Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сабақ "Қазақ хандығына 550 жыл"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сыныптан тыс сабақ "Қазақ хандығына 550 жыл"

библиотека
материалов

Тақырыбы : «Қазақ хандығына 550 жыл»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Керей мен Жәнібек ханның билік саясатына түсінік беру.

Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға , өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Түрі: Пікіралмасу

Әдісі: Ой - қозғау

Көрнекі- құралдар: Интерактивті тақта, музыкалық аспаптар, жиналмалы бетшелер.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Кіріспе сөз.

  3. «Қазақ елі» бейнеролигі

  4. Тарихқа үңілсек бөлімі.

  5. Қорытынды

Мұғалім сөзі: Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті оқытушылар, оқушылар. «Биыл Қазақ елі Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлады. 2015 жыл – еліміз үшін тарихи жылдардың бірі болмақ. Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы-Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Өткен тарихымызды түгендеп, кемел келешегіміздің көкжиегін айқындайтын жыл болмақ.

Осы кештің жүргізушілерімен таныс болыңыздар:

Жүргізушілер бірін-бірі таныстырады. Сапарханов Н және Махамаджанов И.



  1. Жүргізуші

Армысыздар осы кештің қонақтары

Халқымның ашық болсын атар таңы

«Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің

Беделін көтерейік тарихтағы.

  1. Жүргізуші

Сәлем бердік кешіміздің көрермені

Қазақтың ол аныққой өнер кені

Тарихи кешімізге қош келдіңіз

Алдарыңда болашақтың өрендері

1 жүргізуші

Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.

Сіздердің назарларыңызға «Қазақ елі» атты видео ролигін ұсынамыз.

2 –жүргізуші

Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдарын Қуанышбаев Уалиханның орындауында алдарыңызға ұсынамыз: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»

Оқушы: Қуанышбаев Уалихан



Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің ұағанатын



Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған



Армандап Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп



Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған



Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға –бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.



  1. Жүргізуші

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Еліміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Басымыздан сөз асырмаған елміз.



  1. Жүргізуші

Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қатанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.

Қазақтың қазақтығы қара домбырасында демекші , 9 «а» сынып оқушысы Орынбаев Ильястың орындауындағы «Кеңес» термесін қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»

Би: «Ай-ару» бишілер тобының орындауында «Батырлар » биін тамашалаңыздар.

Алдарыңызға Мұхит Жақсылықұлының өлең жолдарын ұсынамыз: «Қазақ мемлекетіне 550 жыл»

Оқушы: Бауыржанова Маржан :

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру –тайпа өзінше хандық құрған.


Айрылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінен.




Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.


Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында


2 жүргізуші:- М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.


Күй: Нағыз қазақ, қазақ емес нағыз қазақ домбыра демекші, 9 «а» сынып оқушысы Орынбаев Ильястың орындауындағы «Ерке сылқым» термесін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.
2 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.

  1. Жүргізуші

Халқымыздың тарихында ел үшін ұрпағының болашағы үшін алысып өткен Хандар мен Билер, Батырлар, кемеңгер ойшылдар көп болған,ең бастысы олар от ауызды орақ тілді, ақылы асып туған ерлер болып бізге танылады.


Ән: Губеева Динараның орындауындағы «Жаса Қазақстан » әнін қабыл алыңыздар.



  1. Жүргізуші

Арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен ,

Нақақтан шәйіт болан ағалардың.

  1. Оқушы

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

  1. Оқушы

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

  1. Оқушы

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

2 жүргізуші: Хор: 9 «А» сынып оқушыларының орындауында Көк тудың желбірегені

Қорытынды мұғалім сөзі: Атамекенінен айрылып, атажұрты тарылып, өскен елден өшкен елге айналғаны қаншама? Ал бізде, қаймана қалың ел де бар, шапқан тұлпардың тұяғы талатын, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан – байтақ жеріміз де бар. Бүкіл әлем мойындаған егеменді мемлекетіміз бар. Дана халқымызда «өткенін ұмытқан өшкендіктің белгісі, өткенін еске алған өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін біздің қосқан кішкене үлесіміз болып табылады. Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол. Болатын ел өткенін ұмытпайды, ұлықтайды.












Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-513789

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"