Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сыныптан тыс іс-шара "Тілім менің - тірегім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сыныптан тыс іс-шара "Тілім менің - тірегім"

библиотека
материалов









Тілім менің – тірлігімнің тірегі



8-сынып








Ебелекбаева Әйгерім Қайратқызы










23.09.2015




Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің тірегі.
Мақсаты: Жас  ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері..
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы .
Мұғалім:  Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 
    1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

         «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

           Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің мемлекеттік тілі болмақ.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіз

 Ұйымдастыру: Сынып екі топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. « Мұрагер» «Шежіре»

- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Диас: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Роман: Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Ернур: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?


 “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім. 


Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
… Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста:
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!


1.“Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы

1 топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
 
9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ).
 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
 
2-топ –
1. Бал тамған тілден ... (у тамған).
 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
 
5. Тіл қылыштан ... (өткір).
 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде).
 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ).
 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).


2. сайысымыз Кроссворд

1.     Промышленный центр Казахстана? – Караганда

2.     Ненің қадірін ауырғанда білесің?

3.     Ұлттық мереке – Наурыз

4.     Name of colour – black

5.     Translate: жаттығу? – exercise

6.     Astana is the ___in Kazakhstan? - city

7.     River in London?  - Thames

8.     Самое большое озеро  - Балхаш

9.     Что добывают на западе Казахстан?  - Нефть


3.Викториналық сұрақтар: 
1-топқа:
 
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
 
5. Қазақстан Лондон 2012 жазғы олимпиада ойындарында әлем бойынша нешінші орынды иеленді?  
6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
 
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
 
8. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек).
 
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
 
2-топқа: 
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
 
2. Абайдың туған жылы? (1845).
 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
 
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
 
7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
 
8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
 
9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).


4.Осы  кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.

  1. Құлақтан кірген....   Жүрекке барып мұз  болар                                                                                                                                

                                                                   (Сөз-слова)

  1. Таза мінсіз асыл ...  Су түбінде жатады,

      Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.

                                                         (тас-камень)


3. Бас кеспек болса да, ...   кеспек жоқ.

                                                              (тіл – язык)

  4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.

                                                                         (су – вода)

  5.Ілім – бұлақ... – шырақ!

                                                                      (білім – знание )

  6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы  болсын.

                                                            (сегіз – восемь )

   7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.  

                                                            (бас-голова)

   8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.

                                                                         (Ілім-знание)

   9.Қаһарлы сөз ... бұзар.

                                                              (Қамал-замок) 

        

10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.

                                                                     (Шешен –оратор)

     11.Айтылған сөз, атылған ... тең.

                                                                     (Оқ-пуля)

      12 ... сөз  жарым ырыс.

                                                                      (Жақсы-хорошее)   


5.Мен әлемді қалай танимын. Екі топқа тақырыптар беріледі, берілген тақырыпқа байланысты сурет салуы тиіс. Дайын болғанда, топбасшылары шығып, екі тілде қорғайды.    


Құрметті ұстаздар, біздің сабағымыздың сараптамасын жасау үшін өздеріңізге сөз береміз.

Осымен біздің сайыс сабағымыз аяқталды.

 



 



 





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-367229
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх