Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сабақ "Қазақстан Мұқағали жырларында"

Сыныптан тыс сабақ "Қазақстан Мұқағали жырларында"


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЛАРЫНДА

Өткізген: биология –география пәні мұғалімі

Орынбекова Ләззат Кәрімқызы


Мақсаты: М.Мақатаевтың туған жер табиғатына деген жүрекжарды жырлары арқылы кең – байтақ қазақ жерінің табиғат байлығын оқушы санасына жеткізіп, ой – өрісін кеңейту, елжандылық пен туған жерге деген сезімді жеке тұлға бойына сіңіру.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, пайдалы қазбалардың шартты белгілері, Қазақстанның қалалары жайлы слайдтар, бейнетаспа;

Пәнаралық байланыс: әдебиет, химия, музыка;

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Кіріспе бөлім

3. Негізгі бөлім «Мұқағали өлеңдеріндегі табиғат сыры»

4. «Ән шашу»

5. Қорытындылау «Қазақстанның көрікті жерлері» деп аталатын слайд


Кіріспе бөлім. Қазақстанға қысқаша шолу.(Олжас)

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің картасынан 1991 жылы ғана жеке мемлекет ретінде орын алды. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі 9 –орында. Еуразияда 4-ші, ТМД – да Ресейден кейінгі 2 –ші орында. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғыстанмен, ал шығысында Қытаймен шекараласады. Шығысы мен оңтүстігінде ел шетін жиектеп аспанмен таласқан тау жоталары жатыр. Орталығында қазақтың ұсақ шоқылы кең даласы Сарыарқа орын тепкен. Солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығы, батыста Каспий маңы ойпаты, оңтүстік батыста Тұран ойпаты сияқты тегіс жазықтар алып жатыр. Қазақстан қарама – қайшылықтары көп ел. Ең төмен жері – Қарақия ойысы, теңіз деңгейінен – 132 м. төмен, Каспий маңы ойпатыында орналасқан. Ең биік жері Теріскей Алатауының оңтүстігіндегі Хан Тәңірі шыңы – 6995 м. Ең суық , аязды жері де осында - 60 градус үнемі сұрапыл жел соғып тұрады, ең ыстық жері Қызылқұм шөлі + 47 градус. Ең көп жауын – шашын Алтайда, жылына 1600 мм. ылғал түседі, ал Бетпақдаладағы жылына түсетін жауын – шашын мөлшері 100 мм – ден аспайды.

ІІ. Негізгі бөлім.

(Камила) Міне, балалар, осы естігенімізді Мұқағали аталарын өз жырларында қалай суреттеген екен, соны тыңдап ойша саяхат жасап көрейік. Ақынның өлеңдеріне атақты композиторларымыз да көптеген әндер жазған. Қазақтың кең даласы, сұлу табиғатын жырлаған «Сарыжайлау» өлеңіне жазған Тілендиевтің әнін тыңдайық.



1. (Нұрхан) Адастырмас алдыма ұстап үміт,

Нарынқолдан аттандым құсқа мініп.

«Ал енді өзіңді өзің ұста, жігіт!»

Дегендей қарап қалды ауыл маған

Ауылдан аттандым мен құсқа мініп.

Ақ жаулығын бұлғап тұр ауыл маған,

Мал жатыр майса тауда мамырлаған.

Тау жатыр ұлпа бұлттар дамылдаған,

Алыстап қап барады тауым, далам.

Алыстан шақырады бауыр да анам,

Алыстан сәлем айтып қауым маған.

Алыстағы достарды бір көрейін,

Аспанынан сағыныш үн берейін.

Бейтанысты мынауың кім демейін,

Бейшарасы болса да күндемейін,

Құлпырайын даламның гүліменен,

Құмыменен немесе бірге өлейін,

Басы жұмыр пендесін күндемейін!

2. (Назгүл)

Алтын теріп әр түйір тастарыңнан,

Бақыт таптым бауырыңнан, асқарыңнан.

Айхай, далам, сусындат дастаныңнан!

Жаяу кезсек ғұмырым жетпейді екен,

Құс боп ұшып өтейін аспаныңнан.

Ән болайын Алтайдан басталынған,

Күй болайын Каспийге тасталынған,

Айхай, далам, сәт сапар аспаныңнан!

...Қанын құйып қазақтың мың атының,

Мінгізіп ап қазақтың бір ақынын.

Сен шыдасаң, шыдаймын мен де, ұшқыш,

Жырдан өтер жоқ шығар сұрапылың.

Самға, ұшқыш!

Өлкеммен таныстырам,

Танымайтын жаныңмен табыстырам.

Бауырыңдай жандармен қауыштырам,

Көз алдында әртүсті экрандай,

Бір бояудан бір бояу ауыстырам.

Самға ұшқыш!

Қазақтың көгіменен.

Жүруші едім кездеспей көбіменен,

Берерімді еліме беріп өлем,

Мынау алып құстың қанатымен,

Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең.


Саяхатымызды Жетісу жерінен бастаймыз.

1. О, Жетісу!

Сандық тау, сандал белім,

Шоқтығы өсіп, жал бітіп, жанданды елің.

Күнім туды көгінде самғар менің,

Алатаудан биікпен демеуші едім,

Әттең шіркін, ғарышпен жалғар ма едім!

Жетісуым – жеті құт, ырыс маған,

Барша халық бауырында тыныстаған.

Араласып әрбір ұлт достасып жүр,

Аралассын, Адамдар туыс маған,

Алакөз боп, күстана ұрыспаған.

Байлықты айтып несіне мақтанамын,

Балақ, қойнын нессіне ақтарамын.

Жетісудың байлығын білмек болсаң,

Бір уыс топырағын ап қарағын.

Екі құлақ, естісем керең болсын,

Егіншінің бұл жерді даттағанын,

Айналайын, Жетісу – аппақ арым!


(Құралай)2. Алматы облысын басты өзендерінің санына қарай Жетісу өңірі деп атайды. Іле мен Жоңғар Алатауының мәңгі мқз басқан шыңдары мен ормандарының көркі көз тойғысыз. Жер қойнауынан мәрмәр, әктас, гипс, көмір, полиметалл өндіріледі. Түрлі аң – құстарға, өсімдік жамылғысына бай өлке. Іле Алатауының баурайында салынған әсем қала – Алматы еліміздегі ең үлкен қала, 1 млн 20 мыңдай халқы бар. Қазақстандағы ең биік телемұнара Көктөбеде салынған. Аты әйгілі «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт базасын елдің бәрі біледі. Алматы 1854 ж әскери бекініс ретінде салынған. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды. Түркісіб теміржолымен Алтай жеріне аттанамыз.


(Жайна) 3.

Құсыңды бұр, ұшқышым, Шығысыма,

Сәлем берем Алтайда туысыма.

Шығысыма, тарт менің ырысыма!

Сірә да, Клондайк, Аляскалар,

Толар ма екен Алтайдың уысына?!

Шығысыма, тарт менің Шығысыма

Сағынышын Катонда қарындастың,

Түйіп кетем жырымның бір ұшына.

Қанатымен ақ құстың шағылысып,

Албырт көңіл барады алып – ұшып.

Алтайдан да биіктеп кеткенмін бе?!

Қауышқам ба аспанмен сағынысып?!

Ақ құсыңды, аяулым, қондыр жерге,

Баяғыда бабамыз жол жүргенде,

Алатын- ды Ертістен қанып ішіп,

Ақ айдынмен ақсақал сағынысып.

Мынау жатқан Марқакөл, Зайсаным ба?

Шығыстағы кішкене Байкалым ба?

Қосжанары Шығыстың сияқты – ау бір,

Қосжанары, ұшқышым, байқадың ба?


(Нұргүл)4. Кенді Алтайдың қойнауы тұнған байлық. Түсті металдардың 32 түрі өндіріліп, 17 – сі өңделеді. Полиметалл кенінің құрамынан қорғасын, қалайы, мырыш, титан, магний, күміс, мыс, вольфрам, алтын өндіріледі. Кендірлік, Қаражыра көмір кен орны жұмыс істейді. Басты байлығы орман аң –құсқа , өзен – көлдері балыққа бай. Табиғаты туризмді дамытуға қолайлы. Басты өзені Ертіске бірнеше су электр салынған, кеме жүзеді. Ертіс өзенімен солтүстікке жүземіз.


(Ринат) 5.

Самға, ұшқыш! Ертістің ағынымен,

Екі жағы Ертістің бауыры кең,

Айдын Ертіс, ақ Ертіс асырауда

Айналасын өзінің сауырымен.

Баянға тарт, Баянды сағынып ем,

Тағзым етіп аспаннан, өтейік бір,

Ел ардағы Қаныштың ауылымен.

Осы өлкені осы Ертіс асырайды

Осы өлкенің Ертісі басыбайлы.

... Аялап ұш, аяулым, айналып ұш,

Сонау жатқан жасыл көл – Жасыбайды!

Айқай, заман!

Арқаның даласын – ай

Даласына қаласы жарасуы – ай!

Павлодар Арқаның ағасындай,

Бұғып қалған жаутаңкөз Жасыбайы,

Бабалардың құт құйған сабасындай.

Қайтіп, Ертіс, арнаңда ағасың жәй?

Сұрапылды сапырып аласұрмай?!

(Толқын) 6. Павлодар облысындағы Екібастұз көмір алабының маңызы Қарағанды алабынан кейінгі 2- ші орында. Отқа төзімді саз, шыны даярлайтын құм, ас тұзы, алтын кен орындары бар. Баянауыл өңірі – Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Табиғат мүсіндеген «Мыстан кемпір» ғажайып пішінімен таң қалдырады.

Ертіс – Қарағанды каналы арқылы саяхатымызды орталық Қазақстан жерінде жалғыстырамыз. Бұл канал 1974 ж. академик Қ.Сәтбаев басқаруымен салынған. Оны ақын былай жырлайды:


7. Армысың, аты әйгілі Қарағандым!

Жылуым, қара алтыным, қара наным,

Кімдердің пальмасынан артық маған

Бозарған көде, жусан, қарағаным,

Балқаш пен Жезқазғанды екі жаққа ап,

Алдында екі ініңнің бетің аппақ.


(Мадина)8. Қарағанды – Қазақстанның негізгі отын базасы. Кокстелетін көмірдің 100 пайызы береді. Балқаш пен Жезқазған мысқа, темірге, марганецке бай. Қарқаралыдағы «Шайтанкөл» көлі мен «Тасқұрбақа» жайлы халық аузындағы аңыздар бар. Ақын ағамыз қазақтың ең сұлу жері Көкшетау жайлы былай дейді.


(Майра) 9.

...О, ғажап!

Өзіңбісің Көкше деген?!

Тастарын жиған жүктей текшелеген.

Бурабай Оқжетпесті өкшелеген,

О,ғажап!

Өзіңбісің Көкше деген?!

Бұлттарың – Ақын айтқан көшпелі өлең,

Біржан ба тасқа барып өскен емен?!

Көлкіген сынаптайын көлдерің бе?

Сәкеннің аққулары кестелеген.

Ақаның ардақ еді өскен ерен,

Біржаның алмас еді кеспе берен.

Көкшетау – ән отауы, жыр отауы.

Алтайдан Атырауға көшкен өлең.

О, ғажап! Осы екен ғой Көкше деген!

Көл жатыр күміс шолпы, теңгедейін,

Өңірі жасыл орман, көлге бейім.

Күміс қанат құсыңды қондыр, ұшқыш,

Көкшенің бауырында дөңгелейін.

«Сырғасын хор қызының қайық етіп»,

Ақанша айдынында тербелейін,

«Оқжетпеске» мен жетіп өрмелейін.

Даланың бағы іспеттес арлан Көкше,

Орнатқан сахараға көрмедейін.


10. (Бибігүл) Көкшенің табиғатын 2 –ші Швейцарияға теңейді. Мұнда табиғат өзі көркемдеген неше түрлі тас мүсіндер өте көп: «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Жеке батыр», «Шөккен бура», т.б. Сыңсыған қарағайы мен биші қайыңдары, тау арасындағы көлдері табиғатқа ерекше көрік береді. Пайдалы қазбалардан алтын, мыс, каолин бар.


(Диана) Армысың, ардақ мекен, асыл мекен!

Айрықша топырағың, тасың бөтен,

Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.

Білмепті, бақыттары қасында екен.

Ғасырлар сілемімен басулы екен.

Қостанай, жеткізе алман мақтануыңды,

Нұрқанның деңгейіне көтерілсем,

Төпеп – төпеп жіберіп ақпа жырды.

Ыбырай алғаш рет мектеп ашып,

Ту алып, Амангелді атқа мінді,

Торғайды кең Арқаға қақпа қылды.

Ата жерін қорғаған қара қазақ,

Амангелді құраған сапқа кірді.

Қостанай, жеткізе алман мақтауыңды,

Ырыс боп Торғай дала ақтарылды,

Ақыныңа аманат, ән – күйлерге,

Білесің мынау керім шақтарыңды.


10. (Бибігүл) Торғай жері бокситке, Қостанай темірге бай. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов ізін қалдырған елді мекен.


(Әділ)11. Күн бұлттанды. Ақ құсым ауырлауда,

Бара алмай қалдым талай ауылдарға

Қиыр шетте Қызылжар қалып қойды,

Дұғай – дұғай сәлем де бауырларға.

Аяулым, Ақмолаға құсыңды бұр,

Мұрсат бер жерде біраз дамылдауға!

Айналып Ақмоланы, қимай барам,

Аман бол, айналайын мидай далам!

Атамның әжіміндей жолдар, жолдар.

Маңдайын Ақмоланың шимайлаған.

Қобалжып өзіме өзім сыймай барам,

Аман бол, айналайын мидай далам!


12. Есілжағасында Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы бой түзеді. Қазіргі заман талабына сай салынған ғимараттар мен «Байтерек» мұнарасы ерекше көз тартады. Астанадан Батыс Қазақстан жеріне саяхат ұшағы қонады.


13.(Нұрислам) ...Ұшқыш досым,

Жаңылма бағытыңнан!

Дала, дала...

Басыңда бағы тұнған,

Қазақстан – өзінше бір материк,

Жер кіндігі осында ағытылған.

Қажыдың ба?

Қажысаң, қонақтай бер,

Қадірменді өзіңді қонақтай көр.

Біздің дала қашан да аэродром,

Қонақтай бер күдікті жоғалтпай кел.

Қауырсыны құсыңның талмады ма?

Қанықты ма көгімде жолға мына?

Сәлем жолда ақ құстың қанатынан,

Өңіріне Оралдың, орманына.

Ерке Жайық – елімнің қарашағы,

Егізінің сыңары анасының.

Күн айналып көгінен кете алмайтын,

Төрі осы қазақтың даласының.

14. (Аякөз) Бұл өлке- батыр елі, ақын елі,

Күңірене күйдің шалқып жатыр лебі.

Тіл бітіп құм Нарынға сөйлеп кетсе,

Көмескі шежірені оқыр еді.

Оралым – Ордам менің таныс маған,

Бораның Махамбет боп дауыстаған.

Исатай – ақ семсерін, Құрман бабам –

Ұрпаққа домбырасын табыстаған.

Жаса, Орал, жаңа Орал, Жасыл Орал,

Қара бұлт қайта келмес басыңа Орал,

Көгіңнен көлкіп жатқан көлге үңілем,

Жібектей аруыңның жасы болар.

Жасай бер, жасыл Орал, жасыма Орал!

Ақтөбеме тарт, ұшқыш, Аралыма,

Қиырына жткізбес дала мына,

Қалай ырза болмассың заманына.

15. (Ильяс) Жан бітірген далаға, адамыңа,

Сағыз толқып, Жем тасып бара жатыр.

Жан бітіріп тарының сабағына,

Өызыр жайлап, қызық боп міне жатыр.

Қырқасына Мұғаджар, балағына,

Қалай ырза болмассың заманыңа?!

Ойылы ма, бұл маңның Ырғызы ма,

Бәрі дағы бергісіз қырмызыға.

Бір пенде де бас имей өте алмайды

Жерде жанған Шығанақ жұлдызына,

Сансыз сәлем, Ақтөбе , ұл – қызыңа!


16. (Камила) Батыс Қазақстан экономикалық ауданы – негізгі газды – мұнайлы аймақ, кенді және кенсіз қазбалардың 50 –ден астам түрі бар. Хром, никель, темір кендері, фосфорит, әктас, ұлутас, тұз өндіріледі. Жайық балыққа бай, кеме жүзеді. Каспий теңізінде итбалық, құстардың көптеген түрі кездеседі. Аса құнды бекіре, белуга ауланады. Белуганаң ұзындығы – 6-7 м, салмағы 1800 кг- ға жетеді. Каспий жағалауында жылына 2 млн. құстар қыстап шығады екен.

соңғы аялдама Сыр еліне Орынбор – Ташкент темір жолы арқылы шығамыз.


17.(Шыңғысхын) Аралына құлаған Дария Сыр,

Дария Сыр – қазаұтың қариясы.

Сырдың бойы күріштің қоймасы ма,

Қоймасы ма немесе дән ұясы,

Дария Сыр – қазақтың қариясы.

Сырдың бойы түлеуде, құлпыруда,

Алқабында күй шалқып, жыр тұнуда.

Төретамдар стартқа кезек алып,

Байқоңырға жетуге ұмтылуда.

Тоқтар емес толастап бөгесінге,

Сырдың елі ғарыштың кемесіндей!

Жатыр шалқып Аралым – ақ айдыным,

Ырыс құйған қазақтың тегешіндей.

18.(Сұлтанбек) Құмына да қазақтың құт дарыған,

Құмы да оның құлдықтан құтқарылған

Аңқаң кеуіп қалмайды баяғыдай,

Жүзгендердің түбінен сүт табылған.

Құмына да қазақтың құ дарыған.

Мына теңіз – қазақтың Шардарасы,

Көні кепкен кешегі сардаласы.

Шөлді кезіп, осында шөккен шығар,

Шөлдеп өткен Асанның Аруанасы.

Қызылқұмның қойнында қазына бар.

Кісі болса, болғаны қазып алар.

Шертілмеген осында шежіре бар,

Тек иесі табылсын жазып алар!

19. (Алихан) Кентауым, Қазығұртым, Қаратауым,

Әулиеата – әйгілі ақ отауым,

Тойға шашу жіберіп, торқа жауып,

Әлдилеп жатыр бәрі Алатауын.

Арыма, Оңтүстігім – бақ Отаным.

Басынан Қаратаудың көш келмейді,

Қаратау енді ешкімге дес бермейді.

Мөлтілдеп қара көзден жас келмейді,

Қара көз қарындасым сескенбейді.

Қаратау енді ешкімге дес бермейді.

Жатады жайнап, түлеп Жамбылым да,

Жаншылмайды ешкімнің хандығында.

Енді қазақ қайғырмас «Елім – ай» деп,

Әлдеқашан жерлеген зарды құмға.

Есін жиды мұңлығым, зарлығым да.


20. (Айгерім) Сыр елі – Қызылқұм шөлі Арал теңізі орналасқан аймақ. Арал бұрын балыққа бай еді, соңғы жылдары тартылып, кішірейіп, саяздап қалды. Байқоңыр ғарыш айлағынан қазақтың қос жігіті Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев ғарышқа ұшты. Қаратау қойнауынан пайдалы қазбалардың мол қоры игерілген. Онда полиметалл, фосфорит, гипс, мәрмәр, цемент шикізаттары өндіріледі. Қызылорда маңындағы Құмкөлден мұнайдың, Жамбыл облысындағы Амангелді кен орнынан газдың мол қоры игерілуде. Бұл өлке – көптеген ежелгі қалалар елі.


(би: «Қамажай» 5 сынып қыздары)

Мұғалім: М.Мақатаев өз өлеңдерінде табиғат байлығын ған емес, Отанға, табиғат сырларын да өз өлеңдеріне қосып жырлаған. осындай өлең жолдарымен 7 сынып және 4 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

(Ержан, Гүлназ, Камила, Мейіржан, Нұрасыл)

Мұғалім: Алдарыңызда Кеңесов А. орындауындағы әнді тамашалаңыздар.

М.Мақатаев оқуларының жеңімпаздары Хасенова Диана, Байділда Жайна.

Келесі кезек: «Ән жұмбақ шешу» ойыны (ойынға 5- 9 сынып оқушыларын шақырамын)

Алдымен, 1 кезең, оқушыларға түрлі сауалдар қоямын:

  1. Ең биігінен бірден 4 ел – Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия көрінетін шың орналасқан тау.

  2. Қазақстанның ең үлкен көлі

  3. Хан Тәңірі шыңына көтерілсең неше мемлекет көрінеді?

  4. Батыс бөлігі тұщы, ал шығыс бөлігі тұзды көл қалай аталады?

  5. 2002 ж. өзінің екі міың жылдығын атап өткен Қазақстандағы қала?

  6. Ақмола (Қазіргі Астана) қаласының негізі қай жылы қаланған?

  7. Астана қаласы Қазақстанның қаншасыншы астанасы?

  8. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін Отанның символы деп есептейді?

2 кезең. М.Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді табу.






C:\Users\User\Desktop\Ашық есік күні\SAM_0156.JPG








C:\Users\User\Desktop\Ашық есік күні\SAM_0157.JPG






C:\Users\User\Desktop\Ашық есік күні\SAM_0158.JPG









Автор
Дата добавления 02.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров312
Номер материала ДВ-025321
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх