Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сыныптан тыс "Әліппемен қоштасу" ( 1сынып)

Сыныптан тыс "Әліппемен қоштасу" ( 1сынып)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру, ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету, оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу, ертеңгілік барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар. Оқушылар. Келген қонақтар! Бүгін сіздер қуанышты «Қош бол, Әліппе!» атты ертеңгілікті тамашалағалы отырсыздар. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы да - Әліппе.Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы.Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз. Бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған «Әліппе» оқулығын бітіріп, қоштасқалы отыр. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі.Ендеше бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты. Бұл біздер үшін де үлкен салтанатты мереке. Олай болса мереке құтты болсын!

Әліппені бітірді балаларым

Әріптерден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың.

Малика:

Кімдер зерек, кім тапқыр

Таланттарын табайық

Қайсы күйші, кім биші

Талабына қарайық

Іші толған әріпке

Бар білімнің бастауы

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол бастар

Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе!

Әліппе ортаға шығады

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар.

Армысыз, ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Менің атым Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен

Ағаң, сенің әпкең де

Міне, балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?

Мұғалім: «Әліппе», балалар өзің туралы өлеңдер, әндер үйренді. Енді соны қонақтармен бірге отырып тыңда.

Алишер:

Әліппе - білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Томирис:

Жақсы кітап Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

Алайдар:

Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе

Нұршат:

Әліппем, менің, әліппем

А деген басты әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен

Енді мен жаза білемін

Әріпті қойып әріпке

Риза боп саған жүремін

Сүйікті біздің Әліппе!

Қанат:

Таныстырған 42 әріппен

Сенсің менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза блгенім,

Сауатты адам қатарына кіргенім.

Әліппе: Менің ең бірінші бетінен кімді көрдіңдер?

Хормен: Нұрсұлтан Назарбаевты

Мейірбек:

«Айналайын» деп тіл қатты

Президенті елімнің

Намысын қорғап өтемін

Қасиетті жерімнің

Бақытты мен ұланымын

Әр күнім күліп ататын

Елбасы Нұрсұлтан атаның

Алдым мен ақ батасын

Әліппе: Ана тілі оқулығы мерекеге келем деп еді, кешікті ғой

Орманнан хат: Құрметті балалар, мен Ана тілімін. Сендерге келе жатқанымда түлкі ұстап алды. Балалар бауырсақ әкеп бермесе жібермеймін дейді. Маған көмектесіңдер.

Мұғалім: Ал балалар, бауырсақтарды алып орманға барайық. Ана тіліне көмектесейік.

Бауырсақ пісіріп берген әжемізге, мерекеге келіп отырған ата аналарымызға алғыс ретінде өлең , ән айтып берейік, әрі ән айтсақ орманға баратын жол қысқарады.

Қабылан:

Бұл мереке сенің арқаң анашым

Бір мен үшін керектіні табасың

Балаң жақсы деген сөзді естісең

Күлімсіреп, қуанып бір қаласың

ӘН: Біз тәртіпті баламыз

Қоян кездеседі: Ал балалар қайда барасыңдар

Балалар: Түлкіні іздеп жүрміз, көрсең айтшы біз саған бауырсақ береміз

Қоян: Мен бауырсақ жемеймін, мен сәбіз қосылған тоқаш жақсы көремін. Сендер маған одан да әріптер туралы тақпақ айтсаңдар түлкінің үйін көрсетемін.

Балалар: Жарайды

Қарақат:

А-ға й-ды қоссаңыз

Көкте тұрған ай болар

Т-ны алдына тоссаңыз

Бәсірелі тай болар

Дарын:

Ә әрпінен табамыз

Әжемізді ақылгөй

Б дегенің бабамыз

Бауыржандай батыр ғой

Аслан:

Ш дегенің шапағат

Тие берсін баршаға

Х дегенің сәлем хат

Қуанышың қаншама

Әділ:

О дегенің отбасы

Отан деген ұғым бар

Я дегенің Яссы

Қала болған бұрында

Ерке:

Д әрпінен бастасаң

Дархан, дария далам бар

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар

Фатима:

Алфавиттің А тұрады басында

Ә тұрады «рқашанда қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

Ерке:

А деген ол аналар ғой ардақты

Ә деген ол әкелер ғой салмақты

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі

Сондықтан да алшақ кетпей расында

Тұрады олар алфавиттің басында

Қоян жол сілтеп жөніне кетеді

Мұғалім: Ал, балалар жол қысқарсын, енді Отан туралы ән шырқайық

Ән: Отан

Қасқыр кездеседі: Ал балалар, қайда жол тарттыңдар, мен сендерді жеймін

Балалар: Жемеші, одан да бауырсақ же

Қасқыр: Ет қосылған ба

Балалар: Бауырсаққа ет қоспайды

Қасқыр: Мен етті және жұмбақ жасырғанды жақсы көремін. Шеше аласыңдар ма?

Жұмбақтар:

1. Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан? Әліппе

2. 42 жауынгер

Санын түзеп тұрады

Бүлдіршіндер қауымды ел

Сырын терең ұғады Алфавит


3. Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды 2 қаз

Қонбады енді нешеуі

Қане кім тез шешеді 5

Қасқыр: Рахмет, балалар, бәрін дұрыс таптыңдар, түлкінің үйі ана жақта

Мұғалім: Ал балалар түлкінің үйіне жеткенше би билеп барайық

Би: Қуыршақтар

Аю кездеседі: Қайда барасыңдар, балалар

Балалар: Біз түлкінің үйін іздеп жүрміз. Бауырсақ береміз қайда екенін айтыңызшы

Аю: Рахмет балалар, мен диетадамын, сендер одан да маған мұғалім туралы ән айтып беріңдер, сосын жолды көрсетемін

Ән: Мұғалім ол бздің

Аю: Рахмет балалар. Түлкінің үйі әне тұр. Сау болыңдар

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар, маған сендердің әндерің де, билерің де керек емес. Бауырсақты беріңдер де Ана тілдеріңді алыңдар, бауырсақ бермесеңдер ана тілінің парақтарын жыртып балаларыма ұшақ жасап беремін

Балалар: Бауырсақты әкелдік. Ана тілін жібер

Түлкі: Міне алыңдар

Ана Тілі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ақыл ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Мұғалім:

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз

Балалар:

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз

Мұғалім: Ана тілі қалған уақытта бізбен бірге болыңыз.Біздің сізден үйренеріміз әлі алда. Ал, балалар, Әліппемен қоштасатын сәт те жетті.

Қарақат:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балағыз

Дарын:

Аяқтадық сені бүгін Әліппем

Достастырдың бізді барлық әріппен

Кітаптарды енді оқи береміз

Ой жіберіп тереңінен танып кең

Әмірхан:

Қош Әліппем биіктеткен асқарға

Қанат берген шарықтауға аспанға

Қоштассақ та ұмытпаймыз өзіңді

Тапсырамыз іні-қарындастарға

ӘН: ӘЛІППЕ

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігін аяқтаймыз.


Краткое описание документа:

1 сынып мұғалімдеріне арналған сыныптан іс-шара әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады.Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру, ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету, оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу, ертеңгілік барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға тәрбиелеу

Автор
Дата добавления 03.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров234
Номер материала 262492
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх