Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сыныптан тыс сабақ жоспары

Сыныптан тыс сабақ жоспары



  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_3ba246ed.gifТақырыбы: Қысқы ауа райы. 6 сынып.

Сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, қысқы ауа райы тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,мәтін бойынша сұрақтарға  жауап беруді,өз ойларын жинақтап айтуға үйрету.Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

 

Күтілетін нәтиже: Сабақта танысқан жаңа сөздерді қолдана алады

Қыс туралы  өз ойларын жаңа сөздерді қатыстырып жеткізе алады

Жай сөйлемдермен қыс мезгіліне қатысты  шағын әңгіме құрастыра алу

   Ресурстар:, аудиотаспа,оқулық, дәптер, суреттер, нөмірлер

 

Белсенді лексика:аула, қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың

 

Балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

1) Өткенді қайталау

2) Қысқы ауа райы тақырыбына қатысты жаңа сөздермен танысу

3) Тапсырмалар орындау

Өткенді қайталау мақсатында 1-флипчартта  берілген сөздерді тиісті жыл мезгілдері суреттерімен байланыстыру. (1 немесе 2  рет қайталануы мүмкін)

Негізгі бөлім

1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді оқу,мағынасын түсіндіру.

Жаңа сөздер: аула,қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың.

Әр жаңа сөз Флипчартта жазылып тұрады,балалар сөзді оқиды,сөздің мағынасын ашатын сурет жасырынып тұрады.

   

Сөздік жұмысы осылайша жүргізіледі. Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады.

2. Аудиотаспадан «Кыс» туралы әңгіме тыңдайды.

-Әңгіме не туралы?

-Әңгімеден не білдіңдер?

3.Мәтінмен жұмыс. №1 тапсырма, 104 бет.( ақпан – ақ боран айы)

Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, сол сөздер бар сөйлемдерді оқиды.Мысалы:Қар қалың.

4.«Қарлы кесек» ойыны: 

  Ойынның шарты түсіндіріледі.

Қар тәрізді ақ қағазды мұғалім оқушыға лақтырады,  оқушы ашып, сондағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар жоғарыда оқыған мәтіндегі әр сөйлемге құрастырылған.Ойын қағаз әбден таусылғанша ойнатылады.(8сұрақ,8қарлы кесек)

5.Топтық жұмыс.

Екі оқушыдан  тұратын топ оқушылары  өздеріне берілген нөмір бойынша суретті тауып, сол суретте бейнеленген сюжет бойынша  тиісті сөйлемді мәтіннен көшіріп жазады. Мұғалім 2 минут уақыт береді. Уақыт біткенде балалар жұмысын тоқтатады да суреттерін алып, орындарына отырады. Бір топ тақтаға шығады, суреттерін  көрсетіп,  жазған сөйлемдерін оқиды. Басқа  топтар  суреттерге қарап,бірінші топтың жауабын тыңдайды, бағалайды.

6.Сөзжұмбақты шешу.

7. «Қысқы ауа райы» атты диалогті оқу.

8. Қорытындылау.

Мұғалім тақтаға сабақты қорыту үшін төменде берілген сабақтың қысқаша жоспарын жазып қояды. Оқушылармен бірге оқи отырып, орындалған жұмыстың тұсына белгі қояды.

Біз бүгін сабақта не істедік? не білдік?  Белгі қою.( )

1.Өткенді қайталадық.

2.Жаңа сөздермен таныстық.

3.Тапсырмалар орындадық.

Келесі сабақта:Келесі сабақта қысқы ауа райы  мен  қысқы демалыс тақырыбын сабақтастыру. Қыс туралы өз ойларын жеткізуге тапсырмалар дайындау.





Оқушының аты

Не істедік

Не білдік

баға

1.





2





3





4





5









Оқушының аты

Не істедік

Не білдік

баға

1.





2





3





4





5









Оқушының аты

Не істедік

Не білдік

баға

1.





2





3





4





5













https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSFhpKv0aZMxZdNIGsfaLobvGw5MoCLgeJaVuGD4cTaA8q6BnIv0Qhttp://altaynews.kz/kaz/uploads/posts/2013-02/1360757208_20.jpg





http://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2015/news_259619/thumb_m/photo_13028.jpg
http://kultobe.kz/wp-content/uploads/2012/12/041.jpg



http://cs411821.vk.me/v411821232/69b3/ht_3XsqLCCs.jpg















80–сабақ

Табиғат туралы

1. Мәтінді түсініп, оқындар.

Табиғатты қорғаңдар!

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай біліуміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде Халықаралық қорғау қоғамы құрылды. Оның басты мақсаты – саны сирек, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты «Қызыл кітап» деп атайды. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң-құстар, өсімдіктер жазылады.


Тапсырмалар:

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Халықаралық қорғау қоғамы не үшін керек?

  2. Қандай кітапты Қызыл кітап деп атайты?

  3. Бұл кітапқа не жазылады?

  4. Табиғат туралы қандай қанатты сөз білесіңдер?


3. Жақшаның ішіндегі орыс сөздерін қазақшаға аударып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

(Наша) барлық өміріміз (с природой) тығыз байланысты. (В нашей) елімізде 150-ге жуық қала экологиялық (тяжелом положении). Біздің (окружающая среда) ластанған. Біз табиғатты (должны защищать). Табиғатты қорғауды (с себя ) баста.


4. Мақал-мәтелдерді түсініп, жаттап алыңдар.

  1. Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

  1. Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.

  2. Құс жеткен жеріне қонады.


5. Сурет бойынша диалог құрастырыңдар.

kazakh316


81–сабақ

Экология дегеніміз не?


  1. Диалогты түсініп, оқыңдар. Өзара жалғастырып, сөйлесіңдер.


  • Адамның дені сау болу үшін не керек?

  • Қоршаған орта, табиғат таза болу керек.

  • Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр?

  • Экологиялық проблема өзекті мәселеге айналды.

  • Дүниежүлік проблема қандай?

  • Арал экологиясы. Мұнымен қоса Каспий, Балқаш көлдері де экологиялық аймаққа айналды.

  • Біз қандай үлес қосуымыз керек?


2. Диалогтан етістіктерді теріп жазыңдар, оларды сөз құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі: болу: бол – түбір, у- түйық етістік жұрнағы.


3. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.


Табиғатты қорғау, орманды дала, жануарлар мен құстар, өзекті мәселе.


4. Өлеңді жаттаңдар. Естеріңе сақтап, жазыңдар.

Айналанды қоршаған

Табиғатты сүйе біл.

Қауіп-қатер төнсе оған,

Қамқорға алып сүйей біл.

Түкірінбе көзіңе

Түскен жерге, бауырым,

Ақылшы бол өзіңе,

Іспен өрле, тәуірі.


82–сабақ

Табиғат пен адамның байланысы


1. Мәтінді түсініп, оқындар.

Ағаш ек!

Адам таза ауамен демалады. Адам демінен шыққан ауа қайта жұтуға жарамсыз. Ал таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып отырады. Өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп тұрған ағаш көп болса, ауа да таза болды. Таза ауамен дем алған адамның дені сау, көңілі хош болып, ұзақ өмір сүреді.


2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.


Чистый воздух, деревья вокруг нас, человек здоров, хорошее настоение, долгая жизнь, продлить жизнь.


3. Ұстау, демалу, ойлау, тазарту сөздерін сабақты, салт етістіктеріне айландырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.


4. Диалогты жалғастырып, сөйлесіңдер.


  • Табиғатқа жақын болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • ...........................................

  • Табиғатты неге қорғау керек?

  • ...........................................


83–сабақ

Қазақстанның табиғат жағдайлары


1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.

Арал теңізі

Арал теңізі мен Сырдария өзені күн сайын тартылып барады. Теңіз суының деңгейі он метр төмендеген. Ауаға теңіз түбінен миллиондаған тонна тұз ұшады. Өсімдіктер мен жануарлар құрып барады.

Бұл апатты тоқтатуға бола ма?

Республикамыздың экологиялық жағдайы қиын. Аралға енді Балқаш тағдыры қосылды.


2. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерді аударыңдар.


Река Сырдарья, растения и животные, это бедствие, экологическое положение, судьба Арала, положение тяжелое, исчезают животные, уровень моря.

3. Төмендегі етістіктерді рай түрлеріне қойып жіктеңдер.


Төмендеді, кұрып кетті, көмектесемін, алмаймын, қостым.


4. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.







84–сабақ

Мазмұндама

Маңдай тер


Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы суша болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.

Қолына күрек ұстатты:

- Қане, екі-үш көшет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.

Хамит пора-порасы шығап терледі.

Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!

- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.

Хамит атасын құшақтай алды.


Сөздік:

жақ ашпау – не сказав ни слова


Жоспар

1. Атамен әңгіме

2. Атасы демалыста.

3. Сұрақ.

4.Тоғайда.

5. Көшет.

6. Көшет – жеміс ағашы.

7. Қызыл алма.

8. Маңдай тер деген не?



85–сабақ

Табиғат туралы мақал-мәтелдер


1. Мақалдарды түсініп оқыңдар.


1. Құс жеткен жеріне қонады.

2. Қоян көлеңкесінен қорқады.

3. Жері байдың – елі бай.

4. Жер – қазына,

Су – алтын, Мал – байлық.


Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.


1. Табиғатты неге қорғау керек?

2. Өсімдіктер мен жануарларға қалай қамқарлық жасайсыңдар?

3. Мектеп, үй ауласындағы ағаштарды қалай қорғайсыңдар?

4. Өсіп тұрған гүлді жұлуға бола ма?

5. Үй жануарларына қалай көмектесесіңдер?


2. Тақырып бойынша етістіктермен сөйлем құрастырыңдар.


II деңгей

1.Етістіктің райларының жасалу жолдары туралы айтыңдар. Мысалдар келтіріңдер.

2.Бір мақалдың мағынасын түсіндіріп, өз ой -пікірлеріңді жаз.


I деңгей

1. Қазақстандағы экологиялық жағдайды дұрыстау үшін қандай іс-шара жасау керек? Газетке мақала дайындаңдар.



86–сабақ

Жер-ана


  1. Мәтінді аударып, рөлге бөліп оқыңдар.


Бейбіт бақша ішінде жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария:

  • Әй, балам, Жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой, - деді.

Таңғалған Бейбіт:

  • Менің анам үйде, аты Зейнеп, - деді.

  • Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, - деп қария кете берді.


  1. Төменде берілген қанатты сөздердің мәнін түсіндіріңдер, ішінен бір қанатты сөзді алып, өз ойларыңды жазыңдар


Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ..


Жер – қазына,

Су – алтын,

Мал – байлық.


3. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарға сипаттама беріңдер.


Ту..ан жер таби..аты – хал..ымыздың ұлт..ық мақтан..шы. Сонд.. қтан оны а..лап қор..ауға үлес қ..су – бізд..ң азама..тық бор..шымыз.


87–сабақ

Қоршаған ортаны қорғау


1. Мәтінді оқып, өз ойларыңды айтыңдар.

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол – еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүлілік күні. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.

Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.


Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар:


III деңгей


  1. Мәтінге ат қойып, орыс тіліне аударыңдар.

  2. Есімдіктерді теріп жазып, түрлерін анықтаңдар.

  3. Қоршау етістігін райларға қойып, жіктеңдер.


II деңгей


  1. Мәтінге жоспар құраңдар.

  2. Мәтіндегі етістіктерді тұйық етістіктерге айналдырыңдар.

  3. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күнінің мақсаты қандай? деген сұраққа жауап беріңдер.


I деңгей


«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына бағдарлама құрастырыңдар.









88–сабақ

Қорықтар неге керек?

1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.


Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.

Олар азайып, жылдар өткен соң, мүлдем құрылып кету қауіпі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұру үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз.

Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.


2. Мәтінді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.


өсімдіктер тіршілігінен

жылдар дүниесі

табиғи қорғауға

жан-жақты өткен соң


3. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, диалог құрастырыңдар.


4. Төмендегі тіркестерден сөйлем құрастырыңдар.


Өндірісі дамыған, тіршілігінен айырылып қалмақ, елімізде табиғат байлығы, сақтайтын қорықтар көп.


89–сабақ

Таза ауамен демалайық


1. «Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша суретпен жұмыс: бірнеше кезең негізінде жұмыс жасап, шағын әңгіме дайындаңдар.


thumbnailzagryaz2

1 кезең – сурет бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.


2 кезең – сурет бойынша бірнеше сұрақтар дайындап, өзара сөйлесіңдер.


3 кезең – сурет бойынша жоспар құрыңдар.


4 кезең – сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар.


5 кезең – суреттерді пайдаланып, шағын шығарма жазыңдар.


90–сабақ

Бурабай

1. Мәтінді түсініп, оқыңдар.


Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл. Оның суы тұщы, мөлдір. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары бар. Бұрабайдың табиғаты туралы көп өлеңдер, әңгімелер жазылған.


hello_html_75e41018.jpg



2. Мәтіндегі етістіктерді пайдалана отырып, сурет бойынша диалаог құрастырыңдар.


3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Бурабайдың суы қандай?

  2. Не себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары орналасқан?

  3. Бұрабайдың табиғаты туралы қандай өлең, әңгімелер білесіңдер?


4. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.


91–сабақ

Аңшылар


1. Әңгімені түсініп оқыңдар. Өз ойларыңды ортаға салыңдар.

Аталы-балалы екі аңшы ауылға түс ауа қайтты. Қатты жел тұрып, аспандағы үйір-үйір бұлттар көше бастады. Ата мен бала бір шекпеннің астына тығылып алып, биені қамшылай түседі. Асыққанда ауыл жеткізе ме. Қаптың ішінде жалғыз бөлтірік қалтырайды.

  • Өлтіріп тастау керек. Бұл асырауға көнбейді.

  • Өлтіртпеймін! – деді Әмен арашаға шығып. - Өскен соң хайуанаттар бағына тапсырамын.

  • Қой, балам, тіл алсаңшы! - деді Бекет.

  • Жоқ, ата, ештеңе етпейді, өлтіртпеймін.

Әмен бөлтірекке қолын созып еді, тістерін ытситты.

(Зейнел-Ғаби Имантаев).

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.


3. Әңгіме бойынша рөлге бөлініп, әңгімені тағы бір мәнерлеп оқыңдар.


4. Мәтінді пайдалана отырып, төмендегі сөз тіркестерін аударыңдар.


Сильный ветер, ехали дедушка и внук, неьзя приручить, сдам в зоопарк, протянул руку.


92–Нәтиже сабақ

1. Тест сұрақтарына жауап беріңдер:


1. Сызбаны толықтырып, мысал келтіріңдер.


Етістіктің райлары



2. Сөздердің аудармасын табыңдар.

жарамсыз постоянно

үнемі непригодный

мәселе будущее

болашақ проблема

қазына непригодный


3. Қанатты сөздерді аяқтаңдар.

Жер- ......,

Су - .........,

Мал -.......


4. Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтіріңдер.

Түбір + жұрнақ


5. Бурабай көлі Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

А. Қостанай






Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров462
Номер материала ДВ-282103
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

востребованный сайт


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх