Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сыныптан тыс сабақ "Үздік информатик"

Сыныптан тыс сабақ "Үздік информатик"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үздік информатик

Төменде ұсынылып отырған сыныптан тыс жұмысының мақсаты оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ынтасын, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Бүгінгі «Үздік информатик» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Көңілді тапқырлар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық жұрт алдына шығуларын.

Оқушыларды бір бірден таныстыра отырып ортаға шақырамыз. 5 оқушы қатысады.

Сайыстың кезеңдері:

1. Бәйге

2. Жеті жұмбақ

3. Ғажайып алаң

4. Жорға

5. Көкпар

Жүргізуші:

Ал енді жас қырандар. Бәйге кезеңін бастаймыз.

(Оқушыларға сұрақ беріледі, әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан алады).


І. Бәйге

1. Бас әріпті теру үшін қай перне қолданады?

А. Shiht

В. Ctrl

С. Delete

D. Tab

2. Монитордың неше түрі бар?

А. 3

В. 5

С. 2

D. 4

3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші?

А. Принтер

В. Монитор

С. Сканер

D. Экран

4. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы?

А. Пернетақта

В. Экран

С. Сканер

D. Тышқан

5. Компьютердің ақыл-ойы?

А. Винчестор

В. Жүйелік қорап

С. Процессор

D. Сканер

6. Paint қандай редактор?

А. Мәтіндік

В. Цифрлық

С. Символдық

D. Графикалық

7. Ақпаратты шығару құрылғысы?

А. Сканер

В. Принтер

С. Пернетақта

D. Тышқан

8. Бос орын қалдыру пернесі?

А. Пробел

В. Tab

С. Enter

D. Esc

9. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы?

А. Диск 3,5(А)

В. Windows XP (D)

С. CDROM (F)

D. Съёмный диск (Е)

10. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?

А. Байт

В. Бит

С. КБайт

Д. ГБайт


Жүргізуші:

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте» - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

ІІ. ЖЕТІ ЖҰМБАҚ

(Жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту қажет. Қазақ, орыс тілдерінде 3 ұпайдан, ағылшын тілінде тапқанға 5 ұпай)


1.Ақпаратты енгізу құрылғсы

(пернетақта-клавиатура-keyboard)

2. Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкене күн көзін

(шам-лампочка-lamp)

3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында

(сызғыш-линейка-ruler)

4. Өнер алды қызыл .......

(тіл-язык-languade)

5. Жануарға ұқсас атым бар,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Білсеңдер қане айтыңдар.

(тышқан-мышка- mоusе)

6. Кітап ненің бұлағы?

(білім-знание-knowledge)

7. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәлімет

(ақпарат-информация-information).

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын,

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын.


ІІІ. Ғажайып алаң

10

  1. Алдыңғы қадамға оралу

  2. Берілген терезедегі орындауға болатын командалар тізбегі қалай аталады?

  3. Paint редакторын қалай қосады?

15

  1. Windows жүйесін жасаушы компания

  2. Информацияның ең аз бөлігі

  3. Өшірілген файлдарды қай папкада сақталады?

20

  1. Алгоритмнің неше түрі бар?

  2. hello_html_4ca838dd.pngБұл қандай құрал?

  3. hello_html_86c4a80.pngБұл қандай құрал?


Жүргізуші:

Жорға, жорға, жорғала.

Шапшаңдыққа таң қалма,

Ойын деген арпалыс,

Жеңілемін деп ойлама.


IV. ЖОРҒА

1.ТАНЕПЕРТАҚ

(ПЕРНЕТАҚТА)

2. ҚАШНТЫ

(ТЫШҚАН)

3. СОРЦЕСПРО

(ПРОЦЕССОР)

4. НТЕРПРИ

(ПРИНТЕР)

5. ТИКДСЖОЙ

(ДЖОЙСТИК)

6. ТОРНИМО

(МОНИТОР)

7. ФКАЛЕШ

(ФЛЕШКА)

8. ЕРНКАС

(СКАНЕР)

9. ЛОКАНКО

(КОЛОНКА)

10. КФОНМИРО

(МИКРОФОН)

Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, сасып, асқпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.


V. Көкпар

1 оқушы.

1.Принтердің неше түрі бар?

(3 түрі)

2. Дыбыс жазу құрылғысы?

(микрофон)

3. Бос орын қалдыру пернесі?

(пробел)

4. Вирустың кері әсерін жоятын программа?

(антивирус)

5. Компьютер жанына қойылатын өсімдік?

(кактус)

6. Вирустарды ойлап шығаратын кімдер?

(хакерлер)

7. Ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы?

(пернетақта)

8. Компьютердің миы?

(процессор)

9. Дыбыс шығару құрылғысы

(колонка)

10. 1 байт нешеге тең?

(8 бит)

2 - оқушы

1.Монитордың неше түрі бар? (3 түрі)

2. Ақпарат қай тілден шыққан?

(латын)

3. Деректерді сақтауға арналған құрылғы?

(жад)

4. Жыпылықтап тұратын тік сызықша

(меңзер)

5. Ақпаратты шығару құрылғысы?

(принтер)

6. Сурет салуға арналған графикалық редактор?

(Paint)

7. Дүниежүзілік желі

(интернет)

8. Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар?

(нүкте, сызық)

9. Компьютерлік өшіргіш?

(ластик)

10. 8 биттен тұратын ақпарат өлшемінің бірлігі?

(1 байт)


Енді сайысымызды қорытындылап, жүлдегерімізді анықтайық.

Жүлдегерге мақтау қағазы тапсырылады.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров86
Номер материала ДВ-422628
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх