Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сыныптан тыс сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" (5 "Г" сынып)

Сыныптан тыс сабақ "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" (5 "Г" сынып)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

21.01.2016 ж. 5 «Г» сынып 

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан- жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.

Жүргізуші: Токанова Назерке Оразбековна

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, сайыскерлер! Математика, физика және информатика апталығында өткізіліп отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан» - деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады.

І. Жедел жауап

ІІ. Тапқырлық сайысы

ІІІ. Тіл- өнер

ІV.Бәрін білгім келеді

V.Қызықты ұйқастар

VI.Мықты болсаң, тауып көр

VІI. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» (мәнерлеп оқу)

VІІІ. «Жұлдызды сәт» (марапаттау)


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1. _________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________
3. _________________________________________________________________

4. _________________________________________________________________

Ал, қанекей, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.
І бөлім: Жедел жауап
Бұл бөлімде әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1-сайыскерге:

1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)

2. 1м-де неше см бар? 100

3. Компьютердің миы? Жүйелік блок

4. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)

5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)

2-сайыскерге:

1. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
2. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
3. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
4. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? Монитор

5. 1 жылда неше күн? 365

3-сайыскерге:
1. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
2. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
3. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

4. 8² нешеге тең?64

5. Информатикада ең кіші өлшем бірлігі? Бит

4-сайыскерге:
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
3. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)

4. Тінтуірдің неше түрі бар? 2

5. Ең кіші төрт таңбалы қандай сан?1000

5-сайыскерге:
1. Биыл қандай жыл? (Мешін)
2. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
3. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

  1. Математикалық амалдар?қосу алу көб,бөлу

  2. Компьютердің негізгі құрылғылары? Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір

6-сайыскерге:

1.Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
2. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
3. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)

4. 3³ нешеге тең? 27

5. Қарапайым графикалық редактор?Paint

7-сайыскерге:

1.2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
2. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? – Сара Назарбаева

4. 1 кг-да неше г бар?1000

5. Аты бар бірқатар байттар тізбегі? Файл

8-сайыскерге:

1.Қожа Ахмет кесенесі қай қалада? (Түркістан)

2. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

3. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хантәңірі)

4. Неше цифр бар?10

5. Ақпаратты тасушы құрал?


II-кезең. Тапқырлық сайысы- логикалық есептер беріледі.

1.Егер тырна 2 аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (4кг)

2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4.Ағаш үстінде 100торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып қалды. Неше торғай қалды?(10 торғай)

5. 1жұмыртқа 5 минут піссе, 3жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минут)

6. 1т.мақта ауыр ма, 10центнер темір ауыр ма? (тең)

7. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
8. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)


ІІІ бөлім: Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
4. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
5. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
6.Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)

ІV. Бәрін білгім келеді сайысын бастаймыз! 1-6 ұяшықтар берілген,1 ұяшықты таңдап, сол ұяшықтың сұрағына жауап береді.Ұпай аз сайыскерден бастаймыз.Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді.Ұпай сол жауап берген оқушының еншісінде.Жауап берген оқушы ұяшық таңдайды.

1.Әдебиет :Ауыз әдебиетіне не жатады? Ертегі, аңыз, миф,тұрмыстық жырлар

2. Қаз тарих пәнінен :Тарихтың атасы кім? Геродот

3. Қазақ тілі:Синоним дегеніміз не?Мысал келтір?

Жазылуы әр түрлі мағынасы бір сөздер.

4.Жаратылыстану Жердің серігі? ай

5.Информатика Компьютер дегеніміз не? Компьютер – ақпараттарды енгізуге, жөндеуге, жіберуге арналған құрылғы.

6. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан барлық нүктелер жиынын қалай атаймыз? Радиус

V. Қызықты ұйқастар. Әр оқушы сөздердің ұйқасын тауып айтады.

1. Жизнь-өмір, уголь-(көмір)

2. Число-сан, кровь-(қан)

3. Молоко-сүт, жди-(күт)

4. Человек-адам, шаг-(қадам)

5. Таможня-кеден, пол-(еден)

6. Зуб-тіс, дело-(іс)

7. Возьми-ал, мед-(бал)

8. Рыба-балық, народ-(халық)

9. Дверь-есік, колыбель-(бесік)

10. Город-қала, ребенок-(бала)

11. Лето-жаз, гусь-(қаз)

12. Игра-ойын, шея-(мойын)

Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік. Нәтиже бойынша осы 4 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз. Сәттілік тілейміз!

VI бөлім: Мықты болсаң, тауып көр

Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.

1.Үй үстінде алтын тас,

Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста]) 

2.Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])

3.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])

4.Білімді мыңды жығады,

Білекті … жығады. (бір; один; one [уан])

5. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа; воздух; air [эйа])

6.Айдағаны … ешкі,

Ысқырығы жер жарады. (бес; пять; five [файф])

7.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыз; линейка; ruler [руле])

8.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])

Ал,енді келесі кезекті қазылар алқасына берейік. Нәтиже бойынша осы 5 кезеңде ең төмен ұпай алған 2 сайыскермен қоштасамыз. Сәттілік тілейміз!

VІI. «Тіл - байлық» 2 сайыскерге тапсырма беріледі.

«Информатика пәнінің өмірде пайдасы қандай?»

Шағын шығарма жазу.

Оқушылар ойланғанша көрермендерге тапсырмалар беріледі.

VІІІ кезең Жұлдызды сәт

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі қазылар алқасында. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты интеллектуалдық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Келесі сайыс алаңында кездескенше, сау болыңыздар!




Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров98
Номер материала ДВ-385231
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх