Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс "Менің отбасым және математика"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сыныптан тыс "Менің отбасым және математика"

библиотека
материалов

hello_html_349ba892.gif

Тақырыбы: “менің отбасым және математика”

Мақсаты: Білімділік Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзін тәрбиелеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту

Көрнекілігі: Үлестірмелі тапсырмалар, логикалық есептер, тест сұрақтары

Түрі: топтық сайыс

Типі: ойын түрінде

Жоспары:

1.Мықты болсаң жеңіп көр

2.Ертегі есептер

3.Ұшқыр ой

4.математикалық сурет

5.Көрермендерге сұрақ


Уа халайық, халайық
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде
Жанұялар жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салады
Көңілді кеш жасаймыз


Сайысымызды бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділ қазы алқасын сайлап алайық


Әкем, шешем, әпкем, ағам және мен “Математик жаұямыз шетінен” деген ұранмен өтетін “Жанұя және математика” атты 6 сынып оқушыларымен олардың ата-аналарынан құралған топтардың сайысы
Жарысымыздың алғашқы туры: “Топтардың өзін-өзі таныстыруы” деп аталады.:

Таныстыру

Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/

10 ұпай

Мықты болсаң жеңіп көр!

Әр топқа 6 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

1 топқа сұрақ


1.30минутты сағатқа айналдыр

2.ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды.

3.1 мен 100 санының ішінде 5 цифры неше рет кездеседі?

4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)

5.7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап. (307

6.Екі саннның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар /5 пен 3/

2 топ сұрақтары

1.Жарты қарбыз 20 тг тұрады. Бүтін қарбыз неше тг? /40 тг

2.Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/

3.Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

4.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш болады?

5.Түйе құс екі аяғымен тұрғанда 6 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

6.Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалайша?

3 топ сұрақтары

1.8-наурызда екі анасы мен 2 қызына, әжесі мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал алынды?

2.Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

3.«Математика 6 сынып» оқулығының авторы кім?

4.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір ат канша км жүреді?

5.Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

6.4 литрлік және 6 литрлік ыдыстармен 2 литр сүтті қалай бөліп алуға болады?

4 топ сұрақтары

1.70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

2.Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

3.Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)

4.Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

5.86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.

6.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?


Ертегі есептер


Бұл сайыста топқа да ертегі есептері беріледі. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.

1.Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды. Сонда Қожанасырда неше тиын болды? Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын

2. Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан 14 самса әкелді.

Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3.

Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу? Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.

Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.

3. Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады? Шешуі: 7*7*7*7*7=16807

4.Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде?

Шешуі: 100 * 4 = 400


«Ұшқыр ой» ойыны

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған экранда 1 - ден, 9 ға дейінгі сандар жазылған. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+2+3+4+5+67+8+9=99


«Математикалық сурет» бөлімі


«Көрермендермен ойын»

Тез есепте:

11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)


Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)


100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)


Мақалды жалғастыр

Білгенің бір тоғыз,

...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)

* Батыр бір рет өледі,

...................................(Қорқақ мың рет өледі)

* Екі аяқтыда құрдас тату,

.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)

* Жалғыз ағаш үй болмас,

.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)

* Ақылсыз достан мың сақтан.

................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)

* Елуінде – ер дана,

...............................................(Елуінде – ел жаңа)

* Қалтаңда жүз теңгең болғанша,

...................................................(Өмірде жүз досың болсын)


Логикалық сұрақ

4.Қайда су көп кетеді: 3 литрлік шәйнекке ма немесе 3литрлік самауырға ма? Бірдей су кетеді.

5. Бес адам қол ұстасып сәлемдесті. Қанша рет олар қол алысып амандасты? 10рет
6.Екі аквариумда 9 балық бар. Аквариумның біреуінен екіншісіне 3 балықты ауыстырдық. Енді екі аквариумде балық қанша болды? 9балық
7.Ақан 3 фигура салды. Үшбұрыштар және шаршылар. Сонда фигуралардың 11төбесі болды.Ақан қанша үшбұрыш және неше шаршы салды?
Үшбұрыш-1, шаршы-2







Қорытынды

Біреу озса жарыста

Біреу артта қалады

Ренжімей тараса

Озбағандар жарады

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер өнерлерді аяп қалды

Әділқазы сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды – дей келе әділ – қазы алқасына сөз кезегін береміз.


Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі

Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз

Күтеді бізді жарқын күндер әлі – дей келе сайысызым аяқталды. Сау болыңыздар.

























Жерұйық негізгі мектебі










http://i2.wp.com/www.aythink.com.tr/wp-content/uploads/hafiza-nasil-gelisir.jpg?resize=500%2C464


Өткізген: Қосмағамбет Ж.Ж

6 сынып











2015 – 2016 оқу жылы

Общая информация

Номер материала: ДВ-393572

Похожие материалы