Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сағаты Денсаулық күні "Толағай" отбасылық сайысы

Сыныптан тыс сағаты Денсаулық күні "Толағай" отбасылық сайысы


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_42660cc6.gifТақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.  Денсаулықты нығайту.

Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт алаңы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар, қаптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі 
Жүргізуші:

Құрметті балалар,ата-аналар қонақтар!

Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді.

Біз белсенді отбасыларымызға сәт сапар тілейміз!

Жүргізуші:

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз 
Әр таңды бақытпенен атырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң 
Отбасыларымызды шақырамыз. 

1. «Тұлпар » тобы 
2.«Барыс»
тобы 
3.
«Жұлдыз» тобы
4.
«Бәйтерек» тобы

(әр отбасы орындарына келіп тұрады) 
Жүргізуші:

Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1.Байгабуов Т (дене шынықтыру мұғалімі) 
2.Уалиев Д (дене шынықтыру мұғалімі) 
3.Серикова А (Бірлестік жетекшісі) 
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасында 
-Топтың аты;ұраны, топты таныстыру 

6 айналым : 
- «Қосаяқ» қаппен жүгіру 
- Доппен жарыс 

-біз көшеміз
- Жүгіреміз де секіреміз 

- көкөніс жинау
- ыстық картоп 
Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. 
Жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
Өнер қуып отбасы өтер дейміз, 
Бір басына өнері жетер дейміз. 
Сайысқа келген топтар кезектесіп. 
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
 


Әр отбасы өздерінің ұрандарымен таныстыралы.

«Тұлпар» тобы

Топтың ұраны: Құстай ұшамыз, мәреге озамыз.

«Барыс» тобы

Топтың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз. 

«Жұлдыз» тобы
Топтың ұраны
: Бәріміз біріміз үшін! 
«Бәйтерек» тобы
Топтың ұраны:
Біз берікпіз озамыз, белестерде боламыз.

Жүргізуші:

Сәт сапар сіздерге сайыскерлер!


1 айналым «Қосаяқ» (қаппен жүгіру)

Шарты: Ойын алаңынан әкесі қапты киіп кедергіден өтіп, мәреге жетіп баласына қапты береді де, баласы сол жолмен өтіп анасына қапты беруі тиіс.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді. 
2 айналым «Доппен жарыс»

Шарты: Анасы допты аяқтың ортасына қысып секіреді, одан кейін баласы және кезектегі әкесі аяқтайды.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді

3 айналым «Біз көшеміз»
Шарты:Әкесі отбасын мәренің екінші жағына арқалап апарады.Ал анасы отбасын артқа бұрып жетектеп орнына әкеледі.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді

4 айналым: «Жүгіремізде секіреміз»

Шарты: Секіртпемен жүгіре секіріе отырып мәреге жылдам келу.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді

5 айналым: «Көкөніс жинау»

Шарты: әкесі мәредегі картопты алаңның екінші басына апарады, ал баласы картопты бастапқы орнына жинайды, анасы оны алаңның екінші басына апарады.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді

6 айеалым «Ыстық картоп»

Шарты: Берілген ас қасығына салынған картопты мәреден өткізіп кезектеп апаруы керек.

Әр айналымнан кейін әділ қазылар өз бағаларын береді

Жүргізуші: Сөз кезегін аділқазыларға береміз

ІІІ.Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,  марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Сонымен қатар сыныптың ата-аналары демеушілік көрсетіп

Жүргізуші:

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Кездескеше күн аман халайық!


































Келісемін: Бекітемін:

Мектеп директорының тәрбие №3 Талапкер орта мектебінің

жұмысы жөніндегі орынбасары: директоры: Абеева С.Қ

Хамзина Г.А « »______ 2015 ж

« »______ 2015 ж








Денсаулық күні






Өткізгендер бастауыш сынып жетекшісі: Аубакирова А.С







2015-2016 оқу жылы








Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров249
Номер материала ДВ-434923
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх