Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс іс-шара "Тілім менің-тірегім"

Сыныптан тыс іс-шара "Тілім менің-тірегім"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



Ашық сабақ

Тақырыбы:

Тілім – менің тірегім

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\517.jpg

Пән мұғалімі: Султанова Айгуль Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 4 «Ә» Мерзімі: 17.10.2015ж. Уақыты: 1020









Сабақтың тақырыбы: «Тілім-менің тірегім» Сабақтың мақсаты:Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана тіліне деген құштарлықтарын арттыру; - ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар:оқулық,дәптер,қатты қағаздан жасалған «Таным», «Ғұламалар», «Қазына» атты үш үлкен қақпа,ою-өрнек үлгілері. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік, сахналық ойын.

Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен,мұғаліммен сәлемдеседі.

Өткен № 6 сабақпен байланыстыру.Балалар өткен сабақта « Ата-баба өнері» соның ішінде ұрпақтан ұрпаққа келіп жеткен дәстүрлердің бірі-ою-өрнектер туралы және оның адам өміріндегі мән-маңызы туралы өткен болатынбыз.

Ою-өрнектің мәнін ,ерекшеліктерін кім айтып береді?

Үміт: Ою-өрнек - өнер Ою-өрнек- еңбек Ою-өрнек -жан сұлулығы Ою-өрнек – дүниетаным Ою-өрнек – ой нышаны. Жазу-сызба пайда болмаған кезде халық ою-өрнек арқылы өз ойын,түйсік-талғамын,тілек –арманын жеткізіп отырған.

Зульфия: «Еңбек-өнер өрісі.Өнер –өмір жемісі».Ою-өрнектің әрбір белгісінде ата-баба тарихы,дүниетанымы,өмірі жатыр.Сондықтан да ата-баба өнерін,соның ішінде ою-өрнектер өмір жемісі,біздің тарихымыз,мәдениетіміз деп бағалап,сақтауымыз қажет.

Балалар біздің бүгінгі өтетін сабағымыз «Тілім – менің тірегім» деп аталады. Ендеше мына өлең жолдарын бірге айтайық:

Ана тілім – ұраным, Ана тілім – елдігім, Ана тілім – құралым. Ана тілім – ерлігім. Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса, Болмас еді жыр әнім. Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілінің маңыздылығын түсіндіру мен оқушылардың туған тілін жете білуге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ сахналау түрінде ұйымдастырылады.

Үнтаспадан С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады. Сәнді безендірілген сарайдың үш қақпасының алдыңғы көрінісі. Бірінші қақпаға «Таным», екінші қақпаға «Ғұламалар»,үшіншісіне «Қазына» деп жазылған.

Ортаға патша рөліндегі бала шығады.Қасында уәзірлері бар. Патша:-Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім.Соның сәті бүгін түскен сияқты.Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Уәзірлері иіліп,қақпаның есігін ашады. Маржан: -Сонау 5-ші,6-шы ғасырлардан бастап уақыт сынына төтеп беріп,бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енисей,Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп,гүлденген дәуренін айғақтайды. Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» қақпасына келеді.Бұл жерде қазақтың маңдайына біткен ғұламалардың портреттерінен жасалған топтамалар көрсетіледі. Мұғалім:- Қазақ тілі – Әйтеке,Төле,Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай,Жамбыл,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,М.Әуезов сияқты алып ақын-жазушылардың,Қажымұқан,Б.Момышұлындай атақты батырлардың тілі.Қазақ тілі – қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиханов пен Т.Рысқұловтай арыстың тілі. Патша: - Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін. Туған тілім. Д.Әбілов.

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім! Туған тілім – анам тілі – өз тілім! Туған тілім – далам тілі – өз тілім! Туған тілім – адам тілі – өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

-Неліктен тілді анамен байланыстырып айтамыз? -Қандай адам өз тілін құрметтемейді деп ойлайсыңдар? -Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?

Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды? Патша: - Бұл қандай керемет болды екен а?! Нөкерлері қақпаны итереді.Қақпа ашылмайды. Патша /ашуланып/ - Менің кім екенімді білмейді-ау, шамасы,- деп қақпаны өзі итереді. Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағып-қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі. ,- деп қақпаны өзі итереді. Бәрібір ашылмайды. Ол қақпа есігін қағып-қағып жібереді. Сонда арғы жағынан тілдей қағаз түседі. Нөкері ашып оқиды:

Дүниеде не тәтті? Дүниеде не ащы?

Патша: - Балалар сендер білесіңдер ме? Мұның мәнісі неде? – деп оқушылардан сұрайды. Балалардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім: Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз.Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.Балалардың жауаптарын салыстырып көрейік.Хатты ашып оқиық.

Мұғалім хатты ашып,дауыстап оқиды: О, хан ием! Дұрыс сөйлей білу де өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп,жүйені босатады.Сондықтан да тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар,балтамен отал-ған орман қайта өсер,бірақ тілдің жарасы жазылмас.Сондықтан да тіл-ащы.

Сол уақытта қақпа ашылады.Жасанды гүлдермен безендіріп жасаған бақтағы бұлақ басынан «Ана тілім- қазынам» деген жазуы бар кітапты патша қолына алады,парақтап қарай бастайды. Патша:- Маған көмек қажет болды,кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек.

1.Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса кішіден сұра. 2.Өнер алды қызыл тіл. 3.Жіптің ұзыны,сөздің қысқасы жақсы. 4.Піл күшті, піл күшті емес,тіл күшті. 5.Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды. 6.Жүйелі сөз жүйесін табар,Жүйесіз сөз иесін табар.

Патша: - Ойпырмай – а!Тілдің құдіреті осы де.Балалар сендерге үлкен рахмет.Мен барып үш ұлымды сынап көрейін.Патша нөкерлерімен шығып кетеді. Әкесі бірінші ұлына қонаққа келеді.Тамақ салынып, ет асылады.Әкесі баласына еттің жақсы жерінен кесіп бер дейді. Баласы сан етінен кесіп береді.Енді жаман жерінен кесіп берші дейді.Баласы кесіп береді. Әкесі: – Тіс өтпейтін сіңір ғой . Әкесі екінші ұлынан да осындай сый-сияпат көреді. Содан соң үшінші ұлына келеді.Оған да етіңнің жақсы жерінен кесіп берші – дейді. Баласы тілден кесіп береді.Енді жаман жерінен кесіп берші десе тағы да тілден кесіп береді. Әкесі:–Мұның қалай балам,жақсы жерінен десем де,жаман жерінен десем де тілден кесіп бердің. Баласы:- Ой,әке-ай жақсы да ,жаман да,ұрыс та, керіс те,өсек те бәрі де осы тілден шығады.

Екі елі ауызға төр елі қақпақ дегендей,әр адам өз тіліне сақ болса,еш уақытта ұрыс –керіс болмас еді. «Басқа пәле тілден».

Әкесі: Дұрыс екен ,балам.Бүгін көп нәрсені ұққандаймын.Жақсы ,балам, қайтайын.Айтарым ақылыңнан ажырама – деген екен.

Сабақтың дәйексөзі: -Балалар,сахналау арқылы және өзіміздің өмірімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен-ақ беріледі.Тіл адамды жақсы да,жағымсыз да көрсетеді.Тіл адамды өсіреді де,өшіреді де.Олай дейтініміз тек қана жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң,адамдар арасында сыйлы боласың.Өз тіліңді жетік біліп,оны дамыта алсаң,сондай-ақ басқа елге барғанда өз туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екендігін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың,халқыңды өсіресің.Егер сенің ана тіліңде ешкім де сөйлемесе халқың өшеді деген – осы. Сондықтан С.Торайғыровтың: «Сүйемін туған тілді,анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»,-деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн. Жаңа ақпарат: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Ана тілін сүю,құрметтеу,мақтаныш ету-әрбір азаматтың міндеті».

Ойын – жаттығу: «Тіл жүйрігі» Ойынның шарты:Ақботаның қоржынында әріптер бар. Шыққан оқушы қоржыннан кез келген әріпті алады.Қандай әріп шықса ,сол әріптен басталатын мақал-мәтел айтуы тиіс.Мыс: «Е»- «Еңбек түбі зейнет».

Таяқ еттен өтеді Сөз сүйектен өтеді

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.



Жақсы сөз – жарым ырыс

Өтірік сөз өрге баспас.









Тіл жүйрігі



.Отан отбасынан басталады





Отан оттан да ыстық





.Көз жетпеген жерге Сөз жетеді

Өнер алды қызыл тіл

Әліппенің ар жағы-білім бағы









hello_html_m44c8e1bc.png

Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптердегі нақыл сөздерді оқып мағынасын түсініп алыңдар және өмірде қолданыңдар.

1.Тіл жоқ жерде ұлт жоқ (Ш.Айтматов)

2.Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті...Біздің жастарымыз ана тіліне жетік,білімді мәдениетті болсын. (А.Жұбанов)

3.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту. (Б.Момышұлы)

Жүректен-жүрекке.

Жүрегімнің бөлшегі. Қаның,жаның – тіліңде, Ана тілің-ертегің, Арың,нәрің тіліңде. Ана тілің – өркенің, Ұмтыл оны білуге. Ана тілің- ертеңің. Тілден алып ғибрат, Қадірле ана тіліңді- Құлшынасың білімге. Жүрегіңнің бөлшегін. Бағалау: Сабақта белсене қатысқан оқушыларды мадақтау,мақтау,бағалау. Үйге тапсырма:

8 сабақ. «Мен елімнің азаматымын»тақырыбындағы «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқып келу.

Қаралды : № ----.10.2015ж

ӘБ жетекшісі: Ж.Идрисова.





C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\494.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\495.jpg



C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\497.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\500.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\501.jpg





C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\502.jpg



C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\503.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\505.jpg



C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\507.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\509.jpg



C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\539.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\545.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\511.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\512.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\513.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\517.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\518.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\519.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\520.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\521.jpg



C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\522.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\523.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\525.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\526.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\527.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\528.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\529.jpg

C:\Users\User\Pictures\2015-10-29\530.jpgC:\Users\User\Pictures\2015-10-29\531.jpg


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-366916
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх