтары 12, ал бастары – 4. Тауық нешеу, қозы нешеу? (2 тауық, 2 қозы)

6. Уақыт өлшейтін аспап (сағат)

7. 1 сағатта қанша минут бар? ( 60 м)

8. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден бөлді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу? 2 ұл мен 2 қыз.

9. 1 километр неше метр? (1000 метр)

10. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? (0)

11. Қай сандарды төңкерегнде өзгереді? (6,9)


3 кезең. «Ойы ұшқыр»

Оқушылардың сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтау мақсатында 4 мезгілге берілген суретке мәтін құрастыру.


4 кезең «Кім жылдам?»

Сөздік қорын тапқырлығын шапшаңдығын анықтау мақсатында білімділер сөзінен бірнеше сөйлем құрастыру.

Мысалы: Білімділер сабағын жақсы оқиды. Білімділер көп оқиды. т.б.


5 кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Ақтық сайыс.

  • Ана тілінен өткен тақырыптан үзінді қоямын. Мұқият тыңдаңдар.

Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры бір бәле Алдардан келгенін біліп, амалсыздан аштан-аш жатады. Таңертең Шығайбай:

«Қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер» - дейді. Жер ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып, байдың қойнына тыға қояды.

  • Мұны кім көреді және не деп жауап береді?

Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.

  • Е, байеке! Енді бұдан былай жалығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айырылысайық, - деп бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.


Сабақ соңында ұпайы көп бала ортаға шығады.

  • Әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

«Озық ойлы оқушы» атағына ие болған оқушыны ортаға шығарамыз.

  • Поезда неше вагон бар екен? (5)


Сабақтарынды тек «5» оқып биік шыңдардан көріне беріңдер

«Озық ойлы оқушыны» марапаттау.

Автор
Дата добавления 04.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров6
Номер материала ДБ-319567
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх