Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс іс-шара:"Туған тілім-тұтастығым,елдігім"

Сыныптан тыс іс-шара:"Туған тілім-тұтастығым,елдігім"

Скачать материал

Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған әдеби-монтаж

Тақырыбы: Туған тілім-тұтастығым,елдігім

 

Мақсаты:

1.      Өзге ұлт өкілдері  арасында мемлекеттік  тіл  қазақ тілінің қолданыс  аясын кеңейту, өзге ұлт  оқушыларының қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік  тілді  құрметтеуге  баулу.

2.      Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық этнос өкілінің ішкі мәдениетінің ажырамас тіліне  айналдыру.

3.      Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер    арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Көрнекілігі:  қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, суреттер, гүлдер, шарлар, буклеттер.

 

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

            Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

            «Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші, «Тіл – достықтың кілті,  ынтымақтас- тықтың бастауы» атты  әдеби –музыкалық кешімізді бастауғу рұқсат етіңіздер .

1-жүргізуші: Жылаған алғашқы  үннен іңгә тілім,

                      Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                      Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен

                      Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

 

2-жүргізуші: Жанымды жадыратқан бала тілім,

                       Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім.

                       Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

                       Жасасқан қазақ тілі- ана тілім.

 

1-жүргізуші: Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

                       Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

                       Жиһанкез желмаялы Асан қайғы

                       Жер-жерге баға берген сынды тілім.

 

2-жүргізуші: Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

                       Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

                       Жұлдызды құдіреттің туы болған,

                       Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.

 Әр ұлттар биі ;

1-жүргізуші: - Мен сізге «Осы тіл не үшін керек?» деген сұрақты қойғым келіп отыр.

 

2-жүргізуші: - Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Мектепте оқып жүргенімізде  «Тіл- қарым-қатынас құралы » деп түсіндірді емес пе?

 

1- жүргізуші: - Жарайды, тіл- қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі  деп бөлгені несі?

 

2- жүргізуші:- Ой, айтқышбегім-ай.Кез-келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

 Балалар, ана тілі дегеніміз ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген- бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:

                    Ана тілім- бала шағым, өркенім,

                    Ана тілім- болашағым, ертеңім,

                    Ана тілім-сайын далам, жер, көгім,

                    Ана тілім- арман, ойым, өрнегім.

                    Ана тілді білмесем,

                    Шат-шадыман күлмес ем,

                    Жер бетінде сайрандап,

                    Қазақ болып жүрмес ем.

 

1- жүргізуші: - керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде ме?

                    Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

                    Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

                    Өссе тілім- мен де бірге өсемін,

                    Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.

 

2- жүргізуші: -Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтуға болады?

1- жүргізуші: -Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

                  Ана тілін білмеген-

                  Ақылы жоқ желікбас.

                  Ана тілін сүймеген-

                  Халқын сүйіп жарытпас.

«Бала тілі- бал»даярлық сынып оқушылары

 

Ән: «Ана тілім » Марат Ұлпан, Берік Ақбота ,Сайділдә Камшат

2- жүргізуші: - Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен- кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.

Армысыздар, құрметті ұраны Алаш, жүрегі қазақ деп соққан қадірменді ағайын!

1-жүргізуші:

Қайырлы күн елім деп еміреніп,тілім деп тебіренер келешек елдің көрешек  жастары!

 

2 жүргізуші:

Тілім дара-асқарлардың асқағы,

Тілім ғана тірлігімнің бастауы

Көкке көтер мәртебесін  тілімнің

Қазағымның қайсар қайтпас жастары-

дей келе баршаңызға  «Тілім менің-тұтастығым,елдігім» атты  Тіл мерекесіне қош келдіңіздер демекпіз.

 Көрініс С. Досановтың «Қынаптан суырылған қылышы» кітабы бойынша үзінді

 2-жүргізуші:     

        Менің тілім біреу- ақ,

           Сөйлейтін де, жазатын,

           Тауып қойған тілеуі-ақ

           Қазақ деген өз атын,

           Дариядай пейілі,

        Тілі,ділі,жыры да.

 Ағылшын тілінде ән,би .Неміс биі, орыс тілінде ән .

  1-жүргізуші: Дархандығы елімнің,

                    Аз емес еді ұққандар.

                    Құнын білмей төрімнің,

                    Аз ба көңілін жыққандар?

  2- жүргізуші: Қасиетің ана тіл,аз ба сенің?

                   Өзің барда ескірмес,тозбас елім.

                   Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

                   Мұқағали отты өлең жазбас еді.

  1- жүргізуші: Ана тілі-асыл күні бабамның,

                    Қуатымсың ақ сүтіндей анамның,

                    Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

                    Туған тілді жаттап өскен балаңмын.-деп ақындарымыз жырлап өткендей, туған тіл тақырыбы ақындарымыз үшін мәңгілік тақырып.

(Өлеңдерді мәнерлеп оқу)

 Қазақ тілі ,орыс тілі , ағылшын тілі ,  көркем сөз

Хор : «Рух пен тіл»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған тілім-тұтастығым, елдігім

 

 

 

 

 

Өткізгендер : Тарих-қоғам тілдер пән бірлестіктерінің мұғалімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«А.Нурманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің» КММ

   Тіл және тарих қоғамдық пәндердің ұйымдастырумен өткізілген

«Туған тілім- тұтастығым , елдігім» атты әдеби-монтажды мерекелік іс-шараның өтіліуі туралы

Анықтама :

 

 

 

Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне арналған  «Туған тілім- тұтастығым , елдігім» атты әдеби-монтажды мерекелік іс-шара «Тіл және тарих қоғамдық пәндер мектептің акт залында өткізілді . Іс-шараның  ашылуында жүргізіушілер тіл туралы көркем сөздер  оқумен ашты . «Бала тілі- бал» айдарымен мектебіміздің мектепалды даярлық сыныбының оқушылары  ана тілі  туралы тақпақтарын оқыды. Бұдан кейінгі кезекті 7-8-9 сынып оқушыларының қатысуымен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жапарова Әсел Мұратәліқызының дайындауымен қойылған көрсетілім   С. Досановтың «Қынаптан суырылған қылышы» кітабы бойынша үзінді көрермендердің көңілінен шықты .

 Мектепте оқытылатын екінші ана тіліміз орыс тілінде ,ағылшын , неміс тілдерінде дайындалған орысша ,ағылшынша ,немісше билер ,тақпақтар, өлеңдер,әндер  айтылды .Осы пәндерден беретін мұғалімдер: Амантай Гүлбану ағылшын тілі, Шонгалов Куандық неміс тілі, Отарбай Гаухар. Фазылова Дариға  орыс тілі пәнінің мұғалімдерінің өз істеріне аса жауапкершілікпен қарайтындықтары байқалды .

Қазақ тілінде ана тілі туралы көптеген тақпақтар , әндер және әр ұлттың билерін дайындауда қазақ тіл пәнінің мұғалімдері Қаласова Гүлбарам, Нұрғалиева Құралай апайлардың еңбектері зор болды Кеш өз деңгейінде өтті ,кештің соңы «Тіл және Рух» атты хормен аяқталды . Кеш  соңында мектеп директоры Абишев Рауан Мұхамедқалиұлының құттықтау сөзімен және «Тіл және тарих пәндерінің бірлестігін»,марапаттаумен аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлестік жетекшісі :  Фазылова  Дариға

 

 

 

 

 

                               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс-шара:"Туған тілім-тұтастығым,елдігім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 501 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 1420
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Фазылова Дарига Хамзиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Фазылова Дарига Хамзиевна
    Фазылова Дарига Хамзиевна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7317
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе