Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс сабақ жоспары

Сыныптан тыс сабақ жоспары

Скачать материал

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қарағанды облысы   Нұра ауданы

 

      

 

 

 

 

 

Бағыты: қазақ  тілі

 

 

Ғылыми жоба тақырыбы:

 

Есімдер сыры

https://sites.google.com/site/esymder/_/rsrc/1340555073677/%D0%B0%D1%82.jpg?height=320&width=299

Авторы: Абкенова  Карина  

Майоровка ауылы Киров орта мектебі 

9-орыс сыныбы

 

Жетекшісі: Кусаинова Динара Бекбулатовна

                                                                    Киров орта мектебінің  қазақ тілі мен

                                                                                       әдебиеті  пәнінің мұғалімі

 

2015 жыл



                                                        Аннотация
 
        Мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің ерекше болуы мұның сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті,  есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым. Ол есімдердің  мағыналарын анықтап,  берілген кесте бойынша есімдері қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін  анықтау.  Сауалнама жүргізу арқылы өз сыныптастарыма, достарыма, туыстарыма өз есімдері қаншалықты ұнайтынын, өз есімдерінің мағынасын қаншалықты білетінін анықтау мақсатында зерттеу жүргіздім.

 

 

Аннотация

 

       Меня заинтересовало  значение имен  моих одноклассников, родственников  и классного руководителя. Поэтому в цели исследования значения имен  выбрала тему «Секреты имен».  Изучив значение имен  я по  данной таблице узнала  какой характер  планеты и на сколько она им влияет.   Проводив   интервью среди одкоклассников  друзей и родственников узнала насколько им нравится им свои имена и знают ли они их значение.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Зерттеу мақсаты: 
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау; 
● Есімдер ұғымына талдау жасау; 
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау; 

 

Зерттеу болжамы:

Есімінің сырын білу арқылы өзін-өзі тануға жол ашу.

Егер барлық адамдар өз есімдерінің  сырын білсе, онда қазіргі заманда  көбейіп бара жатқан шет елдердің  есімдерін қоймас еді


Зерттеудің басты кезеңдері: 
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу; 
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу; 
● Қорытынды жасау; 

Күтілетін нәтиже: 
● Есімінің сырын білу арқылы өзін – өзі тануға жол ашу; 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

І.  Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі

2.1.  Қазақ есімдерінің құпиялары

2.2. Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?

2.3 Есімдегі әріптердің мән-мағынасы

 

ІІІ.  Қорытынды бөлім

3.1. Сауалнама «Өз есімін жайлы не білесің?»

3.2. «Өз есімін ұнайды ма?»

 

Пайдалынған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

           Бұл тақырыпқа қызығушылығым өз сыныптастарымның есімдері, сынып жетекшімнің есімі және де өзімнің есімім өзгелерден ерекше екенін білгеннен бастап туды. 
- Неге басқа қыздардың, мысалы екі Айдана, екі Наргиз, есімдері бірдей, ал менікі өзгеше? 
- Бала дүниеге келгенде туыстары оған атты қалай таңдайды? 
Осы сияқты көптеген сұрақтардың жауабын табуға тырыстым. 
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата - анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным - сенім бар. 
- Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? 
- Аттас адамдардың көбісінің мінез - қылығы неліктен бір - біріне ұқсас? 
Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. 
      
Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос - «Адам, оним//онима - «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз - ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы. 
       Бала – адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі. 
Баласының атын ырымдап қою – ата - анасының ниетін білдіреді.

 

 

 

 

 

2.1. ҚАЗАҚ ЕСIМДЕРIНIҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.

       Қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Сания, Света, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi.

 Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:

 

 

Ұлдарға:                                                        Қыздарға:


1. Ерасыл

2. Әлихан

3. Санжар

4. Нұрислам

5. Нұрасыл

6. Мирас

7. Артем

8. Арсен

9. Диас

10. Әмір

 

1. Айзере

2. Айару

3. Інжу

4. Кәусар

5. Айша

6. Аружан

7. Әмина

8. Аяулым

9. Іңкәр

10. Сезім

 


 

        Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бұл да елбасымыздай дана, ақылды болсын деген ырым. 
Абылай («ата, әке») -------------------------------- Аида («сыйақы, пайдалы») 
Әсел («бал») ------------------------------------------ Әмина («сенімді») 
Асхат («бақытты, сәтті») ---------------------------- Ғазиза («сүйікті, қымбатты») 
Ғани («бай») ------------------------------------------ Данияр («жақын, таныс») 
Динара («күміс ақша») ------------------------------ Жамал («әдемі, тартымды») 
Қадір («құрметті») ----------------------------------- Қайрат («күшті, қуатты») 
Мәлік («патша») -------------------------------------- Мұхит («мұхит, қоршаған орта») 
Мұхтар («ерекше, таңдамалы») -------------------- Рәзия(«сүйікті, тартымды») 
Сәбит («нық, сенімді») ------------------------------ Айдана («ақылды, дана») 
Айнагүл («таза, мөлдір») ---------------------------- Ахан («темір») 
Бақтияр («бақытты, қалаулы») --------------------- Бибігүл («Гүл шашқан ханым») 
Дана («данышпан, ақылды») ------------------------ Жәния («нәзік жанды») 
Раушан («көрнекті, ашық - жарқын») -------------- Рүстем («батыр, ер - жүрек»)

 

 

 

2.2. Адам есіміне тағдыры жасырылған ба?

 

      Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Яғни есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады.

Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақырып қойылмаған есімдер ақырзаманда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.

«Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін оқымыстылар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлердің көбіне денсаулықтары мықты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Рашид есімді жігіттер әр қадамын ұсақ-түйегіне дейін ойластырып, есеппен басатын, қулау, әйелқұмар болып келеді екен. Әділ есімді жігіттер табиғатынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалғанмен қыдырымпаздыққа жоқ болса, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қасиеті мол, кез келген тығырықтан шыға алатын жандар болып келеді екен. Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Қуаныштар – өз беттерімен өмір сүруден қатты қорқатын, өмірдің бәрі мәңгілік қуаныш, күлкі, той болса екен деп тұратындар.

Ал Мақпал есімді қыздардың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толықтыққа бейім болып келетіні дәлелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақпал Жүнісоваға біршама дәл келетін сияқты. Ал Гүлнәр есімді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ, Гүлбанулар болса – пысық, жігерлі.
Сондай-ақ адам есіміндегі әрбір әріптің өзіндік құпия мән-мағынасы бар. Оны төменнен оқуыңызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Есімдегі әріптердің мән-мағынасы

 

А-Ә – күш, билік, салтанат; Б – биік сезімге бейімділік, тұрақтылық; В – тұрақсыздық, жүйеліліктің жоқтығы; Г – құпиялылық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық; Д – көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмарлық; Ж – өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З – материалдық тұрғыдан қанағаттанбаушылық, жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл; К-Қ – төзімділік, күйгелектік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табушылық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой; О – ерекше сезімталдық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмартушылық, кінәмшілдік; Т – идеал іздеушілік, сезімтал шығармашылық тұлға; У – жараланғыш, үркектік, …, интуиция; Ф – жұмсақтық; Х – сексуальдық проблема, заңға бағынғыштық, сезімнің екіұдайлығы; Ш – қызғаншақтық, әзілқойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.
       Сондай-ақ есімдері түрлі әріптен басталатын ерлі-зайыптылар, бір әріптен басталатын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қорытынды 

   Осындай мәліметтерді қарастыра отырып өз сыныптастарыммен, туыстарыма мынадай сауалнама жүргіздім: 
1. Өз есімің ұнай ма? 
Ұнайды – 15 ------------------ Ұнамайды - 5 
 Яғни барлық адамға өз есімдері ұнайды екен. Бұл да қуантарлық жай деп ойлаймын. Өйткені,  әр адамға өзіне қатысты нәрселердің барлығы қуаныш әкелуі қажет деп ойлаймын.
Сонда ғана алдыңа қойған мақсатыңа жету жеңіл болады. 


2. Өз есімің жайлы білесің бе?
 
Білемін – 8 ------------------ Білмеймін - 12 
Бұл сауалнамадан кейін мен достарыма есімдері туралы мәліметтер беріп, әрбір баланың есімінің мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне көмек жасауды ұйғардым. 
Өз есімің ұнай ма? 
Ұнайды - 15 
Ұнамайды - 5

       Өз есімің жайлы білесің бе? 
   Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол. Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туғандарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән. 
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады. 

Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер

А-Ә-1

Е-5

Л-2

Р-2

Х-5

Ы-І-1

Б-2

Ж-2

М-4

С-3

Ц-3

Ь-1

В-6

З-7

Н-Ң-5

Т-4

Ч-7

Э-6

Г-Ғ-3

И-Й-1

О-Ө-7

У-Ұ-Ү-6

Ш-2

Ю-7

Д-4

К-Қ-2

П-8

Ф-6

Щ-9

Я-2



1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: көсемдер, асқақ көңілді тәкаппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар. 
2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл - қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар. 
3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар. 
4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады. 
5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды. 
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш. 
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар. 
8. Сатурн. Ішкі жан - дүниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады. 
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді. 

10. Жер.   Сүйкімді, әдепті


       Мысалы менің  е
сімім - Карина. 
Ғылыми зерттеулерге қарасақ бұл есімді адамдар
төзімді  пен  күйгелектікті болып келеді.  

2+1+2+1+5+1=12=1+2=3

Сонда менің  планетам юпитер болып шықты.
3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар. 


Сынып жетекшіміз - Бүркіт.
 
2+6+2+2+1+4=17=1+7= 8

   Сынып жетекшімнің планетасы: Сатурн

8. Сатурн. Ішкі жан - дүниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады. 

   

       

Сыныптасым – Диана

4+1+1+5+1= 12= 1+2= 3
3.
Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін таба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар. 

Сіңлім- Алина
1 + 2+1+5+1= 10

10. Жер- сүйкімді, әдепті.

Достарым: 
Айзура - 1 + 1 + 7 + 6 + 2 + 1 = 18 = 1 + 8 = 9 
9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана сенеді. 
Айназ - 1 + 1 + 5 + 1 + 7 = 15 = 1 + 5 = 6 
6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш. 
Ақнұр - 1 + 2 + 5 + 6 + 2 = 16 = 1 + 6 = 7 
7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар. 


        Зерттеуді аяқтай келе мынандай тұжырымға келдім: 
Адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтау қажет. 
Бұл зерттеу жұмысымды өз есімі жайлы білгісі келетін ұл – қыздар және сынып оқушыларын әр қырынан танығысы келетін ұстаздар қолдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Пайдалынылған  әдебиеттер:

1.        Бигельдиева М.М. Қазақ және түрік әйелдер антропонимиясы// Кандидат.диссерт.авторефераты, Алматы, 2010

2.     3.     Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, Ғылым, 1971 – 218 бет. (Лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдау)

3.     Айқын  газеті.   №33   2013 жыл

     4. http://erkin.ucoz.kz/load/adam_esimi

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2015 1060
    • DOCX 72.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусаинова Динара Бекбулатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусаинова Динара Бекбулатовна
    Кусаинова Динара Бекбулатовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29257
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе