Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСыныптан тыс сабақ "Ауылым алтын бесігім"

Сыныптан тыс сабақ "Ауылым алтын бесігім"

Скачать материал

Ауылым – алтын бесігім

Мақсаты: 1. Оқушылар ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғи ортасы, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.

2. Логикалық ойлау қабілетін өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеуін, сөйлеу мәдениетін  дамытады.

3. Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық  ұстанымы берік, Отансүйгіштікке және адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақ түрі:

Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі:

1. «Ауылым – алтын бесігім» тақырып;

2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауыл жайлы сөзі;

«Ауылдың  даласыз күні жоқ, Даланың ауылсыз құны жоқ»

3. ҚР картасы;

4. Суретті ребус;

5. Сабақта пайдаланылатын тақырыпшалар:

- Тарих тіл қатқанда...

- Отты жылдарда.

- Елге еңбегі сіңген.

- Оқу-ағарту саласында.

- Болашақ жастардың қолында.

6. Бейнетаспа «Ауылым»;

7.Кітап көрмесі;

8. Кесте «Мал шаруашылығы», «Көгалдандыру».

Шығармашылық жұмыс түрі:

І топ «Ақындар» тобы; (ауыл, туған жер туралы шығармашылық жұмыстары)

ІІ топ «Жасыл ел» тобы; (ауыл және мектеп маңына егілген ағаштар саны туралы мәлімет береді)

ІІІ топ «Сәулетшілер» тобы; (ауылдың болашақ туризм орталығы «Арасан» жайлы макет даярлайды)

ІV топ «Салыстырушылар» тобы (Венн диаграммасы бойынша  ауылдың өткені мен бүгінін салыстыру)

Ауызша журнал:

1-ші беті: Білім ордасы.

2-ші беті: Мектеп тарихы

3-ші беті: Айналайын топырағыңнан, туған жер!

4-ші беті: Мектебім менің, мектебім! (поэзия беті)

Кіріспе: «Қазақ деген мал баққан елміз,

                 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

                 Жерімізді жау баспасын деп,

                 Елімізден құт – береке қашпасын деп,

                 Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз –Тәелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала  - қазаққа қымбат дала.

                 Жүрегім, жырым сенікі,

                 Кеңісті далам, кең далам.

                 Тудым, өстім есейдім...

                 Ен далам – анам, мен балаң!

Қазақ даласы шежіреге бай дала. Олай болса, бүгінгі сабағымызды суретті ребус шешуден бастасақ..

                 Ауылым – алтын бесігім

«Ой қозғау»:

 «Ауыл» дегенді, «алтын бесік» дегенді, «туған жер» дегенді қалай түсінесіңдер? «Ауыл кімдердің мекені?» осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

Арай: Менің ойымша ауыл әр адамның ата-тегінің  бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат , атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.

Сәуле: Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

Айдын: Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса,  батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы.

Алмат: Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұраға да  ауыл перзенттері.

Мұғалім: Жақсы, олай болса, ауыл - әр адамның құтты, киелі мекені.

    Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан,

    Ұят болды, ұят болды-ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды?

Жұмабек: Осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен «Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді.

Данияр: Ауыл десем, мал елестер көзіме,

               Ауыл десем, дән елестер көзіме

               Ауыл десем ер саламын құр  атқа

               Ауыл десем, ән естілер құлаққа,- дегендей, «Ауылым» әнін Толқын орындап берсін.

Мұғалім: Міне, ауыл жайлы бірер сөз қозғасақ, «Ауылым – алтын бесігім» тәрбие сағатында өз ауылымызға тоқтасақ.... (бейнетаспадан ауыл көрінісі)

    Айхой, шіркін Сайхан менен Сауырым,

    Ата – ана, құрбылар мен бауырым,

    Қиындыққа мойымаған әр уақыт

    Қайран менің өсіп-өнген ауылым!

Данияр:  Көкейде қайда ойласаң дана тұрақ,

               Сыры мол шежірелі дара тұрақ

               Атыңнан айналайын туған жерім,

              Аяулы Үржар аты мекеніміз

Айдана: Ауылымыздың  тарихына үңілсек...

                 Тарих тіл қатқанда...

Әсел: Ұлан байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі - Жер Ана төсіне табан тіреген Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.                     

    Алыста жүрсем аңсарым менің

    Шөліркей қалсам кәусарым менің

    Кеудемде жүрек сағына жаздап,

    Сүйемін сені, ҮРЖАРЫМ менің!

Үржар ауданы - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бөлігі, 1928 жылы ұйымдастырылған. Семей қаласынан 512 шақырым қашықтықта. Ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Алғаш рет 1923 жылы Семей облысының (губерниясының) құрамында құрылды. 1997 жылы оның құрамына Мақаншы және Таскескен аудандарының жерлері енді. Жерінің жалпы ауданы 23,4 мың км2. Тұрғыны 85,1 мың (2006). Аудандағы 58 елді мекен 27 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы — Үржар ауылы.

Үржар ауданы батысы мен солтүстік-батысында облыстың Аягөз ауданымен, солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстік-батысында Алматы облысының Алакөл ауданымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Ән «Туған жер»   Орындайтын Арай.

Айдана: Иә, ауыл өмірі мектеп өмірімен тығыз байланысты. Мектеп тарихын ауызша журнал арқылы таныстырып өтсек...

 

Білім

ордасы

 

Мектеп

тарихы

 

Топырағың-

нан айналайын,

туған жер!

Позэия

Мектебім,

менің

мектебім!

 

 

 

Журналымыздың 1ші беті бойынша...

Таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған. Сондықтан мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды топырақ белдемдерінде шалғынды шөптер, өзен бойларында қайың, терек, жабайы алма, әр түрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, баялыш, жүзгін, ши, т.б. өседі. Сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан. Мамыр айында Тарбағатай биіктерінен алқызыл қар тау етектеріне қарай жылжығандай болады.

Мұғалім: Иә, мектеп пен ауыл өмірі  бір – бірімен тығыз байланысты. Сабағымызды шығармашылық жұмыспен байланыстыра кетсек:

І топ: «Ақындар» тобы. (Ауыл жайлы өлең жолдары, бес жолды өлең шығару)

ІІ топ «Сәулетшілер» тобы. Үржар ауылының болашағын макет арқылы  даярлап әкелді. «Болашақ Арасан» емдеу, демалыс орны.

ІІІ  топ. «Жасыл ел» тобы.

Елбасының «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша мектеп маңындағы ағаштар санының көрсеткіші (кесте бойынша) және алдағы уакыттағы көгалдандыру жұмысы.

Топ жұмыстары. «Болашақ жастардың қолында» айдарымен жүргізілді.

Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда ойымызға не түйдік.(Оқушылардың ойлары сұралады). Қазіргі мектепте отырған жоғарғы сынып оқушылары -  ертең ауыл діңгегін нық ұстайтын  азаматтар. Олар ауыл тарихын, мектеп тарихын естен шығармастай өз ауылына адал еңбек етіп, ауылды көркейтетін -  2030 жылдың жастары.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс сабақ "Ауылым алтын бесігім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 2234
    • DOCX 24 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетова Эльмира Толеугазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 110942
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 481 человек

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов