Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сабақ. Тақырыбы: "Ана тілімізді құрметтейік!"

Сыныптан тыс сабақ. Тақырыбы: "Ана тілімізді құрметтейік!"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілімізді құрметтейік!»

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптастыру. Ана тілін, Отанын, елін, жерін, тарихын, салт-дәстүрін, туған тілін құрметтеуге оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, суреттер.

«Сөзі жоғалған жұрттың, өзі де жоғалады».

«Ақыл көркі – көңіл, тілдің көркі – сөз».

«... Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақын атамыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - демекші бүгінгі «Ана тілін құрметтейік!» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Абылайхан: «Тіл туралы» тұңғыш Заң 1989 жылы, ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол ата-анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбарлануына қандай жағдайда да қарсы тұра білуі тиіс.

Айтуған: «Қазақ тілі өзінің даласындай кең пішілген жайдары да, жалпақ тіл. Даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Жалпы халықтың қасиеті күшті жатық та, түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай».

Досан: Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

Ұлжан: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарындағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген сөзінде терең астар, үлкен мән жатыр.

Толқын: Жасыратыны жоқ, кешегі Кеңестік дәуірінде шетқақпай болған тілімізге ілесе, халқымыздың ұлттық рух, дәстүр-салтының да өңі қашып, өзегі толғаны ақиқат.

Тілімізге келеміз тұрақталмай,

Ана сүтін жүрміз-ау түк ақтамай.

Жиындарды бастасақ басқа тілде,

Бабалардан тұрады сұрақ қалай.


Оралхан: Шешен билеріміз халық тарихын, әдет-ғұрып, салт-санасын жете білген. Ел ақсақалдарының, атақты шешендерінің жастарға берер ақылы өсиет болып қалған.

Асан Қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл,

Жәнібек пен қойлыбай

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.


Аружан: Тілім менің өмірдегі тілегім,

Тілімменен тарихымды білемін.

Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,

Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін.


Мөлдір: Ана тілінде таза сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамдық, мәдениеттілік, тәрбиелілік.

Ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата-бабасындай сүйіп, ардақты, осы тілде сөйлеуді Тәңірінің ұлы сыйындай көрген.


Айдана: Адам үшін ең қажетті қасиеттің бірі өз ана тілін қадірлеу. Қазақ тілі дүниежүзілік пәндердің ішіндегі ең байтақ тіл. Ақын Мұхтар Шаханов ағамыз ана тілі туралы былай деп жырлаған.

Туған жерің – түп қазығың, айбының,

Туған тілің – сатылмайтын байлығың.

Туған дәстүр, салт-санасы тірегің,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихың,

Еске алуға қаншама ауыр әрі,

Қасіретті болса да.


Қасиетті бұл төрт ана,

Тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес,

Күрестердің ұлысы.


Төрт анаға жағдай жасай алмаған,

Пенделердің басын қайта қарбаған.

Төрт анасына қарамаған халықтың,

Ешқашан да, ешқашан

Бақ жұлдызды жанбаған!


1-көрініс: «Төле би жұмбағы»


Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жоспарға 10 түрлі жұмбағым бар. Айтсам жұмбағын мынау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен?

Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін рұқсат есітіңіз.

Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.

Қазыбек би: Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегенім – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегенің – үш бұтақты шідірден шошынған ат жаман.

Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.

Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.

Алты дегенің - асқынып кеткен дерт жаман.

Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман.

Сегіз дегенің – серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе, сол жаман.

Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің!


2-көрініс: «Сөз қадірі»


Автор: Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына айтқан екен.

Әкесі: Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле.

Автор: Мұны естіген бал әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды. Ойы сол жаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ.

Автор: Осылай аталы сөздің шешуін айтыпты.

Уәлихан: Ендігі кезекте ұлы ақын-жазушыларымыздың болашақ ұрпаққа аманаттап кеткен қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ұлжан: Мұхтар Әуезов: «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, баламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды».

Аружан: Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді».

Ермахан: Ғабиден Мұстафин: «Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті».

Нұржан: Сәбит Мұқанов: «Сөз халықтың қымбаттан қымбат кені».


Нұрсұлтан: Ахмет Жұбанов: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тліне жетік, білімді, мәдениетті болсын».


Мұхтархан: Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».


Нұрзат: Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.

Қуан, анам,

Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп

Кеткен кейде түңіліп.

Ақ сүтіңнен

Тойға біткен тіліңді,

Пір тұтамын

Мен алдыңа егіліп!


І. Сұрақтарға жауап беру

1) Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?

2) Мемлекеттік тіл қай тіл?

3) Халықаралық қатынас тілі?

4) Білім күні Қай күн?

5) Еліміздің Ата Заңы қай жылы қабылданды?

6) Мектепкте оқитын тіл пәндерінің аты?


ІІ. Мақалдарды жалғастыр.

  1. Ана сүті бой өсіреді, ... (ана тілі ой өсіреді)

  2. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің сөзі ортақ)

  3. Ақыл көркі – тіл, ... (тілдің көркі – сөз)

  4. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ)

  5. Таяқ еттен өтер, ... (сөз сүйектен өтер)


Айзат: Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді.

Қазақ тілі - өркендеген мәдениеттің тілі, көсемсөздік, ресми іс-қағаздарының тілі, грамматикалық құрылысы бойынша дамыған оралымды тіл.


Айжан: Қазақ халқы сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен қатар қойған. Тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсетілген. Қазақ халқынан шыққан атақты Әнет, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Сырым т.б шешендер бар. Бұлар өздерінің шешендіксөздерімен дұшпандық әрекетін хандардың әділетсіздігін әшкерелеп, елді бірлікке, күреске шақырған.


Оралхан: Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.


Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кезде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

«Кім мықты?» десе біреу – «Отан» дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.


Ұлдана: Ана тіл – бұл әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен ағамызға есіктен жүріп біле бастаймыз.

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де,

Менің ана тілімде.

Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,

Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

Барлық тілді үйренерсің сен әлі,

Жігіт болып саналы.

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,

Өз еліңнің туын көтер жоғары.

Мен анамды ұғындым деп мақтанам,

Тілін білдім, жырын білдім сақтаған.

Өз анасын сыйламаған пақырлар,

Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам.

Келер ұрпақ, бұл сөзімді бағарсың,

Жанар кезде өзің де от боп жанарсың

Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,

Ал басқасын өзің тауып аларсың.


Қорытынды: Нұрсұлтан Назарбаев: «Тіл – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы, алдамен әр ұлтының тілі ғой. Ендеще ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз».

«Тіл - халықтың алтын діңгегі» дейді халық даналығы. Ана тіліміз біздің ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден бір арымыз да, нарымыз да.



Общая информация

Номер материала: ДВ-365762


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс повышения квалификации «Финансовые инструменты»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»