Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс іс-шара сценарийі "Эрудит лото"

Сыныптан тыс іс-шара сценарийі "Эрудит лото"

Скачать материал

Тақырыбы: «Эрудит лото»

Мақсаты: оқушылардың зияткерлік қабілеттерін  және  шығармашылық              

                  дүниетанымын дамыту.

 

І кезең: «Бақытты сәт»

         Кестеде көрсетілген мақал – мәтелдерді сәйкестендіріп, белгішелер арқылы табу керек. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.

1. «Су көп болса – шөп (көк) көп болады» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

    «Жаңбырменен жер көгерер» -дейді.

2. «Ақылды – ақшаға сатып ала алмайсың» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы  не дейді?

    «Адам ақылымен бай» -дейді.

3. «Жамандық айтып келмейді» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Жамандық табан астында» -дейді.

 

4. «Достық байлықтан да қымбат» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

    «100 сомың болғанша, 100 досың болсын» -дейді.

 

5. «Қасқырдан қорққан орманға бармас» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Шегірткеден қорыққан, егін екпес» -дейді.

 

6. «Жақсы өскен бақшада да, шіріген дақыл кездеседі» - дейді шығыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

«Күн көзінде де дақ болады» -дейді.

 

7. «Бақаны алтын таққа отырғызса да, бәрібір шалшыққа секіреді» - дейді неміс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлыйды» -дейді.

 

8. «Өз үйіңде еркінсің» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Өз үйің, өлең төсегің» -дейді.

 

9.«Басы артық аты бардың балтыры сыздамас» - дейді азербайжан халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасың» -дейді.

 

10. «Бай мен кедей туыс емес» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» -дейді.

 

11. «Денсаулығыңды сақта, ауырсаң емдел» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы  не дейді?

   «Ауырып дәрі іздегенше, ауырмайтын жол ізде» -дейді.

 

12. «Көп ойлап, аз сөйле» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» -дейді.

 

13. «Баласының көйлегіне қарашы:Қандай екен анасы?» - дейді молдаван халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Анасына қарап қызын ал, аяғына қарап асын іш» -дейді.

 

14. «Жүгірген қасқырға жемтік табылады» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Жүрген аяққа, жөргем ілігеді» -дейді.

 

15. «Атың жоқ болса, есек те жарайды» - дейді шығыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

    «Өзен де балық болмаса, шаян да балық» -дейді.

 

16. «Еңбектенбей судағы балықты да ала алмайсың» - дейді шығыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

    «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» -дейді.

 

17. «Тамақ жесе, қасқырдай,

         Жұмыс десе, қашқындай» - дейді молдаван халқы, ал қазақ халқы не дейді?

    «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» -дейді.

 

18. «Бірінші ойла, сосын іс істе» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» -дейді.

 

19. «Екі есікті бірдей күзеткен ит арам қатар» - дейді болгар халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Екі кеменің басын ұстаған суға кетер» -дейді.

 

20. «Жамандық келсе қақпаңды мықтап жап» - дейді орыс халқы, ал қазақ халқы не дейді?

   «Жұт жеті ағайынды» -дейді.

 

ІІ кезең: «Практикум»

Текшелермен жұмыс, әр дұрыс жауап 1 ұпай.

«Буриме»

Гүлдердің ___________________________ертемен,

Қауызын ____________________________ашқанын.

Көктемін ____________________________көкпеңбек,

Мөп – мөлдір _________________________аспанын,

Таулардың қол ________________________жетпес асқарын

Ұнатам _______________________________бәрін де,

Өйткені ______________________________ол Отан

Ұлы __________________________________Отан.

 

ІІІ кезең: «Сәттілік кезеңі»

Берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тап. Әр дұрыс жауап 2 ұпай.

1. Туған жердің қадірін,

    Шетте жүрсең білерсің.

2. Батыр бір оқтық,

    Бай бір жұттық

3. Ел ағасыз болмас,

    Тон жағасыз болмас.

5. Келген дәулет,

    Кеткен байлық.

6. Досыңа өтірік айтпа,

    Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

8. Жалғаймын деп үзіп алма,

    Түзеймін деп бұзып алма.

10. Ақылы жоқтың,

      Арманы жоқ.

22. Бір көрген – біліс,

      Екі көрген – таныс.

24. Өсер елдің ақылы көп,

      Өшер елдің әкімі көп.

26. Қара суда қаймақ болмас,

      Хас шеберде оймақ болмас.

30. Тіл – тиексіз,

      Сөз – сүйексіз.

35. Сөз сүйектен өтеді,

      Таяқ еттен өтеді.

36. Ақ жаулығы ананың –

      Ақ көрпесі баланың.

37. Өнер – қанат,

      Білім – санат.

38. Жолға шықпай тұрып,

      Жолдасыңды сайла.

39. Жақсы – елдің мақтаны,

      Жұпар гүл – жердің мақтаны.

40. Қонақ аз отырып,

      Көп сынайды.

41. Ашу – садақ,

      Ақыл – таяқ.

42. Ана  алдында - құрмет,

      Ата алдында - қызмет.

43. Адам болатын бала,

      Алысқа қарайды.

 

IV кезең: «Эрудиттер сайысы»

Берілген сөздерден өлең жолдарын құрау, кезең 0-5 ұпай аралығында бағаланады.

 

Үмітпенен жоқ қуған,              

Талабы алда баламыз.

Басқалар жоғын тапқанда,

Біздер қайтіп қаламыз?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс-шара сценарийі "Эрудит лото""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2017 1248
    • DOCX 14.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Женаева Камшат Алмухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Женаева Камшат Алмухановна
    Женаева Камшат Алмухановна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1323
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой