Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптан тыс сайыс сабағы "Тіл жүйрікте кім жүйрік?"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Сыныптан тыс сайыс сабағы "Тіл жүйрікте кім жүйрік?"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сайыс сабағының тақырыбы: Тіл жүйрікте кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты: 
оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу; 
қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру; 
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. 
Сабақтың әдісі: сайыс-ойын сабағы 
Сабақтың көрнекілігі: тақтада даналық сөздер, сайыстың атауы, суреттер,интерактивтік тақта,презентация. 
Қатысушылар: 9,10 орыс сыныбының оқушылары. 
Сабақтың барысы: 
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті 
жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік 
тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Қазақ халқы 
“ақыл – жастан, асыл - тастан” деп бекер айтпаған, олай болса ұшқыр қиял мен ойлылықты қажет етер, “Тіл жүйрікте кім жүйрік? ” сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Мұғалім:  Кім білімді, өнерпаз білейікші, 
Оқушылар алғыр деп жүрейікші. 
Әділқазылар алқасына тек әділдікті, 
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші! 
  Бәйгеге түсіп жарыспай,
                            Жүйріктің бағы жанар ма?
                            Білім мен өнер жарысып,
                            Тәрбие, тәлім табар ма?
                            Бұл бәйге ойдың бәйгесі?
                            Кім жүйрік ойға сол алда, дегендей сайыскерлерімізді ортаға    шақырайық.

2. Қатысушылар мен әділқазылармен таныстыру: 
а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру: 
Бүгінгі сайысқа 9 ,10 орыс сыныбының оқушылары қатысқалы отыр. 
I-топ «Достық» тобы. 
Ұраны: Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық, 
Достықтың жеңетіні дәл, анық. 

Достық тобының капитаны тағайындалады.
II – топ «Жұлдыз» тобы. 
Ұраны: Бірігіп жарыса топта, 
Жеңімпаз атанымыз бұл сайыста. 

Жұлдық тобының капитаны тағайындалады.
ә) әділқазыларды таныстыру: 
Шын жүйрік шабысынан танылады, 
Нақты білім, терең ой сыналады. 
Баға берер әділқазы ортамызда, 
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, 
шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар. 


1. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жанабаева Р.Т.

2. ТІЖ директордың орынбасары Құдайбергенова Қ.Д.

3. ОІЖ директордың орынбасары Тапорбаева Р.А.


3.Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру: 
Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді, 
жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек; 
топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек. 
4.Сайыстың тапсырмалары: 

1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
Әр топқа бір әріп беріледі: 
«Достық» тобына «А» әрпі, «Жұлдыз» тобына «Ж» әрпі. 
Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай. 
«Достық» тобына: 
1. Сен кімсің? 
2. Бірінші септік? 
3. Ең жақын адам ? 
4. Еліміздің бас қаласы? 
5. Әкеңнің әкесі? 
6. Сүттен жасалған сусын? 
7. Ең әдемі құс? 
8. Саған ертегі айтатын? 
9. Бал жинайтын жәндік? 
10. Ең тәтті жеміс? 


«Жұлдыз» тобына «ж»: 
1. Сен қалай оқисың? 
2. Қазақтың киелі саны? 
3. Қазақ тілінде неше септік? 
4. Әжең қайда тұрады? 
5. Гүл қайда өседі? 
6. 1қаңтар қандай мейрам? 
7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы? 
8. Диванда отырып, әке не оқып отыр? 
9. Сиыр, қой, түйе нелер? 
10. Ең ыстық мезгіл? 
(әділқазыларға сөз) 
2 кезең: «Шешендік өнер».

Берілген мақалдың жалғасын табу: 
1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл). 
2. Тіл тас жарады, .....(тас жармасабас жарады). 
3. Отан - ....(отбасынан басталады). 
4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз). 
5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта). 
6. Өнер алды - ....(қызыл тіл). 
7. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды).
 
8. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын). 
9. Кітап - ....(алтын қазына). 
10. Піл көтермегенді, .....(тіл көтереді). 
(әділқазыларға сөз) 

3 кезең: «Шешуін тап».

Жұмбақ шешу сайысы,жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін орысша аудармасын айту : 
1. Қақпақты тарс тарс жабады, 
Терезені қағады. 
Уілдейді ысқырып, 
Қорқытады баланы. (жел-ветер) 
2. Тілі бар, үні жоқ, 
Өзін адам түсінген. 
Жүрегі бар, қаны жоқ, 
Сөйлеп тұрған ішінен. (кітап-книга) 
3. Қабат қабат қаттама, 
Ақылың болса аттама. (кітап-книга) 
4. Қимылдаса көп шебер, 
Қыруар қыруар іс бітер.(қол-рука) 
5. Жүз мүйізі бар, 
Үстінде киізі бар. (киіз үй-юрта) 
6. Дауысы бар, жаны жоқ, 
Шертсең күйі әні көп. 
Құлағын он бұра, 
Ол не? (домбыра-домбра) 
7. Өзі ащы, 
Бірақ дәмді етер асты. (тұз-соль) 
8. Қара сиырым қарап тұр, 
Қызыл сиырым жалап тұр. (қазан-казанок) 
9. Жылт жылт етеді, 
Жылғадан өтеді. (су-вода) 
10. Қолы жоқ сурет салады, 
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз- мороз) 
(әділқазыларға сөз) 

4 кезең: «Жаңылтпаш айтып жарысу».

Тез, дұрыс айту. 
1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ. 
Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ. 
2. Ата мен әже, ана да, 
Алма мен алмұрт тереді. 
Ауылға Арман бала да, 
Арбамен тасып береді. 
3. Баланың жаман баға алмағаны, 
Мұғалім ағаның жаман болмағаны. 
4. Бар, май шайқа, 
Байқа, жай шайқа. 

5 кезең: «Капитандар сайысы»,берілген әріптерден сөздер құрастыру.

Сиқырлы жетілік.

      1Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

Қазақ тіліне тән 9 - дыбыс бар

     2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дыбыстар екіге бөлінеді (Дауысты, дауыссыз)

     3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді (жуан және жіңішке)

     4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбымтар ушке бөлінеді (Ұяң, үнді, қатаң)

     5Қазақ тілінде неше әріп бар?

Қазақ тілінде 42 әріп бар.

     6. Әдепті бала дегеніміз кім?

Үлкендердің сөзіне араласпайды,автобуста орын береді.

     7. Көптік жалғауларды ата?

Лар,лер, тар, тер, дар, дер.


«Қара жорға биі» 8 қазақ сыныбының қыздарының орындауында.


«Жаңылтпаш айтып жарысу» мен «Капитандар сайысы» қорытындысы


6-кезеңі «Бой сергіту»
- Интерактивті тақтада көрсетілген 5 тақырып бойынша cұрақтарға жауап беру
Ұлттық тағамдар:
1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
2. Наурыз көже дегеніміз не?
3. Мақалды толықтырыңыз
Еңбектің ... тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
Қазақтың салт- дәстүрлері:
7. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыздар.
8. Бата дегеніміз не? Оны кім береді?
9. Суретте бейнеленген дәстүр қалай аталады?
Ұлттық киімдер:
10.Ұлттық киімдерге нелер жатады?
11. Қалындықтың бас киімі қалай аталады?
12. «Сильно радоваться» тіркесінің ұлттық киімге байланысты ауыспалы мағыналы баламасын табыңыз.
Ұлттық аспаптар:
13.Ұлттық аспаптарды атаңыздар.
14. Суреттегі музыкалық аспапты ата
15.Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз

7 кезең : Ойынымыздың ең соңғы шешуші кезеңі “Кім жүйрік” деп аталады.
Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа  10 ұпай беріледі. 

1. Үш биді ата?
2. «Қыз Жібек пен Төлеген» жырын кім жазған?
3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
4. Абайдың шын аты.
5. Екі кісінің сөйлесуі.
6. Жұрнақтың қандай түрлері болады?
7. Жарық - қараңғы ыстық - суық қандай сөздер?
8. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазған?
9. Екі ақынның өлең жарысы не деп аталады?
10. Қазақ тілінде неше септік бар?
11. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы?

12. Оқшау сөздердің түрлері?
13. Заттың қимылын білдіретін сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
14. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
15. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері?
16. Қайда? Қалай? қашан? қай сөз табының сұрақтары?
17. Барыс септігінің сұрақтары?
18. Зат есім деген не?
19. Абайдың әжесінің аты кім?

20.«Абай жолы»романының авторы?

                                           

5. Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Міне, біздің бүгінгі ««Тіл жүйрікте кім жүйрік?»» атты білім сайысымыз да өз мәресіне жетті, сайыс болған жерде, әрине, жеңіс болады, жеңіліс болады, онда, бүгінгі сайысымыздың да жеңімпаз тобын анықтау қажет. Әділқазылар алқасы қоржындағы әр топтың жинаған ұпай санын шығарғанша кезекті әнге берейік.
«Жаса қазақ тілі!» әні
Осымен ойынымыз аяқталды!
Әділқазылар алқасына сөз береміз.

















«Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі» ММ


БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН: ӘБ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ:

УТВЕРЖДАЮ: Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі

Директор школы: СОГЛАСОВАНО: Хаттама № ________

Кистанова Л.А. Зам.директора по РАССМОТРЕНО

«__» ______________ учебно-воспитательной работе НА ЗАСЕДАНИИ МО:

__Тапорбаева Р.А__________ Ф.И.О. Руководителя МО

«__» ________________ _Жанабаева Р.Т.

Протокол № _________

«__» _________________









«Тіл жүйрікте кім жүйрік?»


атты сыныптан тыс сайыс сабағы








Дайындап өткізген: қазақ тілі

мен әдебиеті мұғалімі А.С.Шалгумбаева










2015 жыл



«Достық» тобына: 
1. Сен кімсің? 
2. Бірінші септік? 
3. Ең жақын адам ? 
4. Еліміздің бас қаласы? 
5. Әкеңнің әкесі? 
6. Сүттен жасалған сусын? 
7. Ең әдемі құс? 
8. Саған ертегі айтатын? 
9. Бал жинайтын жәндік? 
10. Ең тәтті жеміс? 



«Жұлдыз» тобына «ж»: 
1. Сен қалай оқисың? 
2. Қазақтың киелі саны? 
3. Қазақ тілінде неше септік? 
4. Әжең қайда тұрады? 
5. Гүл қайда өседі? 
6. 1қаңтар қандай мейрам? 
7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы? 
8. Диванда отырып, әке не оқып отыр? 
9. Сиыр, қой, түйе нелер? 
10. Ең ыстық мезгіл? 















  1. Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы ақ. 
    Жатқа тақпақ, жатта тақ тақ.

 
2. Ата мен әже, ана да, 
Алма мен алмұрт тереді. 
Ауылға Арман бала да, 
Арбамен тасып береді. 



3. Баланың жаман баға алмағаны, 
Мұғалім ағаның жаман болмағаны. 



4. Бар, май шайқа, 
Байқа, жай шайқа. 








Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-235175

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>