Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сыныптан тыс сабақ " Білімді мыңды жығар " (3 - сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сыныптан тыс сабақ " Білімді мыңды жығар " (3 - сынып)

библиотека
материалов

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы

«№6 Жезді жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі(ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі»







Сыныптан тыс сабақ

(математика апталығы)







Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар...»

(«Білгірлер алаңы» сайыс сабақ)













Өткізген: 3- сынып жетекшісі Махаева Гульшат Кабылкаримовна





2015- 2016 оқу жылы



Сайыстың тақырыбы:   «Білімді мыңды жығар»

( «Білгірлер алаңы») сайысы

 

Сайыстың мақсаты:         Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдірy, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

 

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білгірлер алаңы» сайысына қош келіпсіздер!

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

Сайыскерлер екі топқа бөлінген.

 

«Білгірлер» тобы

1.Ерғали Нұрислам

2.Әбдіқапар Мадина

3.Бексұлтан Нұрайлым

«Талаптылар» тобы

    1. Әбдімәлік Сағындық

    2. Өмірәлі Асылан

    3. Сайранбай Сағыныш

 

Сайыс мынадай турлардан тұрады:

1-ші тур – «Кім білімді?»

2-ші тур – «Полиглот»

3-ші тур – «Ғажайып алаң»

4-ші тур – «Кім тапқыр?»

- Білімнің ұшқырлығын танытатын,

«Бәйге» тұр да сайыскер жаңылмағын.

Уакыт деген зымырап, өтіп кетер,

Асып, тасып, асықпа, қалыспағын.

1-ші тур «Кім білімді?»

Сендерге ортақ 10 сұрақ беріледі.  (Барлық сұраққа 3 минут, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай)

  1. 1сағ 20 минутта неше минут бар?

  2. Кез келген санды 0-ге көбейткенде неше шығады?

  3. 4 люстрада 20 лампа болса, 1 люстрада неше лампа болады?

  4. Екі нанды 140 теңгеге сатып алатын болсақ, бір нанның бағасын тап?

  5. 15:х=3 теңдеуіндегі х-тің мәнін тап?

  6. Балалардың велосипедінде 3 доңғалақ бар. Сондай 6 велосипедте неше доңғалақ бар?

  7. Қабырғасы 4см болатын шаршының периметрін тап?

  8. 60 пен 8- дің көбейтіндісі нешеге тең болады?

  9. 500 бен 100- дің бөліндісі нешеге тең?

  10. 400дм- де неше см бар?


  1. 4 мин 20 сек- та неше секунд болады?

  2. Кез келген санды 1- ді көбейткенде неше шығады?

  3. 6 қапшықта 18 кг картоп бар. Бір қапшықта неше кг картоп бар?

  4. 12 кг алманы қапшыққа 3кг- нан салды. Сонда барлығы неше қапшыққа алма салынды?

  5. Х:9=3 теңдеуіндегі х- тің мәні нешеге тең?

  6. Асылханда 15 кәмпит болды. Ол кәмпиттерді екі ағасына және анасына тең етіп бөліп берді.Олардың әрқайсысы неше кәмпиттен алды?

  7. Қабырғасы 6см және 3см болатын тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең болады?

  8. 90 мен 4- тің көбейтіндісі нешеге тең?

  9. 800 бен 2- нің бөліндісі нешеге тең?

  10. 1000 см неше дм- ге тең?



-Келді  кезек  «Полиглот»  шешуге,

Жауаптарын  беруге  үш  тілдерде.

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,

Жақсы баға шәкірт саған несібе.

 

2-ші тур «Полиглот»

    1. топқа 3 сұрақтан (Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай,     3 минут уақыт беріледі)

 

1.Қабат- қабат қаттама, ақылың болса аттама.

  1. Жіпке ілдім мен өзім,Кіп-кішкене күн көзін  .                                                    

  1. - кеме, білім- теңіз? 



1.Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында?                              

2.Алты қырлы, алтын сырлы.

3.Жазу жазып жалықпаған, жаза- жаза арықтаған.

 -Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.

 

3-ші тур «Ғажайып алаң»

Әрбір пәннен- 3 сұрақтан   (Дұрыс жауапқа ұяшықта көрсетілген ұпай беріледі)

 

Қазақ тілі


10 Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы? 

20 Сөз неден құралады?                                    

30 Екі не бірнеше адамның сөйлесуі? 

 

Математика

  1. 5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды неше минут

ұстайды?                                                                                               

  1. Көбейту амалының компонентерін ата?

30.Фигураның ауданын қалай табады?

 

Дүниетану

  1. Тыныс алу мүшелерін ата

  2. Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? 

12.Табиғат түрлерін ата

-Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.

4-ші тур «Кім тапқыр?»

(Салт- дәстүр, Өнер, Спорт, Еркін тақырыптарда  3 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 5 ұпай беріледі)

 

І. Салт-дәстүр

  1. Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі?        

  2. Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі  

  3. Жас келінге айтылатын жыр          

 

ІІ. Өнер

  1. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі?   

  2. Айтыстың көне түрі        

  3. Қазақша күресте екі палуанның қатар жығылуы не деп аталады?                                                                                                                                 

 

ІІІ.Спорт

1.Қазақтың ұлттық ойындары

2.Спорттық жарыстың шешуші кезеңі                

3.Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы

 

ІҮ. Еркін тақырыпта

  1. ҚР- ның рәміздері

  2. Қазақстан Республикасының туының авторы      

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері     

 

 Марапаттау


Қорытынды: Қадірменді ұстаздар мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды.  Баршыңызға сәттілік тілеймін!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров218
Номер материала ДВ-339336
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх