Инфоурок Другое КонспектыСыныптан тыс іс-шара "Тіс" 5 сынып

Сыныптан тыс іс-шара "Тіс" 5 сынып

Скачать материал

Тақырыбы:   Ауыз қуысының тазалығы және дұрыс тамақтану

Мақсаты: Тістің құрылылысы, тіс топтары, тіс аурулары оның түрлері және пайда болу себептері, алдын- алу шаралары, тіс гигиенасы туралы әңгімелеу. Теориялық білімді меңгерте отырып, танымдық қабілеттерін арттыру. Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі: дөңгелек үстел.

 Жүргізуші :

-         Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

-         «Ауыз қуысының тазалығы және дұрыс тамақтану»   атты тіс дәрігерлерімен кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

-         Бүгінгі кешіміздің қонақтары .........

 

-          Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
 Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. 
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық. 

-          

Көрініс:

-         Медбике: Сәлеметсіздер ме, балалар.Ой,қандай таза,ұқыпты,әдемі балалар.Көңіл-күйлерің де жақсы сияқты.Солай ма, балалар?
(осы мезгілде ішке асығып кір қожалақ бала кіреді.)

Кір қожалақ бала:
Тісім-ай,тісім-ай, мен сізді іздеп жүр едім.Менің ішім де,басым да барлық жерім ауырып барады,не істесем екен, а?
Медбике: Балалар, қараңдаршы қандай кір қожалақ бала.Туу тырнағың да алынбаған, шашың да,үстің де кір-кір.Сондықтан да ауырасың Балалар айтыңдаршы тісіміз,басымыз ауырмау үшін не істеуіміз керек?

Балалар: Әр адам жеке басының саулығын сақтауға міндетті.

          Тісті сау қалпында  сақтау үшін әрбір  тамақтанғаннан  кейін

          ауызды шайып,тісті  тазалау қажет.

 Бәрі : Денсаулық-ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық-ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық –ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай
Денсаулық-ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай. 

Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап.

Тісіңді жу, тазарт

Маржандай болсын аппақ.

 

Атқаратын қомақты

Ауыз қуыс ісі бар.

Ұсататын тамақты,

Отыз екі тісі бар.

 

Алғашқы тіс-сүт тістер,

Түсіп бірте тынады,

Алты жастан нық тістер-

Тұрақты тіс шығады.

 

Тазалап жүр тісіңді

Кішкене де, ыңғайлы,

Тіс щеткасын пайдалан.

Тазалауға болмайды,

Щеткасымен басқаның.

Медбике:
-Міне, түсіндің бе, балалар не деді жуыну керек. Бар жуынып кел.
(кір қожалақ балақай шығып кетеді де бірер минуттан кейін қолжуғышпен бірге қайта кіреді)

ұмытпаңдар және дұрыс тамақтаныңдар.Жемістерді үнемі жуып ,жеп тұру керек,олар көптеген дәрумендерге бай
Медбике:
Үнемі таза жүрумен қатар ертеңгілік жаттығуларды да
 ұмытпаңдар және дұрыс тамақтаныңдар.Жемістерді үнемі жуып ,жеп тұру керек,олар көптеген дәрумендерге бай


Кір қожалақ балақай:
Менің тісім қатты ауырғасын сендермен де амандасуды ұмытып кетіппін ғой, амансыңдар,есенсіңдерме балалар.Мен жуынып,таранып келдім.Тісімнің ауырғаны қойды,енді мен үнемі осылай жуынып таза жүремін.Рахмет сендерге.

Қолжуғыш:
Сәлеметсіздерме,балалар,қандай әдемі,таза балақайлар отыр мұнда.Мен кір қожалақ балаларды ұнатпаймын.Сендермен көңілді би билегім келіп тұр
(көңілді әуенмен сергіту сәтін жасайды.)


Қане,қане бәріміз
Дос боламыз алақай!
Хош иісті сабынның
Көбігіне малындым.
Тісімді тазартып,
Барлық кірден арылдық.
Айнаға қарадым,
Шашымды тарадым.
Жуынамын күнбе күн
Тамаша екен бұл деген
Балақайлар бәріңде
Дос болыңдар менімен.

 

Қолжуғыш
Менің көңілім тіптен көтерілді сау болыңдар балалар (қолжуғыш шығып кетеді)

Көрніс.
бала:
Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Балақай не болған?
жылама , жылама.
қыз:
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің
бала:
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
қыз:
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап.


......ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер

Жүргізуші:Ендігі кезекті бізге қонаққа келген дәрігерлерге берейік,  сонымен қатар біраз сұрақтарымыз бар қоятын.

Дәрігерге сұрақ

1. Тіс не үшін қажет?

2. Тістің құрылысы.

3. Тіс топтары.

Тістер неге ауырады?

 Тістерді қалай сақтау керек?

 

Дидактикалық ойын:
«Тазалық көмекшілерін жұмбақ арқылы тап».
Шарты:
Балалар жасырылған жұмбақтың шешуін сурет арқылы тауып, көрсетіңдер.  

1. Дымқылдап күнде сен
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
2. Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында.
Бұл не? (Сүлгі)
3. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне.
Бұл не? (Айна)
4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақта тісі бар,
Шашыңмен ісі бар.
Бұл не? (Тарақ)
5. Белінен қыссаң,
Аузынан ақ уыз шығады.
Бұл не? (Тіс пастасы)
Денсаулық, тіс туралы мақал-мәтелдер айту. (залдағы оқушылардан сұрау)

1  Сау тіс- денсаулық кепілі.

2 Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді десеңші.

3 Тісі саудың - жаны сау

 

Қорытынды:

Жүргізуші
 - Жарайсыңдар міне біз «Ауыз қуысының тазалығы және дұрыс тамақтану»   туралы  көп нәрсе білдік.Үнемі жуынып, денені шынықтырып жүруді әдетке айналдырайық.  Осылай  жүрсек деніміз сау,мықты болып өсеміз.
- Балалар тісіміз сау болу үшін мына ережені тағыда бір естеріңе салайын:
1. Тісті күніне 2 рет тазалау.
2. Тамақтан соң ауызды шаю.
3. Ыстық тамақтан соң суық су ішпеу.
4. Қатты заттарды тіспен шақпау.
5. Тәттіні көп жемеу.
6. Тіс дәрігеріне жиі көріну.
7. Әркім өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.

Жүргізуші:

«Ауыз қуысының тазалығы және дұрыс тамақтану»   атты кешіміз де өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше хош сауболыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс-шара "Тіс" 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 176 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2017 1173
    • DOCX 52.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искакова Гаухар Надирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Искакова Гаухар Надирхановна
    Искакова Гаухар Надирхановна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45343
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой