Инфоурок Начальные классы КонспектыСыныптан тыс сабақ "Ойлы болсаң, озып көр!" (бастауыш сыныптар)

Сыныптан тыс сабақ "Ойлы болсаң, озып көр!" (бастауыш сыныптар)

Скачать материал

Тақырыбы:Ойлы болсаң, озып көр

Сабақтың мақсаты:оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдылары мен ойлау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулып, ұтқыр ойға, ұтымды жауап беруге дағдыландыру.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, нақыл сөздер, шар.

1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиемен оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.


2-жүргізуші:Болащаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.


1-жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін шәкірттерге берелік ,

Арасында тапқыр достар көп екен

Соларды енді жарыстырып көрелік .

2-жүргізуші:Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

Қандай сайыс болсада қашпайық біз,

Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер

Қанеки бұл сайысты бастайық біз.

1-жүргізуші:Ақыл – тон аңдағанда тозбайтұғын,

Білім – кен қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.



2-жүргізуші: Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділқазы бағалайды сіздерді

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыспа?


1-жүргізуші: Әділдікпен баға беріп топтарға,

Әділдікпен қара қылды жаруға .

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Үздік топты таудан бүгін алуға.

Кез-келген сайыс бағалануы тиіс. Олай болса қазылар алқасын таныстырып өтейік.

1.

2.

3.




2-жүргізуші:Сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейік.

1-бөлім.Таныстыру . (әр топ эмбблемасын қорғайды, ұрандарын таныстырады)

2- бөлім .Кім көп біледі? (Қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану пәндерінен сұрақ-жауап)

3- бөлім.«Қызықты сұрақтар»

4- бөлім.«Тапқыр болсаң тауып көр» (мақал-мәтел, жұмбақтар, ұйқасын тап)

5- бөлім.«Бейнелеу-бәйге» ( табиғатым – тал бесігім, постермен жұмыс)

6- бөлім.«Біз өнерлі баламыз» ( музыка пәнінен өз өнерін көрсету)

7-бөлім. «Саяси сұрақтар»

8- бөлім.Қорытындылау


2-жүргізуші:Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау

Сәт сапар тілеп бәріңе

Сайысты біздер басталық

Көрсетіңдер өнерді

Қалмаңыздар жасқанып

1-жүргізуші:Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар,

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік менің үнім бар, - дегендей, білімпаз жастар өзін таныстырады.

2-жүргізуші:Кез келді сайыс жүгін табыстырар

Өнерді бір-бірімен салыстырар

Ал қазір алдарыңда, көрерменім

Сайыс тап өзін-өзі таныстырар

1-бөлім.Таныстыру.

1-жүргізуші:Сонымен балалар, іске сәт! Жұлдыздарың жансын!

Әр топ өздерін таныстырып, ұранын айтады.

I-топ «Алғырлар» тобы

II-топ «Болашақ» тобы

III-топ «Асыл тас» тобы







2-бөлім. Кім көп біледі?

2-жүргізуші: Қазақ тілі-бал тілім,

Өзің барда шалқыдым,

Тілімнен нәр табармын,

Тіліме кім тағар мін.

1-жүргізуші: Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім !

- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз- қазақ тілі пәні бойынша сұрақтар.

Бұл бөлім қатысушылар қойылған сұрақтараға тез және нақты жауап беру керек.

1.топ (қазақ тілі)

1. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (Жазбаша)

2.Негізгі сөйлем мүшесін ата.(Бастауыш)

3.Не істеді? Қайтті? Не қылды? сөз таптарының сұрақтары?(етістік)

4.Қазақ тілінде неше септік бар? Оны ата. (Атау, ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс, көмектес)

5.Сын есімнің сұрақтары қандай?

Қандай? Қай?

6.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

б, в, г, ғ, д, ж, з



2- топ

1.Қос бүйірін таянып

Тұратығын қай әріп (Ф)

2. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап. (Ержүрек, батыл, қайсар)

3.Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Заттың атын білдіретін сөздер)

4.Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? ( қатаң, ұяң, үнді)

5.Жауап алу мақсатымен айтылған сойлем қалай аталды?

Сұраулы сөйлем

6.Сөздің одан әрі мағыналы бөлігін не дейміз?

Түбір сөз



3-топ

1.Мәтіннің түрлерін атаңдар. (Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

2.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

3.Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (Үшке хабарлы, лепті,сұраулы)

4.Қосымша нешеге бөлінеді? Оларды ата.(екіге,жұрнақ, жалғау)

5.Дауысты дыбыстарды ата. а,ә,ы,і,ү,ұ,о,е,и)

6.Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не деп атайды?

Жұрнақ

2-жүргізуші: Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіліңмен.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізгі менде білімін дегендей, ана тілі-бар білімнің кілті.

1-жүргізуші:Ана тілім жүрекке нұр береді,

Ана тілім көмейге жыр береді,

Ана тілім көкірекке шуақ береді,

Ана тілім бойыма қуат береді.

I-топ (ана тілі)

1.Қандай балалар ақындарын, жазушыларды білесіңдер?

Бердібек Соқпақбаев, Өтебай Тұрманжанов, Шона Смаханұлы, Мұзафар Әлімбаев, Спандияр Көбеев)

2.Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?

Ертегі, ауыз, айтыс, батырлар жыры, бесік жыры, шешендік сөздер.

3.Үш биді ата. Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би

4.Қазақ даласының жарық жұлдызы кім? Шоқан Уәлиханов

5.«Үш бақытым» өлеңін оқып беріңіз.

6.«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге» деген өлең шумағын кім жазған? Абай


II-топ

1.Б.Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?Менің атым Қожа, Ағаштар неге ашуланады?, Компос.

2.Әліппенің атасы кім? Ахмет Байтұрсынұлы

3. Мұхтар Әуезовтың Абай туралы жазған шығармасы қалай аталады?

Абай жолы

4.Құт-берекең атаң-қымбат,

Аймалайтын-анаң қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

-деп басталатын шешендік сөздің кім айтқан? Қазыбек би

5. Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан қала? Торғай қаласы

6 .Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атанған кім? Қажымұқан


III-топ

1.Дала жұлдызы деп кімді айтамыз? Ыбырай

2.Абылайдың азан шақырып қойған аты? Әбілмәнсұр

3.Қабанбайдың шын есімі кім? Ерасыл

4.Өмірде болған адамға қатысты халық шығармасы . Ауыз әдебиеті

5.Абылай ханға Төле бидің қойған аты. Сабалақ

6.Сауат ашатын кітап . Әліппе

2-жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін математикаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді жауаптарын көрелік.


1-жүргізуші:Білімнің тұғиығын бойлайтұғын

Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын

«Ғалымдар патшасы» деп дараланып

Математика- қызыққа тоймайтұғын деп- қызыққа толы математикаға береміз.

1.топ (математика)

1.Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар. (мм, см,дм,м,км.)

2.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін қосамыз)

3.9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (36)

4.Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды? (3)

5. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)

6. 81 мен 9-дың бөліндісі нешеге тең? ( 9 тең)

2.топ

1. Шаршы дегеніміз не? (Барлық қабырғасы тең төртбұрыш)

2.Бір мүшел 12 жас десек, үш мүшелде неше жас бар?(37)

3.Бөлу амалының атаулары. (Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

4.15 пен 6 қосындысы неге тең?(21)

5.100 жылда қанша ғасыр бар?(1 ғасыр)

6.Көлден ұшты 40 қаз

Қайтып қонды 15 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді? 40-15=25

3-топ

1)Екі тәулікте неше сағат бар? (48 сағат)

2)Спорт жарыстарына 50 бала қатысты. Бір командада 30 болса екінші командада қанша бала? (20 бала)

3)Баста неше тесік бар?

4)1 жылда неше ай бар? (12 ай)

5)Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер.(Шаршы, төртбұрыш)

6) 6.Табақта он бес алма,

Қолымда бес алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? (15+5)=20



2-жүргізуші: Дүниені танып білу мақсатын,

Білімменен шыға берсін жақсы атым.

Тұлпардай алшақ басқан тынысы кең,

Жол тартыңдар ұлылардың үлгісімен.


1.топ (дүниетану)

1.Табиғат нешеге бөлінеді?(өлі, тірі табиғат)

2.Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)

3.Адам денесінің тірегі не?(Қаңқа)

4.Желбағар дегеніміз не? (желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал)

5.Адамның денесі неше бөліктен тұрады?(бас, мойын, көкірек, құрсақ)

6. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60-70рет)

2.топ

1.Сезім мүшелерін атап бер. (Көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)

2.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (Карта)

3.Көкжиектің неше тұсы бар?(4 тұсы бар)

Ас қорыту мүшелерін ата.(ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек)

4.Жауын – шашынның түрлерін ата.(жаңбыр, қар, бұршақ)

5.Спорттың қанша түрі бар?(шахмат, шаңғы,футбол,дойбы)

6.Балықтар қайда тіршілік етеді?(суда)

3.топ

1.Судың үш күйін ата.(қатты,сұйық, бу)

2.Жыл мезгілдерін ата.(жаз,күз,қыс, көктем)

3.Ауаның негізгі қасиетін ата.(көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз болады)

4. Қыста түсін өзгертпейтін ағаш.(шырша)

5. Топырақтың құрамында не бар?(су,ауа,саз, құм, шірінді)
6.Құстар неше топқа бөлінеді? (екі топқа жабайы және үй құстары)


3-бөлім. Қызықты сұрақтар

1-топ

1.Көктемнің келгенін қай құс арқылы білеміз? (Ұзақ)

2.Суда туып, құрғақта өмір сүреді? (Бақа)

3.Өрмекшіде қанша аяқ бар? (8)

4.Бақа қыста не жейді? (Ештеңе де жемейді,ұйықтайды)

5.Бұғы көктем сайын несін жоғалтады? (Мүйіз)

6.Қалталы аң. (Кенгуру)

7.Кім аяғымен естиді?(Кірпі)

2-топ

1.Пенгивин құс па, аң ба? (Құс)

2.Жер жүзінідегі ең ірі аң (Кит)

3.Кім арқасымен алма жинайды? (Кірпі)

4.Қандай қар тез ериді, таза ма, әлде кір ме? (Кір)

5.Қай жануар жердің астына тіршілік етеді? (Көртышқан)

6.Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)

7.Кім аяғымен су ішуді біледі? (Бақа)

3-топ

1.Шегіртке несімен шырылдайды?(Аяғы мен қанатын үйкеу арқылы)

2.Қай жануарлар қыста ұйықтайды?(Аю, кірпі)

3.Ақ жолағы бар талды ата. (Аққайың)

4.Басын төмен қаратып кім ұйықтайды? (Жарқанат)

5.Ара біреуді шаққанан кейін несін жоғалтады? (Инесін)

6.Қай кірпінің тікені кірмейді?(Жаңа туған кірпінің)

7.Қай жануар үйін өзімен бірге алып жүреді?(тасбақа)




4-бөлім.«Тапқыр болсаң, тауып көр» (мақал-мәтел,жұмбақтар, ұйқасын тап)

1-жүргізуші: Тырысып әр сайыскер намысына,

Өзінің байқап қара шабысына ,

Мінеки, қазір енді келді кезек

Сан сұраққа бір жауап сайысына.



2-жүргізуші: Біз қазақпыз, өнерге бай, жасы кең,

Сусындаған ақыл, білім нәрімен.

Ұландардың білімдерін байқайық,

Сұрақтарға жауап берші қане сен.


Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.

I-топ

1.Қаһарлы сөз .... (Қамал бұзар)

2.Тіл тас жарады, тас жармаса (бас жарады)

3.Ине көзінен сынады (шешен сөзінен сынады)

4.Тіл қылыштанда (өткір)

5.Білгенің бір тоғыз (білмегенің тоқсан тоғыз)

6.Жүз теңгең болғанша (жүз досың болсын)

II-топ

1.Жақсы байқап сөйлер,.... (Жаман шайқап сөйлер)

2.Білекті бірді жығады (білімді мыңды жығады)

3.Тоқсан ауыз сөздің (тобықтай түйіні бар)

4.Оқу инемен (құдық қазғандай)

5.Өз елің (алтын бесігің)

6.Әкеге қарап ұл өседі (Шешеге қарап қыз өседі)

III-топ

1.Киіміңе мақтанба (Біліміңе мақтан)

2.Ана көрген тон пішер (Ата көрген оқ жонар)

3.Жеті рет өлшеп (бір рет кес)

4.Алыстан алты жасар бала келсе ,(алпыс жастағы қария сәлем береді)

5.Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем береді)

6.Тауды, тасты жел бұзар, .... (Адамзатты сөз бұзар)


2. Жұмбақтар

1-жүргізуші:

Кел балалар , ойнайық!

Ойнайық та ойлайық.

Қандай жұмбақ болсада

Шешпей оны қоймайық.

I-топ

1.Он әскері бар оның,

Бас құралы адамның (қол)

2.Дәмді асты даярлайды,

Еңбектенуден аянбайды. (аспаз)

3.Отыз екі – бірі алып,

Тұрар іште қаланып.

Ашылғанда қос есік,

Көрінеді ағарып. (тіс)

4.Алтын терек, ол екі бұтақ,

Үш жүз алпыс бес жапырақ (жыл, он екі ай, 365 күн)

5.Бұтақтарға секіріп,

Әр жерден қылт етеді,

Кейде жаңғақ кеміріп,

Жоғары өрлеп кетеді. (тиін)

II-топ

1.Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды.

Көзі шамға ұқсайды. (жапалақ)



2.Шидиген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге, (өрмекші)

Аспалы тор құрады.

3.Үлпілдеген аппағым,

Өзім күтіп баптадым.

Күзде сыймай қапшыққа,

Айла, амал таппадым. (мақта)

4.Мұртын сипап күні бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып күні бойы,

Тышқанды көп қуады. (мысық)

5.Мұзда жылдам сырғанайды,

Тебе білген құламайды. (коньки)


III-топ

1.Аналары өле сала,

Балалары дүниеге келеді. (картоп)

2.Бойы бір қарыс

Айдары екі қарыс. (жүгері)

3.Жібек арқан сүйреткен,

Темір атты үйреткен (ине)

4.Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды

Бірақ та сақалы бар (Ешкі)

5.Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қып-қызыл тәп-тәтті. (қауын)


3.Ұйқасын тап

1-топ

1.Жағасында бұлақ

жайылып жүр ...

(лақ)

2.Сырты қандай қатты,

Дәні сондай тәтті.

Шағып қара таңдап,

Оның аты - ....

(жаңғақ)

3.Дөп-дөңгелек сары,

Ішінде бар дәні.

Қызығасың көріп

Оның аты -

(өрік)

2-топ

1.Алмастан тыныш

Шабады .....

(құлын)

2.Пісетін кезі дәл күзде,

Мезгілсіз оны үзбе.

Аузыңнан кетпес бал дәмі

Оның аты - ....

(құрма)

3.Жапырақты тасалап,

Өсетін жері – бақша бақ.

Күрең қызыл, шіркін-ай,

Оның аты - ....

(құлпынай)

3-топ

1.Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ......

(кірпі)

2.Аппақ доп тауып,

Шақырады ақ ....

(тауық)

3.Бала біткен қуанып,

Қандай тәтті....

(Балмұздақ)


5- бөлім.«Бейнелеу-бәйге» ( табиғатым – тал бесігім, постермен жұмыс)


6- бөлім.«Біз өнерлі баламыз» (өз өнерін көрсету)


2-жүргізуші:Өнер қуып шәкірттер өтер дейміз,

Бәр басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Өз өнерін көрсетсе екен дейміз.

Музыка пәні бойынша әр сынып өз өнерін көрсетеді.


1-жүргізуші: Тырысып әр сайыскер намысына,

Өзінің байқап қара шабысына ,

Мінеки, қазір енді келді кезек

Сан сұраққа бір жауап сайысына.



2-жүргізуші: Біз қазақпыз, өнерге бай, жасы кең,

Сусындаған ақыл, білім нәрімен.

Ұландардың білімдерін байқайық,

Сұрақтарға жауап берші қане сен.

7- бөлім. «Саяси сұрақтар»

I-топ

1.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

2.Қазақстанның республикасының астанасы қай қала? (Астана)

    1. елтоқсан қандай мейрам? (Тәуелсіздік күні)

4.Алматы облысының орталығы қай қала?

5.Біздің мектеп қалай аталады?

II-топ

1.Гимннің авторлары кім?

    1. маусым қандай мереке?

3.Біз қандай ауданда тұрамыз?

4.Айдын Айымбетов кім?

5.Ауыл әкімі кім?

III-топ

1.Мектеп директоры кім?

2.Елтаңбаның авторы кім?

3.Біздің облысымыз қалай аталады?

4.Наурыз мерекесі қалай аталады?

5.Оқу жылы қашан аяқталады?


3топтың басшы шығады

1.Ана

2.Ұстаз

3.Отан

4.Туған жер

Қорытынды:

1-жүргізуші:Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –дей келе сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.



2-жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие теңіз дейміз.

Әдебі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа дейміз.


1-жүргізуші:Қош дейміз әлі талай сайыстар бар,

Білімдерің өрлей берсін қалыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,

-дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.



































.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс сабақ "Ойлы болсаң, озып көр!" (бастауыш сыныптар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 3995
    • DOCX 43.7 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Базилбаева Балжан Токташевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Базилбаева Балжан Токташевна
    Базилбаева Балжан Токташевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 67863
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 197 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек