Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сабақ "Абай-дана,Абай-дара қазақта" (2-сынып)
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сыныптан тыс сабақ "Абай-дана,Абай-дара қазақта" (2-сынып)

библиотека
материалов

 

«Абай –дана, Абай- дара қазақта».

Мақсаты:

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырып өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу арқылы адамгерлік қаситттерге тәрбиелеу.

Көрнекілік:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар.

Барысы:

Кіріспе Мұғалім сөзі:  Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.

Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.

Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.

1 оқушы:Ерсұлтан

Сахнаға Абай шығады.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

1-оқушы Нұрай: Өмірбаян.

          Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр  балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан  арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе  араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.

     2-оқушы Медет: Абай туралы сөз.

            Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші  болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда  данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде  туды да, қорлықпен өтті.

                                                                                             Шәкәрім.

           Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан  бұрынғы –соңғы заманда  қазақ баласында  біз білетін ақын болған жоқ.

                                                                             Ахмет Байтұрсынұлы.

            Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге  қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

                                                                              Мұхтар Әуезов.

           Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.

                                                                                Ғабит Мүсірепов.

          Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай  ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай  теңдессіз құбылыс.

                                                                               Қайсын Кулиев.

         Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.  

                                                               

Нұрсұлтан Назарбаев


Мұғалім:

Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе-жастар мәселесі. Оның ішінде оларды білім алуға, оқуға,еңбекке,мәдениетке шақыру.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті
Мұрағып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып,ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон,құбақан құм,құла қырды
Өлеңнің бесігіне бөлеген кім?

Абай – сазгер.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
• Тәңір қосқан жар едің сен
• Сегіз аяқ
• Көзімнің қарасы
• Қор болды жаным
• Бойы бұлғаң
• Айттым сәлем, Қаламқас
• Біреуден біреу артылса
• Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
• Сен мені не етесің?
• Ата-анама көз қуаныш
• Сүйсіне алмадым сүймедім
• Желсіз түнде жарық ай

Ән «Көзімнің қарасы»

3-4 сынып оқушылары: Саяжан мен Гүлімнің орындауында «Көзімнің қарасы» әнін тамашалайық.

-Ал, балалар енді Абай Құнанбай ұлына байланысты бірнеше сұрағым бар.

Сұрақтар : Абай шығармашылығына  байланысты.

1. Абай неше тілді жақсы меңгерген, аттарын ата? (араб,парсы,шағатай)

2.Абайдың өлеңдерін ата?(Ғылым таппай мақтанба, Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Қыс т.б)

3.Туған жері – бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген).

4.  Абайдың әжесінің аты кім?  (Зере)

5.Абайдың шын есімі кім?   (Ибраһим)

6. Абай қай жылы дүниеге келді?  (1845 жылы)

7. Абайдың анасының аты кім?   (Ұлжан)

8. Абай қай жылы дүние салды?   (1904 жылы)

9.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

10. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

11. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

Оқушылардың  өлеңдері

1-оқушы:Саяжан « Жасымда ғылым бар деп ескермедім », «Әсемпаз болма әр неге»

«Интернатта оқып жүр». «Жазғы тұрым».

2-оқушы:Гүлім «Мен сәлем жазамын»,«Жазғы тұрым», «Жаз»

3-оқушы: Нұрай «Күз»

4-оқушы:Ерсұлтан «Жігіт сөзге» , «Жігіт сөзге»

5-оқушы:Медет « »

6-оқушы: Аршат«Көкбайға»

7-оқушы: Жәзира «Интернатта оқып жүр»

8-оқушы : Тамирис «Ғылым таппай мақтанба»

9-оқушы: Жантөре « Жартас»


Сонымен балалар ұлы Абай туралы бүгінгі ой түйінімізді топтастырайық

Топтастыру: Абай-ақын,Абай-дана,ойшыл,замана суреткері, Абай-кемеңгер,Абай-аудармашы, абай-сазгер, Абай-кемеңгер, композитор.

. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И.А.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
- Көрініс: «Шегіртке мен құмырсқа»

Рөлге бөліп оқитындар:
Автор-Кимдиден Саяжан
Шегіртке- Иманбек Гүлім

Құмырсқа- Қабдуахит Нұрай
Мұғалім:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Бастауыш сынып оқушылыарының орындауында

Ән : «Желсіз түнде жарық ай» 

Қорытынды :

Қазақ әдебиетіне сансыз жаңалық енгізген, қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы, қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай атамызға арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.









































Бастауыш сыныптар арасында өткен

 апталықтың қорытынды есебі

 

11-16 сәуір күндері мектебімізде бастауыш сынып апталығы өткізілді. Апталық оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды.

Апталықтың мақсаты: «Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Оқу үдерісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттер қойды:

 - оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;

 - сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.  

Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.  

Апталық мынадай жоспарда құрылды:

1. Апталықтың ашылуы

2. Ашық сабақтар

3. «Сүйемін туған тілді - анам тілін» Шығарма жазу 

4. «Құстар,біздің досымыз» көрме ұйымдастыру» байқауы .

5. .«Абай оқулары» мәнерлеп оқу

6. Ашық тәрбие сағаттары

7.«Көңілді сөрелер жарысы »

8. Апталықтың жабылуы.

Бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ отырысында апталықтың жұмыс жоспарын қорытындылады.

Шара барысында өзін үздік көрсеткендер мадақтамамен марапатталды.

 

Барлық  өткізілген ашық сабақтарда, тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.  

Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.

Келесі мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары әдістемелік формада өткізілді: қазақ тілі – 4 сыныпта – мұғалімі Жусупова.Д.Қ , математика – 1сыныпта мұғалімі Тукенова А.А , Дүниетану 2 сыныпта мұғалімі Мусалимова Д.С.,Еңбекке баулу-3 сынып мұғалімі Еркін Ж.Қ.

 

Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді.

Қазақ тілі пәнінен 3-4 сыныптарында Жусупова.Д.Қ «Сүйемін туған тілді - анам тілін»

     Шығарма жазу. 

  Сондай-ақ, Тукенова А.А өткізген « XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында 3-4 сыныптар арасында зияткерлік сайысы өтті, тартымды, әрі қызықты өткенін мақтанышпен атауға болады.

 

Сонымен қатар «Құстар,біздің досымыз» көрме ұйымдастыру атты сурет көрмесіне қатысқан  оқушылардың суреттері мазмұнды, әсем боялғандығымен  бағаланды. Мектеп оқушылары мұнда талантты балалар суретін тамашалады. Жауаптанушы Еркін Ж.Қ. «Құстар,біздің досымыз» атты сурет  байқауының жеңімпаздарын анықтады. Олар: Тлектес Жәзира,Темкеш Тамирис,Мубарак Елнур мен Рахметулл Медет.


1 - 4 сынып оқушылары  «Абай оқулары» мәнерлеп оқу «Абай –дана, Абай - дара қазақта» атты тәрбие сағаты өтті,онда тақпақшылар Ұлы ақын Абай Құнанбаевтің тақпақтарын,орысшадан аударған мысал ертегілерін жәнеде «Көзімнің қарасы» , «Желсіз тунде жарық ай» өлеңдерін әдемі әуенмен орындады. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жүсупова .Д.Қ сөз алып,

белсенді оқушылар мадақтамамен және дипломмен атап өтілді. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. 


Апталықтың соңғы куні1-4 сыныптар арасында «Көңілді сөрелер»жарысы қызықты да,көңілді өтті.Оқушылар белсене қатысты .

Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Куватова Алма Маженқызы сөз алып бастауыш сынып оқушыларын апталыққа белсене қатысқандары үшін мадақтау лебізін білдірді..





















































Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:

Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.

Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.

Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты.

Келесі мұғалімдердің ашық сабақтары жоғары әдістемелік формада өткізілді: қазақ тілі – 3а сыныпта – мұғалімі Неғметжанова А.З., математика – 2б сыныпта - мұғалімі Зубова В.И., математика 1а сыныпта мұғалімі Мейрхан А.

 

Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері көптеген қызықты сыныптан тыс шаралар өткізді.

 

Қазақ тілі пәнінен 2«б», 4«б» сыныптарында Ташимова А.Қ. өткізген  интеллектуалды ойыны,  2 «б» сынбында Зубова В.И. өткізген «Зачем человек есть?» сынып сағаты, мектепалды даярлық сыныбында өткізген «Тілашар» сынып сағаттары да ойындар тартымды, әрі қызықты өткенін мақтанышпен атауға болады.

 Сондай-ақ, Ташимова А.Қ. өткізген  интеллектуалды ойыны танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Білімділер» және «Тапқырлар» атты 2 топ болып, ұлты орыс балаларының жарыса  қазақша жауап берулері, мұғалімнің   қазақтың әдеп-ғұрып,  салт-дәстүрін, қасиетті қазақтың киіз үйін дәріптеп үйретуі, оқушылардың шаңырақ астында уыққа керегі боайылып, киіз үйді құрып дөңгелене билеуімен аяқталуын ерекше атап өтуге болады.

 

1 - 4 сынып оқушылары  «Менің елім - байтақ жерім!»  тақпақшылар байқауы бойынша жауаптанушы Неғметжанова А.З. сөз алып, үздіктерді атады. Олар: 3 «а» сынып оқушысы Хизирбек Ажар, 2 «б» сынып Власова Н. 4 «б» сынып Власова К.

 

Бастауыш сынып оқушыларының үздік дәптерлері  көрмеге қойылып, жауаптанушы мұғалім Гелескул Г.А. көркем жазу туралы баяндама жасады. «Әдемі жазу - өнер» байқауы бойынша 1а сынып Нуржанова Д., 2а сынып Айгужин Е., Каппасова А., 2б сынып Власова Н., Мырзаболат А., 3а сынып Хизырбек А., 4б сынып Искакова И. қатарлы оқушыларға ерекше баға берілді.

 

«Ертегілер әлемінде» атты қойылым байқауында оқушылар өздерін басқа қырынан көрсетіп, таң қалдырды. Оқушылар өздеріне берілген рөлдерді өте жақсы сомдап, актерлік шеберліктерімен көзге түсті. Әсіресе, балаларға мектепалды даярлық  сыныбының «Мақта мен мысық»  ертегісі, 2 «б», 4 «б» сыныптарының «Репка» ертегісі  өте қатты ұнады.

 

Сонымен қатар «Қысқы табиғат көрінісі»  атты сурет көрмесіне қатысқан  оқушылардың суреттері мазмұнды, әсем боялғандығымен  бағаланды. Мектеп оқушылары мұнда талантты балалар суретін тамашалады. Жауаптанушы Ташимов А.Қ. «Қысқы табиғат көрінісі» атты сурет  байқауының жеңімпаздарын анықтады. Олар: Мырзаболат Айдана, Мырзаболат Алуа, Хизырбек Ажар.

 

Апталықтың жабылуына арналған салтанатты жиында концерт ұйымдастырылды. Белсенді оқушылар мадақтамамен және дипломмен атап өтілді. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға  тұратын  жайт. 

































Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта бес оқушыдан. Топ жетекшілері сайланады.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің сыныбымызда өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы.
2. «Тұлпар» тобы.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Әділ – қазылар:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мажинова Г.Б
2. Бастауыш сынып мұғалімі: Жақыпбекова К.Б.

Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр. Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр. Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі-жұмбақтар. Жұмбақтар заттың өзін айтпай, оның түр, түсін, сыртқы белгілерін, жұмбақ болып отырған затқа ұқсас жақтарын сипаттайды, ал заттың өз атын жасырып ұстайды. Сондықтан да алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды-ЖҰМБАҚ дейміз. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайлы, еңбек кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар мазмұны да болады.бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлеміне енгенде әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Мұғалім сөзі: Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық

1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады.
2 - бөлім: «Жалғасын тап»
(мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)












1 – топқа:
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)
3. Әркімнің өз жері.........( жұмақ)
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Жері байдың –... (елі бай)
6 .Батыр туса-ел ырысы, .....(жаңбыр жауса жер ырысы).
7.Әдепті бала - арлы бала......(Әдепсіз бала –сорлы бала).
8.Еңбек етпесең, елге өкпелеме,......(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).
9. Қыз өссе- елдің көркі......( гүл өссе жердің көркі)
10. Мектеп-кеме......( білім теңіз)

2 – топқа:
1. Ақыл – азбайтын тон,.... (білім – таусылмайтын кен)
2. Досы жоқ адам-,... (тұзы жоқ тағам)
3. Досы көпті жау алмайды,... (ақылы көпті дау алмайды)
4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)
5. Бірлігі жоқ ел тозады –... (бірлігі күшті ел озады)
6. Бірлік болмай, ...... (тірлік болмас).
7. Ырыс алды,.......
(ынтымақ).
8. Ердің атын....... (еңбек шығарады).
9. Көп сөз-күміс......(аз сөз алтын)
10. Отан үшін......(отқа түс-күймейсің)

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»- жұмбақ шешу.

1. Жұмбақты екі топқа оқу қай топ бірінші шешеді.

Үй ішін аралап Қаптарды жарып,
Түнде көп жортады, Мысықтан қорқады ( тышқан)

Желден желігеді
Судан шегінеді. ( от)

Бұрасаң тетігін, Өлшемін түн мен күн,
Соғады жүрегі. Әркім-ақ біледі. ( сағат)

Еріксе, құйрығымен ойнайды,
Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. ( мысық)

Аұпыз, сары, көкпіз, Жүреміз жайнап,
Түрлі, түрлі көппіз. Арасында шөптің. ( көбелек)

Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. ( жұлдыз)

Екі аяғы бар, белінде таяғы бар. ( А-әрпі)


4-бөлім: «Мағынаны түсіндір»
1) Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
2) Күлме досыңа келер басыңа.

5 – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»
Мұғалім: Бұл бөлімде сандарды ретімен орналастырсаңдар, мақал-мәтел оқисыңдар.































Нығманов атындағы орта мектеп

















Тақырыбы: «Абай-дана ,Абай –дара қазақта»

мәнерлеп оқу









Сынып:1-4

Өткізген: Д.С.Мусалимова























2015-2016 оқу жылы































1 топқа: кему ретімен.
Мектептің жүрегі – мұғалім.
М – 22, і – 2, е –21, л – 3, к – 20, а – 4, т – 19, п – 17, ғ – 5, ң – 14, ұ – 6,
ж – 13, г – 9, ү-12 , р – 11, е-18, т-16, е-10, і-15, м-1, і-8, м-7.

2 – топқа: өсу ретімен.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.
М-10, і-23, з-29, е-17, м-18, е-14, п-15, м-24, т-25, е-19, б-20, е-11, к-12, е-26, л-22, і-21, т-13, к-16, ң-27, і-28
6-бөлім: « Көрермендер көзайымы» - көрермендермен ойын жүргізу.
« Сөз тапқанға » (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
1- топқа
Суды немен ішесіз?
Сіздәі құрбыңыз кім?
Бүгін балаңызда неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасыз?
Қай көшеде тұрасыз?
Жасыңыз нешеде?
Қай фильмді ұнатасыз?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршіңіз кім?
Ағаңыздың есімі кім?
2-топқа
Сіздің көршіңіз кім?
Жан досыңыздың есімі?
Балаңыз қандай ертегіні ұнатады?
Қай жануарды ұнатасыз?
Зат есімге мысал келтіріңіз?
Көйлекті неден тігеді?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті тағамыңыз?
Жердің ортасында не бар?
Балаңызға үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?
Жеңген топты марапаттау.
Қорытынды.























Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға үй жануарларының пайдасы мен олардан келетін ауру түрлері туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру.
Тәрбиелігі: Өз ойларын жүйелі түрде жинақтап жеткізуге дағдыландыру. Ұлттымыздың салт - дәстүрімен таныстыру.
Көрнекілігі: Жан - жануарлардың суреттері, слайд, плакаттар, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сайыс әдісін пайдалану
Пән аралық байланыс: Ана тілі, биология
Сабақтың барысы: I - Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, жұрнал бойынша сыныпты түгелдеу 2. Сабаққа керекті заттарды реттеу 3. Сабаққа көңіл бөлу 4. Топқа бөлу
I - топ: Бастау тобы II - топ: Негізгі топ III - топ: Ғылыми топ
Психологиялық дайындық: Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.
Реттік саны Жануардың атауы Өмір сүруі Қозғалысы Қоректенуі Түрі
Мұхитта Жерде Аспанда Ұшады Жүзеді Жүреді Ет Балық Өсімдік Балық Құс Сүтқоректі
1 Түйе
2 Бүркіт
3 Кит
4 Қасқыр
5 Аю
6 Қоян
7 Жылқы
8 Жолбарыс
9 Жапалақ
II Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру кезеңі
1 - кезең. Үй тапсырмасын семантикалық картаны толтыру арқылы тексеріледі.
Үй тапсырмасына ана тілі сабағынан өтілген «Үйшік» атты орыс ертегісі арқылы пысықтау.
1. Рөлге бөліп ойнау
2. Кейіпкерлерді атау
3. Әр кейіпкердің қай жануарлар тобына жататындығын анықтау
Мысалы: Қосмекенді – бақа,
Сүтқоректі – түлкі, қасқыр, аю
Кемірушілер – тышқан
Жыртқыш аңдар – қасқыр, түлкі
2 - кезең. Сұрақ - жауап
1. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды.
II - топ
Жер бетінде тек сүтқоректілердің ғана денесін түк (жүн) басқан. Қыстың суық айларында кейбіреулерінің жүні қалыңдайды. Сүтқоректілерді «жылықандылар» дейді. Себебі олардың денесі кез – келген ауа райында, термос сияқты, біркелкі температураны сақтап отырады.
III - топ
Жер үсті сүтқоректілерінің төрт аяғы болады. Ал теңіз сүтқоректілерінің аяқтарының орнында – жүзбекқанаттары бор. Көк кит – ең үлкен сүтқоректі жануар.
3 - кезең. Жабайы жануарлар деп неге атаймыз?
II - Топ
Жануарлардың бір тобы – жабайы аңдар. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген.
I - топ
Жабайы жануарлар – Жолбарыс, қасқыр, түлкі, аю, т. б
III - топ
Жабайы жануарлардың кейбір түрлері қыстың күні қысқы ұйқыға кетеді. Мысалы: аю бар жинаған қорегін табанның майы арқылы сақтайды, сондықтан аю ұйықтап жатып табанын жалайды.
4 - кезең. Жыртқыш жануарлар туралы біз не білеміз?
I - топ
Мысық, ит, ақкіс сияқты аңдарды құстарды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыш жануарлар дейміз
II - топ
Жыртқыштар жемін аңдып, бақылап, үлкен жылдамдықпен қуалап аулайды. Олар – арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, жапалақ т. б
III - топ
Жыртқыш жануарларды «дала санитары» деп те атайды. Себебі жыртқыш жануарлар жемін қуалаған кезде олардың ішіндегі ең әлсізі, ауруы артта қалып жыртқышқа жем болады. Сол арқылы аңдардың ауруы басқаларға жұғуынан сақтанып қалады.
Сергіту сәті: Керекті сөздерді тауып қою
1. Бау - бақша
2. Үй жануарлары
3. Қосмекенділер
4. Жабайы жануарлар
5. Құстар
6. Бунақ денелілер
7. Жапырақтар
8. Шірінділер (тыңайтқыштар)
9. Сүтқоректілер
10. Балдырлар
Жақсы балалар ( қой, ешкі, түйе, жылқы, сиыр) бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
Үй жануарлары:
Дұрыс балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Үй жануарлары.
Олай болса біз үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды атаймыз. Оларға: қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады. Үй жануарларын барлығымыз білеміз, иә, олар барлығымыздың үйімізде бар.
Үй жануарларының қоректенетін қорегі не?
Шөп, су, жем. Оларға қамқор болуымыз керек.
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Олардың пайдасы өте көп, үстіміздегі киім, ішіп - жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.
Қой - төрт - түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Аяғымызға киетін байпағымыз, киіз үй жабындылары, еденге төселетін киіздер бәрі де қойдың жүнінен жасалады.
Ешкінің түбіті, терісі, сүті, еті өте пайдалы, оның әсіресе терісі мықты болады.
Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын (ыдыс жасалған, оны мес деп атаған
Сиырдың сүтінен жасалатын ұлттық тағамдар өте көп. Олар: құрт, ірімшік, май, қаймақ, айран, сүзбе, т. б. сиырдың еті де дәмді болады.
Жылқы мінсе көлік, сойса ет. Жылқыны көлік ретінде де пайдаланады. Оның еті өте дәмді қазы - қарта, жал - жая, қымыз адамға өте пайдалы, емдік қасиеті бар.
Түйенің сүті шұбат деп аталады. Шұбат әрі сусын, әрі тамақ, емдік қасиеті де бар. Түйеге ертеде жүк артып, көшіп - қонған кезде өте керек көлік ретінде пайдаланған. Өзге жануарлардан ерекшелігі шөлге, аштыққа төзімді.
Ойын (коммуникативтік, үйретуші»3 минут
Енді балалар «Төлін тап» ойынын ойнап көрейік. Тақта бетінде үй жануарлары мен олардың төлдері берілген. Олар бір - бірінен адасып қалған, соларды енелерімен қауыштыру керек.
I - Топ
(Суреттен балалар айтқаннан кейін төлдердің өз енелерінің қасына орналасуын сызба арқылы көрсетеміз: жылқы - құлын, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, тұйе - бота)
II - Топ
- Өте жақсы балалар, төлдерді енелерімен қауыштырып болдық, енді төрт түлікке байланысты мақал - мәтелдер айтайық
1. Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
2. Алып анадан туады,
Тұлпар биеден туады.
3. Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
4. Қойшы көп болса
Қой арам өледі.
- Ал енді осы жануарлардың даусын ажырата былейік
III - Топ
Ал ендеше «Ізденіуші» топ бізге қандай жаңа мәліметтер береді екен?
1. Қымыздың пайдасы туралы мәліметті осы тақырыпты ізденіп жүрген оқушы Мекенбай Ақнұрды тыңдап корейк
2. Мал сүтінен жасалатын құрттар тақырыбын ізденуші Мәжит Әділеттің мәліметтерен тыңдайық.
3. Қонақ күтуге байланысты салт - дәстүрлер жинағын жинап жүрген Тәжіхан Аружанның қонақтарға арналған атаулы табақ түрлері туралы мәліметін тыңдайық.
Сергіту сәті: 3 мин (релаксациялық)
Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.
Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнеліңдер!
Алдарыңнан көкпеңбек теңіз кездесті, кеуделеріңе теңіздің толқындарыннан салқын самал соғады. Өте биікте ұшып жүрсіңдер. Алдарыңнан жап жасыл алып ағаш кездесті. Сендер сол ағашқа жайлап қоныңдар.
- Ала балалар осыдан қандай әсер алғандарыңды айтып көріңдерші.
4. Төрт түлік малдың пайдасымен бірге кейбір зиянды жақтарыда бар екен. Сол туралы «Балалардағы ішек – құрттар» туралы мәліметті жинақтаушы оқушыларымыз Нышанбай Береке және Боранов Жанасылдың үй жануарларынан адамға жұғатын құрттар туралы мәлімет алайық.
Сабақтың қорытындысы: Біз осы сабақтан не үйрендік?
1. Қандай жаңа мәліметтер алдық?
2. Мені не таңғалдырды?
3. «Венн диограммасы» арқылы жабайы және үй жануарлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Үйге тапсырма: Өздерің тұрған жерде кездесетін үй және жабайы жануарлардың тіршілігіне сипаттама беріп, жазбаша түрде дәптерге жазу.
Бағалау: Әр топ бір – бірін бағалау арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, қосымша мұғалім оқушыларды ынтал
н мадақтау.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-068205

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"