Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Тіл мәртебесі"

Сыныптан тыс іс-шара "Тіл мәртебесі"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінде таза сөйлеуге,тапсырмаларды дұрыс орындауға баулу, тілдің мәртебесін көтеруге, оның қасиетін сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.


Мұғалімнің түсіндіруі:

- Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар?! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың аты "Тіл мәртебесі – ұлт мәртебесі".

1991 жылы еліміз егемендік алып, алдына тәуелсіз ел болдық. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі-оның ана тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан да кез-келген мемелекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

-22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

Ата Заңнын 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тіл-қазақ тілі" деп көрсетілген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдесінде ҚР Парламенті "Тіл туралы" жаңа заң қабылдады. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тілін және мемлекеттік тілді құрметтейді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында : "Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі" делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үшін тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның ішінде, ең алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тіл – қазақ тілі.  

Олай болса, ортаға 2,3,4 сыныптың оқушылары қазір бізге 3 тілде өлеңдерін айтады.

"Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы". Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі,демекші, бүгінгі тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған білім сайысымызды бастайық. Сайысқа

3 – 4 сынып оқушылары қатысады.  

Ендеше  ойын шартымен танысамыз: жалпы ойын 9 кезеңнен тұрады.

І кезең: Топты таныстыру

ІI кезең: Кім жүйрік? (сұрақтарға тез жауап беру).

III кезең: “Полиглот” сайысы

IV кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап»

V кезең: «Сөздің көркі - мақал»

VI кезең: «Оқушының ойы» 20 ұпаймен

VII кезең: Әріп таңдау

VIII кезең: «Бес жолды өлең стратегиясы»

IX кезең: «Жорға сайысы»


І кезең: Топты таныстыру. 5 ұпаймен

Қыран” тобының ұраны: Тіл бар жерде – өмір бар!

Сұңқар” тобының ұраны: Сүйемін туған тілді – қазақ тілін!

ІI кезең: Кім жүйрік?5 ұпайдан

Сұрақтары: 1 – топ
1. Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған жыл. (1991ж.) 
2. Тіл туралы Заң қашан шықты? (1997ж.) 
3.Мемлекеттік рәміздерімізді ата (Елтаңба, гимн, ту)

4. Диалог деген не? (екі кісінің сөйлесуі) 
5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9) 
6. Үш би (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би) 
7. Тіл туралы мақал айт

8. Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болсаң – арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге, 
Кетігін тап та, бар қалан. Өлең шумағының авторы кім? (Абай) 
9. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай).

10. Абайдың әжесінің аты (Зере)

2 – топ

1. Елімізде қанша ұлт өкілдері тұрады? 130 дан астам

2. Қазақстанда неше облыс бар? (14)                                             
3. Басты байлық не? (Денсаулық)

4. Мемлекеттік рәміздер қай жылы бекітілді? (1992ж.) 
5. Әліппенің атасы кім(А. Байтұрсынұлы) 
6. Абайдың анасы кім? ( Ұлжан).

7. 100 жасаған ақын (Жамбыл) 
8. Әр адамның шағын отаны (Отбасы).

9. Қазақ әліппесінде неше әріп? (42) 
10. Тіл туралы бір шумақ өлең айт 


III кезең:. “Полиглот” сайысы.5 ұпайдан 15-ке дейін

Полиглот” деп ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды айтады. Мысалы, А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

* * *

Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

* * *

Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов араб, шағатай және түркі тілдерінің біразын білген. Кадет корпусында оқып жүргенде орыс тілін жетік біліп үлгерген.

* * *

Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.

Әр топтан бір қатысушы өз жауабын қазақ, орыс және ағылшын тілінде айту керек. 
Жұмбақтар: 
1. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (қоңырау, звонок )

2. Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі, лиса)

3. Көп әңгімем, өлеңім, 
Күнде ақыл беремін. 
Жақсы көрсе мені кім, 
Соған тиер көмегім. (кітап, книга, book) 

4. Тақиям толған сөк,

Таңертең тұрсам жоқ. (жұлдыз, звезда)

5. Құстай ұшады,

Құландай жортады

Қойдан да қорқады. (қоян, заяц, rabbit)



6. Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді (ұстаз, учитель, )

7. Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың

Бұл үйден көреген болып шығасың (мектеп, школа, school)

8. Тақылдатып таңдайды

Уақыттан бір қалмайды. (сағат, часы,clock )

9. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады (тұз, соль, )

10. Жер астынан тесіп шығады

Бұралаңдап , серуен де құрады (жылан, змея )

11. Арыстан ақырады

Айнала шақырады (найзағай, молния, )

12. Жабырқаса, жылайды

Жадыраса, құлайды (бұлт, облака, )




IV кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» 1 ұпайдан (1 минут беріледі)


Асықпаймыз, саспаймыз

Ұшқыр ойға бастаймыз.

Тақтадағы сөзден

Бірнеше сөз құраймыз.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» (ақ, қаз, ат, қазақ, )



V кезең: «Сөздің көркі - мақал»

1. Отан неден басталады? (отбасынан)

2. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім біл)

3. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)

4. Өнер алды – қызыл (тіл)

5. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)

6. Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады)

7. Денсаулық - (зор байлық)

8. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)

9. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел болмас)

10. Тіліңмен жүгірме (біліміңмен жүгір)


11. Ақыл азбайды, (білім тозбайды)

12. Арпа, бидай ас екен (алтын, күміс тас екен)


VI кезең: «Оқушының ойы» 10 ұпаймен

2 топқа екі түрлі тақырыптар беріледі, сол тақырыпқа шағын мәтін құрастырып, өз ойларын ортаға салады.

I. Табиғатты қорғау

II. Білім – өмір шырағы,

VII кезең: Әріп таңдау

К әрпі (көкек, көмір, кітап, күрек, күрес, көмек,көлік)

С әрпі (су, сұлы, садақ, семей, сабын,сағат, сары )

VIII кезең: «Бес жолды өлең стратегиясы»

Әр топ тіл тақырыбына байланысты өлең құрастырады

IX кезең: «Жорға сайысы»

Әр топтан бір сайыскер шығып, берілген сұрақтарға қанша жауап берсе, сонша ұпай жинайды 
Бірінші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 
1. Ұлттық музыкалық аспап. (домбыра) 
2.Конституция күні. (30 тамыз) 
3. Абай қанша нәрсеге асық болуды нұсқайды? Олар қайсылар? (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 
4. 9 мамыр қандай күн? (жеңіс күні)
5. Жылқының пірі (Қамбар ата)

6. Тіл мерекесі қашан? 22 қыркүйек
7. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? (XXI) 
8. Ақ алтын (мақта) 
9. Орман дәрігері (тоқылдақ)
10. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)



Екінші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 
1. Қазақтың жаңа жылы (Наурыз тойы)

2. Қойдың пірі (Шопан ата)
3. Тәуелсіздік күні. (16 желтоқсан) 
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Т.Әубәкіров) 
5. Абай қанша нәрседен қашық болуды нұсқайды? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ) 
6. Қобызда ойнаған күйші (Қорқыт) 
7. Абайдың шын аты. (Ибраһим) 
8. Мемлекеттік туда белгіленген құс (бүркіт, қыран) 
9. Қаз дауысты би (Қазыбек)

10. ҚР ұлтаралық тіл (орыс тілі)

Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.


Қорытынды: "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту" Бауыржын Момышұлы. Ана тілін құрметтеп сүйе білейік.

Тіл – халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, құрметтеп, қастерлеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік!

Ән: 2 – сынып "Қазақ тілі"















Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров262
Номер материала ДВ-565348
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх